Еңсеп бейнесі

Жоламанова Қ.

 

Сабақтың тақырыбы:

Еңсеп бейнесі

Мұғалімнің аты-жөні:

                                     Жоламанова Қ.

Күні: 11.04.18

Сыныбы: 6 «В»

Сабақ негізделген оқу мақсаттары Көркем шығармадағы кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдері тұрғысынан анықтау (Т/Ж3)
Сабақ  нәтижесі:

 

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды.  Жазба жұмыс жасайды.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Тілдік құзіреттілік Әдеби шығарма
Ресурстар мен құрал-жабдықтар  Оқулық, суреттер, слайд, видеоролик, аудио, топтық тапсырмалар, АКТ, https://massaget.kz, https://kk.wikipedia.org http://anatili.kazgazeta.kz , https://aikyn.kz,

плакат, түрлі түсті қарындаш, маркерлар, кеспе қағаздар, кері байланыс.

Әдіс-тәсілдер СТО, сұрақ-жауап,  көрнекілік, «Мозаика»  әдісі, «Топтастыру» стратегиясы, Донна Огл («БББ») кестесі
Пәнаралық байланыс Қазақ тілі, география
Алдыңғы оқу Ә. Кекілбаев «Шыңырау» повесінен үзінді
Сабақтың жоспары:
Сабақтың кезеңдері, модульдері: Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Ресурстар
І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Амандасу, түгендеу (1минут)

 

 

 

 

 

2. Сыныпқа жағымды психологиялық ахуал туғызу (1 минут)

 

 

 

 

3.Топқа  бөлу  (5 минут)

 

 

 

 

 

Оқушылармен амандасамын, түгендеймін, сабаққа дайындығын тексеремін

 

 

 

 

 

Интербелсенді тақтадан өлең жолдарын көрсетемін

 

 

 

 

Түрлі түсті тәттілер арқылы сыныпты топқа бөлемін

 

 

 

Топтарға құрал-жабдықтарды және бағалаушы парағын таратамын

 

Мұғаліммен амандасады, сабаққа дайындалады

 

 

 

 

 

 

Бір шумақ өлең оқиды

 

 

 

 

 

 

Түстер бойынша 4 топқа бөлінеді

 

 

 

 

Топ басшысын және бағалаушыны сайлайды; топ ережесін құрады, әр топ өзін таныстырады, топ ережесіне бағынады

 

Күнтізбелік тақырыптық жоспар, сабақ жоспары, жалпы білім беретін мектептің 6- сыныбына арналған оқулық, «Арман-ПВ» баспасы, сынып журналы

 

 

Қайырлы күн, достым,

Қайырлы күн болсын!

Сәрсенбінің сәтінде

Сәттілікке толсын!

Біздің алар бағамыз

Кілең бестік болсын!

 

1-топ: «Зерттеушілер»;

2-топ: «Тарихшылар»

3-топ: «Аңыз айтушылар»

4-топ: «Тілшілер»

 

Плакат, түрлі түсті маркерлар, қарындаштар

ІІ. Қызығушылықты ояту (2 минут) Тақырыпқа байланысты видеоролик көрсетемін Видеоны көре отырып бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтайды

 

Видое (1:03 минут), сұрақ-жауап
ІІІ. Түсіну және қолдану:

«Мозаика»  әдісі  (2минут):

 

 

Топтық жұмыс:

(7+8 = 15минут)

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушыларға мозаика түріндегі кеспе қағаздарды таратамын

 

 

 

Тақырыпқа сәйкес топтарға тапсырма беремін

 

 

Жұмыстың орындалуын қадағалаймын

 

 

 

Аз уақыттың ішінде мозаиканы құрастыру, құралған суреттер негізінде тапсырмалар алу

 

Тапсырмаларды орындайды

 

 

 

Ұжыммен жұмыс жасайды

 

 

Топпен тақырыпты қорғайды

Кеспе қағаздар, АКТ,

https://kk.wikipedia.org

https://massaget.kz

http://anatili.kazgazeta.kz

https://aikyn.kz

 

1.Ә. Кекілбаевтың «Шыңырау» повесі туралы зерттеу жұмысын жүргізу;

2.Тарихи дерек. Еңсептің прототипі Қараш Бейнеубай Құлшарұлы туралы тарихи деректермен таныстыру;

3.Таным дерек. Хикаятқа негіз болған «Ақ отты нар» аңызы туралы айту

4.Сөзмаржан. Шығармадағы термин, кәсіби және диалект сөздермен сөздік жұмыс

 

І V. Сергіту сәті (2минут) «Шыңырау» күйін қосамын Күйді тыңдай отырып бой жазып, демалады

 

Аудио ( 2:13 минут)
V. Сабақты бекіту: «Топтастыру» стратегиясы (3 минут) «Топтастыру» стратегиясы бойынша тапсырма беремін Шығарма кейіпкері Еңсептің бейнесін ашады

 

Кесте
VІ. Сабақты қорытындылау

(4 минут)

Донна Огл («БББ» стратегиясы) кестесін толтыруды тапсырамын

 

 

Кестені толтырады
Біле-мін Білдім Білгім келеді
VІІ. Үйге тапсырма

(1 минут)

Үйге тапсырма беремін Үй тапсырмасын жазып алады «Дүңгірлек», «Қасар», «Қараш қазған», «Меред», «Қаракөз бұлақ» т.б. құдық қазуға байланысты аңыздары туралы мәліметтер қарастыру
VІІІ. Бағалау

(4 минут)

Әр топтың бағалаушыларына сөз беремін

 

Топтар бір-бірін бағалайды Бағалау парағы

 

  • Шыңырау – он қадақ шыңырау құдық
  • Кез – ұзындық өлшемі
  • Қарыс – бас бармақ пен ортан қолдың аралығымен өлшенетін ұзындық өлшемі
  • Шегендеу – құдықтың қабырғасын таспен не ағашпен өріп шығару
  • Ернек — шыңның теріскей ернегі
  • Шеген құдық— жер асты суларын пайдалануға арналған гидротехникалық құрылыс
  • Кәтеп (нарды кәтептеп) – нар түйеге жүк арту немесе міну үшін салынатын ағаш әбзел түрі.
  • Күрке – Бес –алты ағаш басын біріктіріп жасаған баспана,  итарқа.
  1. мал тұратын көлеңкелі орын

      9) Бақыраш — темір шелекожау. Көне түркі тілінде мыстыжезді  бақыр деп атаған. Бұл металдардан істелген ыдыстар да Бақыр саналған. Бақыр сөзінің кішірейтіп айтылуынан бақыраш (темір ожау) туған. Мұның сыйымд. 1—2 л. Ертеде Бақыр жеңіл-желпі ыстық ас әзірлеуге, қуырдақ, бидай, тары  қуыруға, сиырдың соңғы иіндісін бөлек пісіруге пайдаланылған. Кейіннен Бақыр асхана жабдығына айналды

      10) Шеке (маңдай) — құлақ пен маңдай аралығындағы бас сүйектің бір бөлігі

     11) Әйкел — күміс ақша немесе асыл тастармен безелген, зерделі барқыттан тігіліп, қыздардың кеудесіне ілінетін алқа тәрізді бұйым. Әйкел сол иықтың үстіне түсіп, оң қолтықтың астынан түймеленеді

12) Повесть — эпикалық проза жанрының бір түрі. Повесть әңгіме мен романның аралығындағы прозалық жанрға жатады

13) Мінездеу – әдеби кейіпкерді таным-түсінігі мен мінез-құлқын таныта даралай суреттеу. Түрлі тәсілдер арқылы жасалады. Тура мінездеу кейіпкердің мінез-құлқын айнытпай, сол қалпында баяндаса, жанама мінездеу оған қатысты құбылыстар мен заттарды суреттеу арқылы қаһарман бейнесін ашып көрсетеді. Адамның сезімдік көңіл-күйін, күйініш-сүйінішін, қимыл-әрекеті мен кескін-кейпін бейнелеу үшін оның өз сөзі мен өзгемен арадағы әңгімесін келтіру, сондай-ақ түрлі табиғат құбылыстарын суреттеу– осының бәрі әдебиеттегі адамның ішкі әлемін тануға, сырт пішінін анықтауға аса қажетті тәсілдер. Бұл әдістер бірін-бірі толықтырып, айқындай түседі, мінездеу үшін маңызды рөл атқарады. Осыған байланысты портреттік, психологиялық, сөйлесудегі мінездеу деген топтарға жіктеледі

14) Аңыз әңгімелер — халық ауыз әдебиетінің жанры. Оқиғасы шындық өмірден алынғанымен, ауызша айтылып таралғандықтан, фольклорлық сапалармен толыққан көркем шығарма

Білемін Білдім Білгім келеді
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Білемін Білдім Білгім келеді
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Білемін Білдім Білгім келеді
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бағалау парағы

Бағаланатын топтың аты: _________________________________

Бағалаушының аты-жөні:__________________________________

 

Жұмыстың түрі Жетістіктері (+) Кемшіліктері (-)
Таныстыру  

 

Топтық жұмысты орындауы  

 

«Топтастыру» стратегиясы  

 

«БББ» кестесі  

 

Уақытты тиімді қолдану  

 

Ұйымшылдық  

 

Топ ережесіне бағыну  

 

 

Бағалау парағы

Бағаланатын топтың аты: _________________________________

Бағалаушының аты-жөні:__________________________________

 

Жұмыстың түрі Жетістіктері (+) Кемшіліктері (-)
Таныстыру  

 

Топтық жұмысты орындауы  

 

«Топтастыру» стратегиясы  

 

«БББ» кестесі  

 

Уақытты тиімді қолдану  

 

Ұйымшылдық  

 

Топ ережесіне бағыну  

 

 

 Шыңырау — Қазақстанның шөлейт және шөл аймақтарыңда ауыз су және мал суаратын су алу үшін қазылатын өте терең құдық. Бұрын көшпенді қазақтар жиі пайдаланған. Шыңырау құдық жер бетінен бастап 15-20 метр тереңдіктегі құдық. Шыңыраудан су шығару үшін доңғалақ шығыр орнатылады. Ал су тартатын кең ыдыс «қауға» көбінесе түйенің мойнағынан (мойын терісінен) жасайды. Оған шамасы бір тоннадай су сияды. Кейде түйенің, жылқының, сиырдың тұтас терілерінен жасалған қауғаларға одан да мол су сияды. Шығыр арқылы тартылатын қауғаны түйемен тартып шығарып бортастан ойылып жасалған үлкен астауға аударатын болған.

Әбіш Кекілбаев. «Шыңырау». Қазақстан халық жазушысы Ә.Кекілбаевтың  «Шыңырау» повесі – Маңғыстаудағы әйгілі құдықшылар өмірінен жазылған шығармасы.Повесть 1982 жылы жарыққа шықты.Жазушы Маңғыстаудағы құдықтардың тереңдігіне байланысты түрліше аталатынына тоқталған: «Ұйқыдағы арудың оянуы» еңбегінде екі құлаштан асқанды құдық,ал бес құлаштан асқан құдықтарды шыңырау дейді.Құдық суын қолдап, ал шыңырау суын тек шығырмен ғана тартатынын ескерген. Повестке басты негіз болған-ел  аузындағы «Ақотты нар» аңызы. Қашаннан халқымыздың материалдық игілік көзі – тіршілік тұтқасы – су көздері болған. Шөл даладағы бірден-бір су көзі құдық, құдықшылық кәсіпке байланысты жазылған «Шыңырау» повесіне арқау болған аңыздар және «Аңыздың ақыры» романдағы кейбір аңыз ел аузынан жиналып, көркемдік шешімі тұрғысынан сөз етілген. Аңыздың бірнеше нұсқасы ел аузынан жиналып,екшеле салыстырылып, жазушының көркемдік шешімімен қорытылған. «Шыңырау» повесіндегі құдықшы Еңсептің тағдыры аса қайғылы. Бұл-өзінің тауқыметке толы қысқа ғұмыры ішінде жапан түзде талай құдық қазған, талайдың мейірін қандырған, өзіне осыншалық бейнет пен зейнет болған осыншама қауіп-қатерге толы еңбегіне ерекше қадыр-қасиетпен қараған адамның тарихы. Бірақ ол заманда Еңсеп секілді адамдардың еңбегіне көбіне еш болатын, ақыры ол да өз өмірінің ішіндегі ең терең шыңырауды қазып жүріп қазаға ұшырайды.

04.04.17. Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында  Әбіш Кекілбаевтың «Шыңырау» повесі бойынша  көркем фильмнің түсірілімі басталды. Фильм Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша түсірілуде. Бұл туралы «Қазақфильмнің» баспасөз қызметі хабарлады. Фильмнің сценарий авторы және режиссері – Жаңабек Жетіруов. Түсірілімнің  барлығы дерлік Маңғыстау облысында өтеді.  Фильмде  Қарақия ойысы, Үстірт шоқысы және Каспий теңізі көрініс табады. Түсірілімдер үшін Форт-Шевченко қаласына жақын жердегі Қанға ауылында декорация тұрғызылып, елдімекен фактураланды. Басты рөлдерге Асылхан Төлепов пен Алдабек Шалбаев бекітілген. Сондай-ақ фильмде Мұхамеджан Мырзакиев, Дәулет Әбіш, Қанатбек Құрымбаев, Мақсат Сәбитов, Азамат Шарғын, Зухра Сайпи және басқалар бар.
– Көптеген отандық кинематографистер ұлы Әбіш Кекілбаевтың повесі бойынша фильм қоюды және экрандауды армандады. Алайда әлі күнге дейін повесть экран тілінде сөйлеген емес. Мен бұл тақырыпта фильм түсірем деп жүргелі көп болды. Сценарийді төрт жыл бұрын жазып, түзетулерді күні бүгінде дейін енгізіп отырдым.
Қазір менің бар қалауым – Әбіш Кекілбаевтың повесі деңгейіндегі фильм түсіру. Біз локация мен натура таңдау бойынша көп жұмыс атқардық. Барлық актерлерді бекіттік. Бір-екі күнде Маңғыстау облысына түсірілімдерді бастауға жолға шығамыз, –  деді фильмнің сценарий авторы және режиссері Жаңабек Жетіруов Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ –ның сарапшылар кеңесі отырысында. Фильм ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ жасалған.    Фильмнің продюсері  – Ертай Рахманбердиев, Фильмнің қысқаша мазмұнына шолу жасасақ, былай: Фильм жиырмасыншы ғасырдың басындағы қазақ қоғамында қалыптасқан әлеуметтік проблемаларды қозғайды. Жартылай отырықшы және көшпелі тұрмыс кешетін қазақтардың арасын жалғастырып жүрген басты кейіпкер Еңсеп шыңыраудан құдық қазып, Үстіртте аты шығады. Еңсеп бай, ауқатты адамдардың құдығын қазып, кедей кепшіктердің тапсырыстарына ат үсті қарайды. Осы тәкаппарлығы өзіне кесір болып, ол ақыры жұмыссыз қалады. Ауылға Бұхара жақтан көшіп келген қалпақ деген біреу, Еңсептің орнын басып, Үстіртте ең терең құдық қазады. Бұл Еңсептің қызғанышын оятады. Ол одан да терең құдық қазам деп, ақыры бәсеке түбіне жетеді.

 

 

 

Бейнеубай Құлшарұлы 1864 жылы Маңғыстауда, Бейнеу құдығы басында туып, 1941 жылы Иран елінде қайтыс болған. Бейнеу құдығын кезінде Бекет-Атамен тұстас, пікірлес болған қараш Қарақұл қазғанын, Атаның Бейнеудегі жерасты мешітін де осы Қарақұлдың өзі бас болып балалары салысқанын үлкендер айтып кеткен. Қарақұл Бейнеубайдың үшінші атасы. Бейнеубайдың үш баласы – Іңірбай, Әлпейіс, Арқарбай да ата жолын қуып, құдықшылықты кәсіп етті. Олардың Үстірт дөңіндегі, Түркменстан жеріндегі қазған құдықтарын ел әлі күнге дейін пайдаланып келеді. Бейнеубайдың ортаншы ұлы Әлпейіс 1940 жылы колхоз малын суару үшін құдық аршып жатқан кезінде, құдық түбіне басмашылардың қыл-қыбыр, қи тастап, көзін бітеп кетуінен жиналған улы газ кеудесін қауып, қаза тапқан. Бейнеубай Үстірт үстінде, Маңғыстаудың ойы мен қазіргі Атырау, Ақтөбе облыстары аумағында да көптеген құдықтар қазған, жерасты суларының ағысын дәл таба білетін дала инженері атанған адам. Бұл кісінің осындай қасиеттері жөнінде кезінде Ғ.Айдаров, С.Шалабаев, Е.Өмірбаев сияқты жерлес ғалымдарымыз да зерттеп, еңбектерінде жазып кетті. Маңғыстау құдықтары жөнінде бертінде марқұм Серібол Қондыбаев та этнографиялық зерттеу еңбектер жазып қалдырды. Әбіш ағамыздың «Шыңырау» повесі 1980 жылы жазушы Г.Бельгердің аудармасымен неміс тіліне аударылды. Осы неміс тіліндегі нұсқасынан кейін ағылшын, француз тілдеріне, басқа да көптеген елдердің тілдеріне аударылған. Бұл шығарманың құндылығы сонда – әлем халықтары, әсіресе суы мол Еуропа елдерінің жұртшылығы шөл далада жеті қат жерастынан су көздерін тауып, тіршілік нәріне айналдырып отырған өр халық бар екенін, құдық қазу ісін атадан балаға жалғастырып келе жатқан құдықшы деген кәсіп иелерін, олардың жанкешті еңбегін алғаш рет осы «Шыңырау» повесі арқылы білгенін жазды.

Бабық руының ғұламасы Таймас ишанның шәкірті болған. Қай жерде су шығатынын білген керемет құдықшы, талай елдің шөлін қандырып, сауабын алған ерекше қабілетті, көріпкел адам болыпты. Маңғыстау ойы, Үстірт үстіндегі мол сулы жиырымға жуық құдықтардың қазушысы. Оның революциядан бұрынғы «Қараш қазған» аталған құдығы әлі бар.