Атырау қаласы. УГ 157/11 түзету мекемесінің жанындағы жалпы орта білім беретін мектептің тарих пәнінің мұғалімі Нуралина Гульнара Отаргалиевна

Тақырыбы: «Ұлттық салт-дәстүрді насихаттау, ұрпақ жадында жаңғырту»
Қазақ халқының тілге шеше, сөзге тапқырлығын аңғарта отырып, оқушы бойына сөз өнерінің дәмін себу сол арқылы оқушының көркем сөйлеу дағдысын қалыптастыру
Ұлттық құндылықтар – дәстүрлерімізден қазіргі таңдағы маңыздылығын меңгерте отырып, оқушыларды рухани құндылықты қадырлеуге, құрмет тұтуға тәрбиелеу;
Атадан балаға қаймағы бұзылмай жеткен салт-дәстүрлерімізді саф күйінде келер ұрпаққа жеткізуге жетелеу.

Сынып сағатының әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, пікір-талас шығармашылық т.б.
Көрнекілігі: Қазақы безендірілген сахна, техникалық құралдар, қабырға газеттері, бүктемелер.
Жүрісі:
Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті  оқушылар!
— Ұлттық салт-дәстүрді насихаттау, ұрпақ жадында қайта жаңғырту мақсатында ұйымдастырып отырған «Асыл қазына» атты интеллектуалды ойынымызға қош келіпсіздер!
— Халқымыздың ғажап, орасан бай салт-дәстүрлері соңғы біршама жылдардың ішінде адам санасынан еріксіз өшіріліп, біржола ұмыт басып кете жаздады.
Егемендікке қалымыз жетіп, тәуелсіз ұлттық мемлекетіміз уығын шаншып, іргесін көтергелі ғана есімізді жинап, етек-жеңімізді қолға алдық. Ғасырлар бойы қалыптасып халқымызбен бірге жасасқан ұлттық салт-дәстүріміз-азаматтарды, әсересе, жас ұрпақты имандылыққа, инабаттылыққа, адамгершілікке тәрбиелеудің баға жетпес құралы. Ойынымыздың нысанасына ұлттық салт-дәстүрді алып отырғанымыздың бірден-бір себебі-осы десе де болады.

1-топ: Біз тобымызды «Аманат» деп атадық. Себебі ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа қаймағы бұзылмай келе жатқан салт-дәстүрімізді бабаларымыз бірге аманат етіп қалдырған. Аманатқа қиянат жасамай, келер ұрпаққа жеткізу-біздің басты парызымыз.

2-топ: Ал біздің тобымызға «Шаңырақ» деп ат қойдық.
Өйткені шаңырақ-қазақ ұғымындағы қасиетті дүние. Егеменді еліміздің шыңарағы биік болған жағдайда ғана салт-дәстүрімізді жаңғыра юермек.
 
Жүргізуші: Қазақ халқы – салт-дәстүрге бай, тілге шешен, тапқыр халық.
Олар өздерінің дәстүрлеріне деген құрметті тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні – мақал-мәтелге сыйғызған. Ойынымыздың алғашқы кезеңі «Сөз мәйегі» бөлімін бастаймыз.
Ән — әуен ойнауы Тақтада тақырып шығады.
1-бөлім: «Сөз мәйегі» бөлімі
Жүргізуші: Бұл бөлім 1-топ өздерінің дайындап келген салт-дәстүрге арналған мақал-мәтелдерін айтылады,
2-топ сол мақалдың мәнін ашады.
1. Аспалы сөзге арсыз да тоқтайды.
2. Ант бұзған оңбайды,Сал бұзған сорлайды
3. Салтын, тілін, дінін ұмыту-мәңгүрттікке бастар жол.
4. Алты жыл аш болсаң да, ата салтыңды ұмытпа.
Жүргізуші: Имандылық, инабаттылықтың көзі болып табылатын ұлттық
дәстүрге деген құрметтің қазіргі таңдағы халі кімді болмасын алаңдатары сөзсіз. Ұлттық рухани дүниеміздің жанашырлары – ауыл тұрғындарымыздың ойыншыларға қояр сұрақтары бар екен. Ендеше келесі бөліміміз «Бейне сұраққа» көшелік.

Ән-әуен ойнайды. Тақтада тақырып шығады.
  Сұрақ: Бұл бейнеленген көріністегі салт қалай аталады мәне неде?
Жауабы: Қыздан туған бала «жиен» деп аталады. Халық дәстүрі бойынша жиен нағашыларынан қалған затын алуға тиіс. Мұны «жиенұрық» деп атайды. Халық жөнді ренжітпей «жиен назасы жаман» деп еркелетіп ұстаған.
4 бөлім Сұрақ жауап.
1 сұрақ 1) Қаратпа сөздер дегеніміз не?
) Ш. Құдайбергенұлы қай жылы, қай жерде туылған? Ж: 1) Сөйлеуші тыңдаушының назарын өзіне аудару үшін қаратпа сөздерді қолданады.
2) 1858 жылы Шығыс Қазақстан облысында Абай ауданында туылған
2 сұрақ 1) Жалаң және жайылма сөздер дегеніміз не?
2) Қай жылдар аралығында С. Торайғыров «Қамар сұлу» ромнын жазады?
жҮ 1) Тұрлаусыз мүше қатыспаған жай сөйлемді жалаң сөйлем дейміз.
Тұрлаусыз мүше қатысқан жай сөйлемді жайылма сөйлем деп атаймыз.
1  2) «Қырық мысал» атты еңбегі
Жүргізуші: Қазақ халқы – сөзге шешен халық. Қай кезде де сөз құдыретін түсініп, оны қастерлеп отырған. Сөзге шешен халқымыз әр кезде тапқыр сөзбен сөз тауып кеткен. Осындай даналық пен даралықтың дәнін бойларына сіңірген сайыскерлеріміз келесі бөлімде өздерінің сөзге тапқыр, тілге шешен екендіктерін дәлелдейді.
5 бөлім «Сөз тапқанға қалқа жоқ» бөлімі
Жүргізуші: Мұнда сайыскерлер әр түрлі әріп таңдап алады да, берілген 2 минуттың ішінде қойылған сұрақтарға таңдап алған әріптермен ұтылуы, тапқыр жауап беруі тиіс.
Мұнда уақыт төрешілері уақыт белгілейді. Ал, сайыскерлер мына қоржыннан асық таңдап алыңыздар, асықта әріп жапсырылған.
(әріптерден сөздік құрастыра отырып,сынып сағатымызды аяқтаймыз)