Жамбыл облысы  Меркі ауданы
Иван Трубицын атындағы №17  жалпы білім беретін мектеп-гиназиясы
Музыка пәнінің мұғалімі: Исмакулова Айнур Тангатаровна

 

                                                                                                        

 

 Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2-бөлім: Қазақ халқының тұрмыс-салт әндері мен заманауи музыкасы

Мектеп №17 И.И.Трубицын атындағы орта мектеп-гиназиясы
Сабақтың тақырыбы: Халық музыкасын өңдеу.
Күні: 2018ж Мұғалімнің аты-жөні: Исмакулова Айнур Тангатаровна
Сынып: 5 Қатысқандар саны: Қатыспаған оқушылар саны:
Осы сабақты меңгеруге қол жеткізетін оқыту мақсаттары 5.2.2.1 музыкалық аспаптар мен дауысын қолдана отырып, қарапайым композициялар шығару және импровизация жасау

5.3.1.1 өз жұмысын таныстыру, бағалау және жетілдіру

5.2.1.1 музыкалық шығармашық жұмыстарды жасау үшін идея ұсыну, жоспарлау және материал жинақтау

және жетілдіру

Сабақтың мақсаттары 1.     Интерпритация не екенін білу.

2.     Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда музыканың динамикаларды, әуендердің ырғағын, ән айту дағдыларын дамыту.

Бағалау критерийлеі 1.     Оқушы интерпритация не екенін біледі.

2.     Музыкалық аспаптарда айнай алады.

Тілдік мақсаттар Оқушыларды тілді барынша нақты пайдалануға ынталандыру.

Оқушыларды пікірталас диалогтерге қатыстыру.

Оқушылардың оқуға деген ынтасын қалыптастыру.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Тұрмыс-cалт әндерінің ұқсастығы және айырмашылығы..
  • Төкпе күй, шертпе күй …
  • Әндегі динамика….
  • Күйді заманауи өңдеу….
  • Әндегі ырғақ….

Пәндік терминологияны қолдана отырып, музыканы талдай және талқылай алады.

  • халық әні
  • дәстүр
  • дәстүрлі ән
  • түрлендіру
  • компьютерлік бағдарлама
  • өңдеу
Алдыңғы сабақтарда алған білім Оқушылар алдыңғы сабақтардан әңгімелер мен ертегілерден қысқа үзінді үшін музыкалық сүйемелдеу құруды, музыкалық аспаптарды қолдана отырып қоршаған ортаның әртүрлі дыбыстарын бере алуды, дыбыс динамикасын дұрыс анықтауды, өзінің және өзгелердің жұмысы туралы ойын білдіруді үйренді.
Құндылықтарды дарыту Басқалардың ойымен пікірін құрметтеу.

Оқушылар арасында жақсы қарым қатынас орнату.

Оқушылар бір-бірін тыңдай біліп басқалардың жұмыстарына құрметпен қарап ойын жеткізе алу.

Оқушыларға мәдени және эстетикалық тәрбиені қалыптастыру.

 

Сабақтың барысы
Сабақ кезеңдері Сабақта жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басталуы

             0-5

(ОТ, Қ) Оқушылармен үш тілде сәлемдесу:

Сәлеметсіздер ме, балалар! – Здравствуйте, дети) – Hello, children!

Өткен сабақтарда үйреген әндерді қайталаймыз.

Әнді жатқа сезімталдықпен орындауға баулимыз.

Қазақ биінің бірнеше элементтерін ән әуенімен көрсетуі керек

топқа бөліну (домбыра, жетіген, асатаяқ)

Аудиожазба

 

Аспаптар салынған  карточкалар сурет

Сабақтың ортасы

 

 

7-11

 

 

12-14

 

 

15-20

21-35

(Ұ, Қ) «Допты лақтыру» ойыны – бұл арқылы баланың зейінін, ой-өрісін, зейінін, қиялын, алғырлығын дамытмыз. Мысалы:

Сұрақ қойып допты лақтырады , допты ұстаған оқушы жауап береді немесе өткен сабақтардан білген мәліметтерімен бөліседі.

(МК, Ұ, Ж) Ән айтуға оқушыларды дайындаймыз. Дауыс жаттығуын жасатып, ән айту ережелерін еске түсіреміз.

Дауыс жаттығуына өткен әндердің жеңіл фразаларын алуға болады. Сол арқылы балалардың есте сақтау қаблеті жақсарады.

(МҰ, Ж, МК) Ән үйрену:  «Беу, айдай» (қаз. хал.әні)

әр топ ұранын айтады. Әр топ өз өнерлерін көрсетеді

Домбыра тобы:    күй орындайды

Жетіген тобы: «Бүлдірген» әні

Асатаяқ тобы: қасықпен сүйемелдеу халық әндеріне папури

Халық музыкасын өңдеу туралы мағлұмат беру.

Тыңда және талда.

 

«Бір бала» халық әнін жеке, хор орындауында тыңдату

       доп

«Беу, айдай» қаз.хал.әні

 

 

 

 

 

Музыкалық аспап

 

 

Сабақтың соңы

35-40

(Ө, Ж, Қ) постер қорғау. Әр топ өз апспап құрылысын айтады, суретін салады.

Бағдаршам әдісі арқылы сабақтың түсінгендерін көрсетеді

түсіндім

 

сұрағым бар

 
түсінбедім

 

рефлексия Сабақтан алған әсерлерін, түсінгендерін, тілектерін жазады.

Аудиожазба шулы музыкалық аспаптар
Үй тапсырмасы Ән жаттау Оқулық

Иван Трубицын атындағы №17 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ашық сабықтың тақырыбы:

Халық музыкасын өңдеу

5- сынып

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Музыка пәнінің мұғаімі: Исмакулова А.Т.

 

2018 оқу жылы