ҚР ПІБ МО «Қарлығаш» балабақшасы» РМК                                           тәрбиеші А.А.Тауекелова Астана қаласы Білім беру саласы: таным ,әлеумет

Ұйымдастырылған оқу қызметі: қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру, қоршаған орта, құрастыру.

Тақырыбы: «Пішіндер қауіпсіздік әлемінде»

Мақсаты: 20 көлемінде реттік сандарды  тура және кері санауға үйрету. Геометриялық фигуралар туралы түсінігін молайтып,логикалық  ойлау қабілеттерін  дамыту.

Көрнекіліктер:  Сандар,түйме, асық, қақпақтар, телевизор,интерактивті тақта,  геоконт таяқшалары, сым, магнит.

Қысқы баққа барар жолда үзік , түзу , қисық, ирек сызықтардан жүреп өтеді.

-Бұл сызықтар бізді  қайда  апарады?

-Бағдаршам бізге нені көрсетіп тұр.

-Сендер жол ережесін білесіңдер ме?

-Сендер өтіп келген сызықтарды күнделікті өмірде қандай жерлерде кездеседі?

-Бағдаршамнан өтетін кезде  жолдардан, жаяу жүретін жолдан көреміз.

-Бағдаршамның қандай пайдасы бар?

-Неше көзі бар?

-Әр көзінің қызметі қандай?

-Көздері қандай пішінге ұқсайды?

-Қызыл, сары, жасыл түстер қандай түстер.(жылы түстер)

-Біз балабақшадан бастап жол ережесін білуіміз керек,болашақта бізге керек болады.

Бағдашамның бізге қоятын тапсырмалары бар екен.

1.Қауіпсіздік белгілерден машинаның белгісін көрсету.

-Бұл қандай белгі, қай жерлерден кездестіруге болады?

-Машинаны тұраққа қоятын белгі.

-Машинаның қандай пайдасы бар?

Адамдар машинаға мініп бір жерден екінші жерге бару үшін,заттар тасу үшін, нан тасу үшін,өртті сөндіреді, ауырған адамдарды апару үшін т. б.

-Пайдасын біледі екенсіңдер, зияны бар ма?

-Машинадан жаман ауа шығады, ауаны ластайды.

  1. Тапсырма:

-Көшеде келе жатқан машиналардың нөмірлері түсіп қалыпты.

Ойын: «Түсіп қалған нөмірлер» (түсіп қалған нөмірлерді машинаға сәйкес қою ) Сандарды тура ,кері санату, көршілерін сұрау.

2.Тапсырма:

Бұл  қандай белгі деп ойлайсыңдар . (Қауіпсіздік белгісі, )

-Леп белгісі дұрыс айтасыңдар сауат ашуда леп белгісі деп қолдансақ,жол белгілерінде қауіпсіз белгі деп аталады.

Логикалық тапсырма:

1.

Дана багажға

Кітап, чемодан, сокваяж,

Сурет, себет, картон

Ойыншық  күшік тапсырды.

Дана қанша зат тапсырды

2.

Бес қоян жолмен жүріп келеді,

Олрдың артынан екі қоян жүгіріп келеді.

Қанша қоян болды?

Қалай білдіңдер?

3.

Қайын ағашында сегіз алма өсіп тұр.

Үш алма жерге түсті.

Ағашта қанша алма қалды?

Қайын ағашына алма өспейді.

4.

Бағанның сымында бес қарлығаш қонып отыр,

Екі қарлығаш ұшып келді

Барлығы қанша қарлығаш ?

3.Тапсырма:

Қандай белгі деп ойлайсыңдар (Жаяу жүргіншілер)

«Сандардың құрамын табу»

8 –із санының құрамын табу үшін балалардан сұрау (сандарды көрсету арқылы)

8 2 1 6
           4 3 5 7

Сандардың құрамын табуға 3 топқа бөлінеді.(түйме, асық, қақпақ, сандар)

4 Тапсырма:

Қандай белгі (жақын жерде мектеп бар)

«Есте сақтау»

Сандарды бәріміз мұқият қараймыз , не көргенімізді жазамыз.

11      6      13

3         1         2      18

9        14         5

-Қандай сандар бірлік , ондық.

14-пен 16-ың арасында қандай сан?

18-дің алдында қандай сан?

11-ден кейін қандай сан?

  1. Тапсырма:

Қандай белгі (Жер асты жүретін жол)

«Артық , кем таңбасын қою»

6   2   1   8    9    5

6-ы артық 2-ден

2-і артық 1-ден

1саны кем 8-ден

8саны кем 9-дан

9саны артық 5-тен

  1. Тапсырма:

Қандай белгі (жүруге болмайды)

-Жол жүру белгілері қандай пішіндерге ұқсайды?

-Шаршыға, үшбұрышқа.

-Қандай пішіндерді білесіңдер?

-Пішіндердің түсі, көлемі, өлшемін ажырату.

Тіктөртбұрыш, шаршы, дөңгелек, үшбұрыш.

Тіктөртбұрыштың түсі жасыл, өлшемі, пішіні ұқсамайды.

Шаршы мен дөңгелектің түстері сары ұқсайды,өлшемі бірдей, пішіндері әртүрлі.

Дөңгелек пен үшбұрыштың түстері сары бірдей,өлшемі бірдей, пішіндері әртүрлі.

-Геоконт таяқшасымен пішіндер жасау.

-Шаршының, үшбұрыштың,тіктөртбұрыштың неше бұрышы бар?

-Бағдаршамның тапсырмаларын орындадық енді машина жасап берейік.

-Ендеше балалар сым, магнит арқылы машина жасаймыз .