Мен – жаңа форматтағы ұстазбын.

эссе

 «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің  нығайып көркеюі  жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!» /Н. Ә. Назарбаев. /

Заман өзгеруде, менде заман талабына сай өзгере білуім керек — деген ұстаным әр ұстаздың бойынан табылуы керек.

Қазіргі әлемде болып жатқан өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін қайта қарау қажет екендігін паш етті.Қарқынды өзгеріп жатқан әлемде білім саласындағы саясаткерлер үшін де, жалпы мектептер үшін де, соның ішінде мұғалімдер үшін де ең басты маңызды мәселе болып отырғаны: «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?» , «Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындауы керек?»  Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының мазмұны осы мәселені шешуге бағытталған. Даму мен үйрену бір үйдің егіз балалары секілді. Бір-бірінсіз толық салынбаған сурет секілді шимай болып қала береді. Дамығың келсе үйренесің, үйрене бастасаң, дамып жатсың деген сөз!

Жаңа заман талабына сай, әлеммен бірге өзгеру мақсатымен менде деңгейлік курсты оқып, жаңа форматтағы ұстаз ретінде қалыптасып келемін.Мұғалімнің ұстанымы оның көзқарастарын қалыптастыру барысына зор ықпал етеді, ал көзқарасы белгілі бір шешімдердің қабылдануымен сыныптағы іс әрекеттерді түсіндіру көзі болып табылады.Сондықтан кез келген мұғалімнің оқыту құралдары оның өз болжамдарының, білімі мен ұстанымының, көзқарастарының жиынтығынан тұруға тиіс.

Оқытудың қандай жолы қолданылса да, қарастырылатын екі көзқарас бар. Біріншіден, оқушының жеке тұлға және әлеуметтік нысан ретіндегі келешегі, екіншіден оқытудың оқушы мен  мұғалім арасындағы қарым -қатынас нәтижесі ретінде қарастырылуы.Бірінші деңгей бағдарламасы құзырлы мұғалімнің алдына оқушының жан дүниесін жақсы түсіне білу жөнінде нақты міндеттеме қойып отыр.Сондықтан мұғалімнің бойында Шульман «үш көмекші» деп атаған қасиеттер болуы тиіс.

Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы“Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді… Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” деген.

Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам – Мұғалім.

Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек.

“Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға” деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін баршамыз мойындаймыз.

Менде ұстаздық жолымды мемлекеттік тілді өзге ұлт өкілдеріне үйретуге жиырма жыл бойы арнап келемін.

Қазіргі кезде оқыту үрдісін жоспарлаудың, қолданудың және бағалаудың жүйелі әдісі ретінде жаңа педагогикалық технологиялар түрлері көбейе түсуде.

Сондықтан осындай жаңартылған педагогикалық техногиялар ішінен өз қажеттісін таңдап алу – әр мұғалім үшін жауапты да іскерлікті талап ететін іс.

В.И.Шепелдің айтуы бойынша, технология – өнер, шеберлік, біліктілік жағдайын зерттеуге бағытталаған іс-әрекеттердің жиынтығы ұғымын білдіреді.

Сабақ түрі жаңа заман талаптарына сай өзгеріп, жаңарып отырса, жеткіншектерге оның әсері мен ықпалы ерекше болады. Олардың эмоциялық сезім-түйсіктеріне әсер ете білген ізденістерден көп пайда болатыны айтпаса да түсінікті. Дайын білімді таратуға негізделген «дәстүрлі» әдіс арқылы алынған білім оқушылардың жинақтаған өзге білімдерімен тиімді сіңісе алмайды, сол себепті де механикалық есте сақтау, үстірт білім алу жағдайлары орын алады. Бұндай жолмен оқытудан алынған механикалық түрде есте сақталған мәліметтерді емтихан кездерінде ұтымды пайдалануға болады, бірақ мән-мағынасы терең меңгерілмей, жай ғана жатталғандықтан, тақырыпты оқыту аяқталған соң немесе емтихан біткен соң керексіз болып қалады және оқушы оны өмірде пайдалана алмайды. Сындарлы оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.

Оқыту туралы сындарлы түсінік оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнің өз сабақтарын оқушының идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыруын талап етеді. Бұндай міндеттер оқушылардың оқыған тақырып бойынша білімдерін өз деңгейінде көрсетіп, кейбір болжамдар бойынша күмәнді ойларын білдіре алатындай, пікір-көзқарастарын нақтылап, жаңа ұғым-түсініктерін өрістетуге орайластырылып құрылады. Мұғалім қызметіндегі маңызды дүние – кейбір оқушылардың тақырыпты өзіне оңтайлы бірегей тәсілдермен меңгеретіндігін жете түсінуі. Бұл жағдайда оқушының мәселені түсіну деңгейін анықтап, оның түсінігін толықтыруға немесе қайта құруға көмектесу мұғалімнің міндеті болып табылады. Менде өз сабақтарымда жаңа технологияларды қолданып жүрмін. Деңгейлік бағдарлама бойынша жұмыс жасай бастағаннан бастап, оқушылардың бойынан өзгерістер байқала бастады. Бұрынғы дәстүрлі сабақта оқушы мұғалімнің баға қоюын тосып, қатесін тауып бергенін күтіп отырса, қазір өз қатесін өзі тауып өзі түзетуге машықтанып келеді. Бір — бірін бағалау арқылы  өз қателерін түсініп, өзгеге үйрету арқылы үйреніп отырады.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Қазақ тілі ғылым мен білімнің ,интернеттің тіліне айналды.Ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар.Ол  қазақ тілі Мәңгілік Елдің мәңгілік тіліне айналды »,- деген сөзі қазақ тілінің дамуына жаңа серпін беріп отыр.Мәңгілік елдің соғатын жүрегі қазақ тілімен байланысты болады десек,онда заман тынысын тани білген адамға дамудың күретамыры ақпараттық коммуникациялық технологиялармен байланысты екендігі де айқын. Осы мақсатпен аудандық қазақ тілі мұғалімдерімен «Тіл жанашырлары » атты қауымдастық құрып,биылғы жылы семинарлар өткіздім.  Облыстық конференцияда «Дарынды және талантты балалармен жұмыс жүргізу жолдары»тақырыбында шеберлік сынып өткіздім. Осы тақырыппен аудандық семинарда шеберлік сынып, «Топтық жұмысты ұйымдастыру» тақырыбында коучинг  өтті.  Мектеп мұғалімдерімен де тәжірибе алмасып жүреміз.«Сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастыруда интерактивті әдістерді қолдану»  атты семинарда аудан мұғалімдері үшін тиімді өткізіліп, тәжірибе алмастық.

Астана қаласында өткен  «Қазақ тілін оқытудағы инновациялық бастамалар»Назарбаев Зияткерлік мектептері тәжірибесі  форумына қатысып алған  мәліметтер бойынша аудан мұғалімдерімен ой бөлістік.

Біздің мақсатымыз-  гүлденген қоғам орнату. «Ұлттық тіл — әр халықтың өзіне тән ой- санасын, парасатын, бүкіл болмыс- тіршілігі мен сезімін- түйсігін ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін  күретамыр.»

Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдаған жолдауында басты мақсатымыз-Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы, ол-«Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті деген. Біз үлгілі дамудың өзіндік моделін қалыптастырдық.

Осы жолдауда «Мәңгілік Қазақстан» жобасында Қазақстан Республикасының әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын саласының бірі-ғылым мен білімге өте үлкен мән берген.

Ал оны жүзеге асыратын ұстанымы берік, білімді, жаңа форматтағы мұғалім.

Жаңа форматтағы мұғалім жас ұрпаққа саналы тәрбие мен сапалы білім беру, ең алдымен мұғалімнің кәсіби  шеберлігі екенін түсініп, әрдайым өзінің білімін жетілдіріп, шығармашылық ізденісте жүруі маңызды.

Жаңа формат мұғалімі пәнді жақсы білумен қоса, стандарт талап етіп отырған құзыреттіліктерді жете меңгеруі тиіс.

 

 

 

 

 

Елбасымыздың «Мәңгілік Елге» бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жолында білімді шәкірт дайындаудан шаршамайтын, қазақ елінің жаңа форматты мұғалімін дайындауға атсалысып деңгейлік курсты өткізіп

жүрген білімді де, білікті тренерлердің  еңбектері біз үшін баға жетпес нұсқау болып отыр. . Әлемнің озық елдері арасында Қазақстанның білімді жастарының орны ерекше болып шарықтай берсін.

Джон Дьюи мен Дональд Шонның  «рефлексиялық оқыту»  технологиясында немесе Абай Құнанбаевтың  он бесінші сөзінде айтылғандай әр адам өз ісіне есеп бере білсе нәтижеге жетері анық деп санаймын..

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

[1]  Назарбаев Н.Ә.  «Қазақстан  Халқына  жолдауы».

[2]  «Мұғалімге арналған нұсқаулық»

[3] « Қазақ тілін оқытуда ақпараттық- коммуникациялық технологияларды қолдану». Әдістемелік құрал  «Назарбаев зияткерлік мектептері».