Алматы  конференциясына  бару  бақыты !

 

 

Қаратау технология, білім және бизнес колледжі директоры  Ерлан Махашұлы Әнетбаев   ғылыми іс — сапарларға ,  оқытушылардың  кәсіби  біліктілігін жоғарылатып отыруға ерекше мән береді.   Колледж   ғимараты  да осы заманға сай  жаңарып,  «Рухани жаңғыру»  кабинеті  жасақталды. 

    Білімалушылар  және     оқытушылармен   көптеген айтулы  азаматтармен кездесулер   өткізіліп жатыр.

    «Рухани жаңғыру  аясында   мен  Алматы қаласында   Халықаралық  ғылыми -практикалық конференцияға  барып,  философия, саясаттану, психология,  әлеуметтану, т.басқа  да   ғылымдар туралы   білімімді    жаңғырттым.

 

Алматыға бару сапары  мамыр айында  шексіз  қуанышқа  бөледі !

Бұл сапар жайында  жазуды   қолға кеш алып отырмын.

2018 жылы   мамырдың    соңғы  айларында     Абай атындағы  ҚазҰПУ –дың

90 жылдық   мерейтойының    алдында   өткізілген  бұл конференция    филология -Тілдерге     арналды.

Мен   өзім     «Ұлы   ақындар  поэзиясындағы    философиялық  ойлардың  сабақтастығы»   тақырыбында   ғылыми  баяндама жасадым.

Университет  ректоры Т.Балақаев      Абай атындағы    педогогикалық университеттің

елімізге    педагог кадрлерін дайындаудағы      ерен   үлес  қосқаны,  Алаш ардагерлері

Ахмет Байтұрсынов,  Сәкен  Сейфуллиндердің   педагогтық  қызметтері турасында  және  профессорлар мен оқытушылар турасында керемет   баяндама жасады.

Бұл  ғылыми   конференция Халықаралық  болғандықтан  ,   Польша, Финляндия,Италия   және   Ресей Федерациясы  сияқты елдерден көптеген  ғалымдар келіп,  достық көпірі    жасалып,  бекіп жатқандай  көрінді.

 

Қысқасы,   Алматы  қаласы  өнер мен  ғылым ордасы болғаны  белгілі.

Сауле Жүнісқызы Абишева  атты  профессор     апай    бүткіл  қонақтарды Алматыда  бар жағдайлары жасалынуына қамқорлық жасап,  қонақтарға    үлкен силықтар  ,кітаптар, конференция материалдарын  ұсынып, ыстық тамақтануымызға,  банкетке  қатысуымызға ,  ең соңғы күні     Медеудің     Шымбұлақ  шатқалына барып,  қарлы  шыңдарды  көзімізбен көріп, керемет   әсер алдық.

Жүнісова  Сәуле   апайымыз      «Үздік оқытушы -2017» конкурсының  да  жеңімпазы екен.

Жалпы,  конференцияға  келетін  болсақ, мен Жамбыл облысы,Қаратау қаласынан барып  отырғандықтан, менің осы Жамбыл облысы туралы айтқан  деректерім де  конференция  қатысушыларын қызықтырды.

Астана  қаласындағы Евразия университетінен  де   қатысушылар көп болды.

Менің  ғылыми мақаламды өңдеп, конференцияға  қосуға  үлкен  қолдау  көрсеткен

Абай атындағы   КазҰПУ    профессоры  Зинаида Наумовна Поляк   атты апайға  алғысым шексіз!

Кофе брейктердің    бірінде   Мәскеулік профессор  Лилия Валентиновна  Чернец атты апай  орыс халқының  мәдениеті,  Москвадағы Мәскеу Мемлекеттің  университеті  туралы  ой  қозғады.   «Подмосковные  вечера »  атты  өлеңді айтып , бәрімізді    қуантты.

Италиядан келген  Евгений Хазарцев       М.В.Ломоносов турасында тың  пікірлер айтты.

Шынында ,мәдениетке   шекара  жоқ екен  ғой.

Атақты  ғалымдардың   фундаментальды ойларына  қанып, олармен  өзімнің  қарапайым ойларыммен бөлісіп, шын мәнінде  ғылымның  көкжиегіне  қол жеткізгендей әсер алдым!

 

 

 

 

 

Алима Джумабаева  ,

Қаратау қаласы  ,

Жамбыл облысы