САБАҚТЫҢ  ТАҚЫРЫБЫ: Асық ойыны Мектеп: № 47 М.В.Ломоносов атындағы мектеп – лицейі
Күні:   21. 02. 2018жыл Мұғалімдердің есімі:Яхияев Мейрамбек  Бегалыұлы

Ахатай Бақыт  Қалдыбайұлы

СЫНЫП: Қатысқандар саны:   Қатыспағандар саны:
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары ) Дене тәрбиесінен денсаулығы бойынша босатылған оқушыларға  асық ойынын меңгерту.
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар:
·    Асық ойнау біледі.
Оқушылардың  басым бөлігі:
·    Асық ойнау барысында ережені қатаң сақтайды .
Кейбір оқушылар:
·    Асық ойынының әдіс-тәсілдерін жақсы меңгереді.
Тілдік мақсат Оқушылар:

·    Асық ойнаудың түрлерімен танысады.

Негізгі сөздер  мен  тіркестер:
Асық ойнау, хан талапай, асық тігіп ату, тас қала, хан ойыны, бес тас, омпа т.б
Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Талқылауға арналған тармақтар:
Ø    Хан талапай ойынын немен ойнайды?

Ø    Хан талапай ойыншылар санына шектеу болады ма?

Ø    Иіргенде түскен қалпына қарай асық нешеге бөлінеді?

Сіз неліктен   ……… екенін айта аласызба?
Ханталапай қандай уақытта жүретінін айта аласыз ба?
Жазылым бойынша ұсыныстар:
Асық ойынының түрлері.
Құндылықтарды дарыту Салауатты өмір салтын қалыптастыру және өмір бойы білім алу
Алдыңғы оқу Бастауыштан оқушылар ұлттық ойындар туралы біледі.
Жоспар  
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар

(төменде жоспарланған  жаттығулармен қатар, ескертпелерді  жазыңыз)

Ресурстар
Басталуы

10 мин

2мин

 

 

 8 мин

 

І.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу және жағымды ахуал орнату.

 

ІІ. Бейнежазба көрсету: «Асық ойыны»

1.       Бейнежазбадан нені түсіндіңіздер?

2.       Асық ойынының қандай түрлері бар?

Интербелсенді тақта

 

www.youtobe.

Ортасы

28мин

5 мин

 

 

 

 

 

2 мин

 

 

 

16мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 мин

Жетістік критерийлері

1. Ханталапай ойыны туралы сипаттайды.

2. Ханталапай ойынын ережесімен ойнай алады

ІІI. Мұғалім жаңа тақырыпты түсіндіреді, асық туралы мәліметпен таныстырады.

 Асықтың түрлері:

Асық – төрт түлік мал мен қоңыр аңның санының орта тұсында орналасқан асық жіліктен алынады. Оның түрлері көп. Атап айтқанда:

Сақа – асықтың үлкен әрі шымыр түрі. Бұл асық жеткен еркек қойдан  (серкеден) немесе қошқар-текеден алынады.

Кеней – көпшілік ойнауға арналған қарапайым асықтар.

Шүкейт – жас малдың асығы.

Қойлық – қойдың асығы.

Ешкімек – ешкінің асығы.

Құлжа – құлжаның асығы.

Көктабан – қорғасын құйылған салмақты сақа асық.

Топай – сиырдың асығы.

Жабай – ірі асықты айтады.

Қолқар – арқардың асығы

 

Асықтың тұрысының атаулары:

Алшы – асықтың тәйкеге қарама-қарсы жағы яғни алшы тұруы.

Тәйке – асықтың алшыға қарама-қарсы жағы.

Бүге – асықтың дөңес жағының жоғары қарап түсуі.

Шіге – асықтың қуыс жағының жоғары қарап түсуі.

Омпы – асықтың ашасы немесе мұртша жағы жоғары қарап түсуі немесе тік тұрып қалуы.

Шоңқай – асықтың омпаға қарсы жағымен тік түсуі.

Асық ойынының «тақталық» түріне:

—         «Хан» немесе «Ханталапай», «Хан ату», «Құлжа ату»;

—         «Құмар»;

—         «Қақпақыл»;

—         «Қаржу» немесе «Қаржымақ»;

—         «Сасыр»;

—         «Төрт асық»;

—         «Бес тас»;

—         «Бес асық»;

—         «Иірмекіл» т.б. жатады.

Асық ойынының «алаңдағы» түріне:

—         «Арқаласпақ»;

—         «Алтыатар»;

—         «Омпа»;

—         «Кетсінбір»;

—         «Шыр»;

—         «Бәйге»;

—         «Алшы»;

—         «Бес табан»;

—         «Көтеріспек (Атбақыл)» т.б. жатады.

IV. Мұғалім ойын ережесімен таныстырады:

Ал, «Ханталапай» ойыны бүкіл қазақ жеріне кең тараған. Ойынға екеуден он адамға дейін қатысады. Асықтың көп болғаны жақсы. Көп асықтың ішінде біреуін қызыл түске бояйды. Сол асық «хан» деп аталады. Ойынды бастайтын бала асықтың бәрін қос уысына жинап алып, отырған балалардың алдына шашып жібереді. Балалар «ханның» қалай түскенін бақылап отырады. Егер «хан» бүк, шік, не тәйкі түссе, ойын бастаушы бала «ханның» түсуіне қарай жақын жатқан асықтарды бас бармақтың көмегі арқылы сұқ саусағымен итере ыршытып бір-біріне дәл тигізуі қажет. Тигізген асықтарды ол өзіне алады. «Ханды» жатысы «хандікіндей» ең соңғы асықпен ғана атып алады. Сондықтан асықтарды атқан кезде есепке, дәлдікке, мергендікке жүгінуге тура келеді. Ойын бастаушы баланың қолы басқа асықтарға тиіп кетсе, сондай-ақ атқан асығы басқа асыққа барып тисе, ойынды келесі бала жүргізеді. Ал, «хан» алшы түссе, балалар жарыса «ханталапай» деп дауыстап, «ханды» өз қолына түсіруге тырысады. «Хан» кімнің қолына түссе, сол бала жеңіске жеткен болып есептеледі. Онда ойынды сол бала қайта бастайды. 

 V.Ханталапай ойынын ойнау:

Бағалау: Ойын барысында жеңімпаз анықталады. Жеңіске жеткен ойыншыға 1 асық

беріледі.

VI. Асық ату ойынын ойнау:

Асық ойынықазақ халқының дәстүрлі ойыны. Асықойыныкүндіз де, түнде де ойналады. Күндізгісі – мергендікке, түнгісі – ептіліккебаулиды. Иіргендетүскенқалпынақарайасық – алшы, тәйке, бүк, шікдеп, ал атуғаарнапарнайықорғасынқұйылыпжасалғаны – сақа, жақсылары – оңқыаталады.

Бағалау: жеңген ойыншыларға  асық  беру арқылы бағаланады.

Интербелсенді тақта 

Слайд

 

Асық түрлерінің үлестірмелері

 

 

 

 

 

Асық ойынының түрлері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Асықтар

Ойын тақтасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Асықтар

Аяқталуы

 

2мин

2мин

 

 

 

VII. Рефлексия:«Асықтар қоржыны»

Ойыншылар өздерінің ойын барысындағы көңіл-күйлерін асықтың иірімдеріне байлынысты білдіреді.

 Алшы – Ойынды керемет  ойнадым

      Тәуке –  Ойынды  жақсы ойнадым

      Бүк-    Ойынды әлі де үйренуім керек….

Қоржын, асық
Қосымша ақпарат
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға  тапсырманы күрделендіруді  қалай жоспарлайсыз? Бағалау – Оқушылардың  үйренгенін  тексеруді қалай жоспарлайсыз? Пәнаралық  байланыс

Қауіпсіздік  және еңбекті  қорғау ережелері

АКТ- мен байланыс

Құндылықтардағы байланыс

·    Бейнежазба көрсету

·    Мұғалім жаңа тақырыпты түсіндіреді

·    Мұғалім ойын ережесімен таныстырады

·    Хан талапай ойынын ойнау

·    Асық ату ойынын ойнау

·    «Асықтар» арқылы бағалау ·    Слайдтар

·    Ынтымақтастық орнатады

·    Бір-бірінің құнды пікірлерін тыңдай біледі

·    Өзара жағымды қарым – қатыс орнатады

·    Ортақ  тіл табысады

Рефлексия

Сабақ \оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары  тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер  енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа  сабақ туралы  өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы  Сіздің сабағыңыздың  тақырыбына  сәйкес  келетін  сұрақтарға  жауап беріңіз.

 
Қорытынды  бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды  да, оқуды  да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды  да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында  мен сынып  немесе жекелеген  оқушылар туралы менің келесі  сабағымды  жетілдіруге  көмектесетін  не білдім?