Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы «№3жалпы орта білім беретін мектебі» бастауыш сынып мұғалімі

Султанова Макпал Кайратовна

 

Зат есім
Қазақ тілі 3 сынып
Сабаққа негізделген оқу мақсаты: Сөз таптарының бірі зат есім жайлы түсіндіру. Тапсырмаларда берілген сөздердің зат есім екен дәлелдеуді, тіл дамыту жаттығулары арқылы шағын әңгіме құрауды, оқушылардың өздеріне ереже құрастыруды үйрету.
Оқу нәтижелері:

Барлық оқушылар: Зат есім туралы алған білімдерін бекітеді, тиянақтайды.
Басым бөлігі: Зат есім туралы біледі, мысал келтіре алады.
Кейбір оқушылар: Зат есім туралы біледі, оған мысалдар келтіре алады. Зат есімнің түрлерін біледі. Зат есімді басқа сөз табымен байланыстыра алады.
Алдыңғы оқу 4 — жаттығу. 27 — бет. Суреттегі заттардың атын ата. Ол сөздерді сын есіммен тіркестіріп жаз.
Жасыл шырша, тәтті бәліш, ыстық үтік, терең көл, ыстық күн, сүйкімді лақ.
«Ойын оймақ» стратегиясы. Бұл стратегия бойынша оқушыларға әр сөз табынан сөздер айтамын. Оқушылар соған байланысты, тіркестіріп зат есім ойлап табады. Мысалы, жеті жеті лақ, бес ешкі, сары жапырақ, ойнады — ойын ойнады… т. б.
Ынтымақтастық атмосферасы
Әрбір адам – досым, сыныптасым,
Әрбір ісің – тірлік, тірек, адамдық.
Әрбір сөзің – шындық, бірлік, адалдық,
Әрбір сабақ – үйрену, оқу, іздену.
Ұран бойынша оқушылардың психологиялық көңіл — күйін бақылағаннан кейін сабақты бастауға мүмкіндік жасаймын.
— Балалар, кітап, қарындаш, ағаш, шырша, қоян – бұл сөздер қандай сөз табына жатады? Неліктен?(оқушылар өз ойларын айтады)
— Жарайсыңдар, балалар! Ендеше зат есім дегеніміз не екенін еске түсіріп жіберейікші.
Ережені еске түсіру.
Зат есім дегеніміз – заттың атын білдіретін сөздерді зат есім дейміз. Зат есімдерге кім? не? нелер? кімдер? деген сұрақтар қойылады.
Мысалы: бұлбұл, орындық, Асқар, мұғалім.
Зат есімдердің мағыналары кең, өте бай болып келетін аңғарту үшін мынандай тапсырмалар беремін. Тақтаға әртүрлі ұғымды білдіретін зат есімдер жазылады. Мысалы: Құрылысшы, сәби, кітап, үй, жаңбыр, найзағай, қой, парта, торғай, қияр, жолжелкен т. б. Зат есім бас әріппен басталып жазылады. Оған адам аттары, жер — су аттары, таудың аттары, жануарлардың ерекшелеп қойылған аттары жатады.
Сергіту сәті
1 — топ 1 — жаттығу
Сурет бойынша торкөз санына сәйкес келетін сөздерді тап. Ол сөздер қандай сұраққа жауап береді?
1) Қазы; 2) Тарақ; 3) Мата; 4) Кесе; 5) бесік; 6) Кілем; 7) Кеме.
Аталған сөздерге не? сұрағы қойылады.
2 — топ 2 — жаттығу
Мәтінді оқы. Мәтінде не туралы айтылған? Мәтінге ат қой. Мәтінді зат есімдерсіз оқып көр. Мәтінді зат есімдерсіз түсінуге бола ма?
Зат есімдерді теріп жаз.
Су, құмыра, су, тастар, су.
«Ортадан қалам алу» стратегиясын қолданамын. Бұл стратегияда оқушылар өз топтарының ортасына қаламдарын қояды. Мен кез келген қаламды алып таңдаймын. қаламның иесі мен айтқан тапсырманы орындайды. Тапсырма: Мен зат есімді атаймын. Оқушы сол зат есімді басқа сөз таптарымен байланыстырады, тіркестіреді. Мысалы: зат есім+сын есім, зат есім+сан есім, зат есім+етістік. Көйлек — қызыл көйлек, төрт көйлек, көйлек тікті.
Бұл стратегияны «бағдаршам түстері» арқылы бағалаймын.
3 — топ 4 — жаттығу
Өлеңді оқы. Зат есімдерді теріп жаз. Оларды қандай белгісі бойынша екі топқа бөліп жазар едің?
Кім? ———Не?
Іні ————ойыншықтар
Әпке ———машина
Аға ———-арба
—————-Шана
——————Тақта
———————-Ат
«Өрмекші торы» ойнының қолданамын. Осы ойын арқылы оқушылардың есте сақтау, ойлау дағдылары қалыптаса отырып, ұйымшылдыққа үйренеді.
• Балдырған – сөзіндегі әріптерді пайдаланып бірнеше сөз құрау.
Бал. Мал. Балдыр. Нар. Аға. Баға.
5 — жаттығу. Мақалды көшіріп жаз. Зат есімдердің астын сыз.
Өнер – ағып жатқан бұлақ,
Ғылым – жанып тұрған шырақ.
Ата – бәйтерек,
Бала – жапырақ.
Үйге тапсырма беру 3 — жаттығу. 28 — бет.
Бағалау Оқушыларды топпен бағалау және жекелей бағалаймын.
Кері байланыс «Күншуақ» стратегиясы.
Күн — сабақты жақсы түсіндім.
Күн бұлтты — сабақты түсіндім, бірақ аздап шатасамын, қиналамын.
Бұлт — маған көмек қажет.