Тақырыбы: Мүмкіндігі шектеулі балаларды жаңартылған бағдарлама мазмұны бойынша дамыту .

Мақсаты:   Жалпыға міндетті  білім стандарты бойынша    денсаулығына байланысты  ерекше қадағалауды қажет ететін  баларды  қоғамда өз орнын білуге,  өз қажетін өзгенің көмегенсіз алуға үйрету,  жаңартылған технологиялар және бағдарламалар  бойынша  таным процесін дамыту, кедергісіз келешекке жол ашу.            

Елімізге егемендік алып, өз мәртебесі биіктей түскен шақта ең алғашқы алға қойған міндеттердің бірі- ол бала тәрбиесі. Ел тізгінін берік ұстай білетін ұрпақ тәрбиелеу – біздің борышымыз Ал сол жас ұрпаққа тәрбие беретін бүгінігі тәрбиеші мамандар.тәрбиелеу мен білім берудің жаңаша жетілдірілген әдіс-тәсілдерін іздестіріп, күнделікті жұмыс барысында жаңашыл бағыттар қарастырып, оны өздерінің іс-тәжірбиесінде қолданып отырса бала тәрбиесі алға басары сөзсіз.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Мәңгілік ел»  стратегиясында«Адамзат үшін ғасыр – жаңа технологиялар ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып , өмірге енгізу, игеру және жетілдіру бүгінгі жас ұрпақ, сіздердің еншілеріңіз … Ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында»-деп ұстаздар қауымына үлкен міндет жүктеп отыр.

Жалпыға міндетті  білім стандарты   бойынша  денсаулығына байланысты  ерекше  қадағалауды қажет ететін  балаларды жалпы мектеп және көмекші мектеп бағдарламасымен оқытады. Мектептегі  мүмкіндігі шектеулі балалардың ұсақ қол маторикасын дамыту үшін  Арт  терапия желісінде  жұмыс жүргізіледі.

1.Құм терапиясы

Мақсаты: Бала өзін жайлы , емін-еркін сезініп, шығармашылық белсенділік танытатын табиғи стимулдық орта қалыптастыру. Танымдық және психикалық процестерді дамыту, түйсікті,есті , зейінді, қиялды ,кеңістік түсінікті , қолдардың ұсақ қол мотоикаларын дамытып,  әсіресе балалардың дұрыс жетілуіне, саусақтарының епті болуына әсерін тигізеді.

Міндеті:

1.Танымдық сезімдерін дамыту (зейін, жады, қиял, қабылдау)

2.Интеллектуалдық ортаны қалыптастыру –ойлау білу, көрнекі-шынацылық , көрнекі- бейнелік , сөздік-логикалық, шығармашылық ойларын дамыту.

Құммен сурет салу – өткен ғасырдың 70 жылдары Ақш –та пайда болып , біздің Қазақстанға 2009-2010 жылдары бұл өнер кеңінен тарай бастады.Алғашында құммен сурет салу анимациялық фильмдер шығару үшін пайдаланылды. Құм терапиясы 3 жастан бастап әр жастағы адамдармен өткізіледі. Бала қиялындағысының қиюын әзірге келтіре қоймаса да, шыны бетіне қалаған мүсінді түсіруге болатынын түсінеді. «Осындай тамаша әдіс арқылы балалардың шығармашылығын шыңдауға мүмкіндік мол » дейді ұстаздар. Бұл өзге сәбидің есте сақтау қабілеті артып, ой жиегі дамиды.Құммен сурет салу кезінде саусақтардың епті болуына да әсері мол. Түйіршіктермен ойнаған кезде баланың моторикасы дамиды. Іс – қимылындағы координациясы жақсарады.

2.Қуыршақ театрының мақсаты  –  баланың шығармашылығын, ойлау қабілетін, қиялын дамытуға көп әсерін тигізеді. Саусақтарға киілген әр түрлі бейнедегі  кейіпкерлердің рөлін сомдау арқылы және  саусақтарын қозғалту арқылы   дамытады.  Қуыршақты актер қимылға келтіріп, оның сөзін көбінесе өзі, кейде көркемсөз оқушы айтып тұрады. Қуыршақ түріне, оны қимылға келтіру тәсіліне, сахнасына қарай қуыршақ театры бірнеше топқа жіктеледі: киілмелі (қолға киіп ойнайтын), сылдырмақты (жіп немесе сым арқылы қозғалтатын), суретке түсірілген қуыршақтармен (қағаздағы қуыршақ кескінін экранға түсіретін) ойын көрсететін театрлар, т.б. Қуыршақ театры жайындағы алғашқы деректер АристотельГеродотКсенофонтАпулей еңбектерінде кездеседі. Қазақ жеріндегі қуыршақ театры ұлттық ойындардан бастау алған. Ертеден келе жатқан “Ортеке” ойыны осының айқын дәлелі. Ағаштан жонылып жасалған киік немесе ат мүсіншесін сылдырмақтап жіп тағып, домбыра тартқанда жіптің бір ұшын ішекті шертер саусаққа іліп билететін болған. Тартылған күй ырғағына қарай “Ортеке” ойын көрсеткен.

3.Саусақтар сөйлейді максаты:  Сөйлеу тілі бұзылған баланың белсенді қозғалуына жетіспеушіліктер, соның ішінде саусақтың ұсақ моторикаларында ауытқушылықтар байқалады.  

Мектепке дейінгі кезеңде қолдың ұсақ моторикасы мен қимыл-қозғалыстарын дамыту жұмыстары маңызды болып табылады. Адамның бас миының ортаңғы ми бөлігі – дыбыс пен тітіркенуге жауап береді. Тілдің моторлы орталықтары жақын орналасқан. Сондықтан ұсақ қол моторикасын дамыта отырып, адамның ішкі ағзасына ықпал етеміз. Баланың сөйлеу тілін жетілдіруде саусақтарды жаттықтыра отырып бас миының жұмыс істеу қабілетіне күшті ықпал етеміз.                                                                                                    

«Саусақтың ұшымен жаттығулар жасаған кезде, ми жұмыс жасап жатыр» деп  Бернштейн айтқан.  Саусақтарын шынықтыру арқылы баланың тек қимылын ғана арттырмай, оның ой қабілеттігін, қиял, ес процестерін де дамытуға болады. Оларды тақпақ, жаңылтпаш, жұмбақтармен бірге жүргізген жағдайда баланың қызығушылығы, сөйлеу процестері дамиды.