Алима Джумабаева ,

Қаратау қаласы

Ұлттық  код — еліміздің еңсесін  көтереді !

ХХІ  ғасыр      ұлттық    кодты мықтап,бойымызға    сіңіруді  талап етеді.

Ұлттық  код- дегеніміз ұлттық дәстүрлердің ішіндегі    жақсыны елдің және жастардың  бойына дарыту, насихаттау  болып табылады.

«Рухани жаңғыруды» неден  бастау  қажет  дегенде – еліміздің азаматтарына Елбасы «әркімге өзінен  бастап,ұлттық-  рухани   тамырдағы  бүлкілдеп жатқан,  қасиеттерге  оралып, сол  қасиеттерді   шамасына қарай игере алуы  қажет»  деп   есептейді.

«Қоғамның  санасын  жаңғырту  қажеттігін      Елбасы әрбір  қазақстандыққа  нақты  шешімдермен   көрсетіп отыр.

Халықты  «Рухани  жаңғыртуға» жеткізетін   барлық  тетіктер  бірнеше     бағыттарға топтастырылғандығы  байқалады.

Елбасының    тапсырмаларын тағы бір саралап көрсек, «әрбір  қазақстандыққа  қажетті маңызды қолжетімді   міндеттер:«компьютерлік  сауаттылық, мәдени ашықтық   сияқты  қасиеттер  мақалада  көрсетілген.

Осы  шарттар  орындалған  жағдайда   еліміз   азаматтары     ХХІ  ғасыр    талаптарына     дайын  болары  сөзсіз».

«Рухани жаңғыруға»     жету  жолында     «біз    бабалардан мирас  болып, қанымызға сіңген ,бүгінде  тамырымызда   бүлкілдеп  жатқан ізгі  қасиеттерді    қайта  түлетуіміз  керектігі айтпаса да түсінікті.

Ал,  «Прагматизм »  ,  бұл     — өзіңнің    жеке  және  ұлттық   байлығыңды  біліп қана қоймай   ,  оны  үнемді  пайдалану     дегенді білдіреді.

«Ұлттық    бірегейлікті сақтау »   деп аталатын   бөлімде — Президент  жершілдікке қарсы,   оның орнына   біртұтас  ұлы  ұлттың  перзенті  болу маңызды»  дейді Елбасы.

Әрине, «сананың ашықтығы »  бөлімінде   Елбасы    қазіргі     жедел  ғасырда   «ағылшын тілін   азаматтарымыз     барлығы      де жаппай , жедел   үйренуі     қажеттігін  сезінгені  дұрыс»  деп ойын түйіндейді.

Себебі, ағылшын тілін меңгерген   кезде  ғана  қазақстандық   азаматтар    «жаһандық  әлемге  еркін кірігіп, жұмыс істей алатын болады»,    «жаңа  технологияның  ағыны алып келген  өзгерістердің  бәріне даяр   болуға болады,  «ағылшын тілін  үйрену  қандай қажеттіліктерден туындағанын  әрбір қазақстандыққа   егжей –тегжейлі  түсіндіріп өтті Елбасы.

Үшіншіден, еліміз азаматтары үшін, «өзгелерден  үйренуге   озық, жетістіктерді қабылдай  білуге    ағылшын   тілін  білудің  маңызы  орасан  деп   түсінген абзал.   Алдыңғы  қатарлы   елдің  деңгйіне  қарай     бейімделуіміз –ең  алдымен  өзіміз үшін  де қажет екен,  себебі  ол-табысты  болудың    кілті»  дейді Елбасы

Елбасы  мақаласында   латын  қарпіне  көшудің  маңыздылығы  жарқын  мысалдармен   айқындалған  ,яғни 2025 жылдан  бастап   латын  қарпі     негізгі  жазуда қолданыла  бастайды.   «Жаңа гуманиатарлық    білім. 100 жаңа оқулық»  жобалары    философия, тарих, әлеуметтану, саясаттану, психология ғылымдары   бойынша   әлемдегі ең озық  оқулықтар     мен әдебиеттер қазақ  тіліне аударылып,

ол  кітаптар  еліміздің студенттеріне  2018-2019  оқу жылдарынан  бастап –ақ   оқытыла  бастайтын болады.

Әлемдік   білімнің озық  үлгілерімен сусындата  бастамақ, ал  әрине   бүткіл қазақстандықтардың    жылы ,ыстық ықыласына  бөленген  Елбасының   «Туған  жер» туралы  айтқандарына     мән  бергендерден  ой  қорытамыз,   біз  өмірге келген  әрбір  сайымызды, ауылымызды ,  ауданымызды , оның   аңыз -афсаналарын   жинастырып,    көбірек  біле бастайтын және  шынайы  сүйетін     ұрпақ    қалыптасады  деген сөз.

Еліміздің  «киелі жерлерінің  географиялық картасы  да жасалатыны»    еліміз  үшін  ғасырлар  бойғы  құндылық  болып келіп,  бірақ    нарыққа  байланысты  қараусыз  қалған   жерлерімізді анықтауға  толық  мүмкіндік  береді.

Алима Джумабаева ,

Қаратау қаласы