Құмкешу жалпы білім беретін орта мектебінде

              Зейнолла Шаймұханбетұлы атындағы

                  «ТҰҒЫРЫ  БИІК  ТҰЛҒАЛАР»

                           атты мұражай ашылды.

 

 

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында елімізде көптеген маңызды іс-шаралар жүзеге асырылуда. Соның бірі Құмкешу жалпы білім беретін орта мектебінде көптен күткен мұражайдың ашылуы. Бұл мұражайдың ашылудағы негізгі мақсаты:«Еңбегі елге өнеге» бөлімінде елге қызмет еткен ел ағаларымыз,  «Қалдырған ізің мәңгілік …» бөлімінде ұлы ұстаздарымыз, «Білімнің жаққан шырағын» бөлімінде құмкешу мектебінде ұстаздық жолында зейнеткерілікке шыққан ұстаздардың өмірдеректері , «Біздің мақтаныштарымыз» бөлімінде алтын белгі иегерлерін және үздік түлектеріміздің атын есте қалдыру, өнегелі істерін келешек жас ұрпаққа насихаттау.

З.Шаймұханбетұлы атындағы «Тұғыры биік тұлағалар» атты мұражайдың ашылуына ел ағалары, қолөнер шеберлері, ауыл үлкендері, ұстаздар қауымы, мектеп түлектері мен арнайы шақырылған қонақтар қатынасты. Мұражайдың лента қию рәсімі Амангелді ауданында көп жылдар бойы көрегендікпен, іскерлікпен аудан әкімі болған, қазіргі таңда зейнеткерлікте жүрген ауданымыздың құрметті азаматы Ахметов Сабыржан Ахметұлы мен аудандық мәслихат хатшысы Кеделбаев Қанат Уашұлына берілді. Мұражайдың ашылу салтанатының алғашқы ақ тілегі ауданымыздың құрметті азаматы Ахметов Сабыржан Ахметұлы мен аудандық мәслихат хатшысы Кеделбаев Қанат Уашұлы және аудандық білім беру бөлімінің басшысы Дихамбаев Мұрат Сембайұлына берілді. Құттықтау барысында мектеп басшысы Қылышбаева Арайлым Күмісбайқызының өз инситивасымен ел азаматтарын демеушілікке тартып, үлкен іс жасағаның және мектеп ұжымына деген ризашылықтарын білдірді.  Мұражайдың ашылу салтанатынан кейін  «Тұғыры биік тұлғалар» тақырыбында ғылми конференциямен жалғасты. Конференцияға негізгі бөлімдерге арнайы тақырыптар бойынша оқушылар зерттеу жұмыстарын баяндады. Конференцияның алғашқы құттықтау сөзін Зейнолла атамыздың баласы Алмат ағамыздың тілегімен басталды. Конференцияның алғашқы тақырыбы Құмкешу елді мекенінің шығу тарихы мен ел ағалары туралы баяндаудан бастады. Баяндаушы Құмкешу мектебінің 10 сынып оқушысы Жақсылықов Бауыржан Сәрсенбекұлы, жетекшісі география пәнінің мұғалімі Рахметов Раман Мырзабайұлы. Екінші тақырып текті тұлға Зейнолла атамыз туралы болды. Баяндаушы 10 сынып оқушысы Сағымжанов Шоқан Тұрарұлы, жетекшісі математика пәнінің мұғалімі Ержігітова Тынышкүл Бастарқызы. Үшінші тақырыбы ұлы ұстаздардың өмірдеректеріне тоқталу. Баяндаушы 5 сынып оқушысы Мұқанбетқалиева Эльнура Төлепбергенқызы мен 7 сынып оқушысы Қонысбек Ақгүлім Данабекқызы, жетекшісі қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Құсайынова Гүлжан Мейрамқызы. Төртінші тақырып «Білімнің жаққан шырағын» құмкешу мектебінен ұстаздық жолында зейнеткерлікке шыққан ұстаздардың өмірдеректері туралы. Баяндаушы 11 сынып оқушысы Жақсылықова Ақбота Дүйсенбекқызы, жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі Қылышбаев Серік Егінбайұлы. Бесінші тақырып «Ою мен ой айтқан» ауылымыздың қолөнер шеберлері туралы. Баяндаушы 5 сынып оқушысы Асқарова Перизат Берікқызы, жетекшісі қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Байділдина Құралай Шөптібайқызы. Алтыншы тақырып «Біздің мақтаныштарымыз» мектеп түлектері туралы. Баяндаушы 6 сынып оқушысы Егізбай Ханшайым Қайратқызы, жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі Нұрханов Бейсенбек Мұсаұлы. Конференция соңында қатынасқан қонақтардың пікір, тілектері тыңдалып, өзара ой бөлісіп, ойларын ортаға салды. Көптен бері бірін-бірін көрмеген арнайы шақырылған қонақтар бір-бірімен сағынысып  қауышып, сағыныштарын басып дән риза болды. Конференцияға Арқалық қаласынан келген Жәнібек ағай мен Қарлығаш апай, Астана қаласынан келген қарт ұстаз Қалимаш апай, мектеп түлектері торғайдан келген Гүлнар апай мен Астана қаласынан келген Бауыржан ағай, ел ағаларымыздың бірі Қарғабек ағай мен мектебіміздің басшысы әрі ауыл әкімі болған Ғалымжан ағай, Арқалық қаласының мұражай директоры Асхат ағай мен қарт ұстаздар Аманжол, Молдатай ағайлар мен Жаңыл апайлар конференцияда баяндама оқыған оқушыларға және мектеп ұжымына ақ тілектерін білдірді. Конференция соңында мұражайдың ашылуына келген барша қонақтарға тілек білдіруде мектеп басшысы Қылышбаева Арайлым Күмісбайқызына сөз кезегі берілді. Мектеп басшысы өз тілегінде мұражайдың ашылуына бастама жасаған ауданымыздың құрметті  азаматы Ахметов Сабыржан Ахметұлы мен мұражайдың толық жабдықталуына қол-ұшын беріп, толықтай демеушілік жасаған Зейнолла атамыздың балалары Алмат аға мен Марат ағаларымыздың  отбастарына амандық, дендеріне саулық тілеп, ұстаз болып қызмет жасамаса да сол ұстаздан білім мен тәрбие алған Зейнолла атамыздың елі үшін жасаған еңбегінің ұшаң-теңіз екенің айтып ағынан жарылды. Бйылғы жылы біздің Құмкешу мектебінде «Туған жерге туыңды тік» іс-шара аясында, мектепке демеушіліктер тарту арқылы оқу бөлмелерінің ұстаз есімне беру барысында ізгілікті іс жасалғаның, сол ізгілікті істі бастаған «Адам ұрпағымен мың жасайды» дегендей жомарттық танытып, мектеп ұжымы мен оқушыларды ыстық ықыласына бөлеген Зейнолла атамыз бен Темірбай ұстазымыздың  балаларының әкелерінің атын жаңғыртып, жандандырып, елге танытып, ізгілікті іс жасап, батырлық танытқаның мақтанышпен айтып өтті. Алдағы уақытта бұл бастаманың  жалғасын тауып тарих-география бөлмесінің атауын ұстаз әрі айтыстың ақтаңгері болған Байқасыновт Қабден ағайдың есіміне беру іс-шарасымен жалғасатының айтып өтті. Мектеп басшысы сөз соңында мұражайдың ішкі бұйымдардың жабдықталуына өз демеушіліктерін жасаған ауыл әкімі Аслан Хамитбекұлына, ел ағалары Қарғабек Әмірұлы мен Ғалымжан Жасталапұлына, мектеп түлектері Бауыржан Рақымжанұлына, Нұржан Қасымбекұлына, Батырхан Хамитұлына, Асемгүл Қалиқызына, Әдемі Хамитбекқызына, Әдемі Ғалымжанқызына, Мейрам Жұмекенұлына, Ербол Нұрмұханұлына, Асхат Аманжолұлына, Марал Мұратбекұлына, қарт ұстаздарымыз Молдатай Жапарұлына, Рая Төлеубайқызына, Жанна Қабдрашқызына, мектеп ұстаздары Раман Мырзабайұлына,Ақмарал Мұхамедәлиқызына, Гүлім Қонысбайқызына және мұражайдың эстетикалық талапқа сай жабдықталуына атсалысқан мектебіміздің ұлағатты ұстазы Тынышкүл Бастарқызы мен сызу-сурет пәнінің мұғалімі Сәндігіүл Ғалымқызына, технология пәнінің мұғалімі Ернар Бейсенбекұлына, мектеп шебері Нұрлан Жапарұылына және жалпы демеушілік жасаған мектеп ұжымына ризашылығын білдіріп, мектеп әкімшілігі атынан алғысын айтты.

«Өз ұлдарын, өз ерлерін ескермесе, ел тегі қайдан алсын кемеңгерді»,-деп. І.Жансүгіров айтқандай, бұл да өз асылдарымызды ұлықтауымыздың бір көрінісі. Өз еліне шын беріліп, терең сүйе білген ағаларымыздың өмірі біз үшін, өсіп келе жатқан жас жеткіншек үшін үлкен өнеге, тәрбие. Сондықтан, ендігі біздің парызымыз осындай кесек тұлғалы ағаларымыздың рухына дақ салмай тағзым етіп, атын әспеттеу, өнегелі істерін жас ұрпақ бойында қалыптастыру деп өз сөзін аяқтады. Осындай жаста болса іскер, әрі батыл басшымыздың мектеп ұжымы мен оқушылары үшін жасап жатқан игі бастамасына толағай табыстар мен шығармашылық шабыт тілейміз. Мұражайдың үшінші бөлімі мектеп ұжымының ұйымдастыруымен шақырылған барша қонақтарға ас берумен жалғасты.

 

 

 

Қостанай облысы,

Амангелді ауданы,

Құмкешу ауылы,

Құмкешу жалпы білім беретін орта

мектебінің жас маманы:

Кенжеғұл Қаламқас Нұрманқызы.