Атырау облысы,  Жылыой ауданы, Майкөмген елді мекені

 № 17 жалпы орта білім беретін мектептің

 бастауыш сынып мұғалімі

Кабакова Айнагуль Уринбасаровна

 

Пәннің аты:әдебиеттік оқу 5.03.2017
Сабақтың тақырыбы Түйе
Мақсаты Сабақ мақсаты: Оқушыларға төрт түлік және түйе туралы жан- жақты мағлұмат беру, ерекшеліктері, пайдасы туралы
түсінік қалыптастыру .
Оқытудың нәтижелері:
1 Оқушылар төрт түлік туралы мәлімет алады. Өлеңді мәнерлеп оқи алады, өз сөздермен мағынасын айта алады.
2. Бірін-бірі тыңдап әрі еркін сөйлеп үйренеді.
3. Шығармашылық қабілеттері артады.

Сабақтың түрі : аралас сабақ
Көрнекіліктер: интертақта ,
Әдіс –тәсілдер : «Дұрыс немесе бұрыс» оқыта үйрету әдісі, «Жарнама » оқыта үйрету әдісі

Күтілетін нәтиже
Психологиялық ахуал Шырылдайды қоңырау

Біз сабақты бастаймыз

Партамызға отырып

Табыс тілеп көзбенен

Жаңа білім алуға

Алға қадам бастаймыз

2) Топқа бөліну
— Балалар бүгін біз сабақта топпен жұмыс жасаймыз.

1-топ: Қошақан

2-топ: Ботақан

3-топ: Құлыншақ

4-топ Бұзауқан

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту

 

«Дұрыс немесе бұрыс» әдісі

Үй тапсырмасын тексеру . Сиыр туралы  сұрақтар қою

Тақтадан ертегі түрлеріне байланысты суреттер көрсету. Суреттер арқылы ертегі түрлерін ажырату

1-топ: Жан-жануарлар туралы ертегілерге қандай ертегілер жатады ?(Қасқыр мен түлкі, Аңқау арыстан )

2-топ: Қиял-ғажайып ертегілерге қандай ертегілер жатады ? (Ұр , тоқпақ, Шибұт , Қылмойын , Қарынбас )

3-топ: Шыншыл ертегілерге қандай ертегілер жатады ?(Сақина , Байлық пен ақыл )

Мағынаны тану

.Жаңа сабақ . Жұмбақ жасыру

 

 

 

 

 

 

Топтық жұмыс

 

 

 

 

 

 

 

Оқулықпен жұмыс

 

Иір –иір денесі,

Сахараның кемесі

Ащы шөптер-тамағы

Шөлге шыдып бағады         (Түйе)

Тыңдалым (Түйе туралы бейнеролик көрсету)

Күн ретін жазу .

2. Сұрақтарға жауап береді.

Түйенің  қандай пайдасы бар?
Түйенің  пірі қалай аталады?
Түйенің  төлі қалай аталады?

 
— Түйенің    пайдасы туралы постерге түсіру

1 –топ: «Қошақан» Түйе туралы жұмбақ құрастыру
2 –топ: «Ботақан » Түйе суретін құрастыру
3 – топ: «Құлыншақ » 5 жолды өлң құрастыру

4 – топ: «Бұзауқан » Түйе өнімдерін топтастыру

 

1 тапсырма
— мақал-мәтел оқу, мағынасын ашу.
2 тапсырма
— өлеңді оқу, оқыту, тізбектеп оқу, ырғақпен оқу, тауып оқу.

Сергіту сәті

Дәптермен жұмыс

 

Жарнама әдісі

«Әже» әнін айту

Сөздік жұмысты жазу

 

v  Әр топ өзіне берілген заттарды ақылдаса отырып,жарнамалайды.

v  1-топ:Шұбат .

v  2-топ:Құрт.

v  3-топ:Түйе жүнінен тоқылған орамал.

v  4 –топ  Жастық.

 

Үйге тапсырма «Түйе» жырды жаттау.
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Кері байланыс
Қосымша мәліметтер
Рефлекция

Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқу мен оқытуға байланысты)1.2.Сабақты жақсартуға ықпал ете алады (оқыту мен оқуға байланысты)1.2.Сабақ барысында сынып туралы немесе жекеленген оқушылардың жетістік/ қиындықтары

 

 

 

\