Алматы облысы Қарасай ауданы Қырғауылды ауылы

«Қырғауылды ауылындағы қазақ орта мектебі МДШО»КММ

Биология пәнінің мұғалімі Смет Нургль

 

Таңдау пәні бағдарламасы

Тақырыбы: «БИОЭТИКА»

(жалпыға бірдей білім беретін орта мектептердің 8 сыныбына арналған)

Биоэтика биология пәнін оқытуда берілетін таңдау пәні тақырыптарындағы жаңадан енгізіліп отырған тақырып «Биоэтика» — биологиядағы этикалық мәселелерді қарастыратын ғылым. Адам ғұмырын ұзарту, жасанды адамдарды өмірге келтіру жіне бейімдеу, талантты тұлғаларды генетикалық тәсілдермен сұрыптау, тұқым қуалайтын сырқаттармен күрес, адам ағзаларын дәрігерлік мақсаттарға пайдалану және т,б. Қазіргі заманның өзекті мәселелеріне айналып отыр. Биоэтикалық зерттеулерде моральдық қасиеттер бүкіл тіршілікті қамтитын эволюция арқылы сарапталады, оның алға жылжуына септігін тигізетіні- оң құндылыққа, қарсы әрекет ететіні теріс құндылыққа жатады.

 Таңдау пәнінің мақсаты:                                                                                                                    

  • Жаңа заманауи медицинада, ғылыми техниканың дамуынан енгізіліп жатқан жаңалықтар ағымын зерттейтін ғылым саласынан хабадар болу.
  • Сабақ барысында оқушыларға білім бере отырып, шығармашылықпен жұмыс жасауға баулу, әртүрлі қосымша материалдарды пайдалана отыры, ізденуге үйрету
  • 8 сынып оқушылары анатомия курсын оқып жатқандықтан медициналық және биологиялық жаңа терминдермен тереңірек таныстыра отырып, ой-өрістерін дамытуға көңіл бөлу.

Таңдау пәнінің міндеттері:

Таңдау пәнінде қамтылған бағдарламаны игеру

Биологиялық, медициналық жаңа мағлұматтар беру және тереңдету. Оқыту барысында әртүрлі формасын пайдалан отырып өз бетінше ізденуге, жұмыс істеуге үйрету. Қазіргі заманға сай бәсекеге қабілетті жеке тұлға тәрбиелеу. Интернет желісіндегі биологиялық, медициналық материалдарды қосымша пайдалануға үйрету. Пәнге деген қызығушылығын арттыру. оқушылардың ғылыми-жаратылыс танымдық білімін және өздігінен білім алуды жалғастыру мүмкіндіктерін қамтамасыз ету. Оқушылардың биоэтика тұралы түсінігін                     Бұл биоэтика таңдау пәні – оқыту бағдарының құрамына кіреді, оған қатысу міндетті, ол мектептік компонент есебінен жүзеге асырылады және оқушылардың оқу пәніне деген қызығушылықтарын арттыра отырып, медициналық қосымша мәліметтер алуына, заманауи ғылыми жаңалықтармен танысуға, болашақ мамандық таңдауларына септігін тигізеді. Таңдау пәні аптасына 1 сағаттан өтіледі. Жалпы жылдық сағат саны – 34

І бөлім. Биоэтикаға кіріспе

ІІ бөлім. Салауатты өмір салты (адам өмірін ұзатру)

ІІІ. Эвтаназия

ІҮ. Тұқым қуалайтын аурулар және оларды алдын алу жолдары

Ү. Белгілі сарапшылар мен зерттеушілердің ұсынған ұстанымдары мен ержелері

 

Биоэтика (таңдау пәні)

8 «Ә»-сынып

(барлығы 34 сағат, аптасына 1сағат)

рет

саб

Сабақ тақырыбы Сағат

саны

Мерзімі Түзету
8«Ә»  
1 1 Кіріспе. Биоэтика деген не?      
2 2 Биоэтиканың дамуына үлес қосқан ғалымдар.      
3 3 Салауаттану денсаулық туралы ғылым      
4 4 Салауаттанудың тарихи алғы шарттары      
5 5 Денсаулық түсінігін анықтау      
6 6 Адамның биологиялық ритмі      
7 7 Қозғалыс белсенділігі-денсаулық кепілі. Жүзу      
8 8 Тиімді тамақтану. Дұрыс тамақтанбаудан туындайтын кейбір аурулар      
9 9 Зиянды әдеттер мен оларды алдын алу      
10 10 Адамгершілік жыныстық даму аспектілері. Генетикалық аппаратты зақымдайтын факторлар      
11 11 Эвтаназия      
12 12 Трансплантология      
13 13 Ислам және биоэтика мәселелері      
14 14 Адамның негізгі құндылықтары      
15 15 Тұқымқуалаушылық      
16 16 Тұқым қуалайтын аурулар      
17 17 Тұқым қуалайтын аурулармен күрес жолдары      
18 18 Психоэмоционалды денсаулық      
19 1 Стресс деген не?      
20 2 Кикілжің мен денсаулық      
21 3 Экология және денсаулық. Табиғатпен үйлесімді өмір сүру      
22 4 Ағзаның қорғаныш –бейімделу механизмдері      
23 5 Л. З. Тельдің «Денсаулық кодексі»      
24 6 А.Д. Соколов, А.С.Абишева «Дене дамуының өзіндік бағалау әдістері»      
25 7 Купер тесті      
26 8 Есте сақтаудың 7 ережесі      
27 9 Дейл Корнегидің 12 ережесі (өз көзқарасына сендіру)      
28 10 Дейл Корнегидің 9 ережесі (өзгенің намысына тимей, ренжітпей оларға әсер етуге мүмкіндік беретін ереже)      
29 11 Қазіргі ғаламдық парадигмалар      
30 12 Адамды клондау      
31 13 Шаршау. Ұйқы гигиенасы      
32 14 Ес және ойлау-ақыл ой еңбегінің негізі      
33 15 Қайталау сабағы      
34 16 Тест тапсырмаларын орындау