«Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудағы білімнің әлеуеті

Камбаралиева Индира Талгатовна

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының» аға оқытушысы

 

Елбасымыздың  « Болашаққа бағдар : рухани жаңғыру » атты мақаласы қоғамдық сананы жаңғыртуға бағыт­талып отырғаны даусыз. Бұл мақала   уақыт пен дамудың , яғни  Үшінші жаңғырудың өзегіне ай­на­лып отыр.  Сондықтан да Н.Ә.Назарбаев  «Санамыз ісі­мізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаң­ғырып отыруы тиіс» деп, нақты  рухани сананың  жаңғыруын   қол жеткізетін нәтижелер бастамасы  ретінде көрсетіп берді.Сонымен қатар «Жаңғыру жолында бабалардан мирас бо­лып, қанымызға сіңген, бүгінде тамыры­мызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерімізді қайта түлетуіміз керек» екенін атап көрсетті. Рухани жаңғырудағы ұлт­тық сана-сезім көкжиегін кеңейтетін екі айқын мәселе атап көрсетілген.  Оның бірі – ұлттық код, ұлттық мә­дениет сақталмай, ешқандай жаң­ғыру болмайтындығы. Екіншісі-  алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткенді алып тастау керектігі, яғни  болашақ пен өткенді сабақ­тас­тыра білу үйлесімділігі айтылған.  Аталған мақаладағы «ХХІ ғасырдағы ұлттық сана туралы» бірінші бөлімнің «Бәсекелік қабілет», «Прагматизм», «Ұлттық бірегейлікті сақтау», «Білімнің салтанат құруы», «Қазақстанның революция­лық емес, эволюциялық дамуы», «Сананың ашықтығы» атты  тармақтар мен  «Таяу жылдардағы міндеттер» атты екінші бөлімдегі ойлар мен идеялар шын мәніндегі әрбір қазақстандықтың ой елегінен өткізіп,  баса  түсінетін  елімізді нығайту мен сақтаудың айқын да нақты көрінісі екендігі айтпаса да түсінікті.  Елбасымыз руханиятқа, білімге ұдайы көрегендікпен мән береді. Ол өз Жолдаулары мен бағдарламаларында қазақстандықтардың жаңа буынын тәрбиелеу,елімізді бәсекеге қабілетті елге айналдыру идеясын ұдайы алға тартып келеді.Біздің өскелең ұрпаққа ең қажеттісі-жаңа білімді игеруі,сонымен қатар өздерінің жаңа білім жасауына қол жеткізуі екендігін айқындай отырып,  бүгінгі күні креативті ойлау, жаңа шешімдер табу, технологиялар мен инновацияларды ойлап табу өте құнды. Өткен ғасырда «білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады » деп түйіндеген бабалар ұрпағымыз. Сол  көрегенділіктің жалғасы  ретінде уақыт талабын ұғына отырып, алға жылжудың  өзегі  дәстүрлеріміз бен құндылықтарымызды сақтай отырып,жаңа көкжиекке көтерілу мүмкіндігін  ұштастыру қажет.  Осы мақсаттарға жетуде дәстүрге адалдық , бәсекеге қабілеттілік ғаламдық деңгейдегі міндеттерге жетудің басты кілті десек те болады.

Ұлттық білім беру жүйесінің  бүгінгі мақсаты —  адам капиталын бәсекеге қабілетті елге айналдыру үшін еңбек етуде.  Осы мақсатта XXI ғасырдағы инновация мен прогресс синонимдес , яғни өзгеріске дайын адамдар ғана табысқа жете алады. Жаңа білім иесі- ол жаңа міндет қоя алатын,  жүйелі ойлайтын , іс әрекеті батыл , өзін шыңдап үйренген заманауи адам, ол- адамгершілік талғам мен зияткерлік мәдениетті меңгерген тұлға.

Біз әлемге елі­міздің  бет-бейнесін өзіміз жаңаша  танытуымыз қажет.    Ол үшін әрбір ісіміз,сапалы ,  озық ойлы  міндеттерге құрылуы керек.  Қазіргі кезең ақпараттандыру мен  жаңа технологиялар ғасыры болғандықтан, еліміздің білім саясатында да үлкен өзгерістер болуы заңдылық. Ең алдымен  білімніңсапалы болуы-басты көрсеткіш. Сол себепті  еліміздің білім саясатында  инновациялық дамудың негізгі қайнар көзі  ғылыми-техникалық әлеуетті  жұмылдыру, ғылымның басым бағыттарын дамыту жолындағы ресурстарды шоғырландыру, оның жетістіктерін өндіріске енгізу қажеттігі туындайды.    Сапа бар жерде, білім бар.Ал білім білікке  жетелейді.Адал бәсеке туғызады.Бәсеке адамдар арасында  қозғалыс жасап , олардың жақсылыққа ұмтылуына,алда болуға ұмтылуына серпін береді. Сонда біз ең алдымен сананы түзеуге,өзіміздің ішкі рухани күшімізге иек арта бастаймыз. Өзімізді жетілдіріп дамытуға, саналы болуға ұмтыламыз. Адамзаттың Абайы айтқан «атаның баласы емес, адамның баласы » атану жолында рухани жетілуге тырысамыз.

Менің пайымдауымша , білім әлемдік, тәрбие ұлттық болуы керек.Ата-бабаларымыздың бұрыннан келе жатқан адами құндылықтар жүйесін жастарымыз­  да санасына сіңіріп өссе, дұрыс болар еді.Қазіргі кезеңде білім адамзаттың басты құндылығы екендігі айтпаса да белгілі.

Біздің мақсатымыз – әлемдік өркениетке еніп, дамыған 30 елдің қатарына қосылу болғандықтан , ағылшын тілі  бүкіләлемдік тіл болғаннан кейін біз одан теріс айнала алмаймыз,қазақ тіліне басымдық беруге тиіспіз.Жаһандану үрдісіндегі басты талап – әлемдік тілдерді игеруге ұмтылу. Бұл біздің ғаламдық үрдіске толыққанды ара­ласуымызға жол ашады. Әлемдік озық тә­жірибе мен жетістіктерге қол жеткізуі­мізге мүмкіндік туғызатыны анық. Елбасы рухани жаңғыру жолында таяу жылдары атқарылуы тиіс негізгі міндет­терді  де анықтап  отыр. Со­ның бірі – латын әліпбиіне көшу. Бұл орай­да, қазақ әліпбиінің жаңа графи­кадағы бірыңғай стандартты нұсқасын қабылдайтын боламыз . Білім беру жүйесінде дүниежүзінде баламасы жоқ бағдарлама іске асырыла­тын болады. Әлемдегі ең жақсы әртүрлі тілдердегі 100 оқулық қазақ тіліне ауда­ры­лады. Бұл халқымыздың білімін әлемдік кеңістікке, ғаламдық деңгейге алып шығуға тың серпін беретіні сөзсіз. Қазақстанда білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында  Қазақстандық білім беру жүйесін жақсарту үшін, ең алдымен педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, біліктілігін дамыту бағытына үлкен мән берілген. Осыған байланысты қазір еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар,  жаңалықтар мұғалімнің  жаңа идеялармен жұмыс жасауына  негіз болады. Елбасымыздың Жолдауында:« Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін, заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды  дамыған 30 елдің қатарына жеткізетін – білім» деп атап көрсетілуі де білімнің аса маңыздылығын айқындай түседі. Еліміздің өркендеуіне орай  педагогика ғылымының  да  оқыту үрдісі  өзгеру үстінде. Соған байланысты  оқытудың парадигмасы да  өзгеріске түсті. Білім берудің мазмұны жаңарды. Сондықтан  ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру,  технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр. Осы  мақсатта пән мұғалімдеріне  оқыту әдістері мен технологияларды таңдап пайдалану мүмкіндігі берілген.«Модульдік оқыту технологиясы» (М.Жанпейісова), «Деңгейлік тапсырмалар» (Ж.Қараев, «Сатылай кешенді талдау» (Н.Оразақынова) т.б технологиялар  мұғалімдердің сабақтарында қолданылуда. Оқыту әдістерінің кез- келген түрін белсенді әрекетке айналдыру-мұғалімнің шеберлігі мен шығармашылық ізденісіне байланысты екендігі айтпаса да түсінікті.Ж.Қараевтың «Үш өлшемді әдістемелік жүйе» технологиясы оқушылардың жеке қабілеті мен мүмкіндіктеріне, қызығушылығына, психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес білім деңгейіне жетуіне жетелесе,сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой-толғаныс кезеңдерінен тұрады.

Елімізде білім сапасын арттыруды   жүзеге асыру мақсатында ұстаздардың біліктіліктерін арттыру мәселесі негізінде Кембридж университетінің бағдарламасы бойынша  «Педагогикалық шеберлікті арттыру»  үш айлық курс жұмыстары ұйымдастырылып, ұстаздардың  шеберлік деңгейі мен белсенділік, табыстылық нәтижелерін шыңдағаны белгілі.

Қай кезеңде, қай қоғамда болмасын жеке тұлғаның қалыптасуына  ұстаздың берер үлгісі  шексіз.  Тұлға ретінде қалыптасу  ұстаз   шеберлігінен  бастау алары сөзсіз.  Сондықтан да білім саласындағы түбегейлі өзгерістер ұстазға үлкен жауапкершілік жүктейді. Өздігінен білім алатын, жан-жақты ізденетін, алдағы өмір жолын өзі болжай алатын тұлға тәрбиелеу- тек ұстаздың қолынан келеді.  Осы мақсатта Жаңартылған бағдарлама бойынша жаңаша көзқарас қалыптастырып , білім деңгейінің  көтерілуіне ықпал жасалуда .   Жалпы білім беретін мектеп  ұстаздарының шеберлігін ұштап тәжірибелермен қанаттандыру үшін  біздің институт та  жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Оның айқын дәлелі ретінде өз біліктіліктерін арттырған ұстаздар    санын айтып қана қоймай, олармен кері байланыс арқылы жетістіктері мен  пікірлерін айту да орынды.

Бүгінгі күні  жаңа технологияларды енгізу  басты талапқа айналып,оны жетілдіре түсу қажеттігі артып отырғаны- білім әлеуетінің де жаңғырып, жаңаруын көрсетеді. Мұғалімнің шеберлігі керемет болса да, егер мұғалім оқушы  белсенділігін  арттыра алмаса, берген білімнің зая кеткені , яғни  күткен нәтиже көрінбесі сөзсіз. Оқушының тұлға ретінде қалыптасуы — тек белсенділік арқылы жүзеге асады.  Мұғалім өз жұмысында қолайлы білім кеңістігін қалыптастырып, білім беру мен алудағы жаңа тәсілдер арқылы  оқушыны сыни тұрғыда ойлауға үйретіп, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, оқушыларды жас ерекшеліктеріне қарай тәрбиелей  отырып, дарынды балалардың көшбасшылық қасиеттерін анықтауы қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

1 Н.Ә.Назарбаев « Болашаққа бағдар : рухани жаңғыру

  1. Н.Ә.Назарбаев “Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты” атты Жолдауы, 2012.
  2. ҚР Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Астана, 2010.
  3. ҚР «Білім туралы» Заңы, Астана, 2007.

5.«Білім технологиялары» № 3, 2014 ж.