Мектеп: М.Әубәкіров атындағы орта мектебі
Күні:13.10.2018ж Мұғалімнің аты-жөні: Абилкаир Л.А

 

СЫНЫП:  6

 

Қатысқандар :  Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы: Сөз мағыналары.Көп мағыналы сөздер
Осы сабақта қол жеткізілетін   оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) ӘТН 4.3.6.3 Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді,көп мағыналы сөздер,омоним,антоним,синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар:
Сөздердің тура және ауыспалы мағынасын ажыратады
Оқушылардың  басым бөлігі:
Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді қолдана алады
Кейбір оқушылар:
Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдана алады
Бағалау критерийі  

Көп  мағыналы сөздерді ажыратады

Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді табады

Сөздерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолданады

Тілдік мақсаттар Оқушылар:

Көп мағыналы сөздерді қолдана отырып, мәтіндегі сөздерді атайды, жазады, орынды қолданады;

 

Нақты тақырыпқа арналған сөздік қор мен терминология:
Синонимдер мен антонимдерді табады, ажыратады. Мысалы:

үлкен  — ….

таныс — ……

Амандасу сәлемдесу, ……

—           

Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
«Меніңше …»
«Бұл рас …»
«Себебі …»
Құндылықтарға баулу Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау, қарым-қатынас жасау қабілеті, өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау, сыпайылық, әдептілік мәдениетін қалыптастыру.
Пәнаралық байланыс Қазақ тілі

 

Алдыңғы оқу

 

Фонетика бойынша тест тапсырмаларын жазу
Сабақ барысы

 

Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

 

             Ресурстар

 

 

Сабақтың басы

8 мин

1мин

2 мин

 

 

3 мин

 

 

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды шеңберге тұрғызамын және аталған сәлемдесу түрлерін  қайталамай кезекпен амандасуды ұсынамын;

Ширату жаттығулары:

«Шеңберге жиналу уақыты» әдісі

Өткен сабақты еске түсіру мақсатында берілген тірек сөздерді пайдаланып, шеңбер бойымен оқушылар ойды жалғастырады:

Тіл туралы  мақал-мәтелдер және қанатты сөздер  айту керек

Кіріспе:

 

Бүгінгі сабағымыздың мақсатын және бағалау критерийлерін атап көрсетемін.

. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

   Тіліміздегі 

ұзақ  уақыт  бойы 

қолданылып  келе  жатқан 

байырғы сөздер жаңа сөз, жаңа мағыналар жасауға ұйытқы болды. Олар

бұрынғы тура мағынасының үстіне жаңадан бір не бірнеше қосымша, яғни туынды

мағыналарға ие болып жатады. Соның нәтижесінде сөздік қордағы сөздер сан

жағынан да, сапа жағынан да 

дамып,жетіліп, тілдің байлығы артады. Сөздің  екі  я

одан да көп мағынаға ие болуын сөздің көп мағыналылығы дейміз. Көп мағыналы

сөздер бір негізден таралады да, бір сөз табына қатысты болады.

Мысалы:

       Бас(зат есім)-1)адамның, айуанның,

жәндіктің дене мүшесі;2) шөптің, ағаштың ең жоғарғы жағы;3) таудың ең үсті,

төбесі;4) өзеннің, бұлақтың басталған жері;5) таяқтың ұшы;6) балтаның, шоттың

ұшы бар жағы ; 7) бір нәрсенің айналасы.

       Ата(зат есім)-1) үлкен әке, әкенің

әкесі;21) ата жолы- ескіден қалған жөн –жоба, әдет – ғұрып;3) ата жұрт- ежелгі

мекен; 4) ата кәсіп – атадан келе жатқан шаруашылық.

   Сонымен, сөздің қолданылу аясының өзгеруі,

яғни бір саладан басқа бір салаға ауысуы оның 

мағынасының өзгеруіне әсер етеді.

 АКТ слайд №1

 

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

32 мин

3 мин

 

 

2 мин

 

 

 

 

 

 

2 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 мин

1-тапсырма.Төмендегі

сөздердің  тура  және

ауыспалы  мағынасына  тіркес

құра.

Төмен,  алыс,

мықты.

 

Көп нүктенің  орнына тиісті  сөзді

қойып, оның  тура  не

ауыспалы  мағынада  тұрғанын

айтыңдар

Ағасы  бардың — …бар.

Інісі   бардың — …бар.

тасыса, қайық  төгілер.

тасыса,  ақыл  төгілер.

 

 

Кері байланыс:

Топ бақылаушысы бұл тапсырманы орындау кезіндегі топтың жұмысына кестеге сәйкес шартты белгілермен баға береді.

 

«Пазл» әдісі бойынша тапсырма орындау барысында топ жұмысы Тиімді Тиімсіз
 Топ бірлескен түрде жұмыс жасады    
Берілген тапсырмаға сәйкес нақты, дұрыс жұмыс жасалды    
Уақытты пайдаланды    

 

1.      Берілген сөздерді мағынасына қарай топтастыр.

 

Әдемі, жылдам, көрікті, белгілі, сұлу, лезде, атақты, тез, әйгілі.

 

 

Кері байланыс:

Көп мағыналы сөздерді көркемдік ерекшеліктеріне қарай қолдану дегенді қалай түсіндіңдер?

Бір сөйлеммен тұжырымдап, жазып көр!

Жұбыңа түсіндір! Дәлелде.

(ЖАДА әдісі)

 

АКТ http://tankaz.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Электронды оқулық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сағат, қима қағаздар, байланыс парағы.

 

 

 

Үлестірме парақшалар

 

 

 

Аудиоқұрал

Сабақтың соңы

5 мин

 

3 мин

 

 

 

 

 

 

 

2 мин

 

 

 

 

 

 

Рефлексия:

«Шығу парағы» пайдаланып төмендегі сұрақтарға жазбаша жауап беріңдер.

1.      Бүгін не үйрендіңдер?

2.      Сабақ бойынша қандай сұрақтар бар?

3.      Келесі сабақта қандай мәселелерге баса назар аудару керек?

 

Үйге тапсырма:

1.      Антоним, синонимдерді тап, мысал келтіре отырып, 5 сөйлем жаз.

2.      Сәлемдесу, антоним, синоним сөздерін қатыстырып, монолог құра.

 

 

 

Стикерлер

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша ақпарат      

 

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға  тапсырманы күрделендіруді  қалай жоспарлайсыз? Бағалау – Оқушылардың  үйренгенін  тексеруді қалай жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

 

1.Топтық, жұптық жұмыстар арқылы оқушыларға өзара қолдау, көмек көрсету жүзеге асырылады.

2.Барлық оқушыларға құбылыстарға мысал келтіру, оларды анықтау себептерін білу тапсырмалары беріледі. Сынып оқушыларының басым бөлігіне құбылыстарға сызба құрастыру ұсынылса, қабілеті жоғары оқушыларға қорытынды жасау, өз зерттеулері бойынша тәжірибелерін ұсыну арқылы олардың білімдерін кеңейту.

1.Оқушылардың қажетті білімдерін білу мақсатында ашық сұрақтар беріледі. 2.Топтық жұмыс арқылы оқушылардың бірлескен әрекетін бақылау, өзара

Бірін бірі тескеру, бағалау бойынша жетістіктерін айқындау.

3. Кері байланыс (ауызша)

4. Дайын үлгі жауап

5. Әр оқушының ОМ жеткендігін анықтау үшін бағалау критерийлері мен дескрипторлар қолдану

5. Семантикалық карталар (жазбаша)

Сергіту жаттығуы

 қимылмен көрсету:

қолмен амандасу;

-бас түйістіріп амандасу;

-төс қағыстыру;

— т.б.

Қауіпсіздік техникасы  ережелері

 

Рефлексия

Сабақ \оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары  тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер  енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа  сабақ туралы  өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы  Сіздің сабағыңыздың  тақырыбына  сәйкес  келетін  сұрақтарға  жауап беріңіз.

 

 

 

 

 

 
Қорытынды  бағамдау

 

 

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды  да, оқуды  да ескеріңіз)?

 

1:

 

2:

 

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды  да, оқуды да ескеріңіз)?

 

1:

 

2:

 

Сабақ барысында  мен сынып  немесе жекелеген  оқушылар туралы менің келесі  сабағымды  жетілдіруге  көмектесетін  не білдім?