«Өрлеу» БАҰО АҚФ,

Алматы облысы бойынша педагог

қызметкерлердің біліктілігін арттыру

институтының аға оқытушысы

Қылышбекова Н.Ұ.

 

Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқытудағы сатылай кешенді талдау технологиясы

2018 жылдың 9 қарашасы  күні  «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» базасында Мұғалімнің кәсіби дамуын психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қолдау кафедрасының аға оқытушысы Нұрсәуле Қылышбекова Ұқанбайқызы «Қазақ тілін оқытудағы мұғалім шеберлігі» тақырыбында Ақсу,Қаратал, Іле, Балқаш, Қарасай, Жамбыл, Талғар аудандары мен Талдықорған, Қапшағай қалаларындағы орта мектеп, гимназиялардан 50-ден аса мұғалім қатысқан облыстық педагогикалық телекөпір  өткізді.

Облыстық телекөпірдің  мақсаты  –  «Сатылай кешенді талдау» технологиясы бойынша педагогтердің педагогикалық шеберлігін шыңдау. Телекөпірдің міндеттері:

  • Сатылай кешенді талдау жүргізу шеберлігі бойынша озық тәжірибені көрсету;
  • педагогикалық тәжірибеде жаңа формалар мен әдістерді қолдану бойынша мұғалімдердің тәжірибе алмасуын ұйымдастыру.

Іс-шараны «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы АОПҚБАИ директорының ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары, саяси ғылымдарының докторы, доцент Толқын Ауелгазина ашып, заманауи білім беру – жаңашыл тұлға қалыптастырудың негізі екендігіне, педагог-ғалым Н.А.Оразахынованың «Сатылай кешенді талдау» технологиясы адамның тұлғалық дамуының көптеген сипаттарын айқындайтын, оның кәсіби  тұрғыда бәсекеге қабілеттілігі мен әлеуметтік ұтқырлығының қалыптасу деңгейін     көрсететіндігіне тоқталып өтті.

Аға оқытушысы Н.Қылышбекова іс-шараның мақсат-міндеттерімен таныстыра келе, Алматы облысының әр түкпірінен келген мұғалімдердің шығармашылық қызметтеріне сәттілік тіледі.

Телекөпір жұмысы аясында қатысушы мұғалімдер іс-шараның бағдарламасына сәйкес баяндамалар оқып, тақырып бойынша дайындаған жұмыстарының презентациясымен таныстырды, сабақ үлгілерін көрсетіп, тәжірибе алмасты.

Облыстық іс-шараны   қорытындылай келе, «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» директорының ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Толқын Ауелгазина іс-шараға қатысып, белсенділік танытқан мұғалімдерге құрмет грамоталарын   табыс етті.