Шабыт шуағы

Жуырда Н.Ә.Назарбаевтың  Болашаққа бағдар  «Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында және елорда Астана қаласының 20 жылдығына орай» Алматы облысы білім басқармасының «Дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен облыстық «Шабыт шуағы» — «Бояулар құпиясы» атты академиялық бағыттағы шеберлік сабағы және жас суретшілердің, қолөнершілердің көрме байқауы өтті. Бұл ретте академиялық бағыт тұңғыш рет Республика көлемінде маңызы зор ерекше көрме болды.

Көрмеге Алматы облысының 17 аудан, 3 қаласының жас суретшілері қылқаламынан туындаған шығармашылық жұмыстарының саны 3000-ға жетті. Оның ішінде жаңадан құрылған Кеген ауданынан суретші ұстаздардың сәндік қоолданбалы өнері бойынша ағаштан түйін түйген шеберлерінің жұмыстары ерекше көзге түсті. Сондай –ақ Қаратал ауданынан келген суретші ұстаз Айнолла Қасенұлының асық туындысы көремермендер назарын аударды. Талдықорған қаласы бойынша ЮНЕСКО клубы балалар көркем сурет мектебінің түлектерінің дипломдық жұмыстары, графика, кескіндемелік шығармашылық туындылары эстетикалық талғампаздықпен жоғары деңгейде орынджалды. Сонымен бірге Көксу ауданы Ақын Қабанжырау атындағы орта мектеп оқушыларының, ұстаздарының «Шаған тауы», « білім саласының үздік белгісінің» макеті ұстаздарды өзіне баурады.

Облыстық білім департаменті бекіткен ережеге сәйкес   номинациялардан тұрады. Атап айтқанда олар: графика, кескіндеме және сәндік қолданбалы өнер, дизайн мүсін өнері.

Байқаудың қорытындысы:

Графика номинациясы бойынша: 1 орынды алған: Іле ауданының №19 орта мектеп оқушысы Айтжанова Анель алды, жетекшісі: Рахимберлинова Жанара Заманбековна. 2 орынға иеленгендер: 1.Ақсу ауданы Жансүгіров ауылы Қ.Сатпаев атындағы орта мектеп-гимназиясының оқушысы Мерей Науара, жетекшісі: Ақылбекова Эльмира Жұмаханқызы. 2.Қапшағай қаласы Алтинсарин атындағы №1 орта мектеп оқушысы Изали Нұрмұхамед Асылханұлы, жетекшісі: Хаджиева Гульшат Исхановна. 3. Э.Ж.Ақылбекова 3-орынға ие болғандар: 1.Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылы №49 орта мектеп оқушысы Ақбербаева Айжан, жетекшісі: Малдыбаева Бахытгуль Жылқайдаровна. 2. Ескелді ауданы әкімдігінің Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп-гимназиясы мектебінің оқушысы Бектеміров Жайқарат Азаматұлы, жетекшісі: Болат Қастер. 3.Талдықорған қаласының №12 орта мектебінің оқушысы Пичугина Мария, жетекшісі Ә.Ш.Мырзашева.

Кескіндеме: 1 орынды алған: Талдықорған қаласының №17 орта мектеп оқушысы Хрипунова Нинель алды, жетекшісі: А.С.Мырзатаева. 2 орынға ие болғандар: Ұйғыр ауданы А.Розыбакиев атындағы орта мектептің оқушысы Шахавдунов Самрат, жетекшісі: Халиков Марсул Шахавдунович, 2. Сарқан ауданы, Алмалы орта мектебінің оқушысы Қабдуалиева Асем, жетекшісі: Мухамедсариева Ақмарал Бауыржановна. 3 орынға иеленгендер:  1.Көксу ауданы М.Құрманова атындағы орта мектеп оқушысы Исаева Карина, жетекшісі: Герман Екатерина Владимировна.  2. Ақсу ауданы Ж.Сыдықов мектебінің оқушысы Оразбай Диас, жетекшісі: Әбілмәжінова Гулзира Нығметқызы. 3.Қапшағай қаласының орта мектеп-гимназиясының оқушысы Тусупова Лаура, жетекшісі: Хаджиева Гульшат Исхановна.

Сәндік қолданбалы өнер: 1 орын Текелі қаласы Балалар шығармашылық орталығының оқушысы Алмас Еркежан, жетекшісі: Джаппаркулова Тенгеш Шотаевна. 2-орынға ие болғандар: 1.Қапшағай қаласы №11 орта мектебінің оқушысы Балтабеков Ернар, жетекшісі: Мықтыбаев Аманжол Бексултанович. 2. Кербұлақ ауданы Көксу орта мектебінің оқушысы: Мурлыкинова Мария, жетекшісі: Берсенова Людмила Михайловна. 3 –орынды алғандар: 1.Панфилов. Кішішығын орта мектебінің оқушысы Авкенов Шерхан, жетекшісі: Шахарбаев Қайрат. 2.Ескелді ауданы Н.Алдабергенов орта мектебінің оқушысы Филоненко Арина, жетекшісі: Дущенко Юлия Геннадьевна. 3.Балқаш ауданы, №1 Жамбыл атындағы орта мектептің оқушысы Цайзер Надежда, жетекшісі: Найзабекова Рима Түрғанбекқызы.

Жалпы Академиялық көрме байқаудың мақсаты: Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында бейнелеу өнері арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, әрі осы шығармашылыққа апаратын академиялық сурет салуқабілетін, шеберлігін арттыру және кәіби шығармашылын шыңдау, сол арқылы жас жеткіншектердің заман талабына сай өресі биік өнер иесі болуыға ықпал ету байқаудың басты мақсаты болып табылады. Көркем өнерді сурет арқылы танытумен қатар эстетикалық талғампаздыққа және баулу, жас ұрпақтың шығармашылық және кәсіптік өсуіне ықпал ету.

Ертеңгі болашақ ұрпағымыз, өнерге бет алған жасөспірім оқушыларға жүйелі білім, өресі биік өнер үйретуіміз үшін ең әуелі соы өнердің алғашқы қадамы, өзегі болған акдемиялық бағытта сурет салдыру арқылы нағыз өнердің шынына шығатын сара жол екені айқындап беруіміз керек.

Бәрімізге белгілі ұлы суретшілеріміз әлемге әйгілі тұлғаларымыздың барлығы сурет өнерінің биік өресіне жету барысында академиялық сурет салудан бастаған, әрі осы өнердің өзегінен үзілмей жалғастырып отырған. Демек, бұл бағыттағы сурет салудың қаншалықты маңызды екенін білеміз.

Ия, Бейнелеу өнері суретшініңи немесе сурет үйренуші оқушылардың көкейдегі көркем көрінісін ашып көрсететін өнер атауының бір саласы. Яғни өнер адамнымының жүректен шыққан шығармасы. Біз оқушыларымызға ойына келгенді сал, қиялыңдағыны бейнеле деп шығарма жазуға жәрдем береміз. Олардың ішкі жан дүниесінде жатқан ой әдемін қағаз бетіне айқындап, әдемі шебер тиянақты бейнелеу үшін осы академиялық білімнің маңызды екені бесенеден белгілі.

Бейнелеу өнеріне бейім көптеген талғамы бөлек талантты ұрпақтарымыздың келешегі кемелді, терең білім иесі болуы үшін сурет өнерін жоғары арнайы оқу орнынан жалғастыру шарт бұл өркениетті қоғамның талабы. Міне, жоғары оқу орнының оқушы қабылдаудағы талапкерге қоятын алғы шарты: оқушы міндетті түрде академиялық сурет салуы керек. Мектеп қабырғасындағы оқушылардың қабылдаған қарапайым бейнелеу сабағы бұндай бәсекеге өз деңгейінде дайындап бере алмайтыны айдан анық ақиқат.

Біз, яғни ұйымдастырушылардың мақсаты осы оқулықтарымызды толтыру отырып, барлық сурет үйреншілердің академиялық бағытта сурет салуды өзекті мәселе ретінде қалыптастырып, осы өнердің өз деңгейінде өзіндік рөлін айқындап, жас жеткіншектердің жақсы өнер иесі болуға дайындау.

Жетісу өңіріндегі әуесқой және кәсіпқой суретшілердің жыр алыбы. Жамбылдың 150 жылдығына орай «Ұлы тұлға» атты бейнелеу және халық қолөнер шеберлерінің көрмесі мәдениет мекемелерінің атсалысуымен Республикада жүзеге асырылып жатқан рухани жаңаруға жас суретшілердің назарын аудару, бүкіл қазақ поэзиясының алыбы – Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылық жолын бейнелеу өнері арқылы кеңінен суреттеп насихаттау, оларға патриоттық эстетикалық тәрбие беру, Отанының тарихын, туған өлкенің мәдениетін халқын құрметтеуге үйрету, мәдениетті, көркемөнерді жоғарғы деңгеуге көтеру мақсатында Жамбыл бейнесін өте жаөсы нұсқадағы шеберлікпен мағыналы композициямен жеткізе білетін әуесқой жәнк кәсіпқой суретші қолөнершілер арасындағы облыстық байқау өткізілмек. Осы орайда облыстық халық шығармашылығы мен мәдени демалыс қызметін ұйымдастыру орталығы және облыстық мәдениет басқармасы шешім қабылдап, байқаудың ережелерін бекітті.

Академиялық бағытта өткен көрме байқаудың салтанатты ашылуында облыстық Алматы облысының білім басқармасының басшысының орынбасары  Сүлейменова Жаңыл Мағданқызы ұстаздарға, шәкірттерге қатысушыларға ізгі тілектер мен сәттілік тіледі. І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің оқытушысы Мұратхан Абдилдаевтың «батик» техникасы бойынша салынған шеберлік туындысы көрермендер назарын аударды.                                                                                        Т.Жүргенев академиясының доценті Күшікбаев Жайықтың көркем эстетикалық туындыларына анализ талдау жасалынды.

Есет Жеңісұлы Дауренбаев

Алматы облыстық Білім басқармсасының «Дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми- тәжірибелік орталығы Көркем және эстетикалық шығармашылықты дамыту бөлімінің басшысы»