Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Шығыс Қазақстан облысының білім беру басқармасы

Еуразия Дизайнерлер одағының жетекшісі

«№4 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ

 Ақпараттық-комуникациялық технология бойынша

интерактивті оқыту негізінде білім алушылардың

оқыту қабілеттерін дамыту.

 Авторы: Абдикаримов Манас Төлеубекұлы,

«Бейнелеу өнері, сызу және технология» пән бірлестігінің мұғалімі,

 Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі.

Еуразия Дизайнерлер одағының мүшесі, Семей өңірлік Еуразия Дизайнерлер одағының жетекшісі.

Ғылыми  жетекшісі:  Е.С.Асылханов, Ресей Ұлттық Дизайн Академиясының академигі, Педагогик ғылымдарының докторы, Өнер профессоры,ҚР СО және ҚР Дизайнерлер одағының мүшесі, Астана қаласы Еуразия Дизайнерлер одағының төрағасы .

Ғылыми кеңесшісі: Каримов М.К. Семей мемлекеттік Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің аға оқытушысы,тарих ғылымдарының кандидаты, профессор.

                                       Семей 2018 жыл.

Атса-дағы өмірдің құла таңы,

Мақсатпенен биікке шығартады.

Менің айқын өмірімнің бір белесі ,

Мұғалімдік — мамандықтың шырағданы!

Шәкіртке білім төгу бар мақсатым,

Ұстаздықтың шығару ғой жақсы атын.

Бейнелеу мен технология әдістерін

Бала кезден қызығып мен таңдадым.

Насихаттап кәсібімнің дәулетін мың,

Архитектура , құрылыс , сәулетінің.

Мақтанышпен айта аламын ұрпағымын

Мұғалімдер династия әулетінің.

¥стаз болу тағылымның түйіні,

¥стаз болу-барлық істің жиыны.

Әр баланың көңілін тауып ,сыр ұғар

¥стаз болу қиындардың қиыны.

Шәкіртім-ұстазының шырағы шын.

Арнайтын бойындағы бұла күшін.

Үздіктер ұстаздардың сайысына,

Келдім мен білігімді шыңдау үшін.

 

Зерттеу жұмысының мақсаты: өз  мәдениетімізді, салт-дәстүрімізді, рухани  сән-салтанатымызды,  ырым-наным, әдет-ғұрып,  тұрмыс-тіршілік   болмысымызды  қайта  жандандырып,  қазақ қолөнері кайтадан ел арасына, білім ордасына бірте-бірте тамаша үлгілерімен еніп, оқушыларға жан-жақты білім мен тәрбие беруге, жаңаша еңбек етуге талпындыру негізгі мақсатым болып табылады.

 

Зерттеу жұмысының міндеті:

1.Ақпараттық-комуникациялық технология  материалдармен   жұмыс   шәкірттердің   ой-өрісін   дамытуға, әсемдікке , дене бітімінің сымбатты болып өсуіне психологиялық дамуына және отаншылдық рухқа баулуда үлкен әсерін тигізу.

  1. Ақпараттық-комуникациялық технология материалдарының түрлері өте көп, оны пайдаланып өңдеу, оқушылардың жұмыс барысында өз білімдерін кеңейту.

3.Болашақ ұрпақтың сана-сезімін, ұлттық психологиясын, оны ерте замандағы ата-бабалар салт-дәстүрімен сабақтастыра тәрбиелеу қазіргі күннің ең өзекті мәселесі екендігін өмірдің өзі көрсетіп отыру.

 

Зерттеу жұмысының көкейкестілігі:

Қай  халықтың  болмасын  ұлттық  мұрасы,  халықтың  қазынасы-қолөнері болып  табылған.Халық  шеберлері  ұлттық   қолөнер   бұйымдарын  жасау арқылы  сол  халықтың  эстетикалық  және  мәдени  ұлттық  дәстүрін   көрсете білген.Зерттеліп  отырған  жұмыста  халқымыздың, әсіресе Шығыс өңірі  қолөнерінің   бір  ғана қырын  ала  отырып,  қазақ  қолөнерінің  ұлттық  ерекшелігімен   сол қолөнердің  заман  ағымымен   дамып   келе  жатқандығы  негізгі  арқау болған.Әрине бұл халықтық педагогика негізі болып табылады. Қайта жаңғырып, жастар тәрбиесіне арқау болып отырған халықтық педагогика-бұл кезде педагогтар қауымына ғана емес, бүкіл қауымға ортақ әлеуметтік қозғалыс.Халықтық педагогика кешегі ойшылдар мен сал-серілерден, шешен-билерден, ақын-жыраулардан , өнер майталмандары мен шеберлерінен  мирас болып қалған құнды тәрбие құралы.Ұлттық педагогика жаңалық емес, ол ежелден халықпен бірге өмір сүріп келе жатқан тәлім-тәрбие мектебі.Руханият- адам  өміріндегі  ең керекті  қазына  көзі.Ұлттық педагогиканы насихаттауга қай пәннің болса да ыңғайы мен мүмкіншіліктері мол.Сонымен технология сабақтарында қолөнерге үйрету арқылы тәлім-тәрбиені оқу-тәрбие процесіне арқау ету қажеттігін күн тәртібі туындатты.ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады.«Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа сапалы, ұлттық қолөнер негізінде білім беру мен оқытудың жаңа технологияларын меңгерту-бүгінгі күннің басты талабы.Ұстаздық жолды ұстанған тұлға үшін педагогикалық шеберлікті жетілдіру негізгі мақсат болып саналады.Өйткені, мұғалімнің шеберлігі шәкіртті қалай, қалайша оқыту үшін оның психологиясын білу;екінші жағынан, оқытып-тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін, жолдарын терең білу және оны қолдана білу мен астасып жатыр.Тәжірибеде осы талаптарға сай мұғалімдер шеберлігі қалыптасып жетіледі.Ұлттық қолөнер негізінде білім беруді ұйымдастыру технологиясы мен оның сапасының жаңа деңгейге көтерілуі-бұл қоғамда кеңінен талқыланып шешілетін саяси және жалпы ұлттық міндет болып табылады.Олай болса адамзат өміріне зияландыру, жеке тұлғаның кәсіби біліктілігін кеңейту болашақ маманның шығармашылық іс-әрекеті мен ұлттық қолөнерді меңгеруіне көңіл бөлу керек.Ал ұлттық қолөнеріміздің дамуы біздің әр саладағы қызметімізбен қалыптасқан тұрмыс-салтымызға өзгеріс әкелетіні табиғи нәрсе.Шәкірттің ақыл-ой  қасиеттерін дамыту-оқытудың негізгі  міндеттерінің бірі.

Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы айтқандай «кез келген адам, кез келген маман иесі тіпті еден жуушы болсын өз ісінің нағыз шебері, маманы болулары тиіс және әркім қолынан келген істі жақсы атқаратын болсаңдар алдағы мақсаттарыңа жетесіңдер» [1] деген. Президентіміз Қазақстанның болашағы жастардың қолында екендігін айта келіп, сенімін білдірген болатын. Елбасымыз тағы бір сөзінде «қандай жақсы оқытушы болмасын, егер оқушы, студент өзі талпынбаса одан түк те шықпайды» [1]деген еді. Осындай бізге үміт артып отырған Елбасымыз бен еліміздің үмітін ақтау біздің міндетіміз.Өнерлі де өнегелі ұстаздардан үлгі алып, соны жалғастыру, одан әрі дамыту, биік рухты болып, ел мен жерді, тәуелсіздікті қадірлей біліп, әркім қолынан келгенше үлесін қосатын болса дамыған елу елдің қатарына енеріміз қақ!

ҚР Білім беру концепциясында алға қойылған маңызды міндет: жылдам өзгеріп жатқан ақпараттар кеңістігінде, жаңа білім түрлерінің пайда болу процесі жеделдеп, жаңа кәсіби мамандықтарға, біліктілікті арттыруға деген бейімдеу, оған даярлау.Бұл міндеттерді шешуде қазіргі адамның ақпараттық-коммуникациялық технологияларды игеруі негізгі рөл атқаратын мәселе. Ақпараттық құрылғыларды:интерактивтік тақталар, мультимедиялық кабинеттер, интернет желісі т.с.с.жетік меңгеру мен оларды тиімді пайдалануды әрбір педагог қызметкер меңгермейінше, нәтижеге жетісу мүмкін емес.

Бұл мәселелерді шешу  ұстаздардың ең жаңа ғылым жетістіктерін, озат тәжірибелерді шығармашылықпен пайдалана білуіне, ұжымның өзара қарым-қатынасына, оқушылар мен ұстаздардың оқу және тәрбие беру ісіндегі белсенділігіне тікелей байланысты.Өзгерістер енгізу-қазіргі жағдайда оңай шаруа емес.Ал өзгеріссіз тағы қиын.Қозғалыс болмаса-оқушы білімі дамымайды. Бұл жаңа экономикалық жағдайларда оқушыны жоғалту, жергілікті қауым арасында беделден айрылу деген сөз.Білім беру процесіне,заманауи технологияларды кеңінен енгізу, қашықтықтан оқытуды жүзеге асыру, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді пайдалану, саланы жаппай компьютерлендіру арқылы ғана жүзеге аспақ.Бүгінгі білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеру жолында, білім беру мекемелерін компьютерсіз елестету мүмкін емес. Оқу, педагогика, қызмет көрсету мен басқару саласына АКТ-ны белсенді түрде қолданысқа ендіру ісі ғана біріңғай ақпараттық білім беру ортасын жасауға жол ашады.Бұл өз кезегінде білім беру сапасын арттырып, оған қолжеткізілімді жақсарта түспек және оқушылардың әлеуметтендірілуін қамтамасыз етпек.Бұл технология жаңа және күрделі обьект, бірақ оның есесіне оқытудың ыңғайлы құралы, оңтайлы әдісі мен жолы болып табылады.Бұл жол оқытудың дәстүрлі формалары мен әдістерін өзгертпейді.Оларды тек толықтырады. Жүзеге асыру мүмкіндіктерін кеңейте түседі.Бүгінгі күні ақпараттар   ағымы өте көп.Бірақ оны келешек ұрпаққа талдап, сұрыптап, жүйелі түрде жеткізе білетін ұстаздар жоқ.Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез-келген ұстаз өз ойын жүйелі түрде жеткізе алатындай болуы қажет. Яғни, коммуникативті және ақпараттық мәдениеттері дамыған ұстаз болуы тиіс. Интерактивті тақтамен және оның мүмкіндіктерімен таныс және онлайн режимінде жұмыс жасау әдістерін меңгерген ұстаз болуы керек.

Қорыта айтқанда бүгінгі ұстаздар кәсіби қызметтеріне ақпараттық –коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін пайдаланып, ақпараттық білім, коммуникациялық қызметтерді пайдалану дағдысы қалыптасқан, білім беру үрдісінің ерекшеліктерін ескере отырып, электрондық білім беру ресурстарын қолдану және оларды пәндерді оқыту теориясына, халықтың рухани байлығына  сәйкес бейімдеп пайдалану қажет.

Жалпы адам баласында рухани және материалды байлық деген бар. Соның ішінде адамды адам етіп, ұлтты ұлт ететін – рухани байлық. Рухани байлықтың қайнар көзі-өнерде.Соның ішінде тоқталып өтетініміз бұл-бейнелеу өнері. Бейнелеу өнерінің адамға сыйлар рухани байлығы ұлан-ғайыр.Аталарымыз сонау ерте заманды айтпағанда киіз үй мен ер-тұрман, зергерлік бұйымдардың неше түрін ойлап тауып, соларды әшекейлеуі, аналарымыздың  кезінде киім-кешек, үйдің іші-сыртын безендіруге керемет-керемет оюлар ойлап тауып, қолдануы тіптен керемет.

Қазақ халқының дәстүрлерінің рухани тамырлары, ілкі негіздері сақ, ғұн, түркі мәдениетінде жатқандығын қазіргі таңда зерттеушілеріміз ғылыми тұрғыда дәлелдеп, тұжырымдай түсуде.Өткенді зерделемей бүгінгіні жүзеге асыру, алға қадам басуымыз мүмкін емес екендігі белгілі. «Іздену, ұғыну, өткенге құрметпен қарау-бұл халықтың іштей түлеп, өзін-өзі тану жолына түсуі, өркениетті қоғамдағы озық халықтардың қатарына терезесі тең қатар қосылуы»,-дейді көрнекті философ А.Х. Қасымжанов.Егемендікпен бірге еңсеміз көтеріліп,  санамыз өсіп, ежелден өркениет жасаған, мемлекет құрған ел екенімізді сезіне бастадық.Сондықтан да, өткен тарихымызға үлкен құрметпен қарау және оны танып білуге деген құштарлық, рухани мұраларымыздың негізін айқындау, ұрпақтар арасындағы мәдени-тарихи сабақтастықты жаңғырту, өркениетті мемлекет құру қазіргі тарихи кезеңдегі қоғам қажеттілігі болып отыр.Сол себепті  ақпараттық-комуникациялық технологияны қолдана отырып, қолдан келгенше тарих қойнауына үңіле отырып, өнерді бүгінгі күнге еш бүкпесіз жеткізген ата-әжелерімізге,кәзіргі таңдағы өнер майталмандарына, өнер адамдарына деген құрметті арттыру, халыққа таныстыру барысында біршама жұмыстар атқарылуда. Ерте кезден бастап ата-аналарымыз осы бейнелеу өнеріне өте жақын, сонымен бірге біте қайнасып келе жатыр десек артық айтпаспыз.Осы ата-бабаларымыздың ер-тұрманына, сырмағы мен текеметіне, сандығы мен кебежесіне қарап өнердің нағыз өресі болғанын білеміз.Міне, осыдан қарап-ақ қазақтың, қазақ даласының өнерге тұнып тұрғанын көреміз, қазақтың әрбір тасында сурет, тауында құдірет бар екенін байқайсың.Қазіргі кезде де осы ата-баба жолын жалғастырып, дамытып, өнердің өресіне шықсам екен деп ұмтылып жүрген өнер майталмандары баршылық.Әлі де сондай жас таланттардың ұрпақтан-ұрпаққа өнерді жалғастырарына сөз жоқ сенеміз. Бейнелеу өнерінің құдіреті туралы айтар болсақ адам ойының қанаты, жігер мен қайрат берер оты, адам жанының тазалығы осында.Сонымен қатар бейнелеу, сызу өнері қай салада болсын жаңалық ашып, соны жетілдіруге көмектеседі. Өйткені адам ойлаған ойын, қиялынан туған бейнені немесе көрген затын бірінші қағаз бетіне түсіріп содан кейін жүзеге асырады емес пе?Бейнелеу өнері жалпы білім ордаларында оқушыға тек эстетикалық тәрбие беріп қана қоймай, сонымен қатар, дүниетанымын, кеңістік қиялын, ой-өрісін тағы басқа көптеген жақсы қабілеттерін дамытуды көздеп, мақсат тұтады.Сондықтан да педагогика ғылымдарының негізін салушылар И.Г. Пестолоцци, Ж.Ж. Руссо, А.Байтұрсынов, Я.А. Коменскийлердің өз еңбектерінде, баспаларда бейнелеу өнерінің баланы жан-жақты дамытуда, тәрбиелеуде, білім беруде улкен рөлі бар екендігін ғылыми дәлелдеп жазып, жалпы білім беретін мектептерге пән ретінде енуіне себепші болды.Яғни бейнелеу әдістемесі педагогика ғылымы,психология, эстетика және өнертану негіздерін басшылыққа ала отырып дамиды. Бейнелеу өнері-дүниені көзбен көріп, түйсіну негізінде бейнелейтін пластикалық өнердің бір саласы.Бейнелеу өнеріне негізінен кескіндеме мүсін, графика жатады. Бейнелеу өнерінің белгілері архитектура, безендіру және қолданбалы өнерде көрініс табуы мүмкін.Ол бейнелеу өнеріне оқытудың жаңа ереже заңдылықтарын жасайды, жинақтайды, ұсынады.Бұл әдістемені бейнелеу өнерін оқытудың ғылыми әдістемесі деп алуымызға болады.Педагогикалық жұмыстағы әдістемелік өсу, педагогикалық іскерлік дағдыларын меңгеру мұғалімнен белгілі бір қабілеттілікті және бейімділікті талап етеді, өйткені ол қйын да, күрделі және аса жауапты педагогикалық өнер.Бұл білім мен табиғат заңдылығы  іспетті.Міне осы заңдылықтар мен бойыма сінген рухани мағлұматтар  жинала келіп маған бір ой салды.Неге мен осы жергілікті өнер компаненттерімен жұмыс жасамасқа, өнер майталмандарымен әдістемеліктерді ұштастырмасқа….Ақыры осы ойымды үш кезеңге бөлдім. Біріншісі: кәзіргі таңдағы өнер шеберлерінің мәліметтерімен байланыстырдым. Ондағы ойым өнер шеберлерін халыққа таныстыру, өнер адамдарын құрметтеуге шақыру, олардың әдіс-тәсілдерімен білім алушыларды сусындату, кәзіргі таңдағы өнердің хал-ахуалын зерттеу, болашаққа мирас етіп жеткізу.Заманауи технологияны пайдалана отырып, болашақ тәрбиесіне үлес қосу, дарынды балалардың ұшталуына септігімді тигізсем бе деген ой.Тағы бір айта кетер ойым бар.кәзіргі таңда өнер саласы жақсы қолға алынып келеді,өнерлі адамдар көп-ақ, бірақ сол өнерлі адамдардың ішінде де, өнерлісі бар ғой.Осы сауалнама арқылы өнерлі адамдарды жарыққа шығарып, орталық ұйымдастырып, ал әлі де болса пісе қоймаған шеберлерді осы өнерадамдарының жұмыстарымен таныстыра отырып, жетспеген жерлерін жетістіріп, білім аясында толықтырса деп те ойлаймын.Қазіргі таңда Семей өңірлік Еуразия Дизайнерлері одағының жетекшісі болғандықтан мен осы жағдаяттың куәсі болып жүрмін.Яғни, бізде саны жағынан да, сапасы жағынан да өнер өрлемекші.Өнері өрге басқан елдің тәрбиесі озық, бесігі түзу болмақ…

 

Ал, екінші бөлімге келсек, бізге өнердің түрін де жеткізген, халыққа, қоғамға қызмет қылған да осы өнер адамдары емеспе.Егер, бұрынғы ата-әжелеріміз болмаса, тәрбие көзі қайдан келмек. Ұрпақтан-ұрпаққа мирас қылған, қала берді дамытып, бізге жеткізген осы өткен өнер адамдары емеспе.Оларға көрсетер бір ризашылығым, айтар рахметім осы болсын деп екінші бөлімді қостым.Бұл бөлімнің де бізге берері көп, айтары да көп.Атам қазақ айтқандай:«Өткенсіз өмір жоқ», біз болашағымызды өткенге қарап отырып болжай аламыз. Іне осы таңдағы өнер методикасын өз ортамыздан да алып, өз ортамызға енгізе алатындығымызда.Білім саласында Әбу Насыр Әл-Фараби айтқандай «Білім еңбексіз ешқандай жемісін бермейді.» Біз интернетке тесілмей өз ортамыздағы өнер адамдарын сабақтарымызға кірістіре аламыз.Олардан бейнероликтер жасап, электронды кітаптар сомдап, коммуникациялық түрде жүзеге асыра аламыз.Мен осы арманымды осы одақ мүшесі болғаннан бері әрбір өнер адамдарының өнеріне, методологиясына, техникасына тоқталып зерделеп келе жатырмы.

Үшінші бөлімге келер болсақ, кәзіргі кезде кейбір әріптестеріміз глоссарий түрін сабақ барысына не енгізбейді, не енгізседе кей сөздерді қате, не болмаса өзі түсініп болмайды. Сондықтан, мен барынша қазақ сөзінің, қазақшаға енген терминдік түрін жинауға кірістім.Ондағы себебім , ортақ сөз қорын толықтыру.Ел басы айтқандай:«Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ.» мақсатын тәрбиенің көзі ретінде алып, осы мақсатты жүзеге асыруға тырысып келемін.Қазіргі таңда толық бір кітапшаның нұсқасы бар.Шығаруға қол қысқа.

 

«Жас  ұстаздардың  сөздігі».

Жас ұстаздар мен жоғарғы курс тәлімгерлеріне арналған білім –тәрбиеге қатысты  көнерген,этимологиялық  сөздер  жиынтығынан үзінді.

Абажа  —  ас,тағам салуға арналған сандық.

Абдыра   —  киім-кешек салатын үлкен сандық.

Ағаш өңдеушілер – көшпелі мал шаруашылығымен немесе жартылай отырықшылдыққа ауысып,егіншілікке,қазақ қауымының күнделікеі тұрмысына қажетті ағаштан жасалатын сан алуан өндіретін бұйымдарына байланысты «үйші»,«ерші», «арбашы»,«ұста» деп  бөлінген.

Адалбақан  —  киім, т.б. үй мүліктерін ілуге арналған жиhаз. Адалбақан-қазақ киіз үйіндегі рәміздік мәні бар зат. Ең берік,әрі ұзын тіреуіш ретінде,киіз үйді тіккен кезде,оның өзекті бөлігі -шаңырақты қажетті биіктікке көтеріп тұруға арналған құрал ретінде, қала берді   киім,т.б. үй мүліктерін ілуге арналған жиhаз.Тұрғылықты аймағы  мен  істелу, қолдану жағдайына  байланысты әртүрлі пішінде, әртүрлі атауға ие болды.Затына аты сай,бұл атау «Адал»-таза,әділ,мығым,«Бақан»-тіреу,тірек деген мағанада қолданылады.Бұл атау түркі тілдес халықтардың фонетикалық ұғымдарында: қазақ, қарақалпақ, өзбек,қырғыз тілдерінде-«бақан»;тува,маңғол,якут тілдерінде-«бағана»; құмық тілінде-«багьана» деген сияқты ұғымдарды білдіреді.Бақанды салттық-дәстүрлерде де ұштастырамыз,ажырамас атрибуттарының бірі іспетті. Маңғолдарда-түтін шығатын тесіктің шеңберін тіреп тұратын тіреу-бағана қызметін атқарса;қазақта-сырық,тіреу,түндік ашуға,шаңырақты көтеруге, босану кезінде,үйлену салтында,құда қағу,бақан  салымдық, жастардың алты бақан ойын-сауығы,т.с.с ырым-салттарында, әйел затын жерлегенде,шала туған баланы  тымаққа салып іліп қою сиқты жайлар мен жөн-жоралғыларында қолданылса;қырым татарларында-қыз ұзату кезінде, қалыңдықты күйеудің үйіне аттандырғанда сырықты (сурук) екі атты той шымылдығын ұстап жүрген;маңғолдарда-әйел кенже баласына босанғанда бақан ұстап босанған,егер бала егіз болса бақанның бас жағын білдіртпей кесіп қойған.

Ақсарбас-адам бір қауіп-қатерге ұшырағанда,ауырғанда,пәле-жаладан құтылғанда,жаны қысылып,бір ажалдан аман құтылғанда пенденің Раббысына көрсеткен құрметі,атымен атаған құдайысы.Осындай жағдайда адам 3 рет «Ақсарбас» деп қайталауы тиіс.Ақсарбастың үш түрі бар:«бозқасқа» — қой;«көкқасқа» — жылқы;«қызылқасқа» — сиыр  малын атаған.

Ақпақ – қой сүтінен жасалған тағам.Қой сүтін қанатып,ірітіп,сары суынан айырып,сары майға қосып,езіп әзірлеген.Дәмді,өте пайдалы тамақтың бір түрі.

Ақ түйенің қарны жарылды-жақын адамдары алыс немесе қатерлі сапардан оралғанда қуанғанынан,яғни шын көңілдің маңыздылығынан,ырым-тиымға,салт-дәстүрге сай,ақ түйені құрбандыққа шалып, қарнын жарған көрінеді, бірақ түйе құрбандыққа сирек шалынады.Бұл жайында Ш.Уалихановтың қолжазбалары мен әңгімелерінде көптеп кездеседі.

Ақ мәрмәр (грекше mramoros –жарқыраған) — түрлі тас жаныстарының ішінде скульптура үшін ең жақсысы болып табылады, ол антикалық скульптурада өте кең тараған. Адамзат  тарихының сан ғасырлары ішінде бұл тас өзіне лайықты бәсекелес тапқан  жоқ ,әрі өзінің  қасиеттері жағынан бірегей скультуралық материал.

 Арыздасу-бұл ғұрып ,тірі адамның соңғы сөзі,ақырғы тілдесуі.Өмірден өтіп бара жатқан адамның соңғы сағаттарында туған-туысқандарымен,бала-шағасымен соңғы рет тілдесіп, олармен қоштасуын айтамыз.Бұл ғұрыпты кей-кездері «бақұлдасу» деп атаған.

Асадал-тамақ пен ыдыс-аяқ салынатын жиhаз.Берік ағаштан істелініп, алтын,күміс,сүйек және зергерлік әшекейлерді қолданған.

Аса таяқ -дауысты аспап,өрнектерменкүміс-темірлермен,алқалармен безендірілген,тегіс бетті, ұстайтын сап-таяқшасы барашық және қатты дыбысы бар  музыкалық аспап.Бұл аспапты кейде бақсылар да қолданған,олар аспаптың дауысын күшейту үшін басына қоңыраулар бекіткен.Өткен ғасырларда бұл аспап біртіндеп ұмытыла бастағанда,асатаяқтың орнын қобыз алмастыра бастаған.

Асар-біреудің,бір жанұяның қолынан келмейтін күрделі жұмыстарды, мәселелерді атқару үшін бір ауылды,бір топты шақыратын салтты жиын.Бұл салт-ұжымдыққа, ұйымшылдыққа баулиды.

Айналмақ-өз басын басқа біреудің жолында құрбандыққа шалуға,үміті үзілген ақырғы амалы таусылған,қайғылы-қапалы адамның іс-әрекеті.Мысалға,анасы, не әкесі жалғызының жараланғанда, қатты науқастанғанда, беті бері қарамайтынын сезген сәтте, ардақтысын үш мәрте айналып, жаратқанға жалбарынып, «жалғызымның орнына өзімді ал, басымды  құрбандыққа шалдым» деп тілін кәлимаға келтірген.Осыдан болар, ана тіліміздегі «айналайын» деген сөздің түп тамыры амалсыздықтың шарасы «айналмақтан» шығып, қазақтың «адамды айналма» деген ырым-тиымы осы салттан қалса керек.

Айт —салт, исламның аса зор мерекесі, екі айттың түрі бар.Ол: ораза айты мен құрбан айты.Бізге ислам дінінмен келген,бірақ,араптар да ислам дініне дейін қалыптасқан.Ораза айты – отыз күн ораза өткеннен соң мерекелей-ді,«ораза» айын – «рамазан айы» деп те атайды.Әр мұсылман осы айда мешітке барып пітір садақасын осы айда береді.Мұхаммед Пайғамбар с.ғ.с. Алла тағаланың сөзін осы айда естіген.Осыдан кейін 70 күн өткеннен соң құрбан айты басталады.Бұлда бас мейрамдардың бірі,үш күнге созылады.Бұл Меккеге қажылыққа бару кезеңінің аяқталуына сәйкес келеді,яғни,Зұлхижаға.Осы айтта дін құрметіне арнап,аруақтарға арнап,Алла ризашылығы үшін мал арнап сояды.

Әсәдолла -арап сөзі,«әсәд» — арапша «арыстан», яғни, «Алланың арыстаны, берілген құлы» деген мағанада қолданылады.

Әбу-арапшадан аударғанда тек қана «әке» сөзіне емес,«бір нәрсеге өкілдік,иелік» мағанасында да қолданылады.

Әдебиет-жалпы жазба және көркем шығармалар жиыны.Әдебиет сөзі бізге араб,парсы тілдерінен кірген. Оның араб тіліндегі  тұлғасы «адабун» болса,  алғашқы мағыналарының бірі — тәрбие беру.Арабтардың осы сөзінен қазақ тіліндегі «да» жұрнағы арқылы «баянда» етістігі туындап,айту, әңгімелесу мағынасын беретін жаңа сөз құраған.Ал парысы тіліндегі «әдиб» сөзі қазақ тіліндегі жазушы, кейде ұстаз-тәрбиелеуші ұғымдарының  орнына қолданылады.Осы сөздердің  негізінде  тіліміздегі  «әдебиет » сөзі қалыптасқан.

Әдеп-арабтың «сыпайылық,ізеттілік» деген сөзіне келеді,орысша «такт»,латынша «тактус». Жас жеткіншектермен,әсіріесе,бастауыш сынып мұғалімдері өте әдептілік көрсете білуі керек,өйткені,бүлдіршіндердің жаны,таза,пәк келеді.Бұл-өте қажетті қасиет,сезім мүшелерінің негізгі белгісі,белгілі моральдық нормалар мен принциптерін бұлжытпай орындау реттілігі,шығармашылық ақыл-ой әрекеті,мәдени мінез-құлықтың,саналы іс-әрекеттің, білімділіктің, іскерліктің жиынтығы.

Әз-атау, халық ұғымы мен сенімі бойынша наурыздың алғашқы үш күнінде жер–көкті жарып ерекше бір гуіл(дыбыс)өтеді, самал жел еседі.«Оны жан–жануарлар ішінде жұмақтан шыққан қой ғана, ол қойды қойшы ғана таниды» дейді қағілез қарттар.Ұлыстың алғашқы үш күндігінде барлық табиғат, жаратылыс,өсімдік-тіршілік атаулысы адам бойына ерекше бір күш, сезім, қуат -қасиет береді.Жер–көк, адамдар, жан–жануарлар әз өткен соң ғана  қуат  алады  деп ойлаған, содан болар «Әз болмай–мәз болмайды»деген қағида қалыптасқан.

Баяндама-жиналыстарда жасалатын хабарлама.Баяндама сөзінің арғы тегі-араб тілінен шыққан.Түркі тілдеріне ерте кезде ауысып, қалыптасқан.Оның араб тіліндегі «байан» тұлғасы «мазмұн, түсінік беру» мағыналарында қолданылады.Бұдан «баянда» етістігі туындап, «айту, әңгімелесу» мағынасын беретін жаңа сөз құраған.

Байтес – арнайы шаңырақ қалпы.

Балташы – ағаш шебері,ағаш ұстасы.

Балбал тас – адам бейнесіндегі тарихи тас мүсіндер,ғылыми мағанасында балбал мен тас мүсіндер мағанасын қоса қамтиды,өйткені,ескі түркі жазуларында «БЛБЛ»,орхон жазуында «балбақ» депте кездескен.Кей ғалымдар еңбектерінде  «бал-бал»-ескі түркі  жазуарында кездесетін мәдени сөз, таңбасы «blbl» арасында дауысты дыбыс қосылса, бал-бал немесе балбақ –балуан,алып,мықты,кейде «bl bk»-«балпық,балбақ »дегенді айтып жүр.

Балашық – керегелік желінің қысқалауы.

Батқы – бедер түрі,ағаш,тері,зергерлік бұйымдарды жасаудағы қолданылатын тәсілдің атауы.

Бәдіз – тастан қашап,шауып алынған тас мүсін.

Берен – болаттан жасалған батырлар киетін сауыт.

Берен – ұңғысы ұзын шиті мылтық

Бор  —  мұның тақтаға жазу жазатын ақ балшықтан жасалған  құрал екенін білесіндер. Бор атауын алуы оның түсіне байланысты   Қазіргі кезде қазақ  тілінде  ақ түсті боз қалпында да айта беретініміз белгілі .Осы « бөз » сөзі өте ерте кездерде бор болып тұлғаланып ,«ақ» мағынасында қолданылатын болған.Моңғол тілінің деректеріне сүйенсек,« бор » сөзі « сұр ,боз» мағaналарын береді.

Бора – астық сақтайтын арнайы жер,қора,қойма.

Бора – бөренелердің  ұштарын  ұштастыру арқылы құрастырылған,тұрғызылған  ұй.

Боқша – қолдан тігілген кішкентай қалта сөмке.

Бұлқыншақ – жылқы терісінен жасалған ыдыс.Жасалу жолы: жылқы малын сойғанда артқы аяғының терісін шашасына дейін бүтіндей сойып алады.Терінің шелі мен көкетінен тазартып,сан жағының арасына шүберек сала отырып,оны «ұшық»дейді,тарамыспен немесе құйрық — жалдың қылымен тегістеп тігеді,терінің шашақ жақ ұшына ағаштан лайықтап тығын қойылады.Бұл ыдысқа ішіне күл толтырып,көлеңкеге қатырылып кептіріледі.Майынан айырылған соң, ысталады.Шаймен жуып,бірнеше күн малма құйып қояды.Бұл кезеңді «шикі дәмін алу» дейміз.Келесі кезеңге «құрымдау» жатады, пештің ысын жинап алып,суға езіп, бірнеше күн салып қояды.Ақыр аяғында дегдітіп, ішіне ыстық май құйып шайқайды да, қолданысқа беріледі.

Дебіске сырмақ-тұтас киіздің бетіне әртүрлі матадан оюлап бастырылып,сол оюдың  шет-шетіне жіңішке жиек бастырылады.Орыс халқының « девочка«, «девичье» — сөзінен алынған  деген болжам бар.

Ерісі – керегелік желінің ең ұзыны.

Жарапазан – жарамазан – жыр рамазан.«Жарапазан рамазан сөзінен шыққан, ораза кезінде балалар,бозбалалар түнде үйдің түсына келіп жарапазан өлең — дерін айтқан.Ораза ұстаған адамдар,«сауап болады» деп жарапазан айтқандарға құрт,май,ірімшік,бір шаршы бұл,басқа сол сияқты нәрселер береді.Жарапазанды кәсіп етіп,орааза кезінде ел аралап,күндіз жүріп айтатын үлкен адамдарда болған.Жарапазанды екі адам айтқан,бірі бастаса,екіншісі қостаған.Мысалы:

Айтушы:                            Жарапазан айтушының сауалы бар,

Отыз күн оразаға жауабы бар.

Берсеңіз,бермесеңіз не қамым бар,

Боз шұбар астымдағы,шу,жануар!

Қостаушы:                         Жарапазан,жарапазан!

Алла,құдай би рамазан!»          (А.Байтұрсынов)

Жұмалық – бұрынғы кездегі ноғай молдасынан дәріс алған балалардың жұма күндері апарып беретін арнаулы сыбағасы,оған құрт,май,ет,қымыз,т.б. тағам түрлері жатқан.Осы дәстүрді Жамбыл :

Оқымаймын молдадан,

Екі иығын қомдаған,

Бала келсе сабаққа,

Жем аңдыған дорбадан.» деп сипаттаған.

Жұмыр мүсін -үш өлшемді тұтас массалы денеден тұратын  бейне.

Жиекті сырмақ-тұтас біріңғай ақ немесе қара түсті киіздің бетіне бірнеше түсті бояумен өрнектелініп жиегі бастырылған түрі.

Ислам–арап тіліндегі «силм» түбірлес сөзінен алынған,«Аллаһ тағалаға мойынсұну,Оған тәуелді болу,таза,пәк сәлемет,ізгілік,шынайылық,ықылас» деген мағананы білдіреді.Ислам – бес қағидиадан құралған,оған «Алладан басқа құдай жоқ,Мұхаммед оның елшісі» деп куәлік ету,намаз оқу,зекет беру.Рамазанда ораза ұстау,шама келсе,Алланың үйіне қажылық ету.

Руза,намаз,зекет,хаж – талассыз іс,

Жақсы болсаң, жақсы тұт бәрін тегіс.

Бастапқы үшін бекітпей,соңғы төртті

Қылғанменен татымды бермес жеміс.

( А Б А Й )

Кеусен–егіншілікке байланысты шыққан атаулы дәстүр,болғанда мырзалық дәстүрдің бір түрі. Егіндерінен мол өнім алған жағдайда,диқаншылар ауылдастарына,туған – туыстарына,ілік,алыс – берістеріне астық таратуын атаған.

Келі түбі–салттың бір түрі,егін ору,жеміс – жидек жинау,тары түю,май шайқау,т.б. азық-түлік дайындауға қатысқан кісілерге берілетін еңбек ақысы.Оны жинауға қатысқан адамдарға асаршы сұратпай өзі беріп отырған.

Көзеу – шаңырақ көздерінің біркелкі болу үшін уық қаламындай етіп соғылған «қалам — темір».

Күлдіреуіш – шаңырақ шеңберінің диаметрімен бірге жоғары қарай  көтеріле иіліп,бір-бірін дәл ортасынан перпендикуляр түрінде кесіп өтетін шыбықтар.Сәмбі талынан иіліп жасалады,әр иінінде 3 күлдіреуіштен 8-ге дейін болады.

Күйме – көліктің бір түрі,төрт аяқты арбаның үстіне орналастырылған.Көне тайпалардың арба үстіне киіз үй,күрке орналастырып,жол жағдайының қолайсыздығынан күймеге дейін жеткен.Жолда-баспана,күнге-көлеңке,жауын-шашыннан қорған болған осы көлікке тек ауқатты адамдардың қолы жеткен.Мұндай күймелердің тамаша үлгілері «Қыз Жібек»,«Қозы Көрпеш-Баян сұлу»,«Қамбар батыр» сияқты эпикалық жырларында сипатталған.

Күйеу киімі – қалыңдығын алуға барған жас күйеудің киетін киімі,алдынан шыққан жеңгелері мен жас қыз – келіншектер тез тану үшін ерекшеленіп тұруы тиіс.Бөркіне үкі тағып,қызыл шапан,биік өкше етік т.б.ерекшеліктермен айшықталады.

Қағба – араб сөзі,қазақтың «текше»,«төрт қырлы денеден тұратын құрылыс» деген сөздеріне келіп саяды.

Қағаз (парсыша: كاغد‎)«кағоз»- өсімдік талшықтарын белгілі бір тәсілмен өңдеу және бір-бірімен ұйыстыра байланыстыру арқылы жұқа парақ түрінде жасалатын материал.Қағаз- бір-бірімен тығыз өріле байланысқан, әр түрлі қиюласу тәсілдері арқылы біріккен, қалыңдығы  4-400 мм жұқа парақ құрайтын, негізінен арнайы өңделген ұсақ өсімдік талшықтарынан жасалатын көп компанентті материал. Тұңғыш рет Қытайда ІІ ғасырда пайда болы. Европаға ХІ-ХІІ ғасырда келді. Қағаз Итальян тілінде (bambagia –мақта) өсімдік талшықтарынан белгілі бір тәсілмен өңдеп бір-біріне ұйыстыра байланыстыру арқылы жұқа парақ түрінде жасалатын материал. Қағазды өндіру үшін әр түрлі ағаштар немесе бір жылдық өсімдіктер целлюлозасы  және ағаш массасы (уатылған ағашқа су араластырған талшықты қойыртпақ) жұмсалады.

Қалам – негізгі сөздің түп нұсқасы араптың «кәлам» сөзінен алынса керекті.«Кәлам»  – иман негіздерін зерттейтін ғылым,яғни,осы ғалымдар ұстаған жазу құралдары бізге «қалам» болып жетсе керек-ті.

Қол үздік-салт,кілем тоқу,текемет басу,іс тігу,қыз жасауын дайындауда, қолмен  атқарылатын т.б.  жұмыстарға елдің қолы шебер еркек-әйелдері  жиналып істеп,жәрдемдеседі.Іс аяқталған  жағдайларда  қол еңбектеріне берілетін кәде.Кей  кездері артық алынған заттарында үлестіріп, істеген еңбегіне үлкен бағамен қараған.

Қолкесер–дәстүр,соғым сойған,сойысқан адамға берілетін қол еңбегі мен тиеслі ет – мүшелері.

Қобы–шаңыраққа ою-өрнек жүргізетін құралдың негізгісі,үшкір пышақ сияқтанып темірден соғылған арнайы аспап.

Қыдыр ата (Қызыр ата) , араптың «Хазур» яғни, қазақша «жасыл желек»)Ұлыстың ұлы күнінде әр елге,әр үйге, шаңыраққа, әрбір имандылық иелеріне соғып, бата беретін халық қамқоршысы,ізгілік-жақсылық иесі, ырыс,несібе,құт,береке,берекелі өмір силаушы қасиет иесі, кемеңгер, әулие, көріпкел, жарылқаушы ақ сақалды,ақ інгенді ақ жарқын қарт.

Лау – бұрынғы кезде лауазымды адамдар,батыр,жаушылар,жаяу кісілер әр ауылдан ат – көлік алып,ауыстырып жететін жеріне жеткен.Осы дәстүрді лау деп атаған.

Малма–айранның сары суына ұн,кебек салып,ашытылған,тері илеуге арналған қоймалжың қоспа.Сүтті пісіріп,суытып,қаймағынан айырып,ашытқы қосып ұйытады.Ұытқыға мөндір, мәйек,күміс сақина салсада болады.Осы ұйтқыдан саруын сүзіп алып,пайдаланылған.

Мари  —  туа сала немесе 1-2 сөткеде сойылған қозы, лақ терілерін айтады.

Мектеп-балаларға  білім  беретін  оқу орыны .Бір қызығы,бұл сөз жоғарыда көрсетілген  «китабе» сөзінен шыққан.«Китабе» сөзінің  алдында «ма» жұрнағы қосылып «макитабе» сөзі пайда болған.Бұл сөз қазақ тілінде  ауысқанда «мектеп» қалпына дейін өзгерген .

Мұқаба–кітаптың сыртқы қабы,осылай аталатыны   өздеріңе  жақсы мәлім. Мұқаба- қазақ тіліне енгеннен кейін өзгерген түрі. Араб тілінде бұл сөз

«мухаба» қалпында айтылып ,«тығылған,жасырынған» деген мағынаны білдіреді.Сөздің араб тіліндегі негізгі түбірі «хабба» —  біздегі жасырыну мағынасында қолданылады.Осы түбірге тағы да  араб тілінде  жаңа сөз жасайтын  «му» жұрнағы  қосылып,«кітаптың тысы» деген ұғымды білдіреді.

Перне— домбыраның мойынына тағылған белгілерді осылай айтамыз.Домбыраның  бұлбұлша сайрауы — саусақтың перне бойымен қозғалуына   байланысты екені белгілі.Осыған орай , «перне атауынын пайда болуы-саусаққа қатысты болса керек » деген ой туады.Ойымызды басқа бір түркі тілі  дерегі растайды.Чуваш тіліндегі «пөрне»  сөзі қазақтардағы «саусақ» мағынасында  қолданылады.Осыған қарағанда өте ертеде түркі тілдерінде «саусақ» мағынасын  беретін  перне  домбыра  мойын  атау  болып  ауысқан  ба дейміз.

Саба-казіргі тіліміздегі «саба» сөзі белгілі бір ыдыстың атауы.Жылқы терісінен жасалған  қымыз ашатын ыдыс.Алайда, өте ерте кездерде біздің тіліміздің өзінде де бұл сөз тек қана ыдыс мағынасын білдірген сияқты.Өйткені казірдің озінде тувалар мен Сібір халықтарының кейбіреулерінде «сава» тұлғалы   сөз жалпы ыдыс атаулыны білдіреді.Ал қазақ тілінде «ыдыс» сөзі пада болғаннан кейін «саба» жеке бір заттың атауына айналған.

Сабақ-сабақтың  о бастағы мағынасы тіпті басқаша .Араб тіліндегі  «сабақ» сөзі «танертең» мағынасын білдіреді.Оның ауыспалы екінші мағынасы-«таңертең келу».Оқудың көбіне  ертеңгілікте  басталатынын ескерсек, сабақ сөзінің  таңертең «оқуға келу»  мағынасын  беретіндігін  байқамыз.

Сағат–арап сөзі,қазақша мағанасы «Қиямет күні» деген мағанаға сәйкес келеді,жалпақ тілмен алғанда уақыттың өлшем бірліктерін білдіреді.

Сеңсең-үш аймен бес ай арасындағы қозының қырқылмаған терісі.

Селтеткізер–Ұлыстың ұлы күнінде жігіттер қыз–келіншектерге арнап сырға, сақина, айна – тарақ,шолпы,т.б. сыйлықтар силаған.Бұл кәде осы атауға ие болған.

Сурет-сөздің араб тіліндегі тұлғасы–«сувар», ал мағынасы – «түр, кейіп, кескін» дегенді ұғындырады,көпше түрі «суварат».Сөйтіп, ол осы күнгі түсінігімізге «сурет» болып енген.Сурет — болмысты зерттеудің және бейнелеудің аса маңызды құралы,бүкіл реалистік бейнелеу өнеренің түп қазығы.

Тарих  —  мұның алғашқы мағынасы  басқашалау болған.Араб тіліндегі «арқ« немесе «ағррах» сөзі «ай,күннің» есебін, датасын қою, жазу мағынасында қолданылады.Осы түбір сөздің  алдыңда  араб тіліне  тән сөз тудырушы қосымшаның тағы бір түрі   қосылып,«таарқ» немесе «таағррақ» делініп, бастапқы мағынасына  бір шама өзгеріс енген.Сөйтіп, ол қазақ тіліне осы күйінде ауысқан.

Тарамыс – теріден,көннен,былғарыдан жасалатын бұймдарды тігетін,ірі-қараның сіңірінен алынған берік жіп – таспа.Сойылған ірі қараның желке,жіліншік сіңірін ет-май ілестірмей сылып алып,көлеңкеге кептіріп,бабымен кептіреді.Кепкен тарамысты дөңбекке салып,ағаш балғамен жаныштай соғып,тарамдалып,шашақтандыра жұмсартады.Содан кейін,жіңішке тарақтың жүзімен

таратады.Дайын өнімді қолданар кезде,кейде алабота кір сабынымен сылып отырады.

Таңба – әріп,белгі,таңбалар – тасқада,малға да,барырлардың қару – жараққа да,ту белгілері,мөр ретінде,кей — кездері лауазым орнына да жүрген. Таңба — лардың шығуы мен қолданылуы тым ертеректе десек те қателеспейміз,өйткені XII – ғасыр ғұламасы М.Қашқаридің «Диуани лұғат ат – түрік»(Түркі тілдерінің сөздігі) деген еңбегінен белгілі.Таңбалар бірнеше қызмет түрінде қолда — нылған,солардың ішінде ең маңыздысы қазақ жүздерінің ел,ру,тайпаларының өзіндік танымдылық белгісі,таңбаның,яғни,салттық маңызы бар.

Ұлы Жүз тайпалары:Қаңлы – шылбыр,көсеу;Шанышқылы – қолтаңба;Жалайыр – тарақ;Сіргелі – сірге;Шақшам – жебе;Сарыүйсін – ашамай;Шапырашты – ай,тұмар;

Ысты – көсеу,шылбыр;Ошақты – тұмар;Албан,Суан,Дулат —  дөңгелек;

Орта Жүз тайпалары:Арғын – көз;Қыпшақ – қос әліп;Найман – бақан,босаға, шөміш;Қоңырат – босаға;Керей – ашамай;Уақ – бақан,ашамай;

Кіші Жүз тайпалары:Шеркеш,Алаша – бақан;Тама – әліп,көсеу; Тазқамшы, Адай  — садақ;Есентемір – бақан;Жаппас – түйемойын;Төлеу – балға,шылбыр; Рамадан – шөміш;Кердері – тостаған;Керейіт – шылбыр,қылыш;Табын – тарақ,көсеу,шө – міш;Жағалбайлы – балға;

Талқы – теріні керіп,созып,иін қандыра жұмсартатын ағаштан істелінген тісті аспап.Аталмыш аспаптың ирек,сүзгі,созғы,баспа талқы немесе баспа талқы деген түрлері бар.

Тәрбие  —  Бұл сөз де тілімізге арабтардан енген .Түбірі — «раба»,ал мағынасы «өсу,есею, ұлғаю» сөздеріне  саяды.Түбір сөз алдында « та» буыны , соңына «и» жұрнағы қосылып,тәрбие атауына, яғни «өсіру» мағынасына ие болған. Кейде арабтарда  «тарабиет» сөзі кішіпейіл мағынасында да қолданылады.Осы сөздер қазақ тіліне  ауысқаннан кейін тәрбие тұлғасына ие болған .

Тәртіп — мұның араб тіліндегі түбірі – «раттаб», мағынасы –«жөнге келтіру,жөн-жөнімен » дегенге саяды.Қазіргі кезде тілімізде  жиі қолданылатын рет сөзінің де алғашқы төркіні «раттаб» тұлғасымен байланысты  екенін ескерте кеткенді жөн көрдік.Осы түбір алдына  тағыда «та» қосылып, араб тіліндегі «тараттаб» сөзі туған.Мағынасы – дайындау,орналастыру.Қазақ тілінде осы тұлға  тәртіп болып қалыптасып,әдеп сақтау,инабатты болу дегенді білдіреді.

Тілек дегеніміз – бата,бата – тілек,бата  ұсыныс түрі.Тілек айтушы өз тілегін ризашылықпен айтып,армандары мен  өмірдегі қалауын білдіруі.Бұл сөздің негізгі түпкі атасы – «Фатиха»,«Фатеке»,«Фате»,«Бате»,«Бата» болғанын  ұмытпағанымыз жөн.

Ұста – әртүрлі  металл және сүйек өңдеу ісімен қатар,үй бұйымдарының көптеген түрімен айналысатын шебер адам.Маңғолдардың ұғымында «Дархан» болып айтылады.

Ұйқыашар – Наурызнамада қыз – жігіттер бас қосып,бірлесіп әзірлеген тағамдар.Оған тәтті ет түрлері,уыздан жасалған тағамдар жатады.

Халил – арабшадан аударғанда «ең сүйікті сөз» деген мағананы білдіреді.

Ың — саф — көне сөз,бұл сөз «өте таза», «нағыз сұрыпталып шыққан» немесе «сап   алтындай», « қайта қорытылып, артық – шикісі алынған» деген мағанада қол — данылады.

 

 

 

 

  1. Н.Назарбаев. Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына.

//Егемен Қазақстан, №115, 27 мамыр,2006ж.

Семей қаласы «Қазақстан Суретшілер одағының» мұрағат қоры, 2015 ж.

Шәкәрім журналы 1(01)2015 ж.

Абай мәдни қорық мұражайының мұрағат қоры.

2.. Ә.Қастеев, Алматы, 1978 ж

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасы

Семей өңірлік Еуразия Дизайнерлер одағы

Сауалнама

Сауалнама 2009 жылдың қыркүйек айынан бастап шығады..

 

 

 

 

 

Сауалнаманы әзірлеген: Абдикаримов М.Т.

 

САУАЛНАМАҒА НҰСҚАУ:

      Бұл сауалнаманың негізгі мақсаты: ел ішіндегі өнер майталмандарымен танысу, біздер білмейтін халыққа еңбектері сіңіп жүрген ел азаматтарымен танысу, туындыларымен таныстыру,олармен  тығыз байланыс. Осы адамдардың еңбегімен, біз тәлімгерлердің алдына дайын иллюстрациялық мәліметтерді көрсете аламыз. Білімгерлеріміздің ойлау қабілетіне, өнердің жалғасынтаба отырып,эстетикалық тәлім-тәрбиесіне үлес қосатынымызды ұмытпайық.

 Әрбір ауданның этникалық мәдениетін салыстыра отырып, жиналған құжаттар, суреттер арқылы технологиялық жобасын жасауды, осы заттарды ары қарай дамытуға, қазіргі заман талабына сай (дизайн) өңдеуге  үлесімізді қосатынымызға сенімдімін. Осы ойларымды жүзеге асыруда 3-түрлі сауалнама жүргізбекшімін. 

Қазіргі таңдағы өнер иесі.

(Толық мәліметі, тұрғылықты жері, заттарынан көрініс, өнерінің түрі.)

Өткен замандағы өнер иелері.

(Кісілердің халыққа сіңірген еңбегі үшін, өнерді ұрпақтан-ұрпақа жалғастырғаны үшін, ол кісілердің қолданған технологияларын жаңғырту.)

Өткеннен қалған, қазіргі таңда қолданысқа енбеген, ұмыт бола бастаған, тәрбие мен өнер, білімге қатысты сөздер. Ана тілімізді  жандандыруға үлес қосу үшін.

«Тілін жоғалтқан ел-дінін,ділін де, өзінде жоғалтады»

                                                                                М. Шоқай

 

 (І) ———————————————————————————————————————    (мекен – жайы)

—————————————————————————————————————————     (өнер тұлғасының аты-жөні, толық мәліметі, ұялы телефоны)

—————————————————————————————————————————     (айналысатын өнер түрі?)

—————————————————————————————————————————     (осы өнер туындысымен, өнер түрімен қай жылдардан айналысады?)

—————————————————————————————————————————     (өнерді кімнен, қайдан үйренді?)

—————————————————————————————————————————     (қандай өнер туындылары, еңбектері бар?)

—————————————————————————————————————————     (көрмелерге қатысқанба, халыққа танымал, жарияланған өнер туындылары барма?)  

   (осы адамға қатыстты фото-суреттер, Б.А.Қ- құралдарына жарияланған материалдардан мәліметтер,туындыларының жинақ суреттері болса, өнер туындысынан 1-түп нұсқасы)

 

ІІ) ——————————————————————————————————————— Өткен заманғы өнер адамдары туралы мәліметтер (аты-жөні, өмірсүрген кезі)

________________________________________________________ 

 

Қай аймақта өмір сүрген?   

—————————————————————————————————————————Қандай өнермен айналысқан?       

—————————————————————————————————————————Сол кісінің көзі болған, қолынан шыққан, қолданған заттардың мәліметтері бар?

—————————————————————————————————————————Осы мәліметтерді растайтын фото-сурет, бейне түсірілімдер, ксеро-көшірмелер барма?

 

 (ІІІ) ———————————————————————————————————————Көнерген сөздерден қандай сөздер білесіздер? (Қазіргі таңда қолданыста жоқ, немесе көп қолданылмайтын, өнер мен білім, тәрбиеге қатысты.)

 

Хабарландыру !!!

       Құрметті ұстаздар мен тәлімгерлер!Өнер майталмандары мен жанашырлары!                                        

Сіздерден ескі заттар мен қолөнер бұйымдары түрлері мен көшірмесі,осы бұйымға қатысты мәліметтер мен шеберлері туралы,қазіргі кездегі  қолөнер шеберлерінің мәліметтері, қағаз түрінде, фото, видео, диск түрінде өткізулеріңізді өтініп, өтінішімізді аяқ-асты етпеулеріңізді сұраймын.

 

Алдын ала РАХМЕТ айта отырып, мына мекен-жайға хабарласуыңызды сұраймын:

Ұ.б.:87759871276.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Абайдың қорық-мұражайында өткен өнер адамдарының көрмесі:

 

 

Осы сауалнама арқылы қаншама адамдармен таныстым, қаншама өнер түрлеріне үңіліп, тұран даласын, қазақ сахарасын мекендеген өнер түрлерінің қызығы мен тарихының қойнауына әлі де болса ашылмай жатқан сырларының бар екендігіне куәмін…