Қайролдаева Анар Нұрғалиқызы

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы,

Алматы облысы бойынша педагог

қызметкерлердің біліктілігін арттыру

институтының аға оқытушысы

 

«Рухани жаңғыру: болашаққа бастар жол»

 

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты халықтан қызу қолдау тапқан кешегі тұғырнамасын ширек ғасырды артқа тастаған Тәуелсіз Қазақстанның жаһандану дәуіріндегі рухани кеңістігіміздің жаңа бастауы деп бағалауымыз керек. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бұл мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін киелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр. Онда ел Президенті Қазақстан үшін қайта түлеудің айырықша маңызды екі үдерісі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға ала отырып, Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынын және бұқаралық сананы қалай өзгертетіні жөнінде алысты болжайтын көзқарастарымен бөліседі.

Білім беруді жаңғырту үрдісін мектеп жасына дейінгі кезеңнен бастаған қажет, өйткені бұл кезеңде тұлғаның қалыптасу негізі қаланады. Қазақстандағы көптілді білім беру моделі, үш тілді – қазақ, орыс, ағылшын тілдерін қарқынды түрде меңгерту, әр білім алушының мектеп жасына дейінгі кезеңнен бастап, ел дамуының игілігі үшін бойындағы тұлғалық қабілеттерін толық ашуға бағытталған.

Бүгінгі күн бәсекелестікпен жоғары технологияның, ғылым мен – білімнің заманы. Біздің балабақша педагогтар қауымы тәрбиелі де білімді жаңа инновациялық технологияны меңгерген, заман ағымына қарай білім беру саласында технологияларды өздерінің іс – әрекетінде, тәжірибелерінде кеңіннен қолдануда.

Атап айтқанда:

  • Ойын технологиясы
  • ӨТШТ технологиясы
  • Денсаулық сақтау технологиясы
  • Монтессори технологиясы
  • Зайцев технологиясы
  • М. Монтесорри технологиясы
  • Дьенеш әдістемесі
  • Глен Доман әдістемесі

 

       Этнопедагогика.  Халық ертегілеріне педагогикалық-психологиялық тұрғыдан қарайтын болсақ мұның балаларға танымдық әсері жоғары.  Қазақ халық ертегілері мейірімділікке, адалдыққа, әділеттікке, еңбек сүйгіштікке, тазалыққа, достыққа, әдептілікке үйретеді. Жамандықтан, қулықтан, өтіріктен, зұлымдықтан аулақ болуға тәрбиелейді.

Отансүйгіштікке тәрбиелеуде қойылған міндеттерді шешу мақсатында топта заттық -дамытушы орта білім беру салаларын кіріктіру ұстанымдары ескеріліп құрылады.

Балалардың туған жеріне, еліне, әдет-ғұрпына, мәдениетіне деген білімдерін шығармашылық ойын және бейнелеу әрекеті барысында балалардың ортаға деген белсенді қарым-қатынасының көрінуіне жағдай жасалады;

    Елбасымыздың мақаласында  атап көрсетілгендей, қазіргі жастар өздеріне үлгі тұтар тұлғалардан өнеге ала білуі керек.    Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек.

Қазіргі педагог қоғамдағы тез өзгеріп тұратын педагогикалық ғылыми өзгерістерге тез төселгіш, жаңаша ойлау жүйесін меңгерген, жеке шығармашылық кәсіби түрде тәрбиеленуші балалармен  тез ортақ тіл таба алатын, педагогикалық үрдісте жүйелі бағыттармен жұмыс істей алатын болу керек.

Осыған байланысты педагогикалық технологияларды пайдалану негізінде оқу-тәрбиесі  жұмысында осы бағыттың қолданылуын сапалы білім беру бойынша жұмыстар жүргізу. Сондай-ақ, бала дамуының құзіреттілігіне үнемі бақылау, яғни бала білімінің құзіреттілігіне диагностика жасау сияқты бірқатар жұмыстар жүргізіліп отырады.

Біз, білім беру азаматтың ортақ мүддесіне арналған дәуірде өмір сүрудеміз. Бір жерде жаңалық ашылса, басқа жерде оны тез үйреніп үлгеруде. Біздің міндетіміз барлық жаңалықтар мен дамуларды назарға ала отырып, одан да жақсысын, тиімдісін ұсыну. Барлық салада даму өте жедел жүзеге асуда. Ал дамудың негізі-балабақшадан басталуы тиіс.