Тізбектелген сабақтар топтамасының бір сабағы бойынша рефлексивті есебі.

   Осы орайда, Елбасы Н.Назарбаевтың: 
«… Бізге бұрынғы қай кездегіден де білім мен ғылымның баға жеткіліксіз қорын барынша арттыру, оны қазіргі заманға сай ету қажет» — деген сөзі егеменді елімізде білім мәселесіне мемлекет тарапынан қаншалықты көңіл бөлініп отырғанын дәлелдейді.
 Ашық сабақ спорт залда өтті. 16.01.2018 ж сабақ  өткіздім. Спорт залдың санитарлық жағдайы жақсы, талапқа сай безендірілген, қажетті құрал-жабдықтар дер кезінде әзірленіп қойылды.Сабақтың тақырыбы: «Допты оң және сол қолмен алып жүру, допты әріптесіне беру және шығыршыққа лақтыру». Сабақ үш бөлімнен тұрды.

І бөлім. Дайындық бөлімі 10– мин.
ІІ бөлім. Негізгі бөлім 20 мин.
ІІІ бөлім. Қорытынды бөлім 10 мин

Дайындық бөлімінде оқушылар сапқа тұрғызылып, кезекшінің рапорты тыңдалды. Сынып оқушыларының барлығы сабаққа дайындалып келген, спорттық киімдері бар. Оқушыларға сабақтың мақсаттары баяндалып, қозғалыс қасиеттерін дамыту мақсатында дайындық жаттығуларын орындаттым. Олар жүру,жүгіру,секіру жаттығуларын ойын арқылы жүргіздідім: « Сандарды тыңда»  Оқушылар дөңгеленіп жүгіреді, денені түзу ұстап, басты көтере белді түзу ұстап жүгіру; жүгіру жаттығулары: еркін демалып, бірқалыпты жүгіру, тек сол иықпен қарап алға жүгіру, әрбір жаттығуды талапқа сай әдемілеп орындау; қозғалыстағы жаттығулар: денені түзу ұстап, қолды иықтың деңгейінде ұстау санап отырамын 10 дегенде отырады, 20 дегенде қолды көтереді,30 дегенде екі оқушы бір –бірін құшақтайды,40 дегенде үш оқушы бір – бірін құшақтайды. орында орындалатын жаттығулар: оқушылар қарама – қарсы тұрып, қыздар жаттығу көрсетеді,ер балалар жасайды,ер балалар көрсетеді, қыздар  жасайды. Дайындық жаттығуларын бірнеше рет орындалды.

Негізгі бөлімінде, оқушыларды топқа бөлу үшін әр түсті қағазға баскетбол добын сурет салып,қиямызда оқушыларға таратамын. Осы сурет арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсатын, сұрақ қойу арқылы талдадық.Бірінші топ: оң және сол қолмен жүру техникасын үйретім. Екінші топ: шығыршыққа доп лақтырды және кеудеден доп лақтыруды үйренді.Үшінші топ: Баскетбол мен волейбол ойынының айырмашылығын өз ойларын постер бетіне түсірді.Ортаға шығып, әр топ постерді қорғады.Қортынды бөлімінде: БББ маркировкасын  қолдандым. Рефлексия жасау: Шар арқылы оқушылар кері байланыс берді.

Сабақта жаттығуларды ойын арқылы орындатып отырдым. Бұл тиімді әдіс болды деп айта аламын, себебі жаңа сабақты түсінбеген оқушылар болған жоқ. Оқушылар сабаққа қызығушылықпен белсенді қатысты. Жаттығулар дұрыс іріктеліп алынды, оқушылардың жүктемесі өзмүмкіндіктерінен асқан жоқ. Тапсырманы орындау саны мен ұзақтығы нормаға сай өткізілді. Сабақ процесінде қауіпсіздік шаралары сақталды. Сыныпта арнайы дәрігерлік топқа жататын оқушылар жоқ. Сабақ биология, физика, АӘД пәндерімен тығызбайланыста өтті. Жаттығуларды орындау барысында, қауіпсіздік ережелерін сақтау, денсаулыққа, яғни адамфизиологиясына қауіптөндіретіндігі жөнінде мағлұмат бере отырып биология пәнімен байланыстырып кеттім. АӘД пәнімен саптық жүріскезінде байланыс болса, допты қабылдау кезіндегі доптың траекториясы физика пәніне байланысты екендігі айтылды. Сабақ процесінде баскетбол добын, ысқырық, шығыршықты, постер пайдаландым.

Қорытынды бөлімде оқушыларды спорт залда жай жүгіртіп, демдерін алғызып, сапқа тұрғызып, сабақты қорытындыладым. Үйге тапсырма ретінде доппен жаттығулар жасау және ұлдарға 8–10 рет тартылу, қыздарға 25–30 рет дене көтеру жаттығуларын бердім. Сабақта уақытты тиімді пайдалана алдым, қоңырауға дейін жоспарлаған жаттығуларымды толық өткіздім. Сабақта алдыма қойған мақсаттарыма толық жете алдым деп ойлаймын.

 

 

Тізбектелген сабақтар топтамасының бір сабағы бойынша рефлексивті есебі.

Заманымыздың заңғар жазушысы М.Әуезовтың «Халық пен халыкты, адам мен адамды теңестіретін — білім» деген нақыл сөзін өсиет ете отыра алға карай ұмтылуымыздан басқа алда жол жок екені айдан анық. Біз үшін «ауырдың үстімен, жеңілдің астымен» тіршілік жасау жат қылық болуы тиіс. Біздің қоғамда адал еңбекті терең біліммен ұштастырған ғана табысқа жете алатынын есімізден шығармағанымыз абзал. Бұл – заман талабы. Себебі, еліміздің өз тәуелсіздігіне қол жеткізіп, саяси-әлеуметтік және экономикалық дамудың жаңа кезеңіне қадам басқан шақта сапалы білім беріп, жан-жақты, өмір сүруге бейім, ой-тұлғасы бар адамгершілігі жоғары, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу мұғалімдердің алдында тұрған негізгі міндет. Осы орайда, Елбасы Н.Назарбаевтың:
«… Бізге бұрынғы қай кездегіден де білім мен ғылымның баға жеткіліксіз қорын барынша арттыру, оны қазіргі заманға сай ету қажет» — деген сөзі егеменді елімізде білім мәселесіне мемлекет тарапынан қаншалықты көңіл бөлініп отырғанын дәлелдейді.
Ашық сабақ спорт залда өтті. 17.01.2018 ж сабақ  өткіздім. Спорт залдың санитарлық жағдайы жақсы, талапқа сай безендірілген, қажетті құрал-жабдықтар дер кезінде әзірленіп қойылды.Сабақтың тақырыбы: «Бір орында тұрып және қозғалыста себетке екі қолмен допты лақтыру: екі жақты оқу жаттығу ойыны». Сабақ үш бөлімнен тұрды.

І бөлім. Дайындық бөлімі 10– мин.
ІІ бөлім. Негізгі бөлім 20 мин.
ІІІ бөлім. Қорытынды бөлім 10 мин

Дайындық бөлімінде оқушылар сапқа тұрғызылып, кезекшінің рапорты тыңдалды. Сынып оқушыларының барлығы сабаққа дайындалып келген, спорттық киімдері бар. Оқушыларға сабақтың мақсаттары баяндалып, қозғалыс қасиеттерін дамыту мақсатында дайындық жаттығуларын орындаттым «Қыз қуу» ойыны арқылы жүгіру,секіру жаттығуларын жасатым.  Қлттық ойын «Арқан тарту» ойыны арқылы оқушылардың бұлшық еттерін дамыттым. орында орындалатын жаттығулар: бір оқушы шығып жаттығуды көрсетеді, екінші оқушы орындайды. Дайындық жаттығуларын бірнеше рет орындалды.

Негізгі бөлімінде, оқушыларды топқа бөлу үшін сандар жазылған қағаздан қиықшалар тараттым.   «Ой шақыру» сұрақ қойып.топтық талқылауды ұсынады.Талқылаудан кейін бүгінгі  жаңа сабақпен сабақтастырдым.Бірінші  топ: орнында тұрып шығыршыққа доп лақтыру. Екінші топ:АКТ арқылы  шығыршыққа доп лақтыру техникасын көріп,ережелерін постерге түсірді. көріп үйренді.Ортаға шығып, әр топ постерді қорғады.Қортынды бөлімінде:  Рефлексия жасау: «Құпия дос» ойыны  арқылы оқушылар кері байланыс берді.

Сабақта жаттығуларды ойын арқылы орындатып отырдым. Бұл тиімді әдіс болды деп айта аламын, себебі жаңа сабақты түсінбеген оқушылар болған жоқ. Оқушылар сабаққа қызығушылықпен белсенді қатысты. Жаттығулар дұрыс іріктеліп алынды, оқушылардың жүктемесі өзмүмкіндіктерінен асқан жоқ. Тапсырманы орындау саны мен ұзақтығы нормаға сай өткізілді. Сабақ процесінде қауіпсіздік шаралары сақталды. Сыныпта арнайы дәрігерлік топқа жататын оқушылар жоқ. Сабақ биология, физика, АӘД пәндерімен тығыз байланыста өтті. Жаттығуларды орындау барысында, қауіпсіздік ережелерін сақтау, денсаулыққа, яғни адамфизиологиясына қауіптөндіретіндігі жөнінде мағлұмат бере отырып биология пәнімен байланыстырып кеттім. АӘД пәнімен саптық жүріскезінде байланыс болса, допты қабылдау кезіндегі доптың траекториясы физика пәніне байланысты екендігі айтылды. Сабақ процесінде баскетбол добын, ысқырық, шығыршықты, постер пайдаландым.АКТ пайдаландым шығыршыққа лақтыру техникасын  көрсетіп, постерге түсіріп, оқушылар талқылады.

Қорытынды бөлімде оқушыларды спорт залда жай жүгіртіп, демдерін алғызып, «Құпия дос» арқылы кері байланыс жасап, сабақты қорытындыладым. Үйге тапсырма ретінде  АКТ дан  баскетбол ойынының техникасын қарау. Сабақта уақытты тиімді пайдалана алдым, қоңырауға дейін жоспарлаған жаттығуларымды толық өткіздім. Сабақта алдыма қойған мақсаттарыма толық жете алдым деп ойлаймын

 

Тізбектелген сабақтар топтамасының бір сабағы бойынша рефлексивті есебі.

Жастардың сапалы білім, саналы тәлім-тәрбие алып, саламатты болып өсуі – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі.
Мақсат – айқын, міндет – біреу: ел еңсесін еселеу жолында аянбай еңбек етіп, білімнің алтын қазығын игеру. Олай болса, Елбасының мығым әрі мықты, сындарлы да салиқалы саясатын қолдай отыра, ел игілігі үшін бар күш-жігеріміз бен білімімізді сала бермекпіз.
«Өнердің, білімнің кілтін тапқан ғана озады» дегендей бүгінгі таңның талабы таудай болып тұрған заманда талмай еңбек етіп, сауатты да мәдениетті, қажырлы да қайратты, ізденімпаз болсаң ғана «білекті бірді, ал білімді мыңды жығады» деген ата — бабаларымыздың ұлағатты сөзінің кемелденгенінің айқын көрінісі.
Ашық сабақ спорт залда өтті. 22.01.2018 ж сабақ  өткіздім. Спорт залдың санитарлық жағдайы жақсы, талапқа сай безендірілген, қажетті құрал-жабдықтар дер кезінде әзірленіп қойылды.Сабақтың тақырыбы: «Шабулдағы қорғаныстағы ойын тактикасының элементері, екі жақты оқу жаттығу ойыны». Сабақ үш бөлімнен тұрды.

І бөлім. Дайындық бөлімі 10– мин.
ІІ бөлім. Негізгі бөлім 20 мин.
ІІІ бөлім. Қорытынды бөлім 10 мин

Дайындық бөлімінде оқушылар сапқа тұрғызылып, кезекшінің рапорты тыңдалды. Сынып оқушыларының барлығы сабаққа дайындалып келген, спорттық киімдері бар. Оқушыларға сабақтың мақсаттары баяндалып, қозғалыс қасиеттерін дамыту мақсатында дайындық жаттығуларын орындаттым «Теңге алу» ойыны арқылы жүгіру,секіру жаттығуларын жасатым.  Ұлттық ойын «Ақ сүйек» ойыны арқылы оқушылардың  шапшандықтарын дамыттым. Орында орындалатын жаттығулар: қарама – қарсы тұрып, сурет арқылы жаттығуды  орындайды. Дайындық жаттығуларын бірнеше рет орындалды.

Негізгі бөлімінде, оқушыларды топқа бөлу үшін баскетбол ойнап жатқан балалардың суреттер арқылы, қағаздан қиықшалар тараттым.   «Суреттер арқылы болжау» сұрақ қойып.топтық талқылауды ұсынады.Талқылаудан кейін бүгінгі  жаңа сабақпен сабақтастырдым.Бірінші  топ: АКТ –дан шабулдау техникасын көріп. Екінші топ:АКТ арқылы қорғану  техникасын көріп.Ортаға шығып, әр топ көргендерін айтады. Қортынды бөлімінде: фармативтік бағалау «Сұхбаттасу» Рефлексивті экран:Бүгін мен ….білдім. Мен үшін бүгін …..қызықты болды. Мен ……кезінде қиналдым.

«Білім есте сақтау арқылы емес, өз ойының күш салуымен алынғанда ғана білім» деп Л.Толстой айтқандай, «дәлел – іс-әрекетті қалай жасау жөніндегі  нұсқаулық емес,  бірақ мәселелерді зияткерлікпен шешудегі және де білім беру саласындағы біздің мақсаттарды анықтаудағы болжам болып табылады» (Дж. Дьюи). Осы қағиданы басшылыққа алып, оқушылардың назарын сабаққа аудара отырып, күндегі дәстүр амандасу тренингісінен бастадым. Әр сабағымда ынтымақтастық орнату үшін тренингтер, сергітулерді жиі пайдаландым. Сабақтарымның барысында оқушылардың көңіл-күйін көтеру мақсатында  әртүрлі психологиялық тренингтер  өткіздім.

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру сабақтың нәтижелі өтуіне әсер ететіні анық нәрсе. Сондықтан әр сабақ сайын   жаттығуларды өзгертіп  отырдым.АКТ оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып табылады. АКТ мен сабақ өткізу, бұл тиімді әдіс болды деп айта аламын, себебі жаңа сабақты түсінбеген оқушылар болған жоқ. Оқушылар сабаққа қызығушылықпен белсенді қатысты. Жаттығулар дұрыс іріктеліп алынды, оқушылардың жүктемесі өзмүмкіндіктерінен асқан жоқ. Тапсырманы орындау саны мен ұзақтығы нормаға сай өткізілді. Сабақ процесінде қауіпсіздік шаралары сақталды. Сыныпта арнайы дәрігерлік топқа жататын оқушылар жоқ. Сабақ биология, физика, АӘД пәндерімен тығыз байланыста өтті. Жаттығуларды орындау барысында, қауіпсіздік ережелерін сақтау, денсаулыққа, яғни адамфизиологиясына қауіптөндіретіндігі жөнінде мағлұмат бере отырып биология пәнімен байланыстырып кеттім. АӘД пәнімен саптық жүріскезінде байланыс болса, допты қабылдау кезіндегі доптың траекториясы физика пәніне байланысты екендігі айтылды.

Сабақта алған білімдерін жинақтау кезінде идеяларын ойластыру арқылы алған білімдерін қорытындылап, талдауға көмектесу үшін «Джигсо» әдісін пайдаландым.»Ашық және жабық» сұрақтар құрастыру. Негізгі мақсатым бұл жерде оқушылардың сабақ барысында түйген ойларын, алған білімдерін бір арнада тоғыстыра білулерін қадағалау еді. Сұрағына сай жауабын шабулшының іс –әрекетін, қорғанушының іс — әрекетімен орнымен шатастырып алды. Қателікті сол жерде құрдастардың қол ұшын созуы арқылы, өз тарапымнан «көпірше» болып түзетіп алдық.  Сабақ процесінде баскетбол добын, ысқырық, шығыршықты, постер пайдаландым.АКТ пайдаландым шығыршыққа лақтыру техникасын  көрсетіп, постерге түсіріп, оқушылар талқылады.

Қорытынды бөлімде оқушыларды спорт залда жай жүгізіп, демдерін алғызып, Рефлексивті экран:Бүгін мен ….білдім. Мен үшін бүгін …..қызықты болды. Мен ……кезінде қиналдым.

сабақты қорытындыладым. Үйге тапсырма ретінде  АКТ дан  баскетбол ойынының тактикасын қарау. Сабақта уақытты тиімді пайдалана алдым, қоңырауға дейін жоспарлаған жаттығуларымды толық өткіздім. Сабақта алдыма қойған мақсаттарыма толық жете алдым деп ойлаймын.