Турунтаева Альбина Айлихановна

Құқықтану магистры

Каспий университеті

«Әділет» Жоғары құқық мектебінің синьор-лекторы

Құқықтық сана мен мәдениетті жетілдіру мен оны құқықтық реттеу қоғам қажетттігі

                                               Аңдатпа

Дағдарыстағы  құқықтық сана мен мәдениеттің жетіспеушілінің нәтижелері. Құқықтық тәрбие тура жолмен жүруге үйрететін әділеттілік әдістері. Құқықтық психология нормаларды жетілдіретін, жаңа нормаларды қабылдау қажеттігінің деңгейін анықтаушы элемент.

Түйін сөздер: дағдарыс, құқық, сана, норма, мәдениет, әдістер.

Perfection of legal consciousness and culture and its legal regulation is a necessity of society

Annotation

The results of the lack of during the crisis of legal awareness and legal culture. Legal education that teaches move by justice method. Legal psychology is an element which determines the level of the need to improve the rule of law and the adoption of new standards.

Keywords: a crisis,  right, conscience,  rule, culture,  methods.

Совершенствование правового сознания и культуры

и его правовое регулирование является необходимостью общества                                             Аннотация

Результаты нехватки  во время кризиса правового сознания и правовой культуры. Правовое воспитание которая учит двигаться по методу справедливости. Правовая психология это элемент определяющий уровень необходимости совершенствовать правовые нормы и принятия новых норм.

Ключевые слова: кризис, право, сознание, норма, культура, методы.

Мемлекет пен  адам құқығының  арасындағы  өзара  байланыстылығы және өзара  негізділігі құқықтық  мемлекеттің  басты мақсаты адам  және  азаматтың құқықтарын қамтамасыз  ету болып  табылады. Көп ұлтты тәуелсіз мемлекетті нығайту, өскелең ұрпаққа адамгершілік, патриоттық, азаматтық тәрбие  беру  біздің баршамызға  міндет  екенін өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Құқықтық тәрбие тура жолмен жүруге үйрететін әділеттілік әдістеріне сүйенеді [1].

Қазір бүкіл әлем жұртшылығы экономикалық дағдарыстың қиындықтарын бастан өткеруде. Дағдарыс салқыны бізді де, білім беру саласын да айналып өткен жоқ. Оқтын-оқтын айналып, соғатын әр деңгейдегі дағдарыстарға біз бұған дейін де талай рет төтеп беріп келгенбіз. Халқымыз мұндай күйзелістер кезінде «көппен көрген ұлы той» деп, сабыр сақтап, ынтымақ-бірлігін нықтап, бекіте түскен. Әрдайым да қиындықтарды да бірлесіп жеңіп отырған.

Әр халықтың ұлттық тәрбие жүйесі әр-түрлі. Өз еліне басқа елдің тәрбие жүйесін енгізу мүмкін емес, себебі халықтардың өмір сүру моделі де, тәлім-тәрбие моделі де әр басқа» дегені бар. Осы орайда адамның жалпы мәдениеті мен оның құқықтық мәдениетінің арасында тығыз байланыс бар екендігін көреміз. Осы тақырыпты талдауда ең алдыменен бірнеше сұраққа тоқталуды жөн көрдім.  Ең негізгі сұрақтарға құқықтық сана мен мәдениеттің арақатынасын талдауды қарастырдым. Адамның құқықтық мәдениеті — күрделі психологиялық құбылыс. Бұл құбылыс қоғамның, мемлекеттің көптеген маңызды салаларында жақсы көрінеді. Заңды білмеу — құқықтық мәдениеттің елеулі кемшілігі. Бұл сұрақта К.Д.Ушинскийдің: «өмірде де, ғылымда да барлық халықтарға бірдей тура келетін тәрбие жүйесі жоқ.. Әртүрлі мәдени-тарихи қоғамдастықтың құқық туралы, ретеу әдістері мен жауакершілік түрлері туралы түсініктері әртүрлі болады. Түрлі елдер мен құрлықтардағы құқықтық сананың ерекшеліктері де осында [2].

Дағдарыс кезіндегі еліміздің құқықтық санасы мен мәдениеті саласына келсек, осы орайда, біздің ойымызға «Құқықтық санамыз мен мәдениетіміз қандай дәрежеде тұр?  Әлемдік дағдарыстың еліміздің осы саласына әсері қандай?» деген қазіргі кездегі өзекті мәселелер туындайды. Әсіресе, осындай сұрақты талдау мен оған жауап беру осы кезеңде бұл өте қиын мәселе! Өкінішке орай бұл саланы реттеуде әлі де қиын сынақтар мен дағдарыс қысымының  салмағы  әлі де әлсіремей тұр.

Құқықтық сана қоғамдағы құқықтық реттеу механизмімен тығыз байланысты. Ең алдымен, ол заң нормаларының алдында жүреді, себебі, бұл нормалар әрқашанда субъектінің санасы мен еркіне тікелей тәуелді; екіншіден, оның өне бойы іс-әрекетпен жасалады; үшіншіден, құқықтық сана құқықта кеткен олқылықтарды түсіндірумен анықталады, заңдарды жетілдіру мен дамытуды қамтамасыз етеді.  Көбіне құқықтық сананың төмендегі, материалдық және рухани игіліктердің не екенін жөнді түсінбеушілік қоғамға жат қылықтарды туғызады.  Құқықтық сана дегеніміз, адамдардың қолданылып жүрген және тілек ететін құқыққа көзқарасын білдіретін түсініктер мен сезімдердің, бағалар мен мақсатардың жиынтығы. Әлеуметтік-құқықтық оң белсенділік қана жеке адамның немесе ұжымның  жеткілікті құқықтық мәдениетінің компоненті деп танылады.

Құқықтық сана- қоғамдағы сан қырлы феноменге жатады. Оның жеке адам мен қоғамның рухани даму ерекшеліктеріне байланысты ерекшеленген өз құрылымдары бар. Құқықтық сананың қоғамға мынадай әсері бар екендігі;

  1. Депутаттар мен мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық саналары неғұрлым жоғарылаған сайын сапалы нормативті актілер қабылданып, жалпы ұлттық мүдде жоғарлайды.
  2. Құқықтық сана мемлекет қабылдаған актілерден өзінің шынайы көрінісін табады.
  3. Қоғамдағы бұл сана әділеттік пен әділетсіздіктің барометрі болады.
  4. Ол құқықбұзушылықпен күресудің мүмкіндігін туындатады. Құқықтық сана жоғарлаған сайын қоғамдық тәртіп нығаяды. Құқықтық сана, құқықтық мәдениет пен құқықтық тәрбие қоғамдағы субъектілердің қалыптасуына,өсіп-жетілуіне басты қағида бола біледі.

Құқықтық сананы негізгі екі элемент: құқықтық психология және құқықтық идеология құрайды. Құқықтық психология қолданыстағы нормаларды жетілдіретін, жаңа нормаларды қабылдау қажеттігінің деңгейін көрсетеді. Ал құқықтық идеологияда бұл сананың өсуінде мемлекет субъектілерінің қоғам мен мемлекет мүддесі үшін қажетті нормаларды қабылдау қажеттігін білдіреді.

Құқықтық санада көбінесе субъектілерде стихиялы түрде, құқыққа және құқықтық шындыққа деген көзқарасты бейнелейтін сезімі, оның ауыспалы көңіл-күйі, ондағы сүйкімділік пен сүйкімсіздік, реніш түрінде қалыптасатындығы қаралады. Мәселен, бұл субъектілердің жасалған қылмысы  жөнінде ашынушылығы және оның құрбанына жанының ашушылығы, әділ сот үкіміне толық қанағаттану сезімінің туындауы; қылмыстық жазадан қорқуы немесе Конституцияны құрметтеуін айтуға болады [3].

Құқықтық санамен тығыз  байланысты және оның туынды құбылысы құқықтық мәдениет болып табылады. Субъектінің іс-әрекетінде құқық нормаларын басшылыққа алуы оның құқықтық мәдениетінің ерекшелігін, дәрежесін білдіреді. Құқықтық сана қоғамдық өмірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайларымен, оның мәдени-құқықтық дәстүрлерімен айқындалады. Ол субъектінің қолданылып жүрген құқық нормаларын сақтауға немесе бұзуға деген белгілі бір көзқарасын қалыптастырады. Құқықтық сана өзінің сабақтастығымен, мәдени-тарихи  мазмұнымен күшті. [4]. Құқықтық мәдениет қоғамда қолданылып жүрген құқық нормалары білімінің жоғары деңгейімен сипатталады. Ол субъектілердің мінез-құлқы олардың құқықтық сенімдеріне, олардың басқа адамдар қылықтарының заңдылығына баға беруіне және құқықбұзушылықтың жасалуына кедергі жасауына сәйкес келуін анықтайды.

Қылмыстық, қылмыстық атқару, әкімшілік, сондай-ақ  азаматтық құқықта сол заңдарға қоғамдық құқықтық сана арқылы және оны мақұлдауымен адамдардың әдет-ғұрпымен енгізілген кінәден арылуы туралы, зиянды жуып-шайуы туралы, моральдық нұқсанның орнын толтыруы туралы ережелер кездесетіні анық. Кәсіби құқықтық сана ретінде ол кәсіби заңгерлер арасында әрдайым қалыптасады, олар нормалар шығаруда, құқықтарды түсіндіруде және құқықты қолдануда үлкен рөль атқарады. Ол тағы да екінің біріндегі белгілі бір стереотиптермен (күдікшілдік, басқаларды айыптауға бейімділік, дәлдік пен формалдылық, ілеспелі заң нормаларын, іс-әрекеттің секторын немесе негізгі құқықтың өрісін көру) белгіленген, жазудан ерекше стилі мен жаңаша заң тілін қалыптастырады. Көбіне құқықтық сананың төмендегі, материалдық және рухани игіліктердің не екенін жөнді түсінбеушілік қоғамға жат қылықтарды туғызады.

Құқықтық психологияда субъектінің іштей өзін-өзі бағалау дағдысын қалыптастыруы- бұл жеке субъектілерді құқықтық тәрбиелеудің және жалпы әлеуметтендіру процесінің негізгі міндеті екендігін көрсетеді.

Заңдардағы дер кезінде жаңартыла бермейтін жаңсақтықтар мен жетілмегендіктің қоғамдық құқықтық санадағы құқық бейнесінің көрінуіне теріс әсер етеді. Соның салдарынан нормаларды күштеу арқылы қабылдау мен түсіну  әлі де  ортамызда сақталып келеді. Сондықтанда қоғамда құқық нормаларын сақтауға біден гөрі мемлекет көбірек мүдделі деген жаңсақ пікір таралып кеткен. Заңды мінез-құлықты оның мотивтері бойынша әлеуметтік-құқықтық оң белсенділікке (заңды мінез-құлықтың дұрыстығы мен пайдалылығына сенуге негізделген); конформистік мінез-құлыққа (ұғынбай тұрып және құқықтық белсенділік болмай, заң нұсқауларына бағынуы) және маргиналдық мінез-құлыққа (құқық нормаларын жазалаудан қорқып сақтауға) жіктеумен қатар, юриспруденцияда заңды мінез-құлықты оның қоғамдық маңыздылық дәрежесіне қарай да бөлу жүргізіледі. Осы өлшем бойынша заңды қажетті мінез-құлық(мысалы, қарулы күштерде қызмет ету); заңды қалағанындай мінез-құлық(ғылыми немесе көркем шығармашылық); заңды жол берілетін мінез-құлық(діни-ғұрыптарды атқару және т.б.) болады.

Мемлекет неғұрлым өз субъектілерінің саналық пен мәдени құқықтық тәрбиесіне мән беретін болса- құқықтық сана мен құқықтық мәдениет ерекшеленіп жылдам дамиды, өйткені субъектілердің өз әрекеттерінің    заңдылығын шынайы бағалауы, өздерінің ниетіне, өз мотивтері мен қылықтарына сырттан сын көзбен қарап және де дер кезінде оң бағалай білуі мен оның мінез-құлқындағы реттеуіштік, құқықбұзушылықтың алдын алушылық рөлін айқындайды. Субъектілердің құқықтық психологиясынды әрдайым өзін-өзі іштей бағалау дағдысын қалыптастыруы-жеке адамды құқықтық тәрбиелеудің және мемлекеттің жалпы әлеуметтендіру процесінің негізгі міндеті болып табылады [5]. Бұдан заңдылық пен құқықтық тәртіптің бекітілуіне қамқорлық тікелей мемлекет мойынында болу қажеттігі шығады.

Әрбір қоғам өз демократиялық принциптерге сүйене отырып, әр адамның шығармашылық күштерін, ниетін, ойын, сезімі, ұмтылысын толық және еркін жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етеуі, демократияны жетілдіруі мемлекеттік және қоғамдық өмірдің құқықтық негізін бекітуге тікелей әсер етеді. Мемлекет және қоғам өмірінің құқықтық негізін бекіту процесінде төмендегідей маңызды шараларды жүзеге асыруды қажет етеді;

-қабылданған заңдылықтарды үздіксіз жетілдіру;

— заңның орындалуын бекіту мен бақылау;

— қоғамдық тәртіп орнатуға әрбір азаматтың тікелей қатысуын талап ету шараларын жетілдіру.

                            Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Баянов Е.Б. «Мемлекет және құқық негіздері», оқулық,  Алматы, «Жеті жарғы», 2001,137-142 б.
  2. Ағдарбеков Т. «Құқық және мемлекет теориясы», Алматы, «Жеті жарғы» 2002, 103-106 б.
  3. Ғ.Сапарғалиев, А.Ибраева, «Мемлекет және  құқық теориясы», Алматы, «БЕК», 2007ж, 175 б.
  4. А.Ә.Маханбетова, Р.С.Егізбаева, «Кәмелетке толмағандарды құқықтық мәдениетке тәрбиелеу», Алматы, «Білім»,2010 ж, 20 б.
  5. Г.Искакова, Н.Ғазизова,А.Сембаева, Қазақстан Республикасындағы адам құқығы, оқу құралы, Астана, «БЕК»,2008 ж,  9б.