IMG-20171008-WA0084 IMG-20171008-WA0092 IMG-20171008-WA0088 IMG-20171004-WA0104« Қазақ тілінің үздік мұғалімі» атты аудандық байқауының

ЕРЕЖЕСІ

Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мен оны дамыту, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын жүзеге асыру, сондай-ақ білім беру мекемелеріндегі қазақ тілі пәніне деген ықылас-ынтаны жандандыру, мұғалім­дердің әдістемелік сауаттылығын арттыру, қазақ тілін оқытудың алгоритмдік әдістерін қалыптастыру, ұлттық педагогика принциптерін жүзеге асыру мақсатында білім беру салаларында өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілінен сабақ беретін мұғалімдер арасында Аудан әкімінің және Қазақстан Республикасы «Өрлеу» Білім-ғылым технологиялық порталының қолдауымен, Алматы облысының «Тіл»оқу-әдістемелік орталығының Іле аудандық филиалы мен аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен 2018 жылдың 18 мамырында М. Мақатаев атындағы №13 орта мектеп ғимаратында сағат 10.00-де аудандық байқау  өтеді

Байқаудың мақсаты мен міндеттері:

  1. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын жүзеге асыру.
  2. Мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау;
  3. Орыс сыныптарында қазақ тілінен сабақ беретін мұғалімдердің қоғамдық мәртебесі мен кәсібилігін, беделін арттыру ;
  4. Кәсіптік педагогикалық шығармашылықты ынталандыру;
  5. Мұғалімдердің әдістемелік шеберлігін шыңдау, тіл үйретудің озық әдістемесін насихаттау, тарату;
  6. Педагогикалық қызметтегі инновациялық тәсілдерді ұлттық нақышта қолдану үлгілерін анықтау және тарату;
  7. Мұғалімдердің сабақ берудегі біліктілігі мен тәжірибесін сараптау;
  8. Мұғалімдердің мемлекеттік тілде сабақ беруінің сапасын арттыру, өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілін оқып-үйренуге деген ықыласы мен қызығушылығын арттыру.

Байқаудың талаптары

Байқауда  қатысушыларға  қойылатын  талаптар:

  • Қазақ тілін оқытудың авторлық бағдарламасын жасау;
  • Тіл үйретуде ОТҚ-ның (оқытудың техникалық құралдарының) қолданылуын көрсету;
  • Қазақ тілі сабағы мен қазақстандық патриотизмді тәрбиелеудің сабақтастық әдістемесін көрсету және қазақтың ұмытылып кеткен салт-дәстүрін қолдану шеберлігі;
  • Тіл үйрету барысында жағымды психологиялық ортаны қалыптастыру жолдарымен таныстыру.
  • Мұғалімдердің педагогикалық өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс

                Байқау шарттары

  1. Авторлық бағдарламаны қорғау /5 минут/. (Таныстыру электронды портфолиода болуы шарт. Интербелсенді тақта арқылы көрсетіледі)
  2. Мұғалімнің әдістемелік қорымен таныстыруы және оның тиімді қолданылуын сабақта ұлттық салт-дәстүрлерді кіріктіру арқылы дәлелдеу. /панорамалық сабақ, 7-8 минут./
  3. Үлестірілген сұрақтарға жауап. /3 мин/
  4. Берілген тақырып бойынша қысқаша эссе жазу. /30 минут/

Байқау жеңімпаздары аудан әкімінінің арнайы дипломдарымен және Қазақстан Республикасы «Өрлеу»  Білім-ғылым технология порталының арнайы төсбелгілерімен және мадақтамаларымен марапатталады.

Байланыс телефондары: 872752-2-98-51, 872752-21-38