Тақырыбы: «Арман қалаға саяхат»

Мақсаты: Дарынды оқушылармен әр түрлі жұмыс түрлерін ұйымдастыру, таныстыру.

Түрі: сыныптан тыс шара (дарынды оқушылармен жұмыс)

Қайырлы күн, құрметті семинарға қатысушылар! Мен Нурбаева Арай бүгін сіздерге «Арман қалаға саяхат» атты дарынды оқушылармен жұмыс түрін көрсетпекпін. Олай болса саяхатымызды бастамас бұрын мен сіздерге «Арман қалаға» билет бергім келіп тұр. Алайда билет саны шектеулі. Менің сұрақтарыма дұрыс әрі тез жауап бергендер ғана саяхатқа билетті ұтып алады. Белсенді болайық, қапы қалып қоймайық !

Билет ұтып алған әріптестер пойызға келіп орналаса беріңіздер.

1-сұрақ: Қала мен қаланы қосады бірақ өзі қозғалмайды ол не?

2-сұрақ: Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды?

3: Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз? 

4: Қанаты бар ұшпайды, Жұрт айламен ұстайды.

  1. Тұрғылықты халқы жоқ, ең суық материк?
  2. Қандай сұраққа «иә» деп жауап беруге болмайды?
  3. Шикідей жемейді. Піскен соң қоқысқа тастайды. Бұл не?
  4. Қандай ыдыстан тамақ іше алмаймыз?
  5. Қанаттың 10 қойы бар еді, 9-ынан басқасының бәрі қырылып қалды, Қанатта қанша қой қалды?
  6. Оны жерден көтеру оңай. Бірақ алысқа лақтыру қиын. Ол не?
  7. Жаңбырлы күні қандай ағаштың астында отырасыз?
  8. Көшеде екі әкесі, екі баласы, және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр?
  9. Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек?
  10. Қай айда 28 күн бар?
  11. Көзге ілінбейді, Жұтсаң білінбейді

16.№47 мектеп неше қабаттан тұрады?

Жолаушылар дайын болса саяхатымызды бастаймыз. Сапарларыңыз сәтті болсын!

Құрметті әріптестер сапарымыздың алғашқы бекеті «Бизнес» бекетіне де келіп жеттік. Оқушыларымыз бізге не дайындап қойды екен, назар салайық….(11-сынып оқушысы Махамбетияров Дархан өзінің Start-up жобасын таныстырады)

Біздің келіп жеткен бекетіміз «Әдебиет бекеті» бұл бекет бізді несімен таң қалдырар екен?! Тыңдап көрейік…(7-сынып оқушысы Бағдатқызы Аружан М. Шахановтың поэмасын жатқа оқиды)

Бәрекелді, шығармашылығың шыңдала берсің!

Біздің алдымызда «Ғылым» бекеті. Бұл бекетте сіздер ғылымға, зерттеуге деген қызығушылығы мол оқушының жұмысымен таныс бола аласыздар. Жас зерттеушімізге кезек берейік…(11-сынып оқушысы Махмуд Дулат «Графтар» тақырыбындағы ғылыми-зерттеу жұмысымен таныстырады)

21-ғасыр техника мен технологияның заманы дегендей техникаға, оның ішінде робототехникаға әуес оқушыларымыздың да бекетіне келіп жеттік. Олай болса, сіздерді жас дарындарымыздың жұмысын тамашалауға шақырамын. (6-сынып оқушысы Әлиасқан Нұрасыл жасаған роботтарын көрсетеді) Керемет, расында ғажап дүние екен!

Біздің поездымыз «Жиһанкез» бекетіне келіп тоқтады. Әлемнің төрт бұрышын шарлаудан жалықпайтын жеті жұрттың тілін шебер меңгерген оқушыларымыз алдарыңызда. (9-сынып оқушысы Махамбетиярова Самал қазақ, орыс, ағылшын, корей, түрік тілдерінде елдерге таныстыру жасайды) Thank you, Samal!

Мінекей, аз ғана уақыттың ішінде біршама бекеттерді шарлап, сапарымыздың мәресіне де жеттік. Арман қаланың әрбір атқан таңы сіздерге қуаныш пен шаттық сыйласын дегім келеді. Асқақ армандарымыз орындалып, дарынды оқушыларымыз көбейе берсін! Бүгінгі саяхатымыздан алған әсерлеріңізді, көкейлеріңіздегі сауалдарды, тілек-лебіздеріңізді алдарыңыздағы стикерге жазып, қалдырсаңыздар. Көңіл қойып, тыңдағандарыңызға рахмет!