Қазақтың   төл  өнері  –

 айтыс  төңірегінде  біраз  ойыммен  бөліссем….

2 

Әңгімемніің  әлқиссасын  айтысқа  келген  бірінші  қадамдарымнан  бастаған  жөн  болар  деген  ойдамын.  Мен  Шығыс  Қазақстан  облысы, Тарбағатайөңіріндегі  Ақсуат  ауылының тумасымын. Өсіп — өнген  жерім Семей қаласы: сондағы дарынды балаларға арналған мектепте оқыдым;  қолыма  7 — сыныптан  домбыра  ұстап,  өнерге,  оның   ішінде айтысқа  әуестене  бастадым.

Алғаш рет облыстық оқушылар айтысына 9 сыныпта оқып жүргенде қатысып, бас жүлдені еншілеген едім. Бұдан кейін сәтіне орай өрлей бастадым. Осыған байланысты айта кетейін дегенім, менің алғаш рет Ерманов Жүрсін ағаның көзіне түскен кезім ешқашан есімнен кетпейді. 2003 жылдың мамыр айы болатын, мектеп бітіргелі жүргенбіз. Сол кезде Жүрсін ағаның ақындарымен республикалық айтысқа бірге  қатысуға жолдама алдым.  Шыны керек,  қатты  толқыдым.  Өйткені,  тұңғыш  рет  өзім  көгілдір экраннан  ғана  көретін, аузымен құс тістеген азулы ақындармен өнер бәсекесіне түскелі тұрмын әрі республикалық  деңгейлі «Хабар» арнасытүсіргелі тұр. Ол түсірілімді бүкіл қазақ елі көреді. Қорқыныш пен қуаныштың жетегінде жүрген мен сол жолы жақсы өнер көрсеттім-ау деймін!? Айтыс соңында Жүрсін аға: «Тұсаукесерің жаман болған жоқ, ары қарай дайындал, мен  сені  тағы  да  үлкен  айтыстарға  қатыстырамын, — деді.

Бірден  Жүрсін  Ермановтың  көңілінен  шығам деп  үш ұйықтасам  түсіме  енген  дүние  емес. Бұл сөздер мені кәдімгідей қанаттандырып, шабытыма  шабыт  қосып,  арманыма  жетелегендей  әсер  етті.  Алға  қойған  мақсат  айқындалып,  соған  жетер  жол  іздеуге  кірістім: кітапханада  мен  оқымаған  кітап  қалмады, өнер  адамдары  туралы  фильмдерді  де  қалт  жібермеймін,  тіл,  әдебиет, мәдениет  саласының  бүкіл  жорнал — газеттерінің  оқырманы  болып  алдым, ыңылдап  айтысқа  лайық  мақамдар  дайындаймын.  Қазір  ойласам,  шіркін, балалық  шақтың  балдәурен  мезеттері  екен  ғой!

Семейде ақындық  жолында   жас  талапқа  тәлім – тәрбие беретін   «Наркескен»  ақындар  мектебі  болды,  өкінішке қарай, қазір ол мектеп жұмыс  істемейді.  Жетекшісі  Сиязбек  Сүлейменов деген  ағамыз-тын. Сол кісі  біздің  басымызды  қосып, жас  ақындарды бір – бірімен қағыстырып отыратын.

 

 

 

 

Ал  біздің  жолымызды    айтысқа    ашқан Ринат Зайытовболды. Жүрсін ағаға  алдымен  сол көрінді: республикалық аламандарда    мықты өнер көрсетіп,    қоғамда   «Семейден жақсы ақындар шығып келеді екен» деген пікір қалыптастырды.Артынан  мен, Қарлығаш Әубәкірова, Фархат Маратұлы, Әсем Ережеқызы  сынды   ақындар  шықтық.  Жүрсін   ағаның  назарын бізге,  жас  ақындарға,  аударып, үлкен  сахнаға  шығуға   ықпал   еткен  сол  кездегі   ұстазымыз  Сиязбек  Сүлейменов   болатын.

Айтыстың бүгінгі деңгейі  туралы  ойлансам,  өткенмен  салыстырғанда  біршама  ілгерілеген.  Азулы  ақындарды  айтпағанда,  бесіктен  белі  шығып үлгермеген  бүгінгі  жастардың  суырып  салып  айтқан  жырларын  көрсеңіз, таңқаласыз,  айтқан  өлеңдерінің  өресі  өте  биік.  Олардың ел алдында айтқан  өлеңдеріне  таңғалмасқа   шараң   жоқ.   Бір  кездері   айтысқа  жетпей жатқан  ең   үлкен  мәселе – қолдау еді, одан кейін  тіпті  екі  жыл бойы  айтыс  өткізілмей  қалды.  Қазір  айтыс   жанданып,   телеарналардан көрсетіліп  жүр.

Айтысбүкілхалыққаортақ  өнер  болғандықтан, әр адамға тікелей қатысты, сондықтан болар, айтыстың  төңірегінде  талай  әңгімелер,  жорамалдар жүреді, соның  бірі жаттандылық пен суырыпсалмалыққа қатысты сұрақтар. Мен «мынау жаттанды», «мынау суырыпсалма» дейтін адамдарды түсінбеймін. Жалпы, кез келген адамға ел алдына шығып, екі ауыз  сөздің  басын  қосып  айтудың  өзі  оңай  емес,  соған  қарағанда  жаттап  алып   шығу  да  –  ерлік.  Өйткені, ол басқа біреудің емес, жаттаса да,  өз   өлеңін  жаттап  алып  айтады  ғой. Әйтпесе, өлеңге бейімі жоқ адамдар тәуекелмен  тас  жұтып,  ел  алдына  мүлдем  шықпайды.  Өнерге   бейімі   бар  болған   соң   ғана   ел   алдына  шығады.

Тағы бір айтылып  жүрген   әңгімеге  тоқтала  кетейін. Айтыстың мәдениеті төмендеп кетті  деген де қауесеттер айтылып  жүр. Елімізге  танымал,  шабыты  шалқыған,  дарыны шындалған  ақындарымыздың  деңгейі   жоғарыламаса,  төмендеген  жоқ.  Оған  келтірер   дәлелім  де дайын: Аманжол  Әлтаев, Айнұр Тұрсынбаева, Серікзат  Дүйсенғазы, Дидар  Қами,   Жандарбек   Бұлғақов,  Мұхтар Ниязов, Нұрмат Мансұров  сынды  ақындардың  айтыстары.

Ал  айтыс  сүйер  қауымның  наразылығын  тудырып  жүрген  бүгінгі айтыс  өнеріндегі  ең  үлкен  әттеңайымыз – айтысқа  жаңадан   келген  кейбір  жастардың  деңгейі.  Сахнаға  шығу мәдениетін,  қарсыласты сыйлау деген сияқты айтыс дәстүрін ұмытып бара жатқан сияқтымыз.Мұндай кемшілік соңғы буынның арасында көп кездеседі. Бұған себеп «Аламанайтыс», «Жастар жырлайды»деген сынды айтыстардың көбейіп кетуі дер едім.

 

Осындай айтыстарға араласқан балалар отырып алады да «ауылдың алты ауызындағы» сөздерді, қазан-ошақ мәселесін айтады. Ал мұндай төмен деңгейлі дүниелер айтыстың қадір-қасиетін  төмендетпей  қоймайды.  Айтқанмен,  «көш  жүре  түзеледі»  деген  үміт бар.

Өнер  адамы  болғандықтан  мадақ  та  естисің,  сонымен  қатар  сынға  да  түсесің. Маған  көп  қойылатын  сұрақтардың  бірі: айтыстағы   әуенің неге қырғыздың жоқтауына ұқсайды? Расында да, бұл қырғыз ақыны Тоқтағұлдың әуеніболатын.  Кенен Әзірбаеватамыз қос ұлынан айырылып, қайғыдан қан  жұтып  жатқанда, Тоқтағұл осы әуенмен келіп көңіл айтып, Кенен  атамыздың  басын  төсектен  көтерткен  екен. Ардақты атамыздың   басын  көтерткен   бұл  әуенді  мен   елімнің   еңсесін   көтерсем деген   ырыммен  таңдағам.  Бірақ,  зер  салып  тыңдаған  адамға  менің айтып   жүрген  әуенімнің  ол  әуенге  ұқсамайтын  жерлері  де  бар.  Мысалы,   иірімдері    мүлде    бөлек   деп   айтуға   болады.  Мен  басында  осы  әуенді  ыңылдап  жай  айтып  жүретінмін.  Сондай  күндердің  бірінде Қытайдағы  қандастардың  алдында  өнер  көрсетудің   сәті  түсті.  Сол сапардағы   айтыстың   екінші   айналымында   осы   әуенмен   айтып   көрдім.  Бір  айта   кетерлігі,   ол    жақта    менің    жанкүйерлерім   ерекше  көп   болатын.  Олардың   айтысқа  деген  көзқарасы,  сөзіңнің  астарын  түсінуі  мүлде  бөлек.  Содан   қайтып    келгеннен    кейін,  еліміздегі  «Қазақ   хандығының   550   жылдығы» атты   республикалық   айтысқа  осы  әуенмен  шығып,  халықтан  қолдау  таптым.  Қазір  мен   бұл   әуенмен айтпасам,  халық   сағынатын   деңгейге   жетті.    Ол    әуен  менің  айтыстағы  қолтаңбам  болып  қалыптасты,  тіпті,   маған    еліктейтіндер   де шықты.   Ал    айтыстарға    дайындалу  мәселесіне  келсек, айтыстарға  жақсы  дайындаламын,  өйткені,  өнерімді   сыйлайтын,   мен    үшін   айтысқа   келетін   көрермендеріме  өрелі  өнер  көрсетуім  керек қой. Ең бастысы, ақыретіме пайдалы сөздер айта алсам екен деп дайындаламын. Менің   өнердегі   және  өмірдегібасты  ұстанымдарым  көптеген  иісі  мұсылман  қауымнан  алшақ   емес  деп ойлаймын —  олар  имандылық,  кешірімдік, кішіпейілдік.

                                                                     Ойларымен  бөліскен 

                                      Тәуелсіз  елдің  ақыны  Сара  Тоқтамысова

 3