Батыс Қазақстан облысы Бөкейордасы ауданы Т.Масин атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Днеслямов Айбек Сарсенбайұлы

 Ашық сабақ

Акробатикалық жаттығулар

Сабақтың мақсаты: 1. Қимыл қозғалысын арттыру.

  1. Ерік қасиеттеріне тәрбиелеу.
  2. Дененің жалпы дамуына қолайлы жағдай туғызу.

Ептілік, батылдық, абайсыздан құлау, жайсыз секіру, секіріп асып түсу, кедергіден өту кезінде өзін-өзі сақтандыра білу дағдыларын дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Қарлығаш бейнесін жасау.

Қолдың көмегімен басқа тік тұру.

Алға және артқа қарай домалап түсу.

Шынтақты жерге тіреу арқылы жаурынға тұру.

Көпірше жасау тәсілі.

Өтетін орын: Спорт зал.

Спорттық құрал-жабдықтар: Қалың гимнастикалық төсеніш, ысқырық, секунд

өлшегіш.

Сыныбы: 9б.

Сабақтың өтілу бағыты Уақыт мөлшері Әдістемелік нұсқау
  I Дайындық бөлім.

Оқушыларды сапқа тұрғызу.

-Сап түзел!

-Тік тұр!

-Сәламатсыздар ма?

Оқушыларды түгелдеп, спорттық киімдерін тексеру.

Сабақтың мақсатын баяндау.

Сабақтың барысында қауіпсіздік ережелерді қатаң сақтауды ескерту.

Көңіл аудару жаттығулары.

-Оңға бұрыл!

-Солға бұрыл!

-Кері айнал!

Жүру жаттығулары.

-қолды шеңбер бойымен айналдыру;

-аяқтың ұшымен;

-өкшемен, сыртымен, ішімен;

Жүгіру жаттығулары.

-оң жақ, сол жақ жамбаспен;

-аяқты артқа, алға сілтеу;

-қолды артқа қойып, аяқты тигізіп жүгіру;

Тыныс алу жаттығулары.

-екі қолды жоғары көтеріп дем алу, қолды төмен түсіріп, демді шығару;

 

10І – 12І

1І

 

 

 

 

30ІІ

1І

 

1І

30ІІ

 

 

 

30ІІ

1 айн.

1 айн.

1 айн.

30ІІ

1 айн.

1 айн.

1 айн.

30ІІ

 

1 айн.

 

 

Боймен сапқа тұруды қадағалау.

 

 

 

Спорттық киімдеріне көңіл бөлу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ара қашықтықтарын сақтап жүру, жүгіру, тыныс алу.

 

  Жүріп келе жатқан бағытта 1-2-3-ге бөліну арқылы үш қатар сапқа тұру.

Жан-жақты дамыту жаттығуларын орындау.

 

1.Б.қ.Н.т. қолымызды жоғары көтеру арқылы.

1.Сол аяғымызды артқы аяқтың ұшына қоямыз.

2. Б.қ.

3.Оң аяғымызды артқы аяқтың ұшына қоямыз.

4. Б.қ.

 

2.Б.қ.а.и.к.. қолымыз белде.

1-2-3-4 басымызды солға айналдырамыз.

1-2-3-4 басымызды оңға айналдырамыз.

 

3.Б.қ.а.и.к. қолымыз иығымызда.

1-2-3-4 қолымызды алға айналдырамыз.

1-2-3-4 қолымызды артқа айналдырамыз.

 

4.Б.қ.а.и.к. сол қолымыз белімізде, оң қолымыз жоғарыда.

1-2 солға иілеміз.

Оң қолымыз белімізде, сол қолымыз жоғарыда.

3-4 оңға иілеміз.

 

5.Б.қ.а.и.к. қолымыз тіземізде.

1-2-3-4 тіземізді ішке айналдырамыз.

1-2-3-4 тіземізді сыртқа айналдырамыз.

 

6.Б.қ.Н.т. сол аяққа 10 рет, оң аяққа 10 рет, қос аяққа 10 рет секіру.

Оқушыларды бір қатарға сапқа тұрғызу.

 

1І

 

 

 

5-6 рет

30ІІ

 

 

 

5-6 рет

30ІІ

 

 

7-8 рет

30ІІ

 

 

7-8 рет

30ІІ

 

 

 

 

6-7 рет

30ІІ

 

 

6-7 рет

30ІІ

30ІІ

 

 

 

 

 

Жаттығуды орындаған кезде денені тік ұстау.

 

 

Бір орыннан қозғалмай орындау.

 

Қолымызды ішке-сыртқа толық айналдыру.

 

Бір бағытта дұрыс орындау.

 

 

 

 

Тіземізді ішке- сыртқа толық айналдыру.

 

Секірген кезде денені тік ұстау.

ІІ Негізгі бөлім.

Ер балалар үшін.

Қарлығаш бейнесін жасау үшін алдымен екінші адамның көмегіне сүйеніп, гимнастикалық қабырғаны, бөренені және т.б. жабдықтарды пайдаланып кейін жеке орындауға көшу қажет.

Қолдың көмегімен басқа тік тұру бір аяқты сермеп, екінші аяқты тіреп итеріліп баспен және қолмен тұру.

Алға және артқа қарай домалап түсу – денені жинап, жиырылып алып аударылып түсу.

 

28І-30І  

 

Аяқты бүкпей түзеу ұстау.

 

 

 

Тепе-теңдікті сақтау керек.

 

Бастың еденге тиуі.

 

 

 

 

  Аударылып түсу түрлерінің ең қарапайым-қолды жерге тіреп отырып, алға немесе артқа қарай аударылып түсу. Ол үшін төмен жүрелеп отырады да, екі аяқты сәл алшақ ұстап, екі тізені екі жаққа жіберіп, екі қолды екі аяқтың сырт жағынан еденге тіреген қалыптан бастайды: денені бүге отырып, басты еңкейте, тізеге тақап, аяқпен сәл демеп аударылып түсу.

Шынтақты жерге тіреу арқылы жауырынға тұру.

Шалқалап жату қалпынан аяқтың ұшын бастан асыра еденге тигізуге тырыса отырып, бел еденнен көтерілген кезде алақанмен мықымды қаусыра ұстап қолды белге тіреу керек және шынтақтан бүгіп, оны дененің астына қарай көбірек жіберіп, бұдан кейін аяқты жоғары қарай созады да, шынтақты тірей көтерілу арқылы жауырынға тұру қимылы орындалады.

Қыз балалар үшін.

Қарлығаш бейнесін жасау үшін алдымен екінші адамның көмегіне сүйеніп, гимнастикалық қабырғаны, бөренені және т.б. жабдықтарды пайдаланып, кейін жеке орындауға көшу қажет.

Алға және артқа қарай домалап түсу – денені жинап, жиырылып алып аударылып түсу. Аударылып түсу түрлерінің ең қарапайым-қолды жерге тіреп отырып, алға немесе артқа қарай аударылып түсу. Ол үшін төмен жүрелеп отырады да, екі аяқты сәл алшақ ұстап, екі тізені екі жаққа жіберіп, екі қолды екі аяқтың сырт жағынан еденге тіреген қалыптан бастайды: денені бүге отырып, басты еңкейте, тізеге тақап, аяқпен сәл демеп аударылып түсу.

Шынтақты жерге тіреу арқылы жауырынға тұру.

Шалқалап жату қалпынан аяқтың ұшын бастан асыра еденге тигізуге тырыса отырып, бел еденнен көтерілген кезде алақанмен мықымды қаусыра ұстап қолды белге тіреу керек және шынтақтан бүгіп, оны дененің астына қарай көбірек жіберіп, бұдан кейін жоғары қарай созады да, шынтақты тірей көтерілу арқылы жауырынға тұру қимылы орындалады.

   

Жиырылған денені уақытынан бұрын жазу.

 

 

 

 

 

 

 

 

Аяқты түзу ұстап тепе-теңдікті сақтау.

 

 

 

 

 

 

Аяқты түзу ұстау.

 

 

 

 

 

Домалап түсудің бастапқы кезінде қолды алға таман жылжытып жіберу. Аяқты жазып, көсілу.

 

 

 

 

 

 

 

Тепе-теңдікті сақтау.

 

 

 

 

                                                                             Көпірше жасау тәсілі.

Шалқадан жатып қолды, иықтан асыра жерге тіреп, жолдасының көмегі арқылы белді көтеріп «көпір жасау».

Көпір жасап тұру үшін екі аяқты алшақ қойып, жанбасты ілгері жіберіп шалқайғанда баспен екі қолды артқа қарай қатар иіп, қолды жерге тіреу керек.

   

 

 

Жаттығудың дұрыс орындалуын қадағалау.

ІІІ Қорытынды бөлім.

Оқушыларды сапқа тұрғызу.

Жақсы дұрыс орындаған оқушыны мадақтау.

Жіберген қателіктерін айту. Ынтасыз оқушыларға ескерту. Оқушыларды бағалау. Үйге тапсырма. Оқушылармен қоштасу.

5І Қателіктерін дұрыстау, түсіндіру,

Бағалау.

Спорттық киімдерін ұмытпау.