«Глазунов орта мектебі» ММ

 

 

  

  Эссе тақырыбы:

«Тәрбиеші болу – бір бақыт»

 

 

 

 

Дайындаған:

Мирамбек Баян Мирамбекқызы

Қызметі: тәрбиеші

Почта адресі:

bayan19.95@mail.ru

Тел: 8-778-334-93-50

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2018  жылы

 

Эссе

«Тәрбиеші болу – бір бақыт»

 

«Ең қиын мамандық — адам боп қалу».

( Хосе Хулиан Марти)

«Мамандық» сөзі  латын тілінен аударғанда: «жұрт алдында сөйлеу, жариялау» деген мағынаны білдіреді. Ал, мамандық таңдау деген өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау. Мамандықты таңдау үшін, адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйенуі керек.

Менде мектеп қабырғасында он бір жыл білім алып, ҰБТ-ны да тапсырып, өзімнің армандаған мамандығым бойынша оқу орнын қарастырып ,  2014 жылы Қостанай гуманитарлық колледжі 0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығына оқуға түстім. Екінші курста бұл мамандықтың қыр сырларымен танысып, оқытушылардың берген білімдерін ойға түйідім. Үшінші және төртінші курстарда мамандығым бойынша Қостанай қаласындағы №3 Бөбекжай  балабақшасында, «Светофор» жазғы сауықтыру лагерінде және Глазунов ауылында толық күнді шағын орталық «Балапан» тобында іс- тәжірибеден өттім. Содан 2017 жылы колледжді жақсы бағамен аяқтап шықтым. Одан әрі білімімді шыңдау үшін іс- тәжірибеден өткен ауылым «Глазунов орта мектебіндегі»  ММ толық күнді шағын орталық «Балапан» тобына тәрбиеші болып жұмысқа орналастым. Ең алғашында  қай адам болмасын жұмысқа орналасқанда қиыншылықты көреді екен. Менің де алдыма кіп – кішкентай бүлдіршіндер келгенде қорқыныш, қиыншылық сезімдер болды. Себебі, тәрбиеші мамандығы – біліктілікті, икемділікті, шеберлікті, ерекеше шәкірт жандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық.

Балалармен жұмыс жасау – үлкен бақыт. Себебі, тек қана бала ешнәрсеге алаңдамай мейірімділікке сенеді, кішкентай алақанын  менің алақаныма қойып, өз құпияларын айтып маған сенім артады. Пәк көңілді балалармен қарым-қатынас маған қуаныш, шаттық сыйлайды. Өйткені, мен оларға, олар маған қажеттігіне сенімдімін. Осы сенімнің болуы – әр тәрбиешінің бақыты. Тәрбиеші балаға деген ыстық ықыласын бір сөзбен  айтып көрсетіп қана қоймай, бар жүрегімен және жан -тәнімен  сезіндіреді.Тәрбиешінің жұмысы күрделі де қызықты. Шынымды айтсам, кейде жұмыстан үйге келгенде қатты шаршағанымды сеземін. Бірақ сол өткізген  күндерімді ой елегінен өткізе отырып, балаларымның ыстық ықыласын, маған ұмтылған үміт толы көздерін, тәтті қылықтарын, сәбилік шын жүректерімен айтқан сөздері есіме түскенде шаршағанымды ұмытып кетемін. Балаларды ана тiлiнде әдемi сөйлетуге  олардың ой-сезiмдерiн анық, еркiн, көркем жеткiзе алуына, танымдық қабiлеттерiнің  дамуына ерекше мән беремін. Мөлдiр бұлақтың бастауын, көзiн ашып, тұнығына қану үшiн қаншама қиын да, қызықты еңбек пен тер төгу керек десеңізші! Балабақшада жұмыс істеу кезінде мен өз мамандығымды таңдағандығыма ешбір күмән келтірмедім. Менің ойымша, тәрбиеші – өте қызықты мамандық: сені балалар жақсы көреді және сенен әрдайым қандай да бір жаңа нәрселер күтеді, ал мен болсам, олардың өмірімен бірге өмір сүремін, табыстарына қоса қуанамын. Сондай бір қатты қуанған сәтім, алғаш рет Глазунов орта мектебінде 2018 жылдың екінші наурызында «Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қабілетін инновациялық технологиялар арқылы дамыту» тақырыбында семинар өткіздік. Осы семинарда мен  «Аялайық гүлдерді» тақырыбында бүлдіршіндеріме ұйымдастырылған оқу іс – әрекетін өткіздім. Өте жақсы деңгейде өтті деген жақсы пікірлерді естігенге неге қуанбасқа…

Қорыта айтатын болсам, менің алғашқы қадамым таңдаған мамандығым бойынша білім алып, мамандық бойынша жұмыс жасауым деп есептеймін. Бала – әрі болашағың, әрі өсіріп, баптап отырған бәйтерегің. Бүгінгі бүлдіршін – еліміздің байрағын желбіретер ертеңгі азамат. Бірақ, бала тәрбиесі оңай іс емес. Ал, сол сәбилердің қызығы мен шыжығын көріп, еркелігін көтеріп, анасындай бауырына басқан, тәрбиеші қауымның атқарар ісі мен көтерер жүгі ауыр да жауапты.

 

 

 

 

 

Мирамбек Баян Мирамбекқызы

Қостанай облысы,  Қостанай ауданы , Глазуновка ауылы