Тәттібаева Оразгүл Құттыбекқызы

                 Жаңақорған ауданы                   

                 Ж.Қыдыров атындағы №54 орта мектеп

( Аудандық  пед.оқу  семинарында оқылған  баяндама)

 

Жаңаша  оқыту  –  нәтиже   бастауы

 

Қазіргі кезеңде білім берудің сапасын жақсарту, әдістемелік негізін өзгерту заман талабына сәйкес туындап отырған қажеттілік.  Өйткені, мектептің әр күні көптеген ғылыми жаңалықтарға, терең әлеуметтік өзгерістерге толы. Бұрын оқу үрдісінде мұғалім басты роль атқарған болса, қазір оқушының  белсенділік көрсететін кезі туды. Сабақ мұғалімнің емес, оқушының іс-әрекетімен бағаланады. Қазіргі заманда нені оқыту емес, қалай оқыту маңыздырақ болып отыр.

Осыған дейін біз дәстүрлі оқыту үрдісін іске асырып келгенбіз. Өткен ғасырдың басында-ақ американ педагог-психологі Джон Дьюи жоғарыдағы «дәстүрлі» білім беруді енжарлықпен білім алу үдерісі ретінде сипаттады және өзара әрекеттің немесе сыни қатысудың төмен деңгейін ғана қажет ететін жаттап алу әдісі деп сынаған. Бұл жердегі мұғалім тарапынан берілген дайын білімге оқушылар өздігінен ары қарай дамыту, іздену, ойласу, атсалысу, салыстыру, пікір алмасу, пікір таластыру т.б. жайлар қолға алынбайды. Мұндай білімнің аясы тар, көбіне жаттанды есте сақтауға алып келеді. Сондықтан көбіне санада механикалық есте сақтау арқылы алынған білім ойлаудың төменгі деңгейінде ғана жүзеге асырылады. Ары қарай терең ойлану үрдісі іске асырылмайды.

Оқытудағы «Кембридж тәсілінің» теориялық негіздерінде түрлі тәсілдер қарастырылғанына қарамастан, орта білім беру жүйелерінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы (конструктивті) теориялық оқыту тәсіліне басымдылық берілген. Бұл оқытудың басты бағыты – ойлауды дамыту болып табылады. Яғни, оқушы өзінде бар білімді түрлі дереккөздері арқылы, мұғалімнен, оқулықтан, достарынан алған білімдермен біріктіре отырып іске асырады.

Бағдарламаның мақсаты – оқушылар өздерінің қалай оқу керектігіне назар аудара отырып, олардың өз ойлары мен дәлелдемелерін нақты жеткізе алатын, яғни ойға жүйрік, тілге шешен, әрі жазбаша түрде еркін, көркем бейнелеп жазуға төселген, бірнеше тілді қатар меңгерген бәсекеге қабілетті жан-жақты жетілген жеке тұлға қалыптастыру болып табылады. Ондай «тұлға» болашаққа сенімді, ынталы, сыни пікір көзқарастары жүйелі дамыған, қазіргі сандық технологияларды, өмірде өз білімін қалыптан тыс жағдайда да еркін әрі терең пайдалана білетін жан болуы тиіс.

Жеке тұлғаның жан-жақты дамуын қалыптастыру: 
— отанына берілгендікті, оның бостандығы мен тәуелсіздігін құрметтейтін
— ғылым, мәдениет, техника сласындағы білімдер жүйесін меңгерген
— адамгершілік қасиетттерді барынша құрметтеушілік, адамдарға деген сенім
— еңбекте адал қарым-қатынасын, қоғам игілігі үшін пайдаланатын
— әсемдікті барынша сезіне білуді, шын көріктілікті жасандықтан ажырата алатын
— денсаулығы мықты және дене құрылысы жақсы дамыған тұлға
— табиғатты қорғау, оның байлығын көздің қарашығындай сақтау.

Бағдарламаның басты жаңа бағыты – іс-әрекет арқылы зерттеу болып табылады. Ағылшын ғалымдары теориялық білімдерін міндетті түрде мектептерде қолданып, оның дұрыс-бұрыс жақтарына терең талдау жасап отырады екен. Осы бағытта әрбір жаңашыл мұғалімнен өзі сабағында қолданған жаңа тәсілдердің дұрыс-бұрыс жағын терең талдап, зерттеу жүргізу талап етіледі. Дәстүрлі оқыту үрдісіне қарағанда  сындарлы («конструктивті») оқытуда керісінше, мұнда басты басымдылық оқушыға беріледі. Мұғалімнен гөрі оқушы көп ойланып, көп талқылап, достарымен көп сөйлесіп, әрекеттенуі керек. Ал мұғалімнен өз сабақтарын оқушының идеясын, білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай етіп ұйымдастыру талап етіледі. Мұндай міндеттер оқушылардың оқыған тақырып бойынша білімдерін өз деңгейінде көрсетіп, кейбір болжамдар бойынша күмәнды ойларын білдіре алатындай пікір-көзқарастарын нақтылап, жаңа ұғым-түсініктерін өрістетуге орайластырылып құрылады. Бұл жерде «Маған айт, мен оны ұмытамын, көрсет, мүмкін, есімде сақтармын, мені қызықтыр, мен сонда түсінемін» деген қытай мақалының түпкі мағынасына терең бойлауға тура келеді. Ғалымдар оқыған, естіген, көрген т.б. әрекеттерден гөрі адамның өзі өзгелерге түсіндірген білім көп есте сақталатынын айтады. Алайда барлық оқыту үдерісін ұйымдастырып, көшбасшылық жасайтын мұғалім болғандықтан, бағдарлама ең алдымен, мұғалімге қарай бағытталады. Өйткені мұғалімдер ойлау қабілеттері жоғары деңгейде дамыған оқушыларды қалыптастырғылары келсе, онда алдымен өздерінің де терең ойлау қабілеттерін дамытқан жөн. Сонда ғана бір жақты, «тек менікі дұрыс» деген сенімнен гөрі, жаңашыл идеяларға деген көңіл көкжиектері ашылып, жаңаша қалыптасуы мүмкін.

Екі әдістің айырмашылығы: бұрын біз оқушыларды дайын білімді алуға үйрететінбіз. Ал, қазір оқушның  өзін өзі білім алуға, ынталандыруға бағытталған. Жалпы, оқушы өзі білім алуға ынталы болу керек, ал, мұғалім сол үдерісті ұйымдастырушы болу керек.
Ескіні жоймаймыз, ескіні ескере отырып, кернекті жерлерін алып, заманауй үлгіде білім береміз.
Сындарлы оқытудың  ерекшелігі – педагогикалық процесті ұйымдастырумен қатар сыныптың жалпы психологиясын бақылау, эмоцияны қалай реттеуге болады, кездесетін әлеуметтік қиындықтар мен танымдық проблемалар және оларды шешу жолдары қарастырылады.
Әдетте оқушылардың үлгерім деңгейі әр түрлі болады. Бірі жақсы оқиды, бірі жаман. Ал, бұл әдістеменің басты ерекшелігі ол – кез-келген оқушыны еріксіз ынталандырады. Оқымаймын деген шәкірт қалмайды, еркінен тыс ынталанады. Әдістеме соған негізделген. Мұғалім бұл жерде тек үйлестіруші. Сабақ кезінде оқушыны проблемамен бетпе-бет қалдырады, ол шығу жолын өзі табуы тиіс. Дұрыс болмаса да ол ізденеді, ұмтылады, маңыздысы осы.

Сонымен қатар оқушылардың дүниетанымын, ой-өрісін кеңейту, өмірге деген көзқарасын жан-жақты дамытып, шығармашылық қабілетіне жол ашуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану –заман талабы. Мектептегі технологияларға теледидар бағдарламалары, электрондық оқулықтар, интернет, ұялы телефон, компьютер, т.б жатқызсақ, сабақтарымызда оқушылардың қызығушылығын ояту, ынтасын арттыруда бұл құралдарды пайдаланып жүрміз. Өз сабақтарымда электрондық оқулықпен жұмыс, бейнефильмдер көрсету арқылы оқушылардың естерінде ұзақ сақтау дағдыларын жетілдірумен қатар, үйге тапсырма берген уақытта көбіне интернет беттерінен іздеуді ұсынып, кейде нақты интернет сайттарына сілтеме беріп отырдым.  Әрине қазіргі оқушылар кітапханаға барғаннан гөрі интернетпен жұмыстануға көбірек қызығушылық танытады, заман талабына сай жеткілікті дәрежеде сандық сауаты бар, өмір жағдайларының барлық аспектілерінде жаңа технологиялардың бар мүмкіндіктерін пайдаланып, оны өмірлік қажеттіліктеріне қарай пайдаланатын ұрпақ тәрбиелеуде АКТ таптырмайтын тәсіл болып қала бермек.

Бағдарлама негізінде қамтылған модульдер менің педагогикалық көзқарасыма әсер етті. Себебі менің теориялық білімім болғанымен әдістемелік білімім жеткіліксіз екенін осы оқу барысында түсіндім. Өйткені мен бұрынғы сабақтарымда оқушылардың нені оқып-үйренгісі келетіні жөнінде ойланбаппын. Енді осы қателіктерімді дұрыстамақ болып мектептегі тәжірибе кезінде алдымен әріптестермен кеңесіп өзімнің алған біліміммен бөлістім. Оларға бұрынғы сабақтарымды өзіме ыңғайлы үйреншікті тәсілмен құрылымдағанымды және оқушы қызығушылығын ескермегенім қателік екенін де айттым. Әрине бастапқыда сабақтарымды қай бағытта қалай өзгертемін деген қорқынышым да болды. Дегенмен бағдарлама барысында 7 модульді оқып үйрену маған бағыт – бағдар берді, мұғалім ретінде тәжірибеме өзгеріс енгізуіме көмектесті деп айта аламын. Осылайша мен сабақ өткізу әдісімде оқушылардың таным қабілетіне баса назар аудардым. Себебі «оқу бар және сонымен қатар оқуды үйрету де бар» (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 32 бет).

Білімді есепке алу және бағалау.
Оқушылар білімін тексеруге және оны есепке алуға болады.
Оқушылардың білімін тексерудің қазіргі кездегі дәстүрлі емес түрлері бар.
Қазіргі оқыту тәсілдері бойынша  оқушылардың білімін есепке алу және бағалаудың қалыптасқан бұлжымас төрт ұстанымы бар:

Біріншіден, бағалау және баға — оқу үрдісінің құрамдас  бөлігі
Екіншіден, бағалау және баға оқушыларды оқуға  ынталандырады.
Үшіншіден, бағалау мен баға барлық оқушылардың дамуына  ықпал  етеді.
Төртіншіден, бағалау әрқашан әділетті сипатта болуы керек.
Оқушы білімін тақырыптық есепке алудың мынадай қолайлы жақтары
1. Мұғалім жыл бойы өтілген материалдарды  меңгергендігін  есепке  алады.
2. Өзіндегі есепке алу дәптеріне қарап  қай  тақырыпты  қосымша  сабақтар  арқылы балаға  меңгерту  жолдарын  анықтайды.
3. Оқу жылы бойы сұралмаған тақырып қалмайды.
4. Сұралмаған не білмеген тақырыпты мұғалімнің түбінде сұрамай қоймайтындығын  оқушы  сезінеді.
5. Уақытша оқытқан не жаңадан келген мұғалім есепке  алу  дәптері  арқылы  сыныпқа  талдау  жасай  алады.
6. Ең негізгісі өткен материалды қайталау арқылы оқушы  өз  білімін  тиянақтайды.

Бағалаумен   қатар  оқушылармен  өзіндік  жұмыстар  ұйымдастыруға  да  болады.

Оқушыларға  өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруда   алдарына  мынадай  мақсаттар мен талаптар қойылады:
істейтін жұмысының мақсатын айқын түсінуі;
жұмыстың жемісті аяқталуына, оның алдағы нәтижесіне қызығуы;
жұмысты оқушылардың өз еркімен, қалауымен орындауы;
оқушылардың жұмысын оқу жұмысының басқа түрлері мен дұрыс
оқушылардың дербестігін арттырып, өзіндік білім алу қабілетін жүйелі
өзіндік жұмыстың мазмұнына күнделікті өмірден алынған материалдарды,

хабарларды пайдалану:
оқушылардың өзіндік жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға әр уақытта

мүмкіндік  тудырады.

Біз осы кезге дейін жиынтық бағалауды қолданып келдік. Ал ағылшындарда бағалаудың «формативті» түрі басым қолданылады екен. Бұл бағалау «Оқыту үшін Бағалау» немесе «ОүБ» деп аталады. Бұл бағалауда оқушының барлық мүмкіндіктері мен қабілеттерін ескере отырып, оқушыны ынталандыру арқылы ары қарай оқытуға жетелеу. Яғни бірден жиынтық баға қоймай, материалдың игерілмей, қамтылмай қалған тұстарын нақты көрсетіп, толықтырып қайта оқуға бағыттау. Біздің мұғалімдердің арасында осы кезге дейін «Саған «+4» немесе «саған – 5» деп айтылатын ауызша бағалау жиі кездеседі. Формативті бағалау осындай «+4» беске және «– 5»-ті де толық беске жеткенше жетелеу, яғни бала білімін одан ары жетілдіре түсу болып табылады. Қай кезде болмасын баланы оқыту мен қатар бағалау да бар. Сол себепті мен қашықтықтан оқыту кезінде «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» атты модульді қалай оқып үйренгенімді еске түсірдім. Бағалау кезеңінде бұрынғы сабақтарымда мұғалім ретінде оқушы білімін өзім бағалаған болсам, бұл жолғы сабақтарымда оқушылардың өздері бір-бірін немесе өзін-өзі бағалауына мүмкіндік бердім. Сол себепті критериалды бағалау әдісін қолдандым. Топ басшысы алдын ала берілген бағалау парақшасына балдық жүйемен топ мүшелерінің жинаған ұпайына сәйкес бағалап шықты. Критериалды бағалау әділ болғандықтан оқушылар бағалауға риза болып, жақсы баға алу үшін топтық жұмыста белсенділік таныту керектігін ұғынды. Меніңше бұдан оқушылардың білім алуға деген құлшынысы артып, қажеттілік деңгейі де өседі. Балдық жүйе әділ бағалауға, таза еңбегіне, қабілетіне қарай жинаған еңбегін бағалауға, өзін-өзі реттеуге мүмкіндіктер ашып берді.

Алдағы уақытта заман талабына сай білім алу үшін балалардың интернет желісін пайдаланып, тақырыпты түрлі қосымша ақпарат көздерімен толықтырып ізденуіне көңіл бөлемін деген ойдамын. Сонымен қатар ақпарат көздерін қай бағытта қайдан алуға болатынына сілтеме жасаймын деп шештім. Себебі бала интернет бетіндегі әр сайтты ашып уақытын бос жібермей үнемді пайдалану керек. Сабақтың мақсатын оқушы анықтап, өздері талдап, дәлелді пікір айтуға баулуды алдыма мақсат етіп отырмын. Осындай тиімді жұмыс түрлерін жүзеге асыру арқылы болашақта мен өз тәжірибеме ғана өзгеріс енгізіп қоймай, әріптестеріммен де әдістемелік іс – тәжірибемді бөлісемін деген ойдамын. Өйткені балаларды оқытуда негізгі рөлді мұғалім атқаратындығын білемін. Қашанда бала қызығушылығын оятып, танымын кеңейту үшін модуль түрлерін тиімді әдіс-тәсілдер арқылы қолдануды болашақта үнемі басшылыққа алатын боламын.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Flavell , J.H., (1976). Проблемаларды шешудің метакогнитивтік аспектілері.
  2. Оқушылардың танымдық қызығушылығының теориясы.[ Онлайн

http://kitaphana.idhost.kz /en/articles/abstracts-in-kazakh/236-pedagogika]

  1. С.Ахметов «Бастауыш сыныптарда білім берудің тиімділігін арттыру

жолдары.»  Алматы  «Рауан» 1994 ж.