ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

№110 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ

Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары

 «Тамшыбұлақ – киелі мекен»

 

 

МАЗМҰНЫ

 

I   КІРІСПЕ …………………………………………………………………………………………

 

3

II НЕГІЗГІ БӨЛІМ  
   2.1 Тамшыбұлақтың сыры сан сырлы ……………………………………………….. 3-4
   2.2  Мүк таза судың кепіл  ………………………………………………………………… 4
   2.3Тамшыбұлақ – шипалы бұлақ ………………………………………………………. 4-5
   2.4 Капал өңірінде ағылшын саяхатшылары ……………………………………… 5-6
III. ҚОРЫТЫНДЫ ……………………………………………………………………………. 6-7
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ..………………………………………. 8

І КІРІСПЕ

Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жыл басындағы халыққа Жолдауында табысты өткен екі жаңғырудың нəтижесінде Қазақстанның үшінші жаңғыруына «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУҒА» табан тірегенін жариялаған болатын.  Қазіргі таңда осыған орай, бірнеше жобалар ұсынылды Соның бірі, «Қазақстаның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы.

Мен осы жоба бойынша жер жәннаты Жетісу өңірінде орналасқан Тамшыбұлақ киелі мекенін таңдадым. Менің таңдауымның өзіндік себебі бар. Капал өңірі туралы алғаш рет 2016 жылы «Сенбілік таң» бағдарламасы, 31 арнаның жаңалықтарында көріп, осы аймақтың табиғатына тамсанып, ерекше бұлақтың сырымен танысқым келді.

Тамшыбұлақ – Алматы облысы Ақсу ауданының  тарихқа тұнған Қапал ауылының ортасындағы өзектің жар  қабағынан бұлақ суы қабат-қабат тау жыныстарының арасынан  көз жасындай мөлтілдеп, ағып жатуына байланысты аталған. Жыраға баспалдақпен түскен уақытта бірден су тамшыларының әуені қарсы алады. Әр су тамшысының өзінің айтатын сыры, мұңы бардай.

ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1  Тамшыбұлақтың сыры сан сырлы

Ұлы ғалым Шоқан Уалиханов 1856-57 жылдары өзінің Қашқария саяхатына барар жолда  Қапалға бекінісіне тоқтап, ерекше бұлақтың суын ішіп, тамсанып Тамшыбұлақтың суын зерттеп, сол туралы еңбектерінде алғаш деректерді қалдырған болатын. Қысы-жазы бірқалыпты ағып жататын Тамшыбұлаққа қатысты ел ауызында аңыз да қалған. Ертеде Қапал өңірінде Қоңтәжі деген ханның Баян атты сұлу қызы болыпты. Баян сұлу  мен хан батырларының бірі Сайынбөлек бір-біріне ғашық болыпты. Осыны сезген хан, қызын өзімен теңдес басқа бір ханның баласына бермек болып, Сайынбөлектен қашып, тауды паналайды. Тауда жүріп ғашығын сағынған Баян «жүрек кейіпті тауға, ал оның көз жасы –Тамшыбұлаққа» айналды деседі. Тастың астынан сол бір ғашықтардың көз жасы моншақтап төгіліп тұрған сияқты көрінеді, ол судың мөлдірлігі осы ғашықтардың пәк сезіміндей таза.

Сан ғасыр мен дәуірлерді өткерген,

Тарлан тарих, өмір жайлы толғашы.

Адамзаттың киянатын көп көрген,

Тамшыбұлақ — Жер-Ананың көз жасы….

демекші, мүмкін, шынында, Тамшыбұлақтың суы Баянның көз жасы немесе адамдардың қиянатын көрген Жер-Ананың көз жасы деген аңыз бар.

2.2  Мүк — таза судың кепілі

Тамшыбұлақтың суы өте мөлдір, әрі мұздай. Бұлақ суының тазалығына жарқабақтың өне бойын тұтаса өскен жап-жасыл мүкке қарап көз жеткізуге болады. Мүк арасынан су тамшылары төмен қарай мөлтілдеп құлай ағады. Осы жарқабақта өсетін жасыл мүк – қатты суыққа да, ыстыққа да төзімді өсімдік. Басқа өсімдіктер сияқты көмірқышқыл газын сіңіріп, оттегін бөліп шығарады. Мүктің жер астындағы бөлімінде жіп тәрізді жіңішке өскіндерімен топырақтан су мен минералды тұздарды сорады. Топырақтан алған бар күшін, энергиясын бұлақтың суына бергендей жағдай қалыптасады. Бәріміз білетіндей, мүк пен қыналар тек экологиялық таза аймақта өседі. Табиғаттың осындай керемет құбылысына қарап Тамшыбұлақ суының таза екенін дәлелдейді

2.3  Тамшыбұлақ – шипалы бұлақ

Тамшыбұлақтың бұлақ суын жергілікті халық емдік су деп атайды. Тамшыбұлақтың айналасын жалбыз көмкеріп, жап-жасыл мүк басқан  қабырғалардан қысы-жазы  тарамданып, тамшылап  су ағып тұрады. Бір ерекшелігі бұл қабырғалар сан ғасыр өтсе де, еш мүжілмеген. Айналасында өсіп тұрған жалбызды жергілікті халық жинап алып, кептіріп шәйға, шөл басу үшін суға қосып ішеді. Жалбыздың жапырағында ментол бар. Бұл өсімдіктен жасалатын дәрілер жүрек, өт жолдарын емдеуге шипалы. Ол жағымды иіс беретін әрі антисептикалық зат ретінде сұйық дәрілердің, тіс тазалығыш ұнтақтардың құрамына кіреді.

Судың қасиетін химиктер зерттеп, пайдасының орасан мол екенін тапқан. Бұл судың тамшылары әр түрлі дерттерге шипа болады. Ішкеннің шөлін қандырып, шомылғанды, беті-қолын жуған адамды сергітеді. Тамшыбұлақтың суын халық көне заманнан бері әр түрлі ауруларды мысалы: асқазан, көз, жүйке сүйек-буын ауруларын емдеуге қолданған.

Жергілікті халық, әсіресе, ауыл қонақтары Тамшыбұлақтың шипалы суынан күш алу үшін бұлақ басына арнайы келеді. Бұлақтың суын ішіп, бұлақ басындағы табиғи су хауызына шомылып демалады. Адамдардың демалуына бұлақ басында, бұлаққа кіреберіс жерде барлық жағдай жасалынған.

2.4  Капал өңірінде ағылшын саяхатшылары

Алатаудың етегінде туыпсың,

Ақ жүзіңді тау суына жуыпсың.

Достарыңа тау жасындай жарқынсың,

Сен алдымнан көрінген бір алтын шың

Тұманбай Молағалиевтің осы бір өлеңі Аткинсон ұрпағы Алатау Тамшыбұлаққа арналғандай. Тамшыбұлақтың мөлдір суына қанып, атасы дүниеге келген топырақты басып, Жетісудің танғажайып табиғатымен танысу Аткинсон ұрпақтарының елімізге келген ең басты мақсаты осы еді.

       ХІХ ғасырдың 60-шы жылдары ағылшын сая­хатшысы Томас Аткинсон және жұбайы Люси Шығыс Қазақстан аймағы саяхатынан қайтар жолда Қапал ауылында қыстауға мәжбүр болады. Себебі осында тұңғыштары – ұлы дүниеге келеді. Сол жылдары кыстың суық күні туылған 500 баланың ішінде тек Томас пен Люсидің баласы аман қалады. Анасының айтуынша баласының аман қалуының басты себебі ғажайып бұлақтың суына баласын шомылдырған. Сондықтан ағылшын саяхатшылары баласына Алатау Тамшыбұлақ ерекше есімін берген.

Томас Аткинсон 1869 жылы  Санк-Петербург қаласында шығатын «Вокруг света»  журналында «Жер Жаннаты» атты мақала жариялайды. Осы мақалада Қапалдың тамаша табиғаты туралы жазып, баласына Алатау-Тамшыбұлақ атын бергені туралы тарихи деректер бар.

Кіндік қаны қасиетті Қапал жерінде тамған  Алатау-Тамшыбұлақ Аткинсон ержеткенде  Гавай аралында қызмет етіп, жеті ба­ла тәрбиелеп, өсіреді. Журналист мамандығын алғаннан кейін жергілікті газеттердің біріне тілші болып орналасқан ол, өмірінің соңына дейін осы салада қызмет атқарады. Бүгінде Алатау-Тамшыбұлақ ұрпағы әлемнің әр өңірінде тұрып жатыр.

Еуропада зор беделге ие болған атақты ағылшын сая­хатшысы Томас Аткинсонның ұрпақтары аталарының ізі қалған, ғалым мен оның жұбайы тіршілік кешкен Жетісудағы бірқатар жерлерді 2016 жылы аралап қайтты. Бүгінде Ұлыбритания, АҚШ және Жаңа Зеландия секілді елдерде тұратын саяхатшы ұрпақтары ХІХ ғасырда бабалары Томас пен Люси Аткинсон болған қасиетті қазақ жерін  көруді алдына мақсат етіп қойған. Ағылшын саяхатшысы Аткинсон ұрпақтарының Қазақстанға сапарын Қазақ Географиялық Қоғамы мен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы ұйымдастыруымен өтті.

Аткинсон ұрпақтарының Қазақстанға жасаған сапары барысында Талдықорған қаласындағы баспалар үйінде ағылшын жазушысы, журналист Ник Филдингтің «Оңтүстікке Ұлы далаға: 1847–1852 жылғы Томас пен Люси Аткинсонның Шығыс Қазақстанға саяхаты» атты кітабының тұсауы өтті.  Ник Филдингтың мұрағатында Томас Аткинсонның қызметі мен қазақ халқының сол кезеңдегі тұрмыс-тіршілігін бейнелеген барлығы 600-ге жуық сурет бар екен.  Ағылшын саяхатшысының  ұрпақтары Алатау-Тамшыбұлақ  Аткинсон дүние­ге келген жерді көзбен көру мақсатында Ақсу ауданына 15 тамыз 2016 жылы келді. Онда Қапал аулында Алатау-Тамшыбұлақ Аткинсон құрметіне орнатылған мемориалдың тақтаның ашылу рәсіміне қатысты. Естелік тақтада: «Бұл жерде ХІХ ғасырда қазақ жеріне келген ең алғашқы Ұлыбритания зерттеушілері Томас пен Люси Аткинсондардың ұлы Алатау-Тамшыбұлақ Аткинсон 1848 жылы 4 қарашада дүниеге келді» деп жазылған.

ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ

Қазақстан бойынша киелі жерлердің ішінде Тамшыбұлақты таңдауым –Аткинсон ұрпақтарының қазақ жеріне келуі себеп болды. Осындай жаңалықты 2016 жылы «Сенбілік таң» бағдарламасынан, инстаграмдағы @kazgeokz парақшасынан оқыдым. Ары қарай тиісті сілтемелерді баса отырып, Жетісу өңіріндегі таңғажайып ерекше бұлақпен таныстым. Тамшыбұлақ туралы деректерді оқи бастадым, мәліметтер жинадым. Бұлақтың бір ерекшілгі күн салқындап кыс мезгілі жақындағанда Тамшыбұлақ қәрия болып ескіріп, күн жылынып көктем мезгілінде қайта бойжетіп жасарып шыға келеді.

Рухани жаңғыру бағдарламасының аясында Тамшыбұлақ күрделі жөндеуден өтіп, сырттан келген конақтарға жол ашылды.

Қазіргі уақытта @kazgeokz парақшасы арқылы Қазақ география қоғамдастығы ұйымдастырған жобаның бағдарламаларына сай құрастырылған экспедицияларды бақылап, мәлімет жинап отырамын.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. «Қазақстан» үлттық арнасының архиві
  2. @kazgeokz парақшасы
  3. Жалпы білім беретін мектептің 7 – сыныбына арналған оқулық
  4. Ғаламтор материалдары