Атырау облысы

Махамбет ауданы

Чкалов атындағы орта мектебі

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

педагог-сарапшы

Жунусова Алмагүл Тілекқабылқызы

Сабақ :  Мектеп:
Күні: Мұғалім: 
Сынып: 5 Қатысқан оқушылар  саны: Қатыспағандар:

 

Сабақ тақырыбы: Саяхат – таным бастауы
Осы сабақ  арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты: 5.Т/А2. Әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени, тақырыптарға байланысты диалог,  монологтердегі (хабарлама) көтерілген мәселені түсіндіру

5.ӘТН4.5. Төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің жасалу жолдарын, қызметін білу,  төл сөзді төлеу сөзге айналдыру

 

Сабақ мақсаты: Барлық оқушылар:   Тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша  өз ойын білдіре алады

Көптеген оқушылар:  Төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің жасалу жолдарын, қызметін білу,  төл сөзді төлеу сөзге айналдыра алады

Кейбір оқушылар:  Берілген тапсырмаларды толық орындай алады

Құндылықтарды игерту: Еңбексүйгіштік оқушылардың жеке және жұпта белсенді жұмыс жасауында  көрініс табады.
Пәнаралық байланыс: Жаратылыстану, география,
АКТ-ны қолдану дағдылары: PowerPoint таныстырылымы, видеокөрсетілім
Бағалау критерийлері: Мәтіндегі мәселені анықтайды

· Мәселеге өз көзқарасын білдіреді

Төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің жасалу жолдарын, қызметін біледі,

төл сөзді төлеу сөзге айналдырады

Тілдік мақсаттар: Оқушылар:

Пән лексикасы және терминология:  саяхат, демалыс, көрікті жерлер,тамаша, тарихи орындар, денсаулық, т.с.с

 

Осыған дейін меңгерілген білім Алдыңғы сабақта меңгерген білімді бүгінгі сабақта қолдану.
 

 

Жоспар

Жоспарланатын уақыт Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер Дереккөздер
 Сабақ басы

10 минут

 

Ынтымақтастық атмосферасын құру:

 

Оқушылар шеңбер бойында тұрады, жанында тұрған оқушының есімін айтады, оның жанындағы оқушы оның есімінің бірінші әріпінен басталатын жағымды сын есім айтады.

Мысалы: Данияр данышпан т.с.с.

 

 

·         Сурет сіздерге қандай ой салады?

·         Саяхаттың қандай түрлерін білесіңдер?

·         Саяхаттың мақсаты қандай болмақ?

Суреттерге қарап тақырыпты болжап көріңіз.

Сабақтың тақырбы мен мақсаты түсіндіріледі

Слайд, суреттер

 

 

 

 

 

 

Сабақ ортасы

35 минут

 

 

 

 

1-тапсырма

Суреттерге қара.Саяхаттау,серуендеу,демалу,тынығу,

туризм,экспедиция сөздерінің мағынасын анықта

Тыңдалым алды

«Ассоциаграмма» құру арқылы  «Саяхат» сөзіне  тірек-сызба құраңдар.

«Смайлик»  арқылы  оқушылар  бірін-бірі  бағалайды.

Тыңдалым кезінде «Ойлан, жұптас, пікірлес» стратегиясы бойынша бірінші мәтінді мұқият тыңдай отырып, біренеше тірек сөздерді жазып алады.

Топтық тапсырма  Жазып алған тірек сөздерді топта, және сыныпта талқылайды.

Бірінші бір топ өздерінің тірек сөздерін оқиды.Келесі топтар қосатын тірек сөздерін айтады.Мәселені анықтайды

І топ

Байлық тұнған түбек атанған ғажап өңір Маңғыстау- Қазакстан Республикасының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Ол «мың қыстау» сөзінен шыққан. Картадан қарағанда әйел адамның сұлбасы көз алдыңа елестейді. Академик Қаныш Сәтбаевтың бұл өңірді «ұйқыдағы аруға» теңеуі тегін емес. Көктен караған адамға құлазыған құла түз көрінетін Маңғыстау небір ғажайыптарымен ерекшеленеді. Мұнда табиғи ескерткіштер, ежелгі құлпытастар мен көшпенді ата-бабаларымыздың қолтаңбалары самсап тұр.

Сондай-ақ Маңғыстау өңіріне Үстірт жоны мен Қарақия ойпаты қайталанбас өң береді. Қиялда ғана кездесетін қиыр-шиыр, шым-шытырық жер бедерін ежелде мұхит суының ағындары мен толқындары калыптастырған.

ІІ топ

Тұран жазығы мен Арал теңізі, Маңғыстау түбегі мен Каспий теңізіндегі Қарабұғаз көлінің жағалауы аралығында тақтайдай жазық әрі белесті келген жер Үстірт деп аталады. «Үстірт» жер бетінен көтеріңкі, биік деген ұғымды білдіреді. Оның кемерлері тілімденген, шет жақтары тік құлама құз, жар болып келеді. Шығысында Қарақия ойпаты көсіліп жатыр. Ол — мұхит деңгейінен 132 метр төмен орналасқан алып қазаншұңқыр.

Миллиондаған жылдар бойы түзілген ғажайып жер реңі белгісіз бір жұмбақ планетаны елестетеді. Құдіреттің өзі тұңғиық су асты әлемінің құпия көрмесін қолмен әкеп орнатқандай. Мұндағы бір өзі бір көлдің аумағындай алып қазаншұңқырларды, тереңдігі жүздеген метрге жететін шыңырау құдықтарды, біріне-бірі жалғасып жатқан зәулім үңгірлерді, мұзтауларға ұқсайтын ақ шаңқан тауларды, жер астын жарып шыққан сарқырамаларды, көзге көрінбейтін, күркіреген үні ғана естілетін тұңғиықтағы өзендерді әлемнің басқа түкпірінен кездестіру қиын.

Дескриптор

мәтіндегі көтерілген мәселені анықтайды;

— мәселеге өз көзқарасы бойынша жауап береді.

ҚБ  Басбармақ

Тілдік бағдар  Төл сөз бен автор сөзі

Мысалдар келтіру

Жазылым  8-тапсырма

 

 

 

http://healing.kz/kk /мақалалар/

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Сабақ соңы

3 минут

Рефлексия

Мен қандай маңызды ақпарат алдым? Мені не нәрсе таңғалдырды? Қорытынды түйген ойым немесе болашаққа жоспарым.
   

  

 

 

 

 

 
Қосымша ақпарат
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?  Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

 
Ойлану

 

 

 

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырылды ма?

 

 

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы  қандай болды?

 

Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?

 

 

Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

 

 
Жалпы баға

Сабақ талаптарға сай өтті. Оқушылар сөздік қорын молайтты. Жұпта бір-біріне қолдау көрсетіп, қарым-қатынас жасады.

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?