Пәні: Жаратылыстану

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 2.1 Менің мектебім

Мектеп:№47 М.В.Ломоносов атындағы мектеп-лицейі
Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Жақыпқызы Зәуре
СЫНЫП:1 Қатысқандар :   Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктің қандай түрі болады?
Осы сабақта қол жеткізілетін   оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.2.1.3 Жабайы өсімдіктер мен мәдени өсімдіктерді ажырату
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар:
1.Өсімдіктердің негізгі формаларын(ағаш,бұта,шөп) , жабайы өсімдіктер мен мәдени өсімдіктерді ажыратады.

.

 Оқушылардың         басым бөлігі: Жабайы өсімдіктер мен мәдени өсімдіктердің ұқсастығы мен айырмашылығын түсіндіреді.
 
Кейбір оқушылар:
Қоршаған ортааға бақылау жүргізіп, зерттеу арқылы ой түйіндей алады..
Бағалау критерийі 1.Жабайы өсімдіктер мен мәдени өсімдіктерді ажыратады.

2.Жабайы өсімдіктер мен мәдени өсімдіктердің айырмашылығын анықтайды

Тілдік мақсаттар  Оқушылар:

·Жабайы және мәдени өсімдіктердің ұқсастығы мен айырмашылығын талқылайды және салыстырады.

Негізгі  сөздер  мен  тіркестер:
 Ағаш,бұта,шөп,мәдени өсімдіктер,жабайы өсімдіктер
Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Өсімдіктер қандай топтарға бөлінеді? Мәдени өсімдік дегеніміз не? Жабайы өсімдік дегеніміз не?

Сіз неліктен…..екенін айта аласыз ба?  Бұталар мен ағаштардың қандай ұқсастығы мен айырмашылығы бар?Мәдени және жабайы өсімдіктердің қандай ұқсастығы мен айырмашылығы бар?
Құндылықтарға баулу Сын тұрғысынан ойлау, топтық жұмыс барысында өзара сыйластық,  жауапкершілікті сезіну, білім алуға дайын болу.
Пәнаралық байланыс Дүниетану
Алдыңғы оқу Өсімдіктердің тірі ағзалар екендігін біледі,оларды қалай күту және өсіру бойынша негізгі білімдері бар
Сабақ барысы  
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері          Ресурстар
Сабақтың басы

 

3мин

 

 

 

 

 1.Ұйымдастыру кезеңі.Психологиялық дайындық

 Ширату: Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

 Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

 Суреттер арқылы оқушыларды топқа бөлу

I топ-«Алма ағашы»

II топ «Қызғалдақ»

III топ-«Жыңғыл»

 

 

Суреттер

Сабақтың ортасы 7 мин

 

 

10мин

 

 

3мин

 

2мин

 

 

7 мин

 1.Т.Ж.

 Топтарға ағаштар, бұталар, шөптердің суреттері таратылып беріледі. Оқушыларға өз беттерінше суреттерді топтастыру тапсырылады. Оқушылар «ағаштар», «бұталар», «шөптер» топтарына суреттерді бөледі. Сынып алдында қорғату.

 Неге осындай топтарға бөлдіңдер? Қандай айырмашылықтары бар? Қандай ұқсастықтары бар?

(Оқушы жауаптарын бағалау)

-Тамаша! Сендер өсімдік топтарын ажырата  аласыңдар.Қане ,балалар ,осы жауаптар ұнай ма? Бағалап жіберейікші.

 Басбармақпен бағалату

 2. Зерттеу Мектеп ауласына шығарып, онда өсіп тұрған өсімдіктерді зерттеу. Олардың мөлшерін анықтау үшін ағаш пен бұтаның, шөптің қасына тұрғызып, айырмашылықтарын айтқызу. Оқушыларға ағаш діңінің жуандығын құшақ арқылы анықтап көрсету. Бір оқушының құүшағы жетпесе, екі немесе бірнеше оқушы қолдарынан ұстап тұрады.

 3.Оқулықпен жұмыс

С. Ж.Суреттегі өсімдіктердің атын атату. Өсімдіктің қай тобына жататынын анықтату.

4.С.Ж.Оқулықтағы екі суретті салыстыру арқылы мәдени және жабайы өсімдіктерге түсінік беріледі.

 

5.Жұптық .Ж  Мәдени өсімдіктерді  белгілеңдер .

Бағалау Жұптық бағалау

 Ж.Ж   1-тапсырма Ағаштарды жасыл, бұталарды қызыл, шөптекті өсімдіктерді көк түсті қарындашпен қоршап сызыңыз.

2-тапсырма Өзің білетін мәдени өсімдіктің суретін сал

Суреттер

 

Жұмыс парақшалары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жеке жұмыс парақшалары

Сабақтың соңы 3 мин  Қорытынды «Пікірлер ағашына» оқушылар мәдени және жабайы, ағаш, бұта, шөптің ұқсастығы мен айырмашылығын айтып, жапырақтарды іледі. Ұқсастығын айтса- жасыл жапырақ, айырмашылығын айтса — сары жапырақ ілінеді. Ағаш суреті, жапырақтар
Қосымша ақпарат      
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға  тапсырманы күрделендіруді  қалай жоспарлайсыз? Бағалау – Оқушылардың  үйренгенін  тексеруді қалай жоспарлайсыз?  

 

 

1.Топтық, жұптық жұмыстар арқылы оқушыларға өзара қолдау, көмек көрсету жүзеге асырылады.

2.Барлық оқушыларға өсімдік топтарын     анықтау,оны таңдай білу тапсырмалары беріледі. Сынып оқушыларының басым бөлігіне  мәдени және жабайы, ағаш, бұта, шөптің ұқсастығы мен айырмашылығын айтқызу, қабілеті жоғары оқушыларға өсімдікке қажетжағдайлардың     маңыздылығын анықтау жайлы өз пікірлерін білдіру  арқылы олардың білімдерін кеңейту.

1.Оқушылардың қажетті білімдерін білу мақсатында ашық сұрақтар беріледі. 2.Топтық жұмыс арқылы оқушылардың бірлескен әрекетін бақылау, өзара

жұптық бағалау, басбармақ-  пен бағалау    бойынша жетістіктерін айқындау.

3. Кері байланыс (ауызша)

4. Әр оқушының ОМ жеткендігін анықтау үшін бағалау критерийлері мен дескрипторлар қолдану

 

Сергіту жаттығуы

 

 

Рефлексия

Сабақ \оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары  тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер  енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа  сабақ туралы  өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы  Сіздің сабағыңыздың  тақырыбына  сәйкес  келетін  сұрақтарға  жауап беріңіз.