Жәңгір хан: «Сүрер салтанат — уақыт бір сағат»

 

Жалпы адамзатқа өлшеп берілген өмір – ақиқат! Мен сөзімді Т.Боранғалиұлының осы ұлы тұлғаның өмір жолына арнаған мақаласының атауын өзгеріссіз алып, бастағанды жөн санадым  /«Жәңгір хан: «Сүрер салтанат — уақыт бір сағат»: Жәңгір хан әулетінің жақсы аты мен мақсаты, қасиеті мен қасіреті жайындағы ақиқат-сыр/Боранғалиұлы Т.//Егемен Қазақстан. — 2000. — С. 24 қараша. — (Бөкей ордасына — 200 жыл) /. Өйткені, бұл тарихи деректермен алғаш танысқанда, мені ойландырған ойлар жылдар бойы көкейімде маза бермейді. «Хас албасты, қасқыр, жылансың, ылаңсың» — деп балаң көңіліме жатталған Жәңгір хан бейнесі жайлы сыр Махамбет жырлаған шындықтан мүлде басқа әлемге жетеледі.

Атақты қаржыгер Джон Ло деген кісіден: «Ұлы Француз революциясын қалай бағалайсыз», – деп  сұраған екен, сол кезде ол: «Оны бағалау үшін әлі арада уақыт өту керек…» деген екен. Сондықтан қазіргі зиялылардың атқарып жатқан ісін бағалау үшін оған белгілі-бір уақыт өту керек. Біз қазір зиялы кім дегенде ХХ ғасырды бастаған Әлихан, Ахметтерден ұлттық күрескерлікті көреміз де, бүгінгі таңда дегенде, орнын сипап қалғандаймыз. Барлығын саралау үшін уақыт керек. Алаш қайраткерлерін айтқанда, бұлар ХХ ғасырдың 17 жылдарында биліктен тайдырған кезде, ол кісілердің қолынан билік кетіп, жаппай шығармашылық жолына түсті. Мысалы: Әлихан Бөкейханов Мәскеудегі «Шығыс» баспасында «Қобыланды батыр», «Қыз Жібек» сынды рухани мұраларды зерттеп жариялады. Ахмет пен Міржақыптар «Оқу құралдарын» жазды. Ондағы мақсат – халықтың жадын, санасын тарихи тұрғыдан ояту арқылы рухани тәуелсіздікті қалыптастыру.

Зиялы топ деген кімдер, олардың қатарына кімдер жатқызылады? Зиялы топты қай саладан, қандай топтың арасынан іздеу керек?… Өйткені халық ұғымында «зиялы қауым» дегенде алдымен ақын-жазушылар аталады. Біздің елімізде бір қарағанда, қарапайым көрінгенімен мәселенің осындай қырларын айқындап, аражігін түсіндіретін ешкім жоқ. Әйтеуір «зиялы қауым», «зиялы топ өкілдері» дей береміз, ал астарына, егжей-тегжейіне бойламаймыз… / http://el.kz/kz/news/archive/content-21532/

Ал, халқына, сол кездегі қазақ қоғамына сіңірген еңбегіне қарап, Жәңгірханды ұлт зиялысына жатқызуға бола ма? Кеңес дәуірі тұсындағы зиялылар дегенде ақын-жазушыларды елестетеміз. Тоталитарлық жүйеде ойыңды, пікіріңді ашық жеткізу болмады. Сол кезде ақын-жазушылар өзінің әдеби амал-тәсілдерімен қоғамдық шындықты көркем тілмен астарлап жеткізді. Мәселен, Шыңғыс Айтматов шығармасында әлемдік экология проблемасы,  жарылыстар туралы айтылды. Тек әдебиеттің әдіс – тәсілі арқылы осындай әлеуметтік, қоғамдық, елдік проблемаларды көтеру маңызына ие болды / http://el.kz/kz/news/archive/content-21532/. Ақын-жазушылардың зиялы қауым көрінуінің себебі содан болса керек. Жәңгір ханның да өз заманының әлеуметтік, қоғамдық, елдік проблемаларын көтеру, шешудегі ұмтылысы, жүзеге асырған ішкі саясаты зиялылыққа сұранып тұрған жоқ па?

Хандық билікке Ішкі Орданың іргесі бекіп, ішкі әлеуметтік — шаруашылық жағдайы қалыптасып, нығайған тұсында келген 22 жастағы Жәңгір  — көзі ашық, көкірегі ояу, орыс, татарараб, парсы тілдерін жетік меңгерген, Ресей үкіметінің көптеген наградаларымен марапатталып, алтын тәжбен безендірілген I дәрежелі Әулие Анна орденінің кавалері, генерал — майор шеніне дейін көтерілген тұңғыш қазақ ханы.

Жәңгір ханды тек Кіші жүз шаруаларының көтерілісін «аяусыз» басқан хан ретінде емес, зиялы, сарабдал саясаткер тұрғысында тануға оның атқарған кемеңгер істері дәлел болмақ.

Хандықты басқару құрылымында ол бірқатар реформаларды жүзеге асырды. Халықтың – мұң  мұқтажын талқылап, шешіп отыратын хан ордасын, онда қызмет ететін  қазақ, орыс, татарлар үшін  тұрғын үй салды. Ол отырықшы өмірді жақтады, сондықтан да бұл процестің өріс алуы үшін жерге жеке меншікті енгізген. Ол салық жинауды күшейту бағытында да бірқатар істер атқарды. Жәңгір хан тұсында Бөкей ордасында басқарудың жаңа жүйесі енгізіліп, хандық билер басқарған 12 әкімшілік орталыққа бөлінеді. Билер мен хандар кеңесі, тархандар институты қайта құрылған.

Жәңгір хан өзі билік құрып тұрған кезде елді отырықшылыққа көшіру, мектеп ашып балаларды оқыту мәселесіне ерекше көңіл бөлді, ақшасын аямады, өз сарайында 1841 жылы  өз қаражатына жоғары мектеп ашып, 60 адам ислам діні, орыс жазуы және тіл жөнінде дәріс алды. Бұл мектеп сарай маңында осы күнге дейін «Жәңгір мектебі» деп аталып келді. Ондағы 30 бала Орданың шаруашылық қаржысы есебінен білім алды. Хан қаржысымен Ресей оқу орындарында қазақ жастарын жіберіп  оқытты. Жыл сайын оқуға  жіберілетін  жастардың  санын анықтауға  қол жеткізді. /http://e-history.kz/kz/contents/view/1914/

Мемлекеттік сауда саясаты тауар  айналымының көлемін ең жоғары деңгейге дейін кеңейту және көпестердің ағылып келуі үшін жәрмеңкелер ұйымдастыру бағытында жүргізілді.

Билік жүргізуді басқаратын жүйеге руханият қызметі — ахун (қажы) енгізілді. Ахунның негізгі білімі хандықта рухани білім беру болды. Бұл реформалар барысында рухани қызметкерлер санының өзгеруі орын алды.

Жәңгір хан билік еткен тұста Бөкей ордасында 1832 жылы дәрігерлік бөлімше, 1938 жылы дәріхана, мұрағат ашылып, хандықтың алғашқы картасы жасалынды. Жәңгірдің басқаруымен Бөкей ордасында қазақтың шеберлері жасаған аса құнды әскери қару-жарақтар сақталатын мұражай құрылған.

Ол қазақ шежіресін жинаумен, халықтың әдеби шығармаларымен шұғылданып, өзі де көптеген эпикалық туындылар жазған. 1844 жылы қазанда Жәңгірдің «Мұхтасар әл-фикғайат» атты еңбегі жарық көрген.

Жәңгір хан бойында жақсылығы мен жамандығы жарыса өріліп, атқарған ісінен орайына қарай осының екеуі де көрініс беріп тұратын күрделі тұлға. Жақсысын көріп, асқақтатып, аспанға шығармай, жаманын көріп, жатқа санап, жарға итермей, адамгершілікті биік парасаттылықпен тарихи бағасын берер кез енді келді деп білеміз. Қалайда Жәңгір ханның халқымыздың тарихында өзіндік орны бар екені ешқандай дау тудырмаса керек. / https://kk.wikipedia.org/wiki /

Жәңгір хан бойында қаталдық пен қайраттылық, өктемдік пен ерлік, мансапқорлық пен дегдарлық қат-қабат ұштасып жатқан, әрқайсысы орайына қарай көрініс тапқан тұлға. Тіпті қателігі де бір басына жетерлік еді. Біз оны әлі күнге дейін тек әдеби кейіпкер дәрежесінен асып тани алмай келеміз. http://www.inform.kz/kz/zhangir-han_a2207287/.

Қорыта айтқанда, Жәңгір ханның қателігімен қатар, халыққа бағыштаған ізгі істері – Жәңгір хан ұлт зиялысы деп тануға жетерлік деп сеніммен айта аламын.