Пәні: Қазақ тілі Мектеп: №47 мектеп-лицей  
Күні:   16 .02.18 Мұғалімнің аты-жөні: Нәлібаева Гүлжаухар Есенжолқызы  
Бөлім Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті  
Сынып: 2 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:  
Сабақтың

тақырыбы

Ұлтымыздың салт-дәстүрі туралы білемін.Зат есім  
Сабақ негізделген оқу мақсаты 2.4.2.3 сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) ажырату

2.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжау

Сабақтың мақсаттары Барлық оқушылар істей алады: Сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) ажырата алады.Мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжайды.  
Оқушылардың көпшілігі істей алады :  Сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік)  сұрақтар қою арқылы ажырата алады.  Мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбын анықтайды, тақырыбы анықталған соң  негізгі ойды өзі анықтайды  
Кейбір оқушылар істей алады: Сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) мысал келтіре отырып ажырата аладыМұғалімнің көмегінсіз  мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтайды.  
Құндылықтар Қазақстан мәдениетінің озық дәстүріндегі тәрбие өзге мәдениет өкілдерімен қарым – қатынас жасауға дайындау. Қазақ халқының салт-дәстүрін сақтау.  
Пән арал. б  Әдебиеттік оқу, дүниетану,музыка  
АКТ Тұсаукесер, видео,ноутбукпен жұмыс, компьтерде жеке жұмыс.  
Жетістік критерийлері: Зат есімді сұрақ қоя отырып анықтай алады;

Мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтай алады

 
Алдыңғы оқу Қазақтың салт-дәстүрлері, зат есім.  
                                                                                 Жоспар  
Жоспарланған уақыт   Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен  қатар ескертпелерді Жазыңыз Ресурстар

 

 

 
Басы 1-3мин

 

 

4–10мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10–17

Мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

17–22

Мин

 

 

 

 

 

 

22–30

Мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

30-33

мин

 

 

33-38 мин

Ұйымдастыру

Қайырлы күн достым,

Қайырлы күн болсын.

Жұма күннің сәті

Сәттілікке толы болсын!

https://www.youtube.com сайтынан «Қазақ бренді» мультфильмінен үзінді көрсету.

Топтасу

 Домбыра, асық, құрттың қайсысын бренд деп ойласаңдар суретін алып топтасыңдар.

Үй тапсырмасын тексеру.

Балалар, қазақтың мақтаныштарының тракторға тез жетуіне көмектесейік.

Пликерс ойыны арқылы

1.Заттың атын білдіретін сөздерді не деп атайды?

А) зат есім   В) сан есім   Г) сан есім           Д) етістік

  1. Зат есімдерге қандай сұрақтар қойылады?

А)   кім?       В) кім? Кімдер? Не? Нелер?     Г) не?    Д) қайда?

3.Кім ?кімдер сұрақтары қандай сөздерге қойылады?

А) жануарларға   В) заттарға   Г) адамдарға           Д) өсімдіктерге

4.Кітап, бесік сөздеріне қандай сұрақтар қойылады?

 А) кім?   В) нелер   Г) қандай?          Д)не?

5.Қазақтың салт дәстүрлеріне нелер жатады?

А) шілдехана, бесік той   В) мектепке бару   Г) досыңды сыйлау    Д) асық ойна

Бағалау:

Негізгі бөлім. Трактордың тапсырмасы

2.(Т.Ж) Ноутбукпен тапсырмалар орындату

«Домбыра» тобы «Артығын тап» ойыны

1.Сұрақтардың артығын табу. Кім? Нелер? не? Қандай?

2. Сөздердің артығын табу ақын, ана, кітап, бала

3. Сөздердің артығын табу әдемі, бесік, қыз, гүл.

«Асық» тобы «Дұрыс, бұрыс» ойыны

  1. Әжелер сөзі кім? Деген сұрақтарға жауап береді.
  2. 2. Шілдехана, бесіктой, тұсаукесер-қазақтың салт-дәстүрі.
  3. 3. Сәби, бөпе, бала, бесік сөздері кім? деген сұраққа жауап береді.

«Құрт» тобы   «Топтастыр»

1.Кім? не? сұрақтарына топтастыру немере, ата, киіз үй, бесік

2. нелер? не? сұрақтарына топтастыру асық, торсықтар, домбыра, қымыздар

3. кімдер? Кім? сұрақтарына топтастыру аналар, гүл, оқушылар, шөбере.

Бағалау: Отшашу

(МК; Ұ) Бидайлардың тапсырмасы

16-жаттығу. Жұмбақты оқып, шешуін тап. Өлеңнен зат есімді тап.

Иесі оның –сәби,

Әрі төсек,Әрі үй.

Бағалау: смайликтер арқылы

 (ТЖ)Тышқаннан құтқару

 «Құрт» тобы  Бесік туралы не білесің? Дөңгелек үстел әдісі

Бесік әбзелдері: құс төсек, жастық, ,тартпа бау, жабу, кепіл,көрпе, түбек, шүмек.

 «Асық» тобы  Сурет бойынша әңгімелету, суреттегі оқиғаны болжатумақсатында «Суретті әңгімеле»стартегиясықолданылады.

Оқушылардың назары сюжетті суретке аударылады. Бесікке салу рәсімі туралы өздерінің білетінін айтады. Сурет бойынша мәтін құрайдыСурет әңгіменің бір бөлігі екені ескертіледі. Оқушыларға суретте бейнеленген сәттің алдында не болғаны және кейін не болатыны болжатылады.

Оқушыларға әңгімедегі негізгі ойды табу тапсырылады. Суретке қарап не айтуға болатынын топта талқылайды.

 «Домбыра» тобы Пішіндер арқылы сөзді тауып оқу. 

19-жаттығу. Пішіндер арқылы сөзді тауып оқиды. Шыққан сөз туралы білетіндерін айтады. Өздері білетін бесік жырын айтады.18-жаттығу . өлеңді

https://www.google.ru сайтынан (Бесік жыры mp3) бесік жыры тыңдатылады.

Аудио-бейнежазба мазмұны бойынша өз ойын білдіріп, алған әсерлері бойынша айтады.   

Бағалау: басбармақ

Видео « ( Бесік той. ) видео көрсетіп, оқушылармен әңгіме жүргізіледі. Видео мазмұны бойынша өз ойларымен бөліседі.

Бесік той туралы үлкендерден сұрау арқылы қосымша ақпарат жинап келу тапсырылады.

4.(Ж:Ж) Бәйтеректің тапсырмасы Компьтерде тапсырма орындау.

https://www.youtube.com сайтынан видео

 

Домбыра, асық, құрт суреттері

 

 

 

пликерс

карточкалары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тұсаукесер

 

Тұсаукесер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бесік

 

 

 

 

 

 

Сөзжұмбақ

https://www.google.ru сайтынан (Бесік жыры mp3) бесік жыры

Бесік той» https://www. youtube.comсайтынан

 
  38-41мин 5.Ө.Ж Бүркіттің тапсырмасы  Қалыптастырушы бағалау дәптеріндегі тапсырма.

Оқу мақсаты: 2.4.2.3 сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) ажырату

Ойлау дағдыларының деңгейі:Қолдану

Бағалау критерийі: Кім? кімдер?не? нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздер тауып жазады;

Тапсырма: Кестеге сұрақтарға жауап беретін сөздер ойлап жаз.

Кім? Кімдер? Не? Нелер?
       

Дескриптор: кім? сұрағына жауап беретін сөздер жазады;

                      кімдер? сұрағына жауап беретін сөздер жазады;

                          не? сұрағына жауап беретін сөздер жазады;

                      нелер? сұрағына жауап беретін сөздер жазады;

Қорытынды. «Үш қадам сұхбат» Әр топтан хабар жүргізуші, хабарға қатысушы, газет тілшісін таңдау. Сабақ бойынша оқушылар қорытындылау жұмыстарын жүргізеді.

Қалыптастырушы бағалау дәптері

 

 

 

 

Теледидар макеті

 
  41–45 мин Рефлексия. «Бағдаршам» әдісі арқылы сабақты жақсы түсінсе жасыл түс, орташа түсінсе- сары түс, түсінбесе-қызыл түсті көтеру.
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жопарлайсыз? Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Пәнаралық байланыстар, қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері, АКТ-мен байланыс. Құндылықтардағы байланыс

 

Рефлексия Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.
— Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?

— Бүгін оқушылар не білді?

— Сыныптағы ахуал қандай болды?

— Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

— Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

— Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?