«Мың бір мақал» жарысы

Мақсаты:

Оқушыларды  «сөз мәйегі – мақал» дегендей ата–бабамыздан қалған өсиет сөздері арқылы адамгершілікке, ойын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге, салмақты ой айтуға үйрету, ана тілінде сөйлеу шеберлігін арттыру, сөздік қорың молайту. Мақалдап, мәтелдеп сөйлеу мәнеріне дағдыландыру.

Жарыс  барысы:

Кіріспе сөз:

Құрметті оқушылар, бүгін сендермен «Мың бір мақал» деген тақырыпта мақал-мәтел айтудан жарыс өткізгелі отырмыз.

Мақал-мәтелді білмейтін оқушы жоқ деп айтуға болады, өйткені мақал-мәтелді сендер мектепке келген күннен бастап үйренесіндер. Мақал мен мәтелдер ауыз әдебиетінің ең байырғы, ең көне түрі. Ол ғасырлар бойы халықтың ұкыпты сақтап келген еңбек тәжірбиесінің жиыны, ой-пікірінің түйіні, аңсаған асыл арманының арнасы, өмір тіршілігінің айнасы, атадан балаға қалдырып келе жатқан тозбайтын, тот баспайтын өмірлік өшпес мұрасы.

«Сөздің көркі  — мақал»  деген аталы сөз бар. Мақалдың көмегімен айтайын дегеніңді ұнамды да ұтымды жеткізуге болады.

Мақал-мәтелді көп біліп, көп қөлданатын адамдардың білімі де, ақылы да арта түседі. Олай болса мақал-мәтел жарысымызды бастайық..

Жарысымызды бастамас бұрын әділ-қазылар алқасымен таныстырып өту.

Сыныпты 4 топқа біріктіру

Жарыс 4 бөлімнен тұрады.

1-бөлім «Жалғасын тап»

  1. Сөздің көркі-мақал (Жүздің көркі-сақал)
  2. Өз елім… (өлең төсегім)
  3. Балапан ұядан не көрсе…(ұшқанда соны іледі)
  4. Сөзің тәтті болсын…(ашуың қатты болсын)
  5. Жақсы байкап сөйлер…(жаман кісі шайкап сөйлер)
  6. Ананың көңілі балада…(баланың көңілі далада)
  7. Батыр туса ел ырысы…(жаңбыр жауса жер ырысы)
  8. Балалы үйдің…(ұрлығы жатпас)
  9. Оқу- білім бұлағы…(білім-өмір шырағы)
  10. Тіл тас жарады…(Тас жармаса ,бас жарады)
  11. Ашу-дұшпан, ақыл дос..(Ақылына ақыл қос)
  12. Тіліңмен жүгірме,..)Біліммен жүгір)
  13. Ұста пышаққа жарымас..(етікші етікке жарымас)
  14. Сөзде қаңқу жаман…(ауруда шаншу жаман)
  15. Білімі жоқ ұл… (жұпары жоқ гүл)
  16. Отан – (Оттан да ыстық)

 

 

 

 

2-бөлім. Үй тапсырмасы

Әр тақырып төңірегінде шағын мақалды әңгіме құрау керек. Қойылатын шарт әңгіменің ішінде мақал-мәтелдер болуы керек. 5-6 сөйлем.

1 тақырып Отбасы-тәрбие бастауы.

2.тақырып Отан-елдің анасы.

3-тақырып Наурыз көже қалғанша, жаман қарын жарылсын

4-тақырып Мектеп – кеме, білім теңіз

 

3-бөлім : “Кім тапқыр” деп аталады.

Тірек сөздермен мақал-мәтел құрастыру және қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айту

1.дос –теңге               дос-друг-friend    теңге-рубль-dollar

Жауабы: Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын.

2.ақыл –кен              ақыл-ум-mind     кең-широкий-wide

Жауабы:Ақыл-тозбайтын тон,

Білім-таусылмайтын кен.

3.оқу-ине                   оқу-чтение-reading     ине-иголка-needle

Жауабы:Оқу инемен құдық қазғандай.

  1. Еңбек – мереке еңбек-труда-labor мереке-праздник-celebration

Жауабы:Еңбек түбі — береке,

Көптің түбі — мереке.

 

4-бөлім «Ойлы болсаң, тауып көр»

Ойын.Сұрақ-жауап.

1.Білмеген не ішеді? ( у ішеді)

2.Жас келсе неге? (іске)

3.Өтірікші кімді алдайды?(өзін-өзі алдайды)

4.Білгенің қанша, білмегенің қанша?(білгенің 9,білмегенің 99)

5.Адамда арқау бола ма?(Ас адамның аркауы)

6.Түкіріктен көл бола ма?(Көп түкірсе көл болар)

7.Тастың жеңілі бола ма?(Керек тастың ауырлығы жоқ)

8.Көпке не шашпа?(топырақ)

9.Дос басқа қарайды, ал дұшпан ше?(дұшпан аяққа қарайды)

10.Тауық түс көре ме?(тауықтың түсіне тары кіреді)

11.Сиырдың сүті қай жерде?(сиырдың сүті тілінде)

12.Бейнет түбі не?(зейнет)

13.Сөз анасы не? (құлақ), су анасы не?(бұлақ),жол анасы не?(тұяқ).

14.Не қылыштан өткір?(тіл қылыштан өткір)

15.Тұз астың дәмін келтірер, ал сөздің дәмін не келтірер?(мақал сөздің дәмін

келтірер)

  1. 16. Не (гүл) өссе жер көркі, кім (қыз) өссе ел көркі?

 

 

 

 

5-бөлім

«Әзіл аралас сұрақтар». (Сұрақтарға мақалмен жауап беру керек).

  1. -Жылан інінен қалай шығады?

-Жылы-жылы сөйлесең жылан інінен шығады

  1. Қар жана ма? (Қалауын тапса қар жанар).
  2. 3. Инемен құдық қазуға бола ма? (Оқу инемен құдық қазғандай).

4.Аппақ қарға бола ма? ( Қарға баласын «аппағым» дейді).

5.Не қорқақ не батыр? ( Көз – қорқақ, қол – батыр).

  1. 6. Ең тәтті не? (Ананың сүті тәтті, баланың тілі тәтті).

7.Тауық түс көре ме? ( Тауықтың түсіне тары кіреді).

  1. 8. Кімнен кім жаман? (Олақтан салақ жаман).

 

Қорытынды.

Қазақ тілім — өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім!

Қастерлейді ұл-кызың мәңгі сені,

Болашағым, бақытым дара тілім.

Тіл — сарқылмас қазына, ата-бабамыздың көзі, мұрасы, ал мақал — сөздің азығы,тәрбие көзі.