Қызысу орта мектебі   Баймаганбетова Гульнара Сунаевна қызылсу орта мектебінің ағылшын пәніңін мұғалімі: 

Мақала Тақырыбы: «Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін оқытудың өзектілігі»      2018-2019ж.ж

Қазақ, орыс,  ағылшын  тілдерін  оқыту  әдістемесіндегі  өзекті  мәселелер.

Бүгінгідей ғаламдық жаһандану кезеңінде, ғылым мен техниканың

ғарыштап дамыған ХХІ ғасырда әлемнің көшбасшы елдері мен дамыған  мемлекеттерінің жетегінде кетпес үшін,   тәуелсіз еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде,  еліміздің экономикасын көтеріп, өндірістерін жандандырумен  қатар  дамыған  эконмикалық  кеңістіке  еркін  шығу  маңызды болмақ. Әрбір қазақстандық қызметкер, болашақ білікті кадрлар- бүгінгі студенттер, оқушылар мен жастар білімді болуы тиіс. Осы орайда «Қазақ, орыс  және  ағылшын  тілдерін оқытудың өзектілігі қандай?»- деген орынды сұрақ туындайды.

2002 жылдың қыркүйек айында қабылданған «Қазақстан Республикасы жалпы білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында» көрсетілген: тілдерді оқу пәнін соның ішінде  шетел тілі  пәнін оқытудың басты мақсаттары- оқушыларға шетел тілінде қарым-қатынас жасауды базалық деңгейде игерту. Осыған сәйкес оқыту мазмұнына қарапайым коммуникативтік біліктілікті, яғни шетел тілін қажетті жағдаяттағы ауызша және жазбаша өзара мәдени қарым-қатынас үднрісінде қолдана алу қабілеттілігі мен дайындығын қалыптастыруды қамтамасыз ететін тілдік, сөздік, әлеуметтік-мәдени білім, білік, дағдылар қалыптасады.

Елбасы  Қазақстандағы тілдердің үштұғырлығы туралы 2006 жылы Қазақстан халқының Ассамблеясында айтты.   2007 жылғы           « Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты  Жолдауында  Елбасы «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасын кезең-кезеңмен іске асыруды ұсынды.

Ал  2008 жылғы ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауында: «Үкімет «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасын іске асыруды жеделдетуі тиіс. Бүкіл қоғамымызды топтастырып отырған мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін оқыту сапасын арттыру қажеттігіне ерекше назар аударғым келеді», — деді.

Тілдердің үштұғырлығы идеясында Елбасы оған нақты анықтамасын берген, қазақ тілі — мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі, ал ағылшын тілі – жаhандық экономикаға  еркін  шығу  тілі. Қазақстанның қазіргі кезеңдегі қарқынды даму жолындағы елді демократияландыру, әлеуметтік өркендеу саласындағы талпыныстары білім беру жүйесін жаңаша өркендетіп оқыту, тәрбие үрдісін жетілдіруді талап етіп отыр.

Қазіргі таңда білім беру үдерісі ең алдымен жеке тұлғаға бағытталып, тіл үйренушінің іскерлігін, коммуникативтік құзыреттілігін дамыту міндеттерімен ұштасып жатқандықтан, тілдің білім мазмұнын құрудың әдіснамасын дұрыс таңдап алу қажеттілігі туындайды. Ол үшін қазіргі заман талабына сай тілдерді меңгертуде озық технологияларды, ұтымды әдіс-тәсілдерді пайдалану, білім беру саласында жүйелі жұмыстар атқару – еліміздегі ең маңызды әрі кезек күттірмейтін ауқымды мәселелердің бірі болып отыр.

Европа елдерінде әрбір европалықтардың кем дегенде халықаралық қолданыстағы екі шет тілін меңгерту- азаматтардың шет тілін меңгеру бағытындағы білім саласының ең басты бағытының бірі болып саналады. Ең алдымен экономикасының тасы өрге домалап тұрған елдердің тілін үйретуге ерекше назар бөледі.

2003 жылғы «Білім мен ғылым қызметкерлері съезіне» қатысушылар алдында  Елбасы сөйлеген сөзінде: «Білім мен ғылымды өз дәрежесінде меңгерген елдер ғана әлемдік дамудың алдында, озық көштің бұйда ұстар тұсында болады. Өйткені бүкіл рухани мұраттың материалдық базасы- экономиканы өркендету ісінде ғылым мен техниканың шешуші роль атқаратыны ақиқат. Ендеше біз халыққа білім беру және ғылымды дамыту, оларды реформалау ісін барынша қарқынды жолға қоюымыз керек. Бұл-жаңа ғасырдың, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған басты талабы»- деген болатын.

Елбасы 2006 жылғы халыққа Жолдауында «Тілдердің үштұғырлығы » мәдени бағдарламасын ұсынған болатын. «Тілдердің үш тұғырлығы дегеніміз ол- мемлекеттік тіл- қазақ тілі, ұлтаралық тіл- орыс тілі, ал ағылшын тілі- жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі»- деп анық та айқын атап көрсеткен болатын. Еліміздің тізгінін ұстар бүгінгі жастарымыз әлемнің кез-келген жерінде кез-келген қызметіне жарайтындай бәсекеге қабілетті маман болуы үшін шет тілін меңгерудің маңызы зор.

Қазақстан өз алдына дербес, тәуелсіз мемлекет. Оның ішкі және сыртқы саяси ағымына сай мамандандырылған іс жүргізетін мемлекеттік құрылымы қалыптасқан. Білім дамыту институты мектеп мұғалімдерінің шет тілін оқыту барысы деңгейіне өз отанымыздың мәртебесін көтеру тұрғысынан қарайды. Шет тілін білу- қазіргі заманның ешкім шек қоя алмайтын талабына айналып отыр. Бір немесе бірнеше шет тілін еркін меңгерген бала кейін келе өмірдің кез-келген саласынан өз орнын табары сөзсіз.

Еліміз тәуелсіздік алғалы бері Мемлекет басшысы білікті мамандар дайындау ісіне ерекше көңіл бөліп келеді. Кең байтақ елімізді дамыту, оның қойнауындағы жатқан ен байлықты тиімді игеру, дамыған елдердің озық технологияларын меңгеру жолында білікті мамандар ешқашан көптік етпейді. Ал шет елдердің даму тарихын, ондағы ғылым мен білімдегі жаңалықтарды үйренуге, озық инновациялық технологияларды меңгеруде шет тілін білу- отанымыздың әлемдік көштен қалмауға өз септігін тигізеріне ешкім дау айта алмас. Осының айқын дәлелі – Елбасының бастамасымен өмірге келген «Болашақ» бағдарламасы. Осы бағдарлама бойынша әлемнің озық мемлекеттерінде білім алған жастарымыз қазіргі таңда еліміздің түрлі саласында табысты қызмет атқарып, жарқын болашағына өз үлестерін қосуда.

Еліміздегі білім саласындағы реформалардың жарқын айғағы — 12 жылдық білім беру жүйесін енгізу болмақ. Елбасының биылғы Жолдауына сәйкес 12 жылдық мектеп 2020 жылы толыққанды жұмыс істей бастайтын болады. Еліміздің дамуының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық жоспарында 12 жылдық мектепке көшу мерзімі 2015 жыл деп нақты көрсетілген.

12 жылдық білім жүйесіне көшкен кезде оқу ұйымдарында кей пәндер шет тілінде өтілетін болады. Білім жүйесінде ең маңызды буын- орта білім. Білген адамға орта мектеп- интеллектуалды ұлтты қалыптастырудың негізі. Бір жағынан бұл буын қоғамның барлық мүшесіне қатысы бар. Сондықтан бұған әрбір отбасы алаңдайды. Екінші жағынан жалпы білім бастауын мектептен алады, ол оның қайнар көзі.

Жалпы әлемдік даму бәсекелестікке негізделген. Шынайы жарыс, адал бәсеке қоғамның дамуының кепілі. Әлбетте, бұл жарыстың уақыт пен жағдай анықтайтын өз межесі, өз бағамы бар. Сондықтан әлем айдынындағы тәуелсіз Қазақстан саясатта болсын, білім-ғылым ізденісінде болсын осы меже мен бағамның үдесінен шығуға мақсат ұстанатыны анық.

Елбасы Жолдауында аталғандай қоғамды сапаландыру бағытында білімнің басым бағыттарының бірі- әлемдік жаһандану кезеңінде жастарға берілер білімнің мазмұнын ұлттық құндылықтармен, мәдениетаралық түсінікпен, ақпараттық жетістіктермен, тілдік (ана тілі мен шетел тілдері) байлықпен толықтыру болмақ.

Қазақ бабаларымыздың сол кездердің өзінде болашақ үшін қам жеп, ұрпақтарына «Жеті жұрттың тілін білген, жеті жұрттың қамын жер»- деген қанатты сөзді бекер айтпаған болар.

Ағылшын тілін  ерте  жастан  оқыту. Көрнекілік принципін қолданудың маңызы.
Қазіргі таңда бастауыш сыныптарда тіл игеруге жаңа әдістерді қолдану қажеттігі туып отыр. Бұдан бұрынғы әдістерді қолданбау керек деген пікір тумайды. Қайта бұл жаңа методиканың дамуына негіз салады. Атап айтқанда әр түрлі сөйлемдерді меңгерту, қайталау, мәтіндерді оқыту, бірнеше қайтара естеріне түсіру, тағы да басқа жұмыс түрлері оқушыны жалықтырып шаршатады. Сондықтан да ағылшын тілін игеруде ойын түрлерін пайдалану оқушының өзіне деген сенімсіздігін сейілтіп, тілді үйренуге ынтасын арттырады.

Мысалы, оқудың алғашқы кезінде оқушы тілдік материалдарды жеңіл меңгеріп кетуі мүмкін, бара — бара материалдың күрделенуіне байланысты оқушы әр түрлі қиыншылықтарға кездеседі. Ал бұған мұғалімдер кезінде көмек жасай алмайды. Қиыншылықтан тек сабақта ойын түрлерін пайдалану, топтық жұмыстар арқылы оқушының көзін жеткізуге болады.

Әрине ағылшын тілін оқып, үйрену бірден қалыптаса алмайды. Өз ана тілін әбден толық меңгермеген балаға ағылшын тілін үйрету оңайға соқпайды. Бұл кезде мұғалімге үлкен жауапкершілік жүктеледі.
Бастауыш  сыныптарда  ағылшын  тілін  оқытуды ойын түрлерін пайдалану оқушының басқа тілді үйренуге деген ынтасын арттырады.

Жоғарыда айтылған « Қазақстан Республикасында  тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 ­ 2020 жылдарға арналған бағдарламасында» көрсетілген республикадағы  ағылшын тілін меңгерген тұрғындардың үлесін арттыру үшін қандай басымдылықтарға назар аударған жөн:

Біріншіден, жалпы  білім беретін мекемелерде  инновациялқ  қызметті  жүзеге  асыра  алатын  кәсіби  білімі  жоғары  педагог  мамандарды  дайындау мәселесіне  назар  аудару:

Екіншіден,  үздіксіз  тілдік  білім  берудің  заманауи  жүйесін қатыптастыру;

Үшіншіден, халықаралық және отандық стандарттарды ескере отырып  шет тілдік білім беру сапасын көтеру;

Төртіншіден, шет тілдерін оқытудың инновациялық үдерісін жандандыру.

Бесіншіден, шет тілдерін оқыту бағдарламаларын заманауи талаптарға сай өзгерту;

Бұл басымдылықтарды жүзеге асыру арқылы тілдік білім беру жүйесінің міндеттері жүзеге асырылады.

Осы жоғарыда айтылған факторлар бүгінгі таңда жас тәуелсіз еліміздің әлемнің саяси аренасында лайықты орын алуда- тілдерді  жетік игерудің өзектілігін көрсетіп отыр. Сондықтан да тілдерді игеру еліміздің білім саласын дамытудың басым бағытының бірі болып қала бермек.

 

 

Қазақ, орыс,  ағылшын  тілдерін  оқыту  әдістемесіндегі  өзекті  мәселелері  баяндамасына 

АННОТАЦИЯ

Баяндамада тәуелсіз еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде,  еліміздің экономикасын көтеріп, өндірістерін жандандырумен  қатар  дамыған  эконмикалық  кеңістіке  еркін  шығу  маңыздылығы  әрбір қазақстандық қызметкер, болашақ білікті кадрлар- бүгінгі студенттер, оқушылар мен жастар білімді болуы керек  екені анықталып, осы орайда «Қазақ, орыс  және  ағылшын  тілдерін оқытудың өзектілігі қандай?»- деген орынды сұрақ төңірегінде ашылып  толық  жазлған.

Қазақстан Республикасы жалпы білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көрсетілген: тілдерді оқу пәнін соның ішінде  шетел тілі  пәнін оқытудың басты мақсаттарына  тоқталып, осыған сәйкес оқыту мазмұнына қарапайым коммуникативтік біліктілікті, яғни шетел тілін қажетті жағдаяттағы ауызша және жазбаша өзара мәдени қарым-қатынас үдерісінде қолдана алу қабілеттілігі мен дайындығын қалыптастыруды қамтамасыз ететін тілдік, сөздік, әлеуметтік-мәдени білім, білік, дағдыларды жекелеп  анықтад.

Елбасы  Қазақстандағы тілдердің үштұғырлығы туралы 2006 жылы Қазақстан халқының Ассамблеясында айттылған  тапсырмасының  жүзеге  асырылуын,   2007 жылғы           « Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты  Жолдауында  Елбасы «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасын кезең-кезеңмен іске асыру жолдарына  тоқтап  кеткен.

Сонымен  қатар,  2011 ­ 2020 жылдарға арналған тілдерді  дамыту бағдарламасында көрсетілген республикадағы  ағылшын тілін меңгерген тұрғындардың үлесін арттыру үшін қандай басымдылықтарға назар аударған жөнін  айтып,  қазақ  тілі,  орыс  тілі  және  ағылшын  тілін  оқтудағы  басты  мәлелелерді  кезең  кезеңі  мен  реттеп  тоқталып  өтті. Баяндама  тақырбна  сай  толықтай  ашылды.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

  1. Назарбаев Н.Ә. (Қазақстан халқына жолдауы). Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан. – Астана, 2007
  2. Хасанұлы Б. Тілдік қатынас негіздері,
  3. Әбдуәли Т.Үштұғырлы тілден түңілмейік // Жетісу, №31. 2008
  4. Тәңірбердіқызы Т. Ағылшын тілі мемлекеттік тілмен бәсекелес емес // Қазақ әдебиеті, №48. 2008
  5. Ғабжәлелов Х. // Тасжарған, №18. 2008