«Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауы

 

«Педагогикалық идеялар панорамасы» орта білім беру ұйымдарына арналған бейне сабақтар мен бейнедәрістер Республикалық конкурсы өңірлік кезеңінің «Орта білім берудегі оқытудың заманауи технологиялары»  бағыты бойынша география пәні мұғалімдері  байқауға қатысуға   өтінімдері мен ереже талаптарына сай бейнесабақтарын жіберді.  Ауданнан келіп түскен география пәні мұғалімдерінің жұмыстары сараптамадан  өткізілді. Көптеген сабақтар мазмұндық бағытының сәйкестігі, өзектілігі  және техникалық жағынан бейнесабақтар байқауының сынынан өте алмады.

«Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауына келіп түскен бейне-сабақ, бейне-дәрістерді сараптай келе география пән мұғалімдерінің байқауға жақсы  дайындықпен қатысқандарын атап өтуіміз керек. Сараптау кеңесі байқау талаптарына сай деп   төмендегідей қорытындыға келді. «Орта білім берудегі оқытудың заманауи технологиялары»  аталымы бойынша география пәні мұғалімдерінің жұмыстарына төмендегідей орындар белгіленді:

 1 орын     Кенжалыева Перуза Атабаевна, Іле ауданы, № 40 орта мектебі

 2 орын     Пашкеева Улдана Мынжасаровна, Қапшағай қаласы, орта мектеп-

гимназиясы

 3 орын    Жолдасбекова Қаракөз Еркінбекқызы, Ш.Смағұлов атындағы

дарынды балаларға арналған мамандандырылған физика-

математика мектеп- интернаты.

 

 

         Ғылыми-жаратылыстану (гуманитарлық)

         пәндерді оқыту әдістемесі мен

         инновациялық технологиялар

         кафедрасының аға оқытушысы:                    Адыбаева Л.Д.