«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы,

Алматы облысы бойынша ПҚ БАИ

Мұғалімнің кәсіби дамуын педагогикалық-психологиялық тұрғыдан қолдау кафедрасының аға оқытушысы

А.Болсынбаева

 

 

Мұғалім  — зор тұлға, ол күннің құдіретті сәулесі

 

Елбасының Қазақстан халқына арнаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» жолдауы қоғамда үлкен серпіліс туғызды. Бұл серпіліс лебі Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ұстаздарының ойынан, көңілінен, пікірінен анық байқалады.

Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры Кенесбаев Серік Мұхтарұлы бұл жолғы маңызды құжатта елдік мәселе ерекше қозғалғандығын атап өтті.

Елбасының биылғы Жолдауы реформалық сипатты жандандыру тұрғысында емес, осы жылдары бастау алған жаңашылдық идеяларды жүзеге асыру тетіктерін жақсартуға бағытталды. Ең бастысы – халықтың әл-ауқатын жақсарту әр адамның өз мүддесі үшін құлшына еңбек еткенде ғана қол жеткізетін құндылық екенін айтты. Ол үшін экономикалық әлеуетті жаңаша дамыту қажет екенін де тілге тиек етті.

Мұғалімнің кәсіби дамуын педагогикалық-психологиялық тұрғыдан қолдау кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.к., А.Х.Мухтаров өз баяндамасында жолдаудың алты бөлігін талдап, ұстаздар үшін ең маңызды «Педагог мәртебесі туралы» заңның қабылданатынын ерекше айтып өтті, өйткені бұл құжат мұғалімдер мен мектепке дейінгі мекемелер қызметкерлері үшін барлық игілікті қарастырып, жүктемені азайтуға, жөнсіз тексерістер мен міндеттен тыс функциялардан арашалайтынын білдірді.

Келесі кезекте институт директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Ауелғазина Толқын Құдайбергенқызы жолдаудың «Тұрмыс сапасын арттыру» атты екінші бөлімдегі Мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі жақсартуға қатысты өз ойымен бөлісті. Әл-Фараби бабамыздың «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың хас жауы» деп айтқандай балаға дұрыс тәрбиені балабақшадан бастап, мектептерде, тіпті жоғары оқу орындарында қолға алып, жете көңіл бөлінгені дұрыс. Себебі білім алдыңғы орынға шығып, тәрбие кейіндеу қалып қоятын болса, мұның арты адамның толыққанды тұлға болып қалыптасуына айтарлықтай кері әсерін тигізері сөзсіз. Білім бұл белгілі бір ақпараттар жиынтығы яғни ол есте қалып, санаға сіңеді. Ал тәрбие адамның күллі жан-дүниесіне әсер етеді, өмірмен біте-қайнасып,  тұлғалық қасиеттерін қалыптастырады. Тәрбиенің ұғымы өте кең. Ең басты бала отбасында және балабақшада дұрыс тәрбие алса, мектеп баланың дағдысын дамытары хақ.

Ұстаздар Жолдауда аталған денсаулық саласына да ерекше көңіл бөлінгендігін, бұл әсіресе цифрландыруға яғни электронды денсаулық паспортының жасалуы, кезектерді, бюрократияны жоюға, қызмет сапасының арттылатындығына сенімдерін білдіріп, риза көңілдерін білдірді.

Ұстаз үшін әрине бірінші кезекте мәртебенің биік болғаны абзал. Осы ретте салыстырмалы түрде Жапон мемлекетінің ұстаздарға жасап отырған қамқорлықтарын сөз етті.

Жапон елінде ұстазға үлкен құрмет көрсетіледі, ұстаздарға арналған жеңілдік дүкендері, жол жүру де т.б. жеңілдіктер жасалған екен.

«Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ұстаздары «Педагог мәртебеі туралы» қабылданатын заңға осы аталған Жапон, Германия мемлекеттерінің ұстаздарға жасалып отырған қамқорлықтары негізге алынса деген ұсыныстарын білдірді.

Сонымен қатар мынадай ұсыныстар да айтылды:

— ұстаздардың жалақысын мемлекеттік қызметкерлердің жалақысымен тең етсе;

— жүктемелерін азайту

— ұстаздардың денсаулықтарын жақсарту, жылына бір демалуға болатындай демалыс орындарына қол жетімді болса

— мектеп білімін реформалау тоқтатылса,

— мұғалімдер тұрғын үймен қамтамасыз етілсе,

— Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқыту жүесі мен әдістемесі мемлекеттік мектептер үшін бірыңғай стандарт болса.

Елбасы Н.Назарбаевтың бұл жолдауы дер кезінде жолданған, халықтың игілі мен тұрмысын жақсартуға, рухани кемелденуіне бағытталған маңызды құжат.

Сондықтан әр Қазақстан азаматы еліміздің болашағы жарқын әрі кемел болуы үшін өзінің күш-жігерін, білімі мен қарымын, біліктілігін еліміздің даму жолында сарп етіп, тегеурінді қызмет етуі керек деп білеміз.