7.3В Қысқаша көбейту формулалары

№47 М.В.Ломоносов атындағы мектеп-лицейі
Күні:19.01.2018ж Мұғалімнің аты-жөні: Құрасбаева Орынша
Сынып: 7 «А» Қатысқандар саны:20 Қатыспағандар саны:0
Сабақ тақырыбы Екі өрнектің қосындысы мен айырмасының квадраты (екінші сабағы)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына сілтеме)

7.2.1.19 түріндегі көбейтінділерді көпмұшелерді көбейту арқылы өрнектеп түсіндіреді;

7.2.1.17 қысқаша көбейту формулаларын біледі және қолданады;

Сабақтың мақсаты  екі өрнектің қосындысы мен айырмасының квадраты формулаларын өздігінен дәлелдеу білігін мен дағдыларын қалыптастыру, формулаларды дұрыс оқу білу және олардың компоненттерін атау.

өрнектерді түрлендіруге қолдану

Бағалау критерийлері Оқушылар мақсатқа жетті, егер:

— Қысқаша көбейту формулаларын біледі және қолдана алады;

— Қысқаша көбейту формулаларын  қорытып шығарады;

— Қысқаша көбейту формулаларын есеп шығаруда қолдана алады;

Тілдік  мақсаттар — Оқушылар:

—  қысқаша көбейту формулаларын ауызша тұжырымдай біледі;

—  ауызша тұжырымдалған қысқаша көбейту формулаларын жаза біледі;

— қысқаша көбейту формулалардың геометриялық интепретациясын түсіндіреді.

Лексика және терминология

—  қысқаша көбейту формулары;

—  екі өрнектің квадраттарының айырмасы;

—  екі өрнектің қосындысының квадраты;

— екі өрнектің айырмасының квадраты;

—  екі еселенген көбейтінді;

—   топтау тәсілі;

Құндылықтарды

дарыту

-Құндылықтар: Оқушылар өз сыныптастарымен диалогқа, әсіресе жұппен жұмыс істегенде қатысуы керек, сол сияқты сыныппен талқылауға коммуникативтік дағдыларын дамытып, қатысуы керек. Оқушыларға  есептерді шығару үшін шығармашыл болу керек, талап қоя білуі, топпен жұмыста қолдау көрсете алуы керек. Жұппен жұмыста оқушылар әріптесіне қарап, идеяларымен бөлісіп және талқылауға қатысып, жауапты болуға үйренеді.

— Ашықтық:  оқушы мен мұғалімнің әрбір мәселеде өз көзқарастарын білдіріп отыруы;

— Құрмет: әр түрлі пікірлерді қабылдай алу, бір-бірінің пікірлері мен ерекшеліктерін құрметтеу, қабылдау.

АКТ қолдану дағдылар Интербелсенді тақтаны қолдану дағдысы
Бастапқы білім Бірмүшелер және көпмүшелермен амалдар орындай алу.
                                                            Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер Ресурстар
 Сабақтың басы.  2мин Ұйымдастыру . Оқушылармен сәлемдесіп,түгендеп, зейінін жинақтап, сабаққа ынтасын аудару  
«Ой қозғау»

  3 минут

 

 7 минут

 

   17 минут

3 топқа бөлу. Оқушыларға екі өрнектің қосындысы мен айырмасының квадраты,екі өрнектің квадраттарының айырмасы есептері  беріледі.Бұл теңдіктер жазылған қағаз ортасынан бөлінеді.  (Есептердің саны оқушылар санына байланысты)Мұғалім таратпа материал таратадыОқушылар тапсырманы орындайды. Бір теңдікті жинаған оқушылар бір топқа бірігеді.

Үй тапсырмасын тексеру Ауызша үш топ оқушылары дәптерлерін алмасады. Дұрыс жауап арқылы тексереді.

Үш топ формулаларды қорытып шығады. Мысал есептерімен.(Плакатка )  Топта оқушылар қайталауға арналған есептерді орындайды:  кім жылдам?

№32.11             №32.21                  №32.15

Қосымша тапсырма

2.  Теңдік орындалатындай * орнына өрнектерді қойыңдар

3. Қысқаша көбейту формуласы арқылы есептеңдер:                        21², 31², 85².

Тексеріс сыныппен іске асады. Барлық топтардың жұмыстары ауызша тексеріледі. Әрбір топ өз жауаптарын кезек-кезек айтып, басқа топтар жауаптарды тексеріп талқылайды.

Таратпа материалдар

Интер.тақтада дұрыс жауап болады.

Плакат, Фло-

мастерлер

Оқулық

презентация

презентация

Өзіндік жұмыс

Қалыптастырушы бағалау

8 минут

Жаңа алған білімдерін тексеру. Әр оқушы өздігінен тапсырманы орындайды.

№1 көпмүше түрінде жазыңдар

№2 Екі мүшенің қосындысының немесе айырмасының квадраты түрінде жаз:

№3 Теңдеуді шешіңдер:

 

Презентация арқылы

Рефлексия.  

2 мин

 

Оқушыларға кішігірім сауалнаманы толтыруға беру

1. мен сабақ барысында жұмыс жасадым
2. мен өз жұмысыммен
3. сабақ мен үшін
4. Сабақ барысында мен
5. Менің көңіл күйім
6. Сабақ материалы мен үшін

7.түсінбеген есеп

Белсенді  / белсенді емес
риза  / риза емес
қысқа / ұзын
шаршамадым / шаршадым
жақсы болды / жаман болды
түсінікті / түсініксіз
пайдалы/ пайдасыз
қызықты  / қызықты емес

 

Қосымша
Үй жұмысы.    1 мин №32.22 Оқулық
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?Қабілетіжоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.
Дифференциалдау- тапсырмаларды таңдау кезінде және арнайы оқушылардан нәтиже күту және олардың қабілеттеріне сәйкес жеке көмек көрсету( Гарднер бойынша интелект теориясы)

Дифференциалдауды  сабақтың кез келген кезеңінде өткізуге болады

Оқушыларды үй жұмысын тексеру барысында өзара бағалауды және өзін өзі бағалауды, сабақ барысында  ерекше қабілет көрсеткендерге мадақтауды, мотивациялау мақсатында жеке дара жетістіктерімен ынталарын ескеріп ауызша бағалауды қолданамын.

Топтар бағалану керек топ мүшелері формативті бағаланады

Оқу процесінің барлық күйзеліс түзуші факторларын алып тастау мақсатында әр оқушы өзін еркін ұстауына, көңіл күйінің көтеріңкі болуларына жағдай туындатамын. Ол қызықты математикалық сұрақтардан, мадақтаудан тұрады.
Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Оқу мақсаты дұрыс қойылған. Оқушылардың барлығы ОМ-на жетті. Сабақта саралау дұрыс жүргізілді және сабақтың уақыт кезеңдері сақталды

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.