Сабақтың тақырыбы: Композициялық әрлендірудің түрлері.

(корзина, гүлдесте, гүлтізбек, бутоньерка, гүл шоғы)

П/ж. Композициялық әрлендіруді жасап үйрену.

 

Сабақтың мақсаты:

 

 а) білімділігі: оқушыларды  композициялық  әрлендірудің  түрлерімен

таныстыра отырып,олардың жасалу жолдарын үйрету.

 ә)  дамытушылығы: оқушылардың алған білімдерін өз бетінше қолдана

білуі дағдысын қалыптастыру.

  б) тәрбиелігі: оқушыларды ұқыптылыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу,

эстетикалық таным түсінігін дамыту.

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап (аралас сабақ) түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: тірі, кепкен,жасанды өсімдіктер, интерктивті тақта,

комп. құрастыруға арналған құрал жабдықтар.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру

Жаңа сабақ

 

Өткен тақырыпты слайд  арқылы қайталау.

 Композициялық әрлендірудің түрлері: гүлдесте, бутеньерка, гүл шоғы, корзина, гүлтізбек,

   Гүлдесте (венок) – славян халқының дәстүрлі сәндік әшекейі. Гүлдесте  әр түрлі гүлді өсімдіктерден дөңгелектеп, өріліп жасалған бұйым. Гүлдесте кәзіргі таңда тек қана славяндық емес, басқа ел халықтарының да дәстүрлі сәндік әшекейіне айналды. Соның ішінде ежелгі Грецияда әр түрлі спорттық жарыстардың жеңімпаздарын гүлдестелермен марапаттайды. Бертін келе металдардан да жасайтын болған.

Гүлдестені — гүлдерден дөңгелектеп Каркаска сымтемір, сабан немесе жіңішке бұтақтар, қолданылады. Ең алдымен каркас жасалады. Тірі, кепкен, жасанды гүлдер, ағаштың бүрлері(шишка),қағаз, жапырақты өсімдіктермен безендіреді.

 

Гүлдесте бірнеше түрге бөлінеді.

 

Тойға арналған гүлдесте.

Екі жастың қосылу символы ретінде пайдаланған. Жаңадан тұрмысқа шығып жатқан қыздарға тағатын болған.

 

Дәнді дақылдардан жасалатын гүлдесте.Дәнді дақылдардан тары, бидай, күріш, сұлы, арпадан жасалатын түрлері болады.  Биылғы егіннің жақсы

шыққандығын, өнім мол болғандығын және жинап болғандығын білдіреді.

Келесі жылы мол өнім алуға деген сенім пайда болады. Бұндай гүлдестелердің пішіндері әртүрлі болады.

 

Жаңа жылға арналған гүлдесте.

Оны ағаштың бүрлерінен(шишка),  шыршаның бұтақтарынан жасалады.

Оны столға орналастырып ортасына 4 май шам қояды.4 май шам жер шарының 4 жағын білдіреді. Өзінің дөңгелек болуы мәңгі өмір дегенді білдіреді.

           

Бутоньерка дегеніміз- ұсақ тірі, кепкен және жасанды гүлдер мен әртүрлі өсімдіктің жапырақтарынан әсемделіп жасалған флористикалық әшекей бұйым. Қосымша әртүрлі мошақтар, ленталарды пайдалануға болады.Киім, баскиім, шаш, қолды, сумкаларды безендіруге болады.

 

Бутоньеркаға қажетті заттар:

  1. Тірі, кепкен немесе жасанды гүлдер, жемістер.
  2. Жасанды жасыл бұтақтар, жемістер және жапырақтар.
  3. Флористикалық сымдар.
  4. Сымды кесетін қысқаштар, бақша қайшсы.
  5. Флористикалық скотч.
  6. Термокілей.
  7. Ленталар.
  8. Түйреуіштер

 

  1. Бутоньеркаға жаңа кесілген гүлдерді суға салып қою қажет.Оны қолданар алдында сабағын 3см-дей қалдырып бақша қайшысымен кесу керек.
  2. Гүлдердің түбінен флористикалық сымдарды өткізіп,оның екі жағын

теңестіру қажет.

  1. Сымның ұзындығы 10-12см болатындай етіп қысқашпен кесу керек.

Сымдарды флористикалық скотчпен орау керек.

  1. Гүлдерге жасанды немесе табиғи жапырақтарды, лентадан жасалған

банттарды қосуға болады.

  1. Өсімдіктерді бір-бірімен үйлесу үшін барлық элементтерді біріктіру керек.

Біріктірілген элементтерді флористикалық скотчпен ораған соң бутаньерка

дайын болады.

 

Гүл шоғы – «букет» француз тілінен енген. 14 ғасырдан бастап тарала бастады. Бірнеше стильде жасалады. Виктория стилі – гүлзарға ұқсас гүл шоғы. 19 ғасырда помподур стилі – біртекті гүлдерден жасалады. 20 ғасырда модерн стилі – шөптер қолдана отырып гүл шоғын жасау. Бір түсті гүлдерді мерекелік кезде сыйлайды: гладиолус, георгин, лилия, т.б. Сирек кездесетін гүлдерді сыйлау талғампаздық. Ауру адамға шағын, иісі жағымды; туған

күнге роза, қалампыр, лилия. Ерекше жағдайларға корзиналармен гүл: роза, ақ гүлдер, қызыл түсті. Қаралы жағдайға күңгірт, қалыңдыққа роза,

хрезонтема, лилия, түсі көгілдір, сирень түсті, ақ, ашық, қалыңдықтың бойына да байланысты. Гүл шоқтары дөңгелек, ұзын, сопақ, біржақты симметриалы, ассиметриялы. Гүл шоқтарын кептірілген гүлдерден де жасауға болады. оларды қысқы гүл шоқтары деп атайды.

Корзиналар – залдарды безендірумен қатар, артистерді құттықтағанда, дүкен витриналарын безендіру, қаралы жағдайларда ескерткіштерге қолданылады. Қалампыр, роза, гладиолус, кала, хрезонтема, фиалка, т.б. әсемдік шөптер қолданылады. Нефролипис, монстера, пальма, ораукария, пальма бұтағы қолданылады.

Гүлтізбек (гирлянда)– ежелгі Египетте коллонналарды, басқа да архитектуралық элементтерді безендіруге қолданды. Гүлтізбектермен қазіргі уақытта ашық беседкалар мен хребенуларды безендіруде қолданылады. Гүлтізбек жасау үшін көбінде гүлтізбелік өсімдіктер қолданылады. Жіп, сымтемір, сабан, ағаш бұтақтары қолданылады. Портреттер, колонталарды безендіреді. Барлық жағынан көрінетін гүлтізбектер дөңгелекті болып келеді. Диаметрі – 5-15см, ірі фойе, залда 30см дейін жетуі мүмкін. Ұзақ уақытқа арналған гүлтізбектер мәңгі жасыл ағаш бұтақтарынан алынады.
Композиция жасауға ыдыстар мен аксесуарлардың маңызы зор. Вазалар бірнеше түрлі болып келеді. Әйнек, керамика, фосфор, металл, ағаш,

пластмасса, тоқылған ваза.

Ең көп қолданылатын керамикалық вазалар. Вазалардың көлемі әртүрлі болып келеді. Үстелге, еденге қойылатын вазалар, фоллерге, требунаға, холдарға арналған вазалар. Әрбір гүл түріне белгілі бір вазалар сәйкес келеді. Дельфинум, георгин, флок үлкен ваза, раза мен орхидеялар хрусталь вазаларға, дала гүлдеріне керамикалық вазалар сәйкес келеді. Әйнек вазаларға крематис, циклометис келеді. Кей жағдайларда вазаларды қолдан жасауға болады. қаңылтыр ыдыстарды немесе пласмасса бөтелкелерді моншақ пен жіптердің көмегмен әсемдейді. Жапонияда бамбуктан жасалған ыдыстар кеңінен қолданылады. Жүгері және бамбуктан тоқылатын корзинкелерде тірі гүлдерді орналастыру үшін су құйылған ыдыстар кеңінен қолданылады

 

Сабақты қортындылау.

  1. Гүлдесте дегеніміз не?
  2. Бутоньерка дегеніміз не?
  3. Букет деген сөз қай тілден енген?
  4. Корзинамен қандай жерлерді безендіреді?
  5. Гүлтізбекпен қандай жерлерді безендіруге болады?