Оқушыларды ғылыми ізденіске баулу жолдары

Армидинова Шахадат,

 №45 орта мектеп-гимназиясының мектепалды

даярлық тобының мұғалімі

Талғар ауданы

Алматы облысы

Балаға тәрбие беру  барысында білім беру- қазіргі инновация  заманының басты белгісі.  Даярлық сынбынан бастап  оқушыны ғылыми көзқарасқа тәрбиелеу   арқылы олардың  физикалық  білімдерін қалыптастыруды  талап етіп отыр. Күн жүйесінің құрылысы туралы білім негіздері. Физикалық құралдар ,оны қолдану  туралы  мәлімет беріп кетеді сол үшін бала, балабақша тәрбиесінде,  тәрбие сабақтарында  слайдтар,  7 сынып физика пәнінде   оқылатын  электронды оқулықтарды пайдалану артық емес. Онда  Коперниктің гелиоцентрлік жүйесі туралы  жақсы айтылады. Жылдамдық ,әр түрлі денелердің жылдамдықтарын салыстыру,оның өлшем бірліктерін, басқа да физикалық өлшем бірліктер туралы сипаттама беріледі.Оларды өлшейтін физикалық құралдар туралы айту керек.Ол үшін  төменгі сынып мұғалімдері жоғары сынып мұғалімдерімен  тығыз байланыста болуды  қажет етеді.Осы ұғымдарды азда болса сабақтарында  қолданса ертең бірінші  сыныпқа барғанда балада ғылымға деген көзқарасы кеңейе түседі.Баланы  ғылымға, табиғатты сүюге , әр нәрсеге байқампаздығын арттыруға  тәрбиелей отырып өмірде өз орнын алуға мүмкіншілік жасайтын қадамдар тудырамыз. Осы қадам балабақшадан басталу керек.Сабақтарында сыни тұрғыдан ойлана алатын  оқушы болу үшін ,мұғалім  қызықты материалдарды  сабақтың ағымдағы кезінде көбірек қолдану керек екенін,  заман талап етіп отыр.Қазіргі жаңа технология  бойынша  3-5 жас арасында бала өз-өзін  реттілікке келтіру  талабын орындау керек  екенін жаңа бағдарламада көрсетілген.Ол  топтарда көрініс табу керек.Балапандарды ынталандырушылыққа, эмоциялыққа, танымдық қасиетін қалыптастыруда, әлеуметтікке баланы тәрбиелеу осы сатыда дұрыс қалыптастыруды  мақсат етіп отыр. Дамыған мемлекетте осы қадамға қатты көңіл бөлген. Атап айтсақ  Сингапурда  жоғарғы сыныптарда математика мен физика пәніне қызығушылықтары өте жоғары, себебі балабақшада осы реттілікке қатты көңіл бөлген.

Өз бетінше оқуды дамыту моделінің үлгісі

Зерттеу.Өзін-өзі реттеудің негіздемесі балабақшада бала осы реттілікті қалыптастыру керек.

Эмоциялық:  Өз тəртібі мен өзгенің тəртібі туралы жəне оның салдары туралы айта алады. Жаңа тапсырманы сеніммен орындайды. Назарды бақылай алады жəне алаңдататын сəттерге қарсы тұра алады. Алға басуды бақылайды жəне тиісті тəсілмен көмек іздейді.  Қиындықта табандылық танытады.

Танымдық: Өз мүмкіндігін біледі.  Нені қалай жасағаны туралы немесе нені үйренгені туралы айта алады. Жоспарланған іс-қимыл туралы айта алады. Шешімді негізді қабылдай алады жəне таңдау жасай алады. Сұрақ қояды жəне жауаптар ұсынады.  Бұрын үйренген стратегияны пайдаланады.  Бұрын естіген сөзді өз мақсатында пайдаланады.

Əлеуметтік: Тапсырманы қашан əрі қалай шешуді келіседі. Құрдастарымен əлеуметтік мəселені шеше алады.  Бірге жəне кезектесіп дербес жұмыс істейді. Құрдастарымен бірлескен жұмысқа қатысады. Өзінқоршағанадамдардыңсезімінтүсінеді, көмектеседіжəнеқолдаубілдіреді.

Ынталандырушылық:Ересектердің көмегінсіз жеке ресурстарды табады. Міндеттерді шешудің жеке тəсілдерін жасап шығарады Жаңа іс-əрекеттер ұсынады. Өз міндеттері мен мақсатын жоспарлайды. Тапсырманы шешкенді ұнатады.Осы реттілікті  әр мұғалім өзінің сабағында қолданса, өмірде өз орнын табатын  оқушылар қатары көбейеді деген сенімдемін.