2018 жылдың 5 желтоқсан күні Астана қаласындағы «Qazaqstan» орталық концерт залында жыл сайынғы республикалық патриоттар форумы өтеді. Ауқымды шара Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша ұйымдастырылып отыр.

Форумның мақсаты – халықтың патриоттық рухын нығайтып, мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауға тәрбиелеу болып табылады.

Сондай-ақ, шараның маңызды бөлігінің бірі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасындағы «Қазақстан» жазуының латын графикасына ауыстырылуы.

 Салтанатты шараға Қазақстанның барлық өңірінен 200 делегат қатысады. Олардың ішінде өз кәсібінің үздік өкілдері, ел үшін қалтқысыз қызмет етіп жүрген: әр саладағы бірлестіктердің өкілдері, этно-мәдени орталықтардың жетекшілері, үкіметтік емес және жастар ұйымдарының жетекшілері, еңбек ардагерлері, зиялы қауым және БАҚ өкілдері бар.

Форум барысында ерекше еңбек етіп, күнделікті еңбегімен және үлгілі ісімен жұрт назарына ілінген, мемлекеттік рәміздерді насихаттауда шынайы сүйіспеншілігін көрсеткен азаматтар «Жыл патриоты» номинациясымен марапатталып, бағалы сыйлықтар тапсырылатын болады.

Басталуы: 5 желтоқсан, уақыты 11:00

Мекен-жайы: Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 10/1,

«Qazaqstan» орталық концерт залы

Байланыс: Динара Дуйсебаева — 8701 101 81 84, dinkinjan@mail.ru

Салтанат Шырынхан — 8775 942 33 22,  Salta_01_95@mail.ru