Алматы облысы    Сарқан ауданы Сарқан қаласы

Ақын Сара атындағы орта мектеп

Бастауыш сынып мұғалімі:    Тайлыбаева Куляйхан Лебайқызы

 

 

 

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Туған тілім — тірлігімнің айғағы».
Тәрбие сағатының мақсаты
: 1. Оқушыларды өз ана тілінің қадір — қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету..

1-жүргізуші:

Қайырлы күн, құрметті достар. Сіздерді Тіл мерекесімен құттықтаймын. Бүгінгі біздің  «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» атты мерекемізге қош келдіңіздер!
2-Жүргізуші:  Русский язык – язык русского народа, средство межнационального общения. Русский язык входит в круг тех языков, которые широко распространены в международном общении.

Я ко всем наукам ключ имею,

Я со всем Вселенною знаком.

Это потому, что я владею,

Русским всеохватным языком


Қазақстан Республикасының 
 мемлекеттік әнұраны орындалады.
1-жүргізуші Тілім барда қазағым бар, салтым бар,

Дәстүрім бар, ата жолы, салтым бар.

Кең даладай жиналмаған шалғайы,

Аңқау, ашық мінезім бар аңқылдақ!- дей келе, бүгінгі іс-шарамыз бабаларымыздың сөйлеген, ана сүтімен бойымызға дарыған , көркем әрі бай қазақ тіліне арналмақ.

2-Жүргізуші:  Русский язык – язык русского народа, средство межнационального общения. Русский язык входит в круг тех языков, которые широко распространены в международном общении.

Я ко всем наукам ключ имею,

Я со всем Вселенною знаком.

Это потому, что я владею,

Русским всеохватным языком

 

1-      жүргізуші: Халқымыздың тарихында елі үшін, ұрпағының болашағы үшін алысып өткен кеменгерлер, ойшылдар, от ауызды, орақ тілді, ақылы асып туған билер Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би. Сол билерімізді ортаға шақырайық.

2- Жүргізуші:

А теперь, мы приглашаем наших великих биев. Здраствуйте, дорогие бии!

Билер: Армысыздар халайық!

1-    жүргізуші:  Үш кемеңгер дүлдүлім,

Сақтаған ел бірлігін,

Қалың елім пір тұтар,

Қассиетті үш бабам,

Тілім туралы не айтар?!

Төле би:

Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,

Ана тілін білмеу қандай заңдылық.

Өсер бабаң, байтақ далаң тұрғанда,

Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.

Қазыбек би:

Жетер енді, әркімге бір ермейік,

Қазақ болсын құлашты кең сермейік.

Қанға сіңген ана тілін халқым- ай,

Шұбарлауға ешқашан жол бермейік.

 

Әйтеке би:   

Қазақ, қазақ болғалы,

Тіл үшін күрес көргені.

Көргені көп тілімнің,

Мүмкін емес өлмегі!

Төле би: Ал енді, балалар, бүгінгі «Тіл » мерекесіне арнап әзірлеген өлең, тақпақтарыңды тыңдай отырайық.

 

І– жүргізуші: Туған тілім! Тас бұлақтың тұнығы да сенде!

 

2 – жүргізуші: Туған тілім! Ана сүтінің жұғымы да сенде!

2-    жүргізуші:

,

Я со всем Вселенною знаком.

Это потому, что я владею,

Русским всеохватным языком.

 

 

І – жүргізуші: Туған тілім! Райхан гүлдің жұпары да сенде! ІІ – жүргізуші

 

2- Үгіт бригада

  • Оқушы Мақтанам Қазақстан Отаныма, сан ұлтпен тату-тәтті тұрып жатқан.
  • Оқушы Мақтанам Қазақстан – Отаныма, Тәуелсіздік ғасырын құрып жатқан.

1-оқушы

Қазақстан жері –қазақ халқының ертеден мекендеген ұлан-ғайыр мекені.

2-оқушы

Қазақстан Республикасының Президенті — Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

  • Оқушы Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері тату тұрып жатыр.
  • Оқушы Елордамыз – Астана қаласы.
    Бүгінгі Астана – саяси және іскерлік орталығы.
  • Оқушы 1997 жылдың 11 шілдесінде бекітілген Тіл туралы Заңында Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі болды.

 

Оқушылар тақпақтары:
1 – оқушы : Жанымнан қымбат
Ана тілім маған.
Ана сөзін тыңдап
Үлгі өнеге аламын.
 

1 — оқушы:   Ана тілім анам
Аппақ қардай арым
Мұра еткен бабам
Жарқыраған жаным.

 

 

3 — оқушы: Ана тілім елдігім
Ана тілім ерлігім
Тілді биік құрметтеп
Тойлап жатыр ел бүгін.
Қазақ тілі-ұлы Абай,Шоқан,Мұхтар,Сәбит аталарымыздың тілі.

 

Менің тілім!Мен осынау ғажайып сырға толы ана тілімде сөйлей алатыныма,ана тілімде ойымды жеткізіп отырғаныма қуанам!

 

4 — оқушы: Ана тілім тірегім
Ана тілім жүрегім
Қасиетті елімді
Тек өзің деп білемін.

  • оқушы: Тілім барда мақтанам
    Тілім менің аппақ ән.
    Бірлігімді бүгінгі
    Ана тілін сақтаған.

10 — оқушы: Ана тілің арын бұл
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте

Взлетел твой барс, казахский гордый витязь

Расправил крылья над Сарыаркой.

Назависть всем: смотрите и дивитесь!

Я ждал, страна, и стала ты такой!
11 — оқушы: Қазақ тілім өз тілім, ана тілім
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім
 

12-оқушы-Қастерлейді ұл — қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым дара тілім.

 

Бәрі бірге:Тіл  таусылмайтын байлық. Сондықтан мемлекеттік тіліміздің мәртебесін бәріміз жұмыла көтерейік.

1-жүргізуші : ӘН

 

2- жүргізуші.
ІІІ. Көрініс: «Ең қымбат қазына»
Қатысушылар: қария, баласы, дана қарт.
Ертеде бір тілге жүйрік шешен қария көз жұмарында ұлына:
«Балам, әкем кедей болды деп қамықпа. Менің саған тастаған көп қазынам бар, соны тауып алып қадіріне жет» депті. Бала кейіннен оны әрі іздейді, бері іздейді, таба алмайды. Арып — ашып жүріп, ауылдағы абыз ақсақалдарға мұңын шағыпты. Әлгі дана қарт тыңдап болып:
«Әке баласына өтірік айтпас болар, ақтық демінде ақиқатын айтқан екен. Әкең өте шешен адам еді, жарықтық. Оның саған қалдырған мол мұрасы — қасиетті тіл. Бәріміз сөздің дәмін келтіріп, қалай сөйлеуді сенің әкеңнен үйренген едік. Дүниеде тілден қымбат, мәңгілік мұра болмақ — па, сірә!» — деп аталы сөздің жұмбағын шешіп беріпті.
Сендер осы тіл ең қымбат қазына деген сөзбен келісесіңдер ме, мүмкін біздің одан да қымбат қазынамыз бар шығар?
Жоқ, мен олай ойламаймын. Дүниедегі ең қымбат қазына, әрине тіл. Тіл — ең алдымен қатынас құралы. Егер тіл болмаса, сен маған осы сұрақты қоя алар ма едің, ал мен саған өз ойымды айта алар ма едім?
Оның өте дұрыс. Шынында да тіл қатынас құралы болумен қатар ойдың да көрінісі. «Тілі байдың – ойы бай» деп текке айтылмаса керек.

ІV. «Кім шапшаң?».
Мақалдың алғашқы жолы айтылады, әрі қарай оқушылар жалғастырады.
11 — оқушы: Шебердің қолы ортақ, Шешеннің сөзі ортақ.
Тіл тас жарады, Тас жармаса бас жарады.
Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ.
Таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтер.
Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады.
Тіл қадірін білмеген — жетесіз.
12 — оқушы: Ақыл көркі — тіл, тілдің көркі — сөз.
Сөз өнері — киелі өнер.

15 — оқушы: Қазақ тілім өз тілім, ана тілім
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім
Қастерлейді ұл — қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым дара тілім.
16 — оқушы: Ана тілім — ар тілім
Жанардағы жарқылым
Жүрегіңде сақталған
Ән — жыры боп халқымның.

Оқушылар хормен: Туған тілім — тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сөз ойдағы.
Осы тілмен мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім мен де бірге өшемін.

                                                           

             2-жүргізуші
Келесі кезекті тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні болған тіл туралы мақал-мәтелдерге береміз
Тіл туралы мақал-мәтелдер
1.Бас кеспек бар,тіл кеспек жоқ.
2.Сүңгі жарасы бітер,
Тіл жарасы бітпес.
3.Өнер алды-қызыл тіл.
4.Өз тілің-бірлік үшін,
Өзге тіл-тірлік үшін.
5.Тіземнен сүріндірсе сүріндірсін,
Тілімнен сүріндірмесін.
6.Тіл- қылыштан да өткір.
7.Тіл – тас жарады,тас жармаса да бас жарады.
8.Тіл сүйексіз болса да,өзі сүйектен өтеді.
9.Шешеннің тілі ортақ,
Шебердің қолы ортақ.
10.Жеті жұрттың тілін біл,
Жеті түрлі ілім біл.
11.Қаһарлы сөз қамал бұзар.
12.Айтылған сөз , атылған оқпен тең.
13.Тауды,тасты жел бұзар,адамзатты сөз бұзар.
14.Жақсы сөз жарым ырыс.
15.Ана сүті бой өсіреді,ана тілі ой өсіреді.
16.Көре-көре көсем боларсың,сөйлей-сөйлей шешен боларсың.
2-жүргізуші
Тілім менің-тірлігім,
Тіл жайында толғанбайтын кім бүгін?
Тіл жайында үгіттейді кімді-кім?
Тілім менің,тілім менің – тірлігім!
Әрине,тіліміздің тағдыры үшін күресте халқымыз қам-қаперсіз болған емес.Бүгін де ана тілінің тағдырына алаңдайтын азаматтар

Ән: «Қазақ елі»
Қорытынды
1- жүргізуші

Бүгінгі тәрбие сағатымыздың соңын ақын Мұзафар Әлімбаевтың жыр жолдарымен аяқтаймын
Тілің-халқың,халқың-тілің,қос егіз!
Екеуінің саясында өсеміз,
Халық пен тіл-жасай берер қос емен,
Саясында көгереді көсегең.
Сіз бен біз де бұ дүниеден көшеміз.
Жасай бермек,жасайды сол қос – егіз!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тіл туралы мақал-мәтелдер жалғастыр ойынын ойнайық
1.Бас кеспек бар,тіл кеспек жоқ.
2.Сүңгі жарасы бітер,
Тіл жарасы бітпес.
3.Өнер алды-қызыл тіл.
4.Өз тілің-бірлік үшін,
Өзге тіл-тірлік үшін.
5.Тіземнен сүріндірсе сүріндірсін,
Тілімнен сүріндірмесін.
6.Тіл- қылыштан да өткір.
7.Тіл – тас жарады,тас жармаса да бас жарады.
.Тіл сүйексіз болса да,өзі сүйектен өтеді.
9.Шешеннің тілі ортақ,
Шебердің қолы ортақ.
10.Жеті жұрттың тілін біл,
Жеті түрлі ілім біл.
11.Қаһарлы сөз қамал бұзар.
12.Айтылған сөз , атылған оқпен тең.
13.Тауды,тасты жел бұзар,адамзатты сөз бұзар.

Жүздік

мыңдық

Ондық мыңдық Бірлік мыңдық жүздік ондық бірлік
 

 

          5

 

          1

          9

          7

          6

 

          4

          8

          1

          0

          0

          3

          0

          1

          3

          0

          0

          0

          2

          0

          0

          0

          0

          2

          0

          4

          0

          0

          0

          0

          0

          6

          0

          4

          5

          2

          0

          0

          0

          2

          0

          3

          8

         2  

         4

.