Кабакова Айнагуль Уринбасарвна

Атырау облысы Жылыой ауданы № 17 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі

 

 

Күні: 14.12.2017

Сыныбы: 2

Мектеп: №17мектеп

Мұғалімнің аты-жөні: Кабакова.А.У

Қатысқандар саны:

 Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Қандай көлік түрлері бар?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 2.1.4.3 көлік түрлерін, олардың қажеттілігін ажырату

2.1.4.4 қоғамдық көліктегі өзін-өзі ұстау ережелерін түсіндіру

Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар: көліктердің түрлерімен танысады

Оқушылардың басым бөлігі: көліктің адамға пайдасы жайлы біледі

Кейбір оқушылар: көлік түрлерін ажыратады

Жетістік критерилері Көліктердің қызметін өмірмен байланыстырады
Тірек сөздер Көлік. Машина.
Құндылықтарды дарыту Жолда жүру ережесімен таныстыру
Пәнаралық байланыстар Сынып сағаты
Алдыңғы меңгерілген білім Менің ауылым. Менің қалам.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақта жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы Оқушыларды түгендеу. Сабаққа дайындықтарын қадағалау. Жағымды ахуал қалыптастыру

-Сәлем, саған алтын күн!
-Сәлем, саған көк аспан!
-Сәлем, саған жер ана!
-Сәлем, саған достарым!
-Сәлеметсіздер ме, қонақтар.

Шеңбер бойлап тұрады. Ауызша
Сабақтың ортасы Топқа бөлу

1. Әуеде ұшатын көліктер
2. Суда жүзетін көліктер
3. Жерде жүретін көліктер

Ойын:Саяхат.

Шарты:Көл ,су,тауға саяхатқа шығу. Суреттерді көру арқылы ,дауыстарын есту арқылы оқушы көлік түрлерін таңдап автобус,кеме,ұшаққа мініп саяхатқа шығады. (Жаңа сабақты ашады)

Видио:Көлік түрлері(оқушылар көріп отырып қайталайды)

Топтық жұмыс

Топ белгілері бойынша постер қорғау

1-топ: «әуе» көліктерін ажыратып, қандай мақсатқа қолданылатынын айтады. Көлік түрлерін 3 тілде атап өтеді.

2-топ: «жерде» қолданатын көлік түрлерін ажыратып, қандай мақсатқа қолданылатынын айтады. Көлік түрлерін 3 тілде атап өтеді.

3-топ: «су» көліктерін анықтап, қандай мақсатқа қолданылатынын айтады. Көлік түрлерін 3 тілде атап өтеді.
Әр топты постер қорғауы бойынша топтық бағалау

Пейзаж әдісі (Жұмбақтың жауабын сурет қылып салу)

Жоқ өзінде бас та , ауызда  да  , құлақ та ,Бақырайған  үш көзі  бар бірақ та.              (Бағдаршам)

Жұптық тапсырма автобуспен жүріп тұрудың тәртіп-ережелері туралы әңгімелейді.

  Автобусқа қалай кіру керек?

  Автобуста қалай ұстау керек?

  Автобустан қалай шығу керек?

Дәптермен жұмыс. 32-34 беттер. 1 тапсырма- суреттегі көліктерді 4 топқа жіктейді2 тапсырма- бос орынға болашақ көліктің суретін салады3 тапсырма- қозғалыс кезіндегі автобуста сақталатын ҚЕ.жайлы сурет салады.

Көліктерді таңдау арқылы

Жаңа тақырыпқа байланысты

Оқулықпен жұмыс

Топпен талқылайды

Сабақтың соңы «Ұранды ұшақ» әдісі (Әр топ бір-біріне ұшаққа сұрақ жазып ұшырады)қорытындылау

ҚБ тапсырмасы

Үй тапсырмасы. 40-42 беттерді оқу, Алматыдағы жаңа көлік- МЕТРО жайлы іздену.

Оқулық

Қосымша мәліметтер

Рефлекция

Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

 
Жалпы бағаСабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқу мен оқытуға байланысты)1.2.Сабақты жақсартуға ықпал ете алады (оқыту мен оқуға байланысты)1.2.Сабақ барысында сынып туралы немесе жекеленген оқушылардың жетістік/ қиындықтары