Тақырыбы: Жаңарудағы жаңаша жол белгілері

Мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру, жол белгілерін толық үйрету мақстаында жұмыстар жүргізу

Тәрбиелілігі: Оқушыларды жолда жүру ережесін мұқият сақтауға, көшеде жүру ережесін білу арқылы жолда жүру мәдениетін үйретіп, сақтыққа тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Есту, көру арқылы өз бетінше эстетикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Көрнекілігі: бағдаршам макеті, жол қауіпсіздігі туралы суреттер, жол белгілерінің суреттері.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Шағын көрініс (жол ережесінің белгілерін бұзуына байланысты)

Инспектор:

Жолдар жолдар бiрге болсын сапарымыз. Жолдар, жолдар таусылмайтын көшелер. Ооой бүгін көшеде ешкім жоқ қой. 

Балақай: Мерей деген баламын

Мектепке мен барамын

Көше, көше, көшелер

Таусылмайтын көшелер

Жүре берем әрі қарай

Жан – жағыма қарамай

Көлік  көрсем көшеде

Жолын  кесіп  өтем  мен

Инспектор:

Келді  Мерей  зулатып
велосипедтің үстінде
Барады елді шулатып,
шынымен ол күшті ме?
Мерейге  велосипед  тебуге болатын  жердің  жол  белгісін  кім  көрсетеді.

Блум атай келеді:

Ал, қанекей тұрмайық

Жол  ережесін талдайық

Кім біледі, айтады?

Блумның таксономиясы  неше  қағидадан  тұрады?

Өздеріңе қойылатын

Бұл алғашқы сұрағым

Бағдаршам көздерінің сөзі

Инспектор:

Жаңалық  бар бәріңе, жасыңа да , кәріңе

Жас  ұрпақ  болашақ  жандардың бәріне

Блум атты атайды  біздер жақсы білеміз

Жаңа  үлгідегі  қағидасын  мәңгі есте сақтаймыз

Қызыл: —Блум атай сіз кімсіз? Сіз қайдан келдіңіз? Сіздің 6 қағидаңызды мен мүлдем түсінбедім.

Сары: —Қызыл достым сен не түсінбедің? Не білмедің? Мен Блум атайды білемін, 6 қағидасын түсінемін. Бірақ қай жерде қалай қолданылуын білмедім?

Жасыл:  -Егер мұны білмесең, түсінбесең бүгінгі «Жаңартудағы жаңаша жол белгілері» атты іс- шараға  қатысып көрейік. Сол кезде түсінерсіңдер. Жүріңдер

Балақай:  Бұл қағиданы біз қалай айтпай тұра аламыз.

Білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау,бағалау атты дағдыларын біз үнемі  сабақта қолданамыз.  «Жаңарудағы жаңаша жол белгілері» атты іс-шарамызды  құрметті ұстаздарға ұсынамыз.

Білу:  Мына белгіні біліп ал.

Жаяу өтпе жолағын

Есіңе мәңгі сақтап ал.

Қайта қайта жаттап ал

Түсіну. Жолды кесіп өтуге сен қамдансаң

Қиылыста қарсы алады сені бағдаршам

Менікіндей екеу емемс, үш көзді

Әр көзінің түсі бөлек аңғарсаң

Көзі алысты қалт жібермей қырағы

Бір көзі жанса, қалғаны өшіп тұрады

Қызыл, сары, жасыл түсті көздерінің

Бас әрпінен үш түрлі ұғым шығады

Қ – қызыл, красный, ред – қимылдама баспа алға

С – сары, желтый, уеллоу – сәл сабыр ет, дайындал

Ж –жасыл түс, зеленый, грин – жүре бергін жасқанба.

Қолдану: Жаяу өтпе жолағын

Қане айтып көр енді

Не үшін мұны орнатқан?

Балақай: Енді білдім бұл  белгінің

Мұнда неге тұрғанын

Көрсетейін қазір мен

Қалай  өтетінін  жолақтан

(Бала жолақтан өтіп көрсетеді)

Инспектор: Дұрыс – бұрысын тексереді.

Балақай: Ережемен жүрген жөн

Артық емес үйренген

Жолда жүру әліппесін

Бес саусақтай білген жөн

Айтыңызшы ағатай

Мына белгі не үшін?

Инспектор

Жол белгілері:

Сақтандыру, ескерту белгісі:

Өзі қызыл, үшбұрыш ескертуің мен болам,

Хабарлайтын бар қауіпті, оң сапарды жолдаған.

Тыйым салу : Қызылмен боялған, шеңбермін аумақты

Тыйымшыл белгімін, қаталмын салмақты.

Мен тұрған жерлерде

Хақың  жоқ  жүруге

Қауіп бар,  бағдарла көз салып жан – жақты.

Міндеттеу белгісі:

Белгімін көрсетер жылдамдық бағытты

Міндетті бұрылыс

Өтпесе қауіпті

Барлығын анықтап тұрамын жолыңда

Абай бол,шартыңды міндетті  орында !

Нұсқау белгісі:

Баратын жеріңнің бағытын, тұрағын

Үн – түнсіз жол сілтеп, жол нұсқап тұрамын

Күндіз де, түнде де от болып жанады

Көк түске боялған төрт бұрыш шырағым

Блум қария:  Басталар әр қадамың аттауменен

Өмірге қол созады әрбір көше

Жол жүру ережесін сақтауменен

Өмірде талдай білу керек енді

Оны саған  түсіндірер

Менің  Талдау атты  қағидам

Талдау: Сұрағы көп балақайдың

Не үшін?  Неліктен? деп

Жан – жанты ойланып ,сараптайды

Көшеде емін еркін жүру үшін

Мына белгіні білген дұрыс

Жаяу жүргінші жолы мен үшін

Велосипед жолы сен үшін

Ал балалақай қарай   ғой

Не айтасың бұл үшін

Балақай : Бағынып жол тәртібіне

Айналаға қараймын

Бұл белгілер тұрғанда

Енді еш  мен саспаймын

Жинақтау : Қиылыста, жол шетінде, бұрышта

Түрлі-түрлі белгілер бар тұратын

Оны білдің , түсіндің

Қолдана біл өмірде

Бәрін соның жинақтай

Бағалай  біл  балақай

Бағалау: Мен де сөзімді бастайын

Саған бір ұсыныс тастайын

Бұдан былай сен енді

Ержені бұзбағың

Үлкен  кісі болмаса

Алысқа ұзап шықпағың

Өзің шешім қабылдап

Дәлелді пікір айтып көр

Қажеттісін таңдап ап

Үйде тізім жасап қой

Балақай:  Белгілердің мәнін білу – мықты күш

Келесісі – шеті қызыл үшбұрыш

Бұл белгілер ескертеді біліп алдым

Көңіл бөлмей өтіп кетпеймін тып – тыныш

Қиылыс па , бұрылыс па  алдымда

Темір жолға таяп әлде қалдам ба?

Өзен бар ма, көпір бар ма, ор бар ма?

Мекені ме жабайы аң мен малдың ба?

Соның бәрін біліп алдым

Белгілердің сырын еске түсіріп сақтап алдым

Ойымды енді жинақтап

Болашақта белгілерді  қолданып

Өмірімді бағалаймын мәңгі енді

Блум: Көшеде тұрған бағдаршам

Жол сілтейді ол саған

Жолда тұру себебін

Түсіндірер ол саған

Қызыл: Қызыл түсті шеңбермін

Не мағына беремін

Мені ұстаған балақай

Түсінбедім дегені

Сондықтан да мен енді

Жоғарыда тұрамын

Сені көріп балақай

Тоқта дегім келгені

Сары: Сары түсті шеңбермін

Не мағына беремін

Мені ұстаған балақай

Сәл түсіндім дегені

Қызыл шеңберден кейін тұрағым

Қарап қалмай маңайға

Абайлап тұр дегенім

Жасыл: Жасыл түсті шеңбермін

Не мағына беремін?

Мені ұстаған балақай

Бәрін білдім дегені

Сары шеңберден кейін тұрағым

Жылдам жүрші шырағым

Қорытынды:

Балақай:  Құрметті ұстаздар, көрермендер. Біз мына жанып тұрған шамшырақ балғын балалармыз, еліміздің  болашағын нық ұстайтын,жарқын болашақ иесіміз. Егер сіз бен біз біріксек миллиондаған өмірді құтқарамыз.

Білгенімізді, түсінгенімізді жинақтап, ортаға салып жолда жүру ережесін сақтап, қауіпті болдырмауға  атсалыса отырып бүгінгі «Жаңарудағы жаңаша жол белгілері» атты  іс-шарамызды  аяқтаймыз

Би: Серік Ибрагимов «Жаяу» музыкасы