«Өрлеу» БАҰО»АҚ филиалы, Алматы обылысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты. «Мұғалімнің кәсіби дамуын педагогикалық-психологиялық тұрғыдан қолдау» кафедрасының меңгерушісі. Филология ғылымдарының кандидаты

Мухтаров Амангали Хамидоллаулы 

 

«Өрлеу» БАҰО»АҚ филиалы, Алматы обылысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты. «Мұғалімнің кәсіби дамуын педагогикалық-психологиялық тұрғыдан қолдау» кафедрасының аға оқытушысы  Қайролдаева Анар Нұрғалиқызы

«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда»…

немесе бейнесабақтар байқауының облыстық кезеңі

 

Халыққа қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында елімізде «цифрлы Қазақстан» бағдарламасы әзірленгені баршамызға белгілі. Осыған орай «Өрлеу» педагогтардың біліктілігін арттыру Ұлттық порталында үздік бейне-сабақтар мен бейне-дәрістер қорын жасау ісі жолға қойылған. Біріңғай ақпараттық-білім кеңістігінде заманауи педагогикалық тәжірибені жинақтау және насихаттау, педагогтардың ақпараттық-коммуникациялық және технологиялық құзыреттіліктерін арттыру мақсатында «Өрлеу» БАҰО» АҚ жыл сайын «Педагогикалық идеялар панорамасы» тақырыбымен мектепке дейінгі тәрбие, орта білім, қосымша білім беру, техникалық және кәсіптік, жоғары білім ұйымдары үшін бейне-сабақтар мен бейне-дәрістер байқауын өткізіп жатыр.  Байқау екі кезеңнен тұрады. Облыстық кезеңде жүлде алған бейне сабақтар Республикалық конкурсқа жолдама алады. Осыған орай «Алматы облысы бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институты»  мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудағы заманауи технологиялар бағыты бойынша осы салада қызмет етіп жүрген әдіскерлер мен тәрбиешілер арасында өткізілген байқаудың нүктесін қойды. Бейне-сабақтар мен бейне-дәрістер байқауына барлық аудан белсене қатысқанын атап өтуіміз керек.  Бейнесабақтарға қойылатын талап өте жоғары, соның үдесінен шыққан біраз жұмыстарды қарай келе сарапшылар тобы төмендегідей қорытындыға келді. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының әдіскерлері» аталымы бойынша:

1 орын Нусипова З. С. Талдықорған қаласы, №42 балабақша

ІІ орын Ракишова А. М. Талдықорған қаласы, №42 балабақша

ІІІ орын Жакупова Ғ. Б. Іле ауданы, «Қуат» балабақшасы.

«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиешілері» аталымы бойынша:

1 орын Төркінбекова Г. Талдықорған қаласы, №42 балабақша

ІІ орын Боднар Е. А. Талдықорған қаласы, №42 балабақша

ІІІ орын Шыныбекова Г. Талдықорған қаласы, №42 балабақша

Жүлделі орын алған әдіскерлер мен тәрбиешілерді шын жүректен құттықтап, республикалық байқауда жеңіс тұғырынан көрінулеріне тілек білдіреміз.

Сонымен қатар, Қарасай ауданына қарасты Шамалған және Алмалыбақ орта мектептерінің мектепалды даярлық тобының тәрбиешілері  С. Отнасова, Х. Мастықбаева, Г. Жыланкөзоваларға белсене қатысқаны үшін алғыс айтып, еңбектеріне жетістік тілейміз.

 

Мухтаров Амангали Хамидоллаулы