«МӘҢГІЛІК ЕЛ», РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ҰҒЫМЫ – ПӘНДІ ОҚЫТУДАҒЫ БАСТЫ ПӘРМЕН

 

2018 жылдың 30 мамыры күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ  филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының» Жедел жоспарына сай «Мәңгілік Ел», рухани жаңғыру қағидаларын пәндік білім мазмұнымен кіріктіре оқыту» атты жалпы білім беретін орта мектептер мен лицей, гимназиялардың қазақ сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған облыстық интернет олимпиада өтті.  

Олимпиаданың мақсаты – «Мәңгілік Ел», рухани жаңғыру қағидалары аясында қазақ тілі мен әдебиетінің мәртебесін биіктету арқылы ұлттық рухты, жалпыадамзаттық ізгілік қасиеттер мен мәдени сананы көтеру, кәсіби шебер, талантты пән мұғалімдерінің шығармашылығын насихаттау.

Олимпиадаға облыстық Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын әл-Фараби атындағы арнаулы гимназиясы, Алакөл, Балқаш, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Қарасай, Қаратал, Кербұлақ, Көксу, Іле, Талғар, Райымбек аудандары мен Текелі қаласынан барлығы 79 өтінім келіп түсті. Алайда олимпиада тапсырмасын талапқа сай дер кезінде орындаған мұғалімдердің саны – 47.

 

 

 

Пәндік олимпиада  «Мәңгілік ел» қағидасын пән мазмұнына кіріктіре оқыту арқылы ұлттық кодты сақтаудың мәнін таныту; рухани жаңғыру жобасының аясында ұлттық рухты, ұлттық сана мен ұлттық құндылықтарды насихаттау; қазақ тілі мен әдебиеті пәні мамандарының кәсіби позитивті имиджін қалыптастыру, мадақтау және қолдау көрсету; педагогтердің шығармашылық әлеуетін көтеру секілді міндеттерді жүзеге асыруды қарастырды.

Интернет олимпиада облыста тұңғыш рет өткізілді. Кей жерлерде интернет желісінің олқылығына байланысты біраз жұмыстар Ережеде көрсетілген уақыттан кешігіп түскендіктен саралауға жіберілмеді. Олимпиадаға берілген 5 түрлі тапсырма 2 сағат (120 минут) уақыт ішінде орындалуы жоспарланды. Тапсырмалар мұғалім әлеуеті мен шығармашылық ізденістерін, оқырмандық сапасын зерделеуге бағытталды.

Олимпиадаға қатысушы барша педагог қауым бұл бастаманы жылы қабылдады, ризашылықтарын білдірді. Өздеріне түрлі ой түйгендіктерін, жаңа оқу жылында жаңаша жоспарлар құруға дайын екендіктерін білдірді. Біз де тәжірибемізді жаңа іс-шара сипатымен толықтырып, Олимпиада жұмысына талдау жасадық. Нәтижесінде, мұғалімдердің шығармашылығын ояту арқылы оқушылардың оқырмандық қызығушылықтарын арттыруға болатындығын; ойда жүрген идеяларды жарыққа шығаруға түрткі болу мүмкіндігіміздің артқандығын; «Мәңгілік Ел», «Рухани жаңғыру» ұғымдарын пәнге кіріктіріп оқытқанда, қуатты Қазақстандық жас ұрпақтың ұлттық мәдени кодын сақтау тетіктірінің пәрмені артатынына тағы бір мәрте көзімізді жеткіздік.

«Мәңгілік Ел», рухани жаңғыру қағидаларын пәндік білім мазмұнымен кіріктіре оқыту» атты облыстық интернет олимпиаданың әділқазылар алқасы келіп түскен жұмыстарды саралай келіп, төмендегідей қорытындыға келді:

 

І орын 

Сайын Аида Меңдібайқызы, Дарынды балаларға арналған үш тілде

оқытатын әл-Фараби атындағы арнаулы

гимназиясы

ІІ орын 

  1. Имангалиева Амангүл Екпинтаевна, Іле ауданы №44 ОМ
  2. Аханова Айгүл Альменовна, Алакөл ауданы Педагог М.Мыңбайұлы атындағы ОМ

ІІІ орын

  1. Калияева Кенжегүл Амиргазиновна, Алакөл ауданы №2 ОМ
  2. Хамитжанова Гүлжанат Далеловна, Текелі қаласы №4 ОМ
  3. Елшиманова Гулдана Нурдиновна, Дарынды балаларға арналған

үш тілде оқытатын әл-Фараби атындағы

арнаулы гимназиясы

Номинациялар:

Көшбасшы мұғалімСадиева Айнагуль Тезекбаевна, Алакөл ауданы

Достық ОМ

Үздік пән мұғаліміБайзахова Раушан Косшыгуловна, Жамбыл ауданы

Ә.Бейсеуов атындағы ОМ

Шебер мұғалімСманова Алия Қайранбайқызы, Дарынды балаларға

арналған үш тілде оқытатын әл-Фараби атындағы арнаулы

гимназиясы

Озық ойлы мұғалімАбирова Жұлдыз Дарханқызы, Кербұлақ ауданы

П.Дутов атындағы ОМ

Қазақ тілінің Ардагер мұғаліміРысбаева Роза, Балқаш ауданы

Ақдала  ОМ

Шығармашыл мұғалім – Абильбекова Замзагуль Кенжебековна,

Қарасай ауданы М.Мәметова ат.ОМ