Мемлекеттік тіл және рухани жаңғыру бағдары

Орманбекова Л.Ж.,

«Өрлеу» БАҰО»АҚ филиалы Алматы облысы

 бойынша ПҚ  БАИ  аға оқытушысы

 

Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан соң қазақ тілін мемлекеттік тіл деп жариялағандығы бәрімізге  мәлім. Ол жөнінде Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл — қазақ тілі деп еліміздің «Ата Заңы» Конституциямыздың 7-бабының 1-бөлігінде көрсетілген. Яғни қазақ тілі — шиеленіскен даулар мен күрмеуі қиын мәселелерді от ауызды, орақ тілдің арқасында бір ауыз сөзбен шешкен бабаларымыздың асыл мұрасы, ұлттық мәдениетіміз бен әдет-ғұрып, салт- санамыздың мәйегі.

Егемендіктің арайлы таңы атып, еліміз тәуелсіздікке қол жеткізіп,халқымыздың бар байлығы  қазақ тілінің де мәртебесі арта түсті.       Сөз қадірін өз қадірінен кем көрмейтін халқымыз туған тілімізге «толғауы тоқсан» деген сөзді бекерден- бекер тіркестірмеген шығар деп ойлаймын.

Мемлекеттік тілді қолдануды кеңейту заңдылық тұрғысынан қалай орындалуда, мемлекеттің тілге байланысты заңдардың сақталуы және орындалуы қай деңгейде. Мемлекеттік тіліміздің дамуы мен нығаюына бағытталған заңдар қабылданып, мемлекеттік бағдарламалар дайындалып, сол бағдарламаларды жүзеге асыру үшін іс-шаралар жасалып келеді. Дегенмен де, қазіргі уақытта мемлекеттік тілді қолданудың айналасындағы айтыс-тартыстар мен көптеген пікірлер осы уақытқа дейін толастамай келеді. Өйткені, тіл мәселесі-елімізде аса маңызды да, ең өзекті мәселелердің бірі. Дей тұрғанмен, бүгінгі күнге дейін қазақ тілінің мәртебесін көтеру мақсатында көптеген шаруалардың атқарылғандығын жіпке тізгендей санамалап беруге болады.

Мысалы ретінде: Президенттің 1996 жылдың 4-ші қарашадағы «Қазақстан Республикасының тіл саясатының тұжырымдамасы туралы» Өкімі, 1997 жылдың 11-ші шілдесіндегі «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы № 550 «Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы», Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы « Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 — 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлықтарын және тағы басқа шараларды атауға болады.

Міне, осындай шаралар — туған тілімізді өркендетуге жаңа серпін беріп

қана қоймай, мемлекеттік тілдің қордаланып қалған мәселелерін қозғап, кең

қанат жаюына нақты қадам жасалғанын көрсетеді.

Ұлттық сананы қалыптастыру жолында тілдің атқарар ролі өте маңызды. Жер бетіндегі адамға баласына қатысты дүниенің негізі кілті тіл болса, сол тіл арқылы адам мен адам, қоғам мен қоғам, қауымдастықтар мен өркениеттер танысып ұғысады. Қазақстан тәуелсіздік алғалы ширек ғасырдың ішінде зор табыстарға жетті, оның ішінде біз өзіміздің ана тіліміздің конституциялық құқықтарын айқындап жаздық. Мемлекеттік тіл – қазақ тілі деп танылды, шетел тілдері оның қасында екінші немесе үшінші қосымша тіл ретінде қызмет атқаратын болды. Ұлттық сана мен мемлекеттік тілді бірінен-бірін ажыратып жатудың қажеті шамалы, бұл ұғымдар қажетті жағдайда бірдей де қолданыла береді. Себебі, бұл турасында Президент Н. Назарбаев: «Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек» деп жазды «Егемен Қазақстан» газетінде жарық көрген «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты жаңа бағдарламалық мақаласында. Ұлттық жаңғыру дегеніміз не? Жаңа ғасырдағы қазақтың келбет, бітім-болмысы қандай болу керек? Біз санамыздың қалай таза, ашық қалпында ұстай аламыз? Болашаққа бару үшін бізге не керек? Мемлекеттік тілдің келешектегі ролі қандай болады? Елбасы өз мақаласында осы және өзге де өзекті ойларға жауап іздейді.

Бұл  Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың ұлттық құндылықтарымызға деген қамқорлығы. Ұлттық сананы жаңғыртқанда өзіміздің, қазақстандық дербес даму үлгісін қалыптастыруымыз керек екендігін айтып отыр Елбасымыз. Бұл дегеніміз – қазақтың барлық ұлттық салт-дәстүрлерін, ең бас­тысы, мем­лекеттік тіліміз бен әдебиетімізді, мәдениетімізді, қазақи ру­хы­мызды жаңғырту. Бұл ретте Президенттің жаңғыру ұғымының мей­лін­ше көнерген, жаһандық әлеммен қабыспайтын кейбір дағды­ларымыз бен әдеттерден арылуымыз керек деген сөзінің жаны бар. Өйткені бұл – өмір заңы, даму заңдылығы. ХХІ ғасырдағы адамзаттың басты, негізгі құндылықтары білімнен басталатын болады. Жастары­мызды осы бағытта тәрбиелеп, әлемдік білім ошақтарынан тереңде­тілген білім алып халқымыздың игілігіне жұмыс істеуге баулуымыз керек. Мемлекет басшысының Үндеуіндегі «Білімнің салтанат құруы» бөлімінде осыны меңзеп, халықты жаппай білім алуға шақырады.