Осы  жұрт Қаратауды  біле ме екен ?

 

        Қасиетті Қаратау  тауларынан    табылған    фосфориттер   кеніші   оңайлықпен    табылған   жоқ еді. 

   ХХ –ғасырдың 30-жылдарында Қаратау тауларынан өте    үлкен  фосфорлы   алқаптар табылды, олар сапасы   жағынан алғанда КСРО-да  ғана  емес  ,сонымен  қатар жалпы әлемде  теңдесі  жоқ  болып  шықты.

    Қаратау  фосфориттерінен 60  -тан астам   түлі  заттар  шығарылады.фосфор  тыңайтқыштарынан  бастап, тіс  пастасы мен  жуу  ұнтақтары  да  жасалатынын  білетін  шығарсыздар !

Қаратау таулары   туралы  зерттеген авторлар  И.И.Машкара ,П.Л. Безруков, Б.М. Гиммельфарб, А.С.Соколов, А.А. Коноплянцева, Д.А.Қонаев, тағы да  басқа авторларды атауға     болады.

 

 Фосфор   элементі   көгілдір  және  сары  түсті   тас КСРО –дағы   барлық республикалардың, әсіресе  Ресей  Кеңестік Социалистік Федеративтік Республикасының      химия  өніміне  деген   сұраныстарын  зор ынтамен өтеп, және сол   арқылы  Қазақ  КСР-і  Жамбыл облысы  аумағында   қажеттіліктерін 1946  жылдан  бері  өтеп,   адамдар    бар  күш  жігерлерімен  асқан     үлкен  еңбекқорлықтың  үлкен  үлгісін  көрсетті.

 

     химия  алыптарын  тұрғызып,    оған    шикізат  тауып   беруде.    Осында  өндірілетін  фосфориттер     бірнеше        қалалардың   азаматтарын  жұмыспен  қамтып, керемет берекеге   бөлеп  отыр.

    Керемет   геологтардың    қандай  қиындықтармен  кездесе   жүріп  фосфориттерді  тапқаны   , ол  да   тарих   беттеріне  жазылған   әңгімелер  болып  қалды.

     Жалпы,   Гиммельфарб, Безруков және   басқа  да  геологтар   үлкен  -үлкен   еңбектер  жасағаны   белгілі.

     Ол кезде  қазіргідей  жол салынбаған,    ал  ми   қайнатар  ыстықта қазақтың  кең алқабына   шыққан     геологтар    ерен  ерліктің  үлгісін  көрсетті.   «Геолог»  ол  тастардың    білгірі,    кез келген  тас   ол   үшін  зерттеу  объектісі  екені  белгілі,   тарихтан  белгілі  1926  жылдан  бастап   КСРО-да индустрияландыбасталғаны  белгілі .   Осы индустрияландығы   көзделген  басты     мақсаттардың  бірі : пайдалы  қазбалардың  бай  көздері   біздің  Жамбыл облысы  жерінде  де бар болып  шықты.

Елімізде    моноқалалар  жетерлік  , әр облыста  екі-үштен кезедеседі.

Міне, шағын  қалалардың  ішінде өзіндік  географиясы мен  өсу, өркендеу, қайта  жаңғыру   сияқты    түрлі  кезеңдерден  өткен    еліміздің   табиғаты  қаталдау    болып   көрінетін   Жамбыл облысы , Талас ауданының  орталығы  -Қаратау шаһары  қала  статусын  алғанына  55  жыл  толып ,

екі   бестікке  толып  , кемел  жасқа  келіп  отыр.

Қаратау қаласының  адамдарға  жайлы  қоныс , асқаайлы орын  болғандығын    археологтар   осыдан  60  жылдан астам  уақыт   бұрын  дәлелдеп  қойған.   Қаратау  тауларының  ерекше   жұмсақ  шақпақ   тастары  от  тұтатуға  ,  түрлі тамырларды    қазып алуға  ыңғайлы жұмыр  тастар  да    көптеп табылған.

Атақты   алғашқы адамдар тұрған мекендер      халық  жадында    сақталған.

Оларды  адамдар  қасиеттеп  «Тәңірқазған»  мен  «Бөріқазған»   деп атағаны  белгілі.

Жалпы,  адамзат алғаш мекен  еткен    тұрақтар   табылғаны   бұл  өлкенің    Қазақстан  үшін  киелі ,  құт мекен болғанынан  хабардар   етіп  тұрғандай.

Аталған  тұрақтар, еліміздің  ғалымдарының   қызығушылығын    оятып ,  оқтын-  оқтын  олар келіп, саяхат  жасап кетіп, тұрғаны  қызғылықты.

Тағы  бір ,  жастарға  өте  қызықты болатын  бір  үлкен  жота   қаланың   биігінен  қарасаңыз  көзіңізге оттай  басылады.

«Ұйқыдағы ару»  деп  ат қойған   төбелер  қала  тұрғындарының  эстетикалық талғамын оятып, туған  жердің м  құпияларына    қызықтырып  келеді.

Сонымен  қатар, еліміз  жастары   тарихи   атауларға   да   керемет қызығады.

Қаламыздың  ең  бастапқыда    өндірістік  қала  ретінде  Ұы Отан соғысы  алдында   қазығы  қағылған.

Атақты кеңес   геологтары    Ұлы Отан   соғысы алдында

Қаратау тауларынан    фосфордың     ең сапалы   миллиардтаған  қорларын  тауып алды.

Ол  , 1936  жыл болатын –ды.

Ал,    екі  үш  жылдан  соң  сұрапыл соғыс  басталғаны  белгілі.   Оқтың  құрамына  қосу  үшін  фосфор да  ауадай  қажет  болатын.