Павлодар облысы, Ертіс ауданы,

Панфилов ауылы.

«Панфилов ЖОББМ» ММ

Музыка пәнінің мұғалімі Джарасова Ботакуз Слямбековна.

 

Сыныбы:  5

Тоқсандық  тақырыбы:  Айтыс және жыраулық өнер

Сабақтың  тақырыбы:  Айтыс өнері, айтыс түрлері.

                                    Сабақтың  мақсаты:

.

Білімділік  мәні :   Оқушыларды айтыс өнерімен, түрлерімен таныстыру

 

Дамытушылығы:  Жерлес айтыскер ақындар туралы деректер жинау

.

Тәрбиелік  мәні : Сөйлеу мәдениетіне, сөзге тоқтай білуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: дәстүрлі

 

Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту

 

Сабақтың  әдісі:     Жаңа  сабақ түсіндіру , әңгімелеу, шығармашылыққа  баулу .

 

Пәнаралық  байланысы:   Музыка әдебиеті , тарих.

Көрнекіліктер: Нота сауатына арналған кестелер, плакат, буклет. Ақындар суреті, карточкалар үнтаспа, музыка аспаптары суреттері, слайдтар.

 

Сабақ жоспары:

Ұйымдастыру кезеңі

а) Сәлемдесу
ә) Түгендеу

ІІ Үй тапсырмасын сұрау
2/4 өлшемі дегеніміз не?
Қол қимылымен өлшемді көрсету.
«Не деу керек?» әнін мысалға алу

 

                                          Сабақтың  барысы:

Айтыс «айтысу» деген сөзден шыққан. Ол өлең сөзбен жарысу, сайысу, тартысу, мағнасында қолданылады. Айтыстың қандай түрлерін білеміз?
1. Бәдік айтысы Ата бабаларымыз сөзбен ауруды аластап, малды емдемек болған.
2. Жар — жар айтысы. Ерте заманда қызды ұзатар алдында айтылатын айтыс түрі. Өлең құрлысы 7 — 8 буынды.
Жар — жар әнін айтқызу
өлеңде «қаранасар» деген не мағынаны білдіреді?
Қара жібек кездеме, мата деген мағынаны білдіреді.
3. Қыз бен жігіт айтысы. Ойын — сауықта айтылады. 11 буынды. Басы қайталанып, негізгі ой үшінші, төртінші жолдарында айтылады. Әр әуенге салынып айтыла беріледі.
4. Мақал — мәтел айтысы, жұмбақ айтысы, күй тартысу айтысы, оқушылар айтысы бар.

Ал енді біз ақындар айтысына тоқталайық. Ақындар айтысына сөз өнерін шебер меңгерген суырыпсалма, тез арада жауап бере білетін ақындар қатысады. Ақындар айтысында жаттама өлеңдер аз болады. Айтыскер ел тарихы, жер жайын білуі керек. әсерлі болуы үшін домбыра, гармон, қобыздың сүйемелдеуімен орындаған.
Слайдтардан түрлі аспаптардың суреттерін көрсету. Ақындармен таныстыру.

Жерлес ақындармен таныстыру.

Осы күнгі айтыстар Айнұр мен Балғынбектің айтысы  (тыңдау)

Енді ақын қыздардың бірі — Сара Тастанбекқызы туралы айтайын. Сара атақты әнші, ақын Біржанмен сөз сайысына түскен. Сара Талдықорған облысы, Ақсу ауданында туған. Жастайынан сауықшыл, домбырашы, ақын, күйші қауым ортасында өседі. Әнші қыз 13 жасынан қолына домбырасын алып, топқа түскен.
Біржан мен Сара айтысы — ақындар айтысының ең үздің үлгілерінің бірі. Біржан айтыста өз халқының әдет-ғұрпын сақтап, кішінің үлкенді сыйлайтынын айтып:
«Әуелі қазақшалап көріселік,
Бері кел, жасың кіші менен гөрі»,- деген сөзіне Сара да Біржанның өнеріне ризашылығын білдіріп, қазақ қыздарына тән ізеттілікпен қолын беріп, былай деп жауап береді..
«Сара» оқушыларға тыңдату.(М. Төлебаевтың «Біржан — Сара» операсынан)

Ежелден, сен басылған желді көрік
Таң қалам сәулетіңді сенің көріп, сал Біржан
Өлеңді қолқа қылсаң ағытармын,
Ендеше көрісейік қолым беріп, сал Біржан.

Аса көрнекті қазақ композиторы Мұқан Төлебаев /1913 — 1960/ «Біржан — Сара» операсын жазды. Бұл шығармада алғашқы рет қазақ халқының айтыс өнері қолданылған. Онда Біржанның өмірі, оның жас Сараға деген шынайы сезімі баяндалады. Біржан мен Сара айтысында Біржан жеңіп шығады. Екі ақынның бір — біріне деген сүйіспеншілігі пайда болады. Алайда Сара Жиенқұлға айттырылып қояды. Біржан махаббат жолында күресте қаза болады. Қайтыс болар шақта ол домбырасын Сараға ұсынады.

Сара мен Біржан тектес айтыскерлер осы сыныпта да табылады. Қазір алдарыңа Әсия мен Сайлауды  шақырып, оқушылар айтысын тамашалаймыз. Оқушылар айтысы да айтыстың бір түрі.
Оқушылар айтысы
Өлеңі: О. Әубәкіров
 

1-оқушы:
Айтып қойшы қарағым,
Қандай боп жүр сабағың.
Жайын біліп қояйын
Сендей салақ баланың.

2- оқушы:
Сөзді тыңда қарағым
Мен секілді баланың
Сен осында қаласың
Мен лагерьге барамын.

1 — оқушы:
Қайда барсаң онда бар
Семіргенің жөн болар.
Тәртібіңнен алайда
Болмай тұр — ау оң хабар.

2 — оқушы:
Айналайын көкешім
Тәртіпті айтып не етесің?
Сендердегі Серікбай
Неге жарды шекені?

1 -оқушы:
Қай өнерің асып жүр
Қай тәртібің тасып жүр?
Сендердегі Сембай да
Сабағынан қашып жүр.
Карточка тарату.

№1
1Ақын дегеніміз кім?
2 нотада неше сызық бар?
3 Жартылық нота нешеге саналады?
№2
Жыр дегеніміз не?
Алпамыс батыр жырынан үзінді айт.
№3
1. Терме дегеніміз не?
2. «Ми» нотасы қай сызықта жазылады?
№4
1. «Қанеки тілім сөйлеші» термесі кімдікі?
2. «Қанеки тілім сөйлеші» термесін әуенімен айт.
№5
1. сегіздік нота нешеге саналады?
2. «Кел, балалар, оқылық» өлеңінің авторы
№6
1. «Әр нәрсенің парқы бар» толғауы авторы
2. Толғауды жатқа айт.

Енді үш боймен жарысып жұмбақ айтысын ұйымдастырайық.

ІV Қорытынды, бекіту
1.Қазақтанның даңқын шығарған ақындар?

2.Жерлес ақындарды ата.

  1. Жамбылмен кім айтысқан?
    Үй тапсырмасын беру.Мақал — мәтел сайысына дайындалу. Төрт жол өлең шығару.
    Бағалау