«Жастардың мәселесі жастардың өздерінің араласуынсыз ойдағыдай шешілмек емес.Өзін-өзі тану,өзіндік ұстанатын бағытын өзі жүзеге асыру мемлекеттің жастар саясатының негізгі мақсаты – мүддесі   болу тиіс»

                                                                                                                                          Н.Назарбаев

Қожалимова Бекзат                                     Айдарханқызы

№19  ЖББМ

Алматы қаласы

 

Физикадан 7-9 сыныптарға арналған әртүрлі деңгейлік эксперименттік тапсырмаларға арналған дидактикалық ақпарат және керекті құрал-жабдықтардың жинақ кестесі

(Әдістемелік нұсқау)

Бүгінгі таңда білім саласындағы дидактиканың  негізгі ұстанымдарын басшылыққа ала отырып,жеке тұлғаны үнемі оқып-үйренуге,өз бетінше ізденуге ынталандыру мектеп тірегі – ұстаздың басты міндеті болып саналады.Білім беру процессіндегі мақсат әр күнгі өтілетін сабақ түрлерінің жіне құрылысының әр түрлі басқыштарының сабақтастығын қамтамасыз етіп,ақпараттарды меңгертудің әдіс-тәсілдерін түсіндіре  отырып,оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу қабілетін дамыту.

Табиғаттағы заңды құбылыстар мен тұрмыстағы,техникадағы педагогикалық жаңа  технологиялық бақылаудың негізгі көзі-тәжірибелер.Физика-эксперименттік ғылым(эксперимент-eхperiuentum латының тікелей жасап көру, тәжірибе деген сөз).  Кез келген физикалық теорияның және іс-әрекеттердің бағалайтын дұрыстығын дәлелдейтін ғылыми дүниетанымдық тәжірибе.

Күнделікті физика сабағында өтілетін барлық теория, болжам, заң, дәлел түбі тәжірибелерге тіріледі. Тәжірибе тірегі – физикалық аспаптар. Мақсат — мүде мүлтіксіз орындалуы үшін оған арнайы аспап құрал жабдықтар керек.

Физиканың барлық салалары бойынша бағдарламаға сай эксперименттік нұсқалар, дидактикалық материялдар қазақ тілінде жоқтың қасы.

Кітапта бағдарламаға сай құрал-жабдықтардың суреттері көрсетілген, пәнге деген қызығушылықтың басты кілті – оңайдан күрделіге көтеру.

Бұл зертханалық өлшеуіш құралдардың жинақ кестесі, VII-VIII-IX сыныптардағы көрсетілген зертханалық жұмыстарға арналған, оқу құралы жалпы орта мектептік бағдарламаға сәйкес жасалған.

Барлық құралдардың жинақ тізімері бойынша XII-IX сыныптарда күнделікті өтіліп отырған тақырыптардағы физикалық заңдылықтардың тәжірібие жүзінде экспеименттік әдісті дәлелдеуге арналып, оқушылардың ой-өрісін джамытып, сыныптағы 25-30 оқушылармен жұмыстар жүргізуге болады. Әрбір кестедегі суреттердің реттері бойынша керекті құралдардың құрылысымен танысып, кез-келген зертханалық тәжірібие жасап пайдалана алады.

1-2  суреттердегі құралдар физикалық шамаларды өлшеуге біртекті метрлік жүйелерді өлшеулер мен есептеулер дәлдігін анықтауға арналған.

3-4-5 сұйықтардың көлемін, киллорграм – масса бірліктері арқылы дененің ауданы, массасын, көлемін өлшеуге  болады .

Білім беру жолдарын зерттей отырып, білім-білік,дағдыны қалыптастырып, оқытудың оқу-таным қызметін ұйымдастыру.

 

Әдістер

 

Эмпиризмдік
   Теориялық
  Интерактивті

 

 

 

 

 

  • Оқулықыпен жұмыс — Жобалау;                                        — Жинақтау
  • Педагогикалық бақылау;   — Ойлау;                                             — Талдау;
  • Кестелермен жұмыс; — Миға шабуыл;                                — Топтастыру;
  • Сұрақ-жауап; — Пікір;                                              — Салыстыру;
  • Тест; — Дебат;                                             — Баяндау;
  • Рейтинг; — Әңгімелеу;
  • Мониторинг;                                                                       — Қорытындылау

(монитор – пәнді оқытуда                                                                  — Абстракциялау;

Тәлімгер көмекші ретіндегі терең түісінік; тыютор – оқушының ғылыми жетекшісі)

Барлық құралдардың жинақ тізімдері бойынша VII-IX сыныптарда күнделікті өтілетін тақырыптардағы физикалық заңдылықтардың тәжірибе жүзінде эксперименттік әдісті дәлелдеуге арналып, оқушылардың ой-өрісін дамытып, сыныптағы 25-30 оқушылармен жұмыстар жүргізуге болады. Әрбір кестедегі суреттердің реттері бойынша керекті құралдардың құрылысымен танысып, кез-келген зертханалық тәжірибе жасап айдалана алады.