Қызылорда облысы Қармақшы ауданы № 80мектеп-гимназия

география пәні мұғалімі Серік Ұзақбайұлы Ниязов

Дөңгелек үстел 

Тақырыбы: «Ұлы даланың жеті қыры-ұрпаққа ұлағат» Елбасы мақаласы

 Мақсаты: Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жыл 21 қарашашында  «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласындағы қоғамды рухани жаңғыртудың басымдықты идеяларын оқушылар арасында арасында кеңінен насихаттау, талқылау. Ұлы даланың мақтаныштарын  сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту.

Түйінді идея: «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы  Көрнекілігі: Н.Ә.Назарбаевтың фото суреті, мультимедиялық презентация, қанатты сөздер, слайдтар, видеоролик.

Жұмыс формасы: дөңгелек үстел басында кездесу.

Өткізілу әдісі: Әңгіме – сұхбат, сұрақ — жауап, пікірлесу.

Қатынасушылар: Ұстаздар, жоғары сынып оқушылары

Дөңгелек үстел басындағы кедесудің жүрісі:I. Ұйымдастыру. Шараның мақсатымен, қатысушылармен таныстыру.Алғы сөз: Түбі бір тамырлас халықтар әлемде жаһандану процесі жүріп жатқанда, бірлескен жобалар мен ауқымды стратегияларды бірігіп атқару арқылы, осы түйткілді жеңеді. Қазіргі таңда, әлемдік аренада өзіндік ойын алған орны бар Қазақстан дамыған 30 елдің қатарына қосылу мақсатында, Елбасы ұсынған «Қазақстан 2050» стратегиялық жобасын бекітіп, соның аясында қаншама қыруар жұмыстар жасап, жер жаһанға үлгі болып отыр. Президент Н. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» туралы мақаласы қоғамдық қатынастардың ерекше күрделі бір саласындағы қажеттіліктерге жауап іздеуден туындаған. Елбасы өз көзқарсын білдірген мәселелер көпқырлы да ауқымды. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты қағидасы. Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер тарихтың шаңына көміліп қала береді» ,-деп айқын атап көрсетті. Олай болса бүгін біздің бүгінгі «Ұлы даланың жеті қыры» тақырыбындағы шарамызда Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын толықтыра  отырып кеңінен насихаттап, өз ой-пікірімізді ортаға саламыз.

II. Таныстырылым. Теориялық бөлім. Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» жалпы шолу. Мектебіміздің  оқушылары

1. Атқа міну мәдениеті
2. Ұлы даладағы ежелгі металлургия
3. Аң стилі

  1. Алтын адам
  2. Түркі әлемінің бесігі
  3. Ұлы Жібек жолы
    7. Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны

ІІ. ТАРИХИ САНАНЫ ЖАҢҒЫРТУ
1. Архив – 2025
2. Ұлы даланың ұлы есімдері

  1. Түркі әлемінің генезисі
  2. Ұлы даланың ежелгі өнер және технологиялар музейі
  3. Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы
  4. Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі

III. Ойқозғау бөлімі: Желпуіш әдісі. Сіздіңше Ұлы даланың жеті қыры деген не?

IV. Бізден сұрақ, сіз жауап бөлімі. Өзекті мәселе.

  • Ұстазға сұрақ:
  • Ұлы даланың жеті қыры сіздің ұстаз ретінде қосар үлесіңіз. Осы бағытта ой қозғасаңыз…
  • Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастап, бұл мәселеге неғұрлым дәйектілікпен терең түсініп, байыппен қарау қажеттігін атап өтті. Осы бағыттағы сіздің ойыңыз.
  • Мемлекеттік әкімшілігіне сұрақ:

Қазақстандағы қай нәрсеге көңіліңіз толмай? Сіздің өмірлік ұстанымыңыз… Ұлы даланың жеті қыры деген қандай жобамен маақтануға болады

  • Тарихшы апайға сұрақ:
  • Ұлы даланың жеті қыры — тарихты, мұрағатты дамыту
  • Сізге айтылған ең жақсы ақыл және сіздің бүгін жастарға айтар ақылыңыз.
  1. Қорытынды:
  • Аяқталмаған сөйлем оқушыларға «Ұлы даланың жеті қыры-ұрпаққа ұлағат»
  • Аяқталмаған сөйлем ұстаздарға «Рухани жаңғыру — дәуір талабына сай жаңғыру»
  • «Екі жұлдыз, бір тілек» Сізге бүгінгі шарадан не ұнады?

Сіздің ұсынысыңыз… Сіздің тілегіңіз…Қорытынды сөз: Мақала, біздің пікірімізше, еліміздің стратегиялық дамуының осы уақытқа дейін осал қамтылған, талдау мен талқыға түспей, тісіміз батпай жүрген салаға қарай бәріміздің бетімізді, ой санамызды бұрды. Иә, еліміздің стратегиялық даму өрістері туралы айтқанда, осы уақытқа дейін біз экономикалық, саяси жаңғыру, конституциялық реформа туралы, ішнара әлеуметтік эволюция туралы айтып келдік. Рухани мәселе назардан тыс қалғандай еді. Ал рухани мәселе, адамның санасын күрт өзгерту, сайып келгенде, қоғам жаңғыруының ең күрделі, ең қиын саласы болатын. Оны кеш түсіндік. Соны Президент дер кезінде дөп пайымдап, басқаша, жаңа өлшеммен келіп, мүлдем жаңа, тіпті, күрт сапалық бұрылыс жасап, санамыз экономикалық, саяси жаңғырудан бұрын жүруі керек, қоғамдық сана оларды толықтырып ғана қоймай, қайта солардың бүкіл өзегіне айнаулы керек деп түйеді. Президент Н.Ә.Назарбаев мақаласынан туындайтын, шешілуін күтіп тұрған мәселер сан-қырлы, қат-қабат. Рухани саланың әр түрлі пластарында қатпарланып, өз шешілуін күтіп-ақ тұр. Президент сөз бағыты мен мазмұнын күрт өзгертті, рухани саланы алға шығарды, көкжиегін жаңа кеңістікке кеңейтті, бәрімізді өзгеруге шақырды. Сірә, Абай данышан «Сөз түзелді, тыңдаушы сен де түзел» дегенді осындайдан айтса керек. Түзелейік, өзгерейік, жұмыла іске кірісейік, ағайын!